Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Актер, режиссер, декорация терминдерінің анықтамасы



Актер (фр. acteur, лат. аctorорындаушы сөзінен) — драмалық спектакль мен кинофильмде рөл орындаушы. Балет, эстрада, цирк ойын-сауығы мен опералық спектакльдегі рөлдерді орындаушыны көбінесе әртіс немесе әнші-әртіс деп те атайды.[1]Режиссер (фр. regіsseur, лат. rego – басқарамын) – сахнада драмалық немесе муз. туындыны қоятын театр қызметкері. Режиссер - Таспаға жазылған материалдың басты компоненттері дауыс, оқиғаның дыбыстық бейнесі, музыка, шу, т.б. көркемдік элементтерді біріктіріп, үйлестіріп отыратын бірден-бір маман. Режиссерлік қызмет қаншалықты қиын болғанымен - соншалықты елеусіз қалып жатады. Эфирлік өнім әуе толқынынан өткен соң "хабардың режиссері-бәленбай" деген бір ауыз сөзбен тиянақтала салады, ал атқарылған істің жауапкершілігі, ауқымдылығы өте үлкен екендігі байқала бермейді.декорация өнері, сахналық безендіру өнері – декорация, киім-кешек, әр түрлі жарықтар мен қойылымдық техника арқылы спектакльдің бейнелі де көркем образын жасау өнері. Театр декорация өнерінің даму тарихы театр, драматургия, бейнелеу өнерінің өсіп-өркендеу жолымен тығыз байланысты. Сахналық безендіру өнерінің элементтері (киім-кешек, маска, т.б.) ежелгі халық ойын-сауықтарынан бой көрсетті. Б. з. б. 5 ғасырда ежелгі грек театрының скеналары, ежелгі рим театрының шымылдықтары суреттермен безендірілді. Ежелгі дәуірдегі симультанды декорация принципі (бүкіл оқиға желісін тұтас бейнелеу) орта ғасырдағы еуропалық театр декорация өнеріне негіз болды

19.Актер шеберлігінің басты элементтері. Болашақ актерлерді кәсіби даярлау жүйесі мамандық пәндерді педагогикалық әртістік шеберлікке оқыту арқылы жүзеге асырылады.Сондықтан болашақ актерлерді кәсіби даярлау жүйесін жобалауда мына негізгі кезеңдерге сүйендік: - оқу жоспарларының құрылымын талдау, - окыту мақсатын айқындау; - оқыту мазмұнын жүйелеу; - оқытудың әдістерін таңдау; - окытудың күралдарын іріктеу; - оқытудың формаларын саралау; Болашақ актерлерге кәсіби педагогикалық әртістік шеберлікті қалыптастыру жүйесін жасауда оның келесі элементтері ерекшеленеді:



- мақсаты: оқу үдерісінде кәсіби педагогикалық әртістік шеберлікті қалыптастыру;

мазмұны: педагогикалық әртістік шеберлікті пәндік мазмұнмен сабақтастыру;

- әдістері: танымдык әдістер; дидактикалык әдістер, практикалық әдістер, интерактивтік әдістер т.б.- формалары: дәрістер, шығармашылық семинарлар, өзіндік жұмыстар, арнайы практикумдар, музыкалық студия базасындағы сабақтар, консультациялар, дипломдық және курстық жұмыстарды қорғау, ғылыми семинарлар мен конференциялар, шығармашылық шеберханалар, музыкалық қойылымдар, әуендік кештер, тақырыптық кештер т.б.;



- құралдары: дидактикалық, педагогикалык жағдаяттар, әртістік шеберлікті кәсіби қалыптастыруға арналған тапсырмалар т.б.;

- бақылау тәсілдері: ағымдық, қорытынды: сынақ, емтихан, курстық және дипломдық жұмыстарды қорғау, педагогикалык әртістік шеберлік нәтижелерін талдау;

- коррекция тәсілдері: педагогикалық әртістік шеберлікті қальщтастыруға арналған тапсырмаларды жүйелеу, оқытудың жекелеген кезеңдерін нақтылау, эксперимент арқылы теориялық, практикалық мәнділігін талдау;

- күтілетін нәтиже: болашақ актерлердің педагогикалық әртістік шеберлігі қалыптасуының жоғары, жеткілікті деңгейлері.

 

20.Қақтығыс, әрекет ұғымдарының

Анықтамасы."Қақтығыс" ұғымы әлеуметтік-саяси күштердің, саяси қатынас субъектілерінің текетірестері өтетін ерекше саяси жағдайды білдіреді. Бұның өзі әрекеттің тікелей процесі, мұнда қарсы тұрушылықтың шынайы фактілері бар. "Дағдарыс" және "қақтығыс" ұғымдары қоғамдық өмірде әлеуметтік практиканың өзара байланысты кезеңдерін бейнелейді. Қақтығыстың негізі жағдайдың дағдарыстығы болып табылады. Дағдарыс саяси қатынас субъектілерін белсендіре түсіп, олардың текетірестеріне әкеліп соқтырып, қақтығысты тудырды. Сондықтан да қақтығыстың өткірлігі дағдарыстың дамуына, оның пісіп-жетілу дәрежесімен тікелей байланысты. Дағдарыстар тәрізді қақтығыстарды да көріну сфералары бойынша жіктеуге болады: экономикалық, саяси, құқықтық, діни, этникааралық және т.б. Дегенмен осылардың барлығы әлеуметтік қақтығыстардың әрқилы формалары болып табылады, өйткені қақтығыстарда әрекет етуші, қақтығысушы субъектілер өздерінің экономикалық, саяси, құқықтық, діни, этникалық және басқа да мүдделерін түсінетін және олардың үстемдігі мен жүзеге асуына ұмтылатын адамдар. Қақтығыстар саяси қатынастар субъектілерінің іс-әрекеттері нәтижесінде шешіледі.Іс-әрекет - әлемді және өз-өзін саналы түрде өзгертетін процесте адамның немесе топтың әлеммен жасайтын өзара әрекеті.[1]

Іс-әрекет – адамның дүниемен қарым-қатынас тәсілі. Іс-әрекет барысында адам табиғатты, қоршаған айналаны игеріп, шығармашылық тұрғыда өзгертеді. Сөйтіп, өзін іскер, жасампаз субъект ретінде қалыптастырады, ал өзі игерген табиғи ортаны Іс-әрекет объектісі етеді. Адам іс-әрекет үстінде кез келген затқа жат пиғылмен қарамайды. Керісінше осы заттың табиғаты мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, игереді, сондай-ақ өз іскерлігінің өлшемі мен мәні етеді.

Іс-әрекет барысында адам табиғатпен өзара әрекетте болып қана қоймайды, оны бірте-бірте өзінің материалдық және рухани мәдениетінің құрамына кіргізеді. Сыртқы дүниені өзгерту адамның өзін дамытуы үшін қажетті жағдай және алғышарт болып табылады.

Іс-әрекет тұтас процесс қарым-қатынаспен тығыз байланыста және болашақ ұрпаққа бағытталған әлеуметтік сабақтас белсенді құбылыс болып табылады. Адамдардың Іс-әрекеті әрдайым бұрын жасалған дәлелді алғышарттар мен белгілі бір қоғамдық қатынастардың негізінде жүзеге асады. Сол себепті ол нақты тарихи сипатта, нақ осы әлеуметтік шындықтың өмір сүру тәсілі болып табылады

21.Акт, эпизод, ремарка ұғымдарының анықтамасы Ремарка[1], ескертпе (франц. remargue — ескерту, белгілеу) — пьесада кейіпкерлер бейнесін ашып көрсету мақсатында қолданылатын қосымша түсінік сөз. Ремарка кейіпкерлердің жасына, мінез-құлқына, түр-тұлғасына, қимыл-қозғалысына, киім киісіне, көңіл-күйіне, дауыс ырғағы ерекшеліктеріне қатысты. Заттық әлемнің адам психологиясын ашудағы әсерін А.Н. Островский, А.П. Чехов, Б.Шоу, Т.Уильямс туындыларынан байқауға болады. Әрбір кейіпкердің мінез-құлық ерекшелігіне тән түсінік беру арқылы оның өзгеге ұқсамайтын, айрықша кескін-кейпін елестету мүмкіндігі туады. Ремаркада актіге, көрініске, эпизодқа қатысты, оқиға өтетін жер мен қоршаған ортаға, негізгі оқиғаға байланысты жайларға нақты сипаттама беріледі. Ремарканың мән-мағынасы драм. шығарманың жанры мен стиліне сәйкес келеді.Эпизод (грек. epeіzodіon – қоспа, үстеме) – көркем шығарма сюжетіндегі өз алдына мәні бар, өзара байланысқан оқиғаның бір бөлшегі, көрінісі. Әр эпизод кейіпкердің белгілі уақыт аралығында өткен қимылын, ісін, екі не одан көп кейіпкерлердің арасында болып жатқан құбылыстардың біткен кезеңін көрсетеді. Эпизод сюжеттің негізгі компоненттеріне сәйкес келуі мүмкін, бірақ көбіне сюжет компоненті эпизодта өрістемейді, керісінше, бірнеше эпизод беріледі (оқиға бірнеше Эпизодтан тұруы мүмкін). Эпизод кейіпкер характерін ашып, оқиғаны ширата түседі Акт – анықтамалы – ақпараттық құжат. Ол – бірнеше лауазымды адамның қатысуымен белгілі бір факті не болған нақты оқиғалар мен жағдайларды (тәркілеу, тұрмыстық құндылықтарды өткізіп – қабылдау, істерді , құжаттарды жою, апат актілері) растап бекіту барысында әзірленеді. Актіге оны жасаушылардың пікірлері, ойлары (тексеру, зерттеу, ревизия жасау, бір затты сынақтан өткізу акті) жазылады.


Просмотров 1618

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!