Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Драматургияның жанрларын ата



«Драматургия (грек. Dramaturgіa – драмалық шығарманы құрудың теориясы; белгілі бір халықтың я автордың драмалық шығармаларының жиынтығы»)

Қазіргі қазақ драматургиясы – қазақтың XX ғасырдағы классикалық әдебиеті дамуының заңды жалғасы. Драматургия – көркем әдеби тек (драма, трагедия, комедия) жанрларының өнернамалық жүйесі. Қазақ сөз өнеріндегі дәстүрлі негізі әдебиет шығармалары мен фольклор мұраларында (би-шешендер сайыстары, ақындар айтыстары, жар-жар, беташар, алтыбақан, т.б.) негізі қаланған ұлттық сөз өнерінің бұл саласы қазақтың рухани мәдениетінің әлем өркениетіндегі көрнекті орнын да танытты. Драматургия шығармалары қаламгерлердің тарихи кезеңдердегі халық тағдырын көркем шындық поэтикасы зандылықтары аясында бейнелеуімен ерекшеленеді. Драматургия туындылары (пьесалар, спектакльдер, либреттолар) арқылы әдеби тек саласы драма жанрларының (драма, трагедия, комедия) теориялық ерекшеліктері саралана айқындалады. Драматургия ұғымының аясында театр сахналарындағы туындылар мен деректі, ғылыми-фантастикалық, көркем фильмдердің де қойылымдық-режиссуралық көркемдік шешім ерекшеліктері айқындалады Қазақ топырағында драматургияны дамытқандар қатарында Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Жұмат Шанин пьесалары ұлттық классикалық дәстүр жолын қалыптастырды және т.б. кейінгі толқын драматург-қаламгерлер шығармашылығы арқылы жалғасты



9. «Драма» терминіне анықтама Драма– (гр. dramo — әрекет) әдебиеттің эпос, лирика сынды үш тегінің бірі (Әдебиеттің тегі мен түрі). Драмада оқиға тартыс, не тартыстар желісіне жинақталып, кейіпкерлер әрекеті арқылы дамиды. Драмалық шығарма театрға арналып жазылады да, сахнада нағыз көркемдік қуатына ие болады. Драма бастапқы кезде хор, диалог, би, айтыс, пантомимомен аралас болып, синтетикалық өнер саласы ретінде дамыған. Кейін драма сөз өнерінің жеке тегі ретінде дараланды, оның трагедия, драма, комедия, мистерия, миракль, моралите, мелодрама, фарс, водевиль, трагикомедия, т.б. жанрлары қалыптасты. Классикалық драманың алғашқы үлгілері ежелгі Грекияда пайда болып, Эсхил, Софокл, Еврипид трагедиялары мен Аристофанның комедияларында жоғары көркемдік биікке көтерілді. Драма орта ғасырда аллегориялық бағыттағы мистерия, миракль, моралите түрінде дамыды.Драма — көркем шындықты ерекше тәсілдерімен шиеленіскен тартыстар желісіне жинақтап, оқиғаға қатысатын кейіпкерлер сөзі мен іс-қимылы арқылы көрсететін сөз өнерінің күрделі тегі. Драмалық шығармаларда баяндау болмайды. Оқиға, яғни тартыс желісі репликалар (кейіпкер сөзі) арқылы дамиды. Драмалық шығармалардың құрылымы ондағы оқиға мен тартыстардың даму қарқынына және ауқымына байланысты көріністерге, актілерге, бөлімдерге бөлінеді. Ал композициялық тұрғыдан Драмада оқиғаның (тартыстың) басталуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімін табуы болады. Кейбір шығармалар мұндай классик. үлгіден өзгеше, яғни бірден тартыстың шиеленіскен тұсынан басталуы мүмкін.



10. Балет, опера, оперетта ұғымдарының анықтамасыОпера (итал. орега - дәлме-дәл шығарма, лат. орега - еңбек, бұйым, туынды) - музыкалық өнер жанры. Операның әдеби негізі (либеретто) музыкалық драматургия және ең алдымен вокалдық музыкалық формаларының тәсілдері арқылы өзінің көркемдік шешімін табады. Ол - вокалдық пен аспаптық муз., драматургия, хореография (балет) және бейнелеу өнерінің (декорация, костюм) бірлестігінен туған театр шығармасы, яғни осындай әр түрлі өнер түрлерін біртұтас театр әрекетіне біріктіретін синтезді жанр. Жеке айтылатын ән (ария, ариозо, каватина, монолог, баллада), речитатив (тақпақ сазды қысқа әуен), ансамбль (дуэт, трио, квартет, квинтет), хор көріністері, би, оркестрлік нөмірлер (увертюра, антракт) опералық музыканың түрлеріне жатады. Операның тарихи даму барысында оның түрлі жанрлары қалыптасты: эпикалық-қаһармандық, тарихи-қаһармандық, тарихи-романтикалық, тарихи-тұрмыстық, лирикалық-тұрмыстық, драмалық, комедиялық және сатиралық опералар. Сондай-ақ, Италияда опера-сериа мен опера-буффа, Францияда комедиялық және лирикалық, ал Англияда балладалық опера жанрлары өмірге келді. Бұдан басқа муз. драма, опера-балет секілді жанрлары болды. Опера тарихы адамзат қоғамы тарихы мен мәдениетінің даму жолымен тығыз байланысты.Балет (франц. ballet, итал. balleto, лат. ballo — билеймін) — сахналық өнердің бір түрі, мазмұны музыка-хореография образдар арқылы ашылатын спектакль.Балет— ой мен жан құбылысын қозғалыс, дене қимылымен көрсетеді. Мұнда либретто жазушы сценарист, музыка шығарушы композитор, билерді қоюшы балетмейстер және суретші еңбегі тоғысып, ортақ арнаға саяды. Балеттің арқауы би мен пантомима. Пантомима — сөзсіз, адам денесінің мәнерлілігімен, мимикамен спектакльдің мазмұнын ашатын театр өнерінің бір жанры. Сюжетті Балеттерде қимыл-пантомима мен әрекетті көріністер (па, g’аксьон) көп қызмет атқарады. Балеттің дәстүрлі музыка-хореография формалары қалыптасқан: екі кісілік би (па-де-де) және көпшілік биі (па-де-труа, па-де-катр, гран па). Соңғысын кордебалеттер орындайды. Қаһармандық, драматикалық, комедиялық сюжеттер Балет жанрын айқындайды. Сондай-ақ, шағын Балет, Балет-пантомима, Балет-феериялар болып бөлінеді.Оперетта (итал. орегеttа – шағын опера) – музыкалық театр жанры. Опереттада вокалдық және аспаптық музыка, би, балет және эстрадалық өнедің элементтері ұштастырылады. Сюжеті операға қарағанда жеңіл, көбінесе көңілді оқиғаға құрылады. Опереттада вокалды және хореографиялық элементтер оқиғаның дамуын, шығарманың идеялық-көркемдік тұрғыдан ашылуын негізге ала отырып, драматургиялық тұтастықты құрайды.

11.Қазақстандағы театрлар туралы қысқаша мәлімет. Театр (Грек тілі|грекше theatron – ойын-сауық орны; ойын-сауық) – сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі.М. Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрыМ. Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры Қызыл-Орда қаласында 1925 жылдың соңында құрылды.
Театр 1926 жылдың 13 қаңтарында М.О.әуезовтың «Еңлiк-Кебек» пьесасының үзiндiсiмен және үлкен концертпен ашылды. Алматыға театр 1928 жылы ауыстырылды. 1991 ж. 15 қазанда ашылған Қалыбек Қуанышбаев атындағы қазақ әуенді-драма театры ұлттық патриотизмді жандандырумен қатар, халқымыздың мәдени мұраның қайта туындауы маңызды болып табылды. Қойылым ішіне Ғ. Мүсірепов, М. Әуезов, Ш. Айтматов, Т. Ақтанов және көптеген басқа атақты Қазақстан және бүкіл әлем драматургтері мен жазушылар шығармашылығы кіреді. Ұлы қазақ драматургі Ғ. Мүсірепов «Ақан Сері – Ақтоқты» атты шығармашылығымен театр есігін ашты. Әрі қарай керемет көтеріліс болды. Көрермендер театрды сүйе тамашалады. 1992 жылы театр қызметкерлері С. Сейфуллинның 100-жылдығына арналған Халықаралық фестиваль Лауреаты атағына ие болды..Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялықбалалар мен жасөспірімдер театрыҚазақтың балалар мен жасөспірімдер театры 1946 жылдың 4 шілдесі күні А. Толстойдың ,,Алтын кілт,, пьесасы бойынша қазақ тілінде тұңғыш рет спектакль қойып, ресми түрде тұсауын кесті. Спектакльді Кеңес Одағы бойынша балалар театрының негізінқалаған режиссер Н. И. Сац қойды. Ол Қазақстандағы жас жеткіншектерге арналған театр-дың ашылуы мен қазақ труппасының өз алдына шымылдық көтеруі жұмыстарына тікелей бел шеше араластыы.

12. Театр өнеріндегі К.С.Станиславский жүйесінің ролі.Станиславский жүйесі - К.С. Станиславский негізін салған сахналық шығармашылықтың теориясы мен методологиясының шартты атауы. Алғашында Станиславский жүйесі тек актер мен режиссер жұмысына қажетті тәжірибе құралы ретінде ойластырылып жасалғанымен, ол келе-келе реалистік сахна өнерінің кәсіби және эстетикалық негізі деген кең мағына алды. Қазіргі театр тәжірибесі мен театр педагогикасы күнделікті жұмыстарында Станиславский жүйесін арқау етеді. Станиславский жүйесі өзінен бұрынғы театр жүйелері сияқты шығармашылықтың ақтық нәтижесін емес, керісінше сол нәтижені тудыратын себеп-салдарды жан-жақгы қарастыруға құралады. Мұнда тұңғыш рет сананың астарындағы куңгірт шығарм. проңесті саналы жолмен игеру мәселесі оз шешімін табумен бірге актердің озі ойнайтын сахналық бейнесіне табиғи түрде айналу жоддары зерттеледі. Ол Станиславскийдің жеке өзімен қатар оның алдында өткендердің, өз тұрғыластарымен мен дүние жұзі сахна өнерінің үздік шеберлерінің де шығарм. және пед. тәжірибесін жинақтап қорыту нәтижесінде өмірге келді. Станиславский ең алдымен өзінен бұрынғы А.С. Пушкин, Н.В. Гоголь, А.Н. Островский мен М.С. Щепкиннің дәстүр-талғамына сүйенді. Әсіресе А.П. Чехов пен М.Горький драматургиясы оның эстетикалық көзқарастарының қалыитасуына айрықша әсер етті. Станиславский жүйесінің өсу жолын Мәскеудің Көркем академиялық театры мен оның студияларының қызметінен бөліп қарауға болмайды. Өйткені ол жалпы театр өнерінің игілігіне айналмас бұрын осы театр мен студияларда ұзақ эксперименттік жолмен және тәжірибе арқылы сыннан өтті. Станиславский бұл жүйе төңірегінде ізденістерін 1907 жылдан өмірінің соңына дейін жүргізді. Станиславский жүйесі сахналық шығарм. сәтінде актерден жай көшірме жасауды емес, өрбір спектакль сайын кейіпкерінің алдын ала ойластырған өмір логикасын тап қазір бастан кешіргендей әсерде болуын талап ететін - Станиславскийдің толғаныс өнері деп атаған сахналық өнердегі реалистік бағыттың теориясы болып табылады. Орындаушы жеке өзі немесе режиссердің көмегімен шығарманың негізгі әуенін ("дөнін") ашып жеткізуде ол алдына идеялықшығарм. мақсат қояды. Станиславский мұны "жоғары міндет" деп атады. Жоғарғы Міндетке жету жолындағы әрекетті талап-үмтылысты ол актердің және рольдің өзекті әрекеті деп белгіледі. Осы жоғ. міндет пен өзекті әрекет туралы ілім Станиславский жүйесінің негізі болып саналады. Мүның өзі суреткердің дүниетанымын басты орынға шығарып, өнердегі эстетика мен этиканың өзара байланысын айқындай түсті. Актердің автор пьесасында берілген жағдайға байланысты жасаған максатты органиқалық өрекеті - актерлік өнердің бірден бір негізі. Сахналық әрекет дегеніміз - Станиславскийдің шығарм. элементтер деп атаған актердің бүкіл ақыл-ойы мен кайрат-жігерін, сезім-түйсігі мен оның сыртқы ішкі болмыс-бітімін түгел жүмсауды қажет ететін психофизик. процесті білдіреді. Бүған актердің сахнада әріптесімен қарым-қатынас жасау қабілеті, қиял-зейіні, ритм мен шындықты сезінуі, эмоциялық есте сақтауы мен сөз техникасы, пластикасы, т.б. жатады. Сахнада нағыз шығарм. сезімді туғызатын аталмыш элементтерді үнемі жетілдіріп отыру - актердің өз бетімен жұмыс істеу мазмұнын құрайды. Станиславский жүйесінің ендігі бір бөлімі актердің рольмен өз бетінше жұмыс істеуіне арналған. Бұл бөлімде актердің рольмен табиғи қабысуы, яғни образға айналу мөселесі толық шешімін тапты Станиславский жүйесі республикалық театрларында кең көлемде таралып, игі ықпал жасауына үлкен күш салды. Станиславский жүйесі қазақ театр өнерінің кәсіби деңгейде қалыптасып өсуіне өлшеусіз әсер етті.

[13.Қазақстандағы опера және балет театрлары туралы мәлімет.«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры немесе Астана Опера — Қазақстандағы Астана қаласында орналасқан опера және балет театры.«Астана Опера» – тікелей Елбасының бастамасымен бой көтерген театр. Оның құрылысы барысын да ҚР Президенті Н.Назарбаев жеке бақылауында ұстады. Дәл осы алып театр сахнасынан 2012 жылы 14 желтоқсанда жариялаған «Қазақстан – 2050» стратегиясында Мемлекет басшысы: «біз рухани мәселелер экономикалық және материалдық тәртіптегі мәселелерден кем емес мәнге ие болатын мемлекеттік даму кезеңіне аяқ бастық» деп атап көрсеткен болатын. Театр шымылдығын тұңғыш түру құрметі Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» спектакліне берілді. Биылғы жылы қазақтың осы ұлы композиторының туғанына 100 жыл толады. «Астана Опера» директоры Төлеген Мұхамеджанов қазақтың мәдени мұрасына айналған осы тамаша операмен ашылуы театр үшін айрықша құрмет екендігін нықтады.

«Астана Опера» залына 1 мың 250 көрермен сияды. Оның партері 450 көрерменге арналған. Басты зал аттың тағасына ұқсас формаға ие, «Ла Скала» сынды әлемдік үздік опера театрлары залына ұқсатып, бірнеше қабат етіп жасалған, бірақ ұлттық үлгіде өрнектелген. Мұның сыртында ғимаратта 8 қосымша зал, 11 репетициялық орынжай, 250 орындық камералық музыка залы, баспасөз залы және басқа Абай атындағы қазақ мемлекеттік опера және балет театры

Абай атындағы қазақ мемлекеттік опера және балет театры 1934 жылы 13 қаңтар айында құрылды.
Абай атындағы қазақ мемлекеттік опера және балет театрының негізгі қызметтері:
-опералық және балет өнерiнде мемлекеттiк мәдени саясатын iске асыруға бағытталған сахналық ойын-сауық шараларды ұйымдастыру мен өткiзуi.
-Қазақстан халықының мәдениеттiк деңгейiнің өсуіне көмек беретін, көркем шығармалардың негiзiндегі театр қойылымдарын ұйымдастыру.
-ұлттық және халықаралық мәдени мұрасын насихаттау.
-мемлекеттiк бағдарламаға сәйкес жастарды опера және балет классикасының асылдарымен таныстыру .2000 жылдың қайтар айында Астана қаласында «Ақ Орда» опера және балет театры ашылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен аталмыш жыл Мәдениетті қолдау жылы деп жарияланды. Осы жылдың шілде айында театр Ұлттық мәртебеге ие болып, оған қазақтың әнші қызы Күләш Байсейітова есімі берілді.

Театрдың алғашқы маусымын 2000 жылдың 14 қазанында М. Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсымен бастады. Операны сахнаға КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық Қаһарманы, режиссер Әзірбайжан Мәмбетов шығарды.

14.Коллизия мен фабуланың өзара ұқсастығы мен ерекшелігі. Коллизия (лат. collіsіo – қақтығыс) – қарама-қарсы мүдделер мен күштердің, көзқарастардың қақтығысы. “Коллизия” термині әдебиет пен өнер туындыларындағы тартыстың, сезім арпалысының шебер бейнеленуін көрсету үшін де қолданылады.Фабула (лат. Fabula — аңыз, әңгіме, ертегі, мысал) — көркем шығармада суреттелген окиғаны рет-ретімен жүйелеу. Фабула сюжетпен көптеген өзіндік ерекшеліктерімен өзгешеленеді:Оқиғаны мазмұндау, баяндау тәсілімен, яғни оны өмірде болып жатқан рет-ретімен емес, авторлық шегіністер, орын ауыстырулар арқылы беру (Ш.Айтматов, "Боранды бекет'").Айтушының болып жатқан окиғаға қатыстылығымен. Мұның бірнеше жолы бар: алғашқысында автордың оқиғаға қатыстылығы сезілмейді (М.Әуезов, "Қилы заман"), енді бірде айтушы оқиғаның ортасында жүреді (Ғ.Мүсірепов, "Қазақ солдаты").Шығарманың белгілі бір формада баяндалуы, мысалы, естелік (Ғ.Мүстафин, "Көз көрген"), күнделік (Ә.Сәрсенбаев, "Офицер күнделігі"), Ф.М. Достоевский, "Бейшара жандар"), т.б. фабулалық тәсілдерді қолдану арқылы автор оқиғаның баяндауын бірде үдетіп, бірде бәсеңсітіп отырады, кейіпкер көңіл-күйінің қалтарыстарын ашып, образды жан-жақты ашады.

15. Мелодрама, водевиль, фарс,мюзикл, трагикомедия жанрларының

өзіндік ерекшеліктері.Мелодрама (гр. melos — өлең және драма) — драма жанрының бір түрі. Шиеленіскен тартысқа құрылатын, моральдық тенденциялармен ерекшеленетін пьесалар. Мелодраманың пайда болуы 18 ғасырдағы француз ағартушы демократиялық ағыммен тығыз байланысты. Алғашқы мелодраммалар 18 ғасырдың аяғында Француз буржуазиялық төңкерісі жылдары пайда болды. Мелодрама авторлары трагедия мен комедияны үйлестіріп, драматургия тақырыбын кеңейтті. 19 ғасырдың 20-жылдары мелодраммада көңілсіз оқиғалар басым келіп, соңы трагедиямен аяқтала бастады. 19 ғасырдағы романтиктік және реалистік бағыт-бағдардағы театрлар жасаған сахналық реформаларға түрткі болды. Қазіргі кезеңде мелодрама ұғымы кино өнеріндегі жанрдың атауы ретінде де қолданылады. Қазақ киносында мелодрамалық сарындағы телесериалдар (“Тоғысқан тағдырлар”, “Шегіртке”) түсіріліп, көрермендер назарына ұсынылды.Водевиль (фр. vaudeville - Вир өзеннің аңғары, онда 15 ғ-да водевир халық әндері шыққан) - әдетте, тамақпен, өлеңмен айтылатын, кейде би аралас ойналатын шағын комедиялық пьеса. Франция шаруалар арасындағы ажуа өлеңдерден шыққан. Бертін келе әзіл-оспақ айтыстар, екеу ара сөз қақтығыстары Водевиль деп аталып кетті. Театр жанры ретінде Водевиль 18 ғ-да қалыптасып, кейін бүкіл Еуропаға тарады. Водевильдің ерекшелігі - адам мінезіндегі келеңсіз қылықтарды өткір тілмен, мысқыл-әзілмен сынау. Ресейде 19 ғ-дың басында кең тарады. Оның дамуы А.И. Писарев, АС. Грибоедов, А.П. Чеховтардың есімімен байланысты. Қазақ жазушылары Б.Майлин, С.Байқожаев т.б-дың Водевильдері жұртшылыққа жақсы танымал.Фарс (фр. farce, лат. farcіo — бастаймын; орта ғасырда мистериялық ойындардың комедиялық кіріспемен “басталуына” байланысты шыққан):

14 — 16 ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде көп тараған халық театрының бір түрі. Фарс көңілді әрі сатиралық бағытқа құрылуымен, өмірді шынайы бейнелеу тәсілінің нақтылығымен ерекшеленеді. Фарс кейіпкерлері, негізінен қалалықтар. лықтар. Ұсақ дворяндар дәрежесіндегі шаруалар да Фарста әжуашылар ретінде көрініс берді. Фарстардағы маска-образдардан (ақымақ еркек, бетпақ әйел, көрсоқыр сот, алдамшы дәрігер, ғалымсымақ, т.б.) әлеуметтік тип жасаудағы алғашқы бетбұрыс бой көрсетті. Фарста буффонада тәсілі кең орын алған. 15 ғасырда “Лохант”, “Патлен адвокат” сияқты француз Фарстары кең тарады. Фарстардағы халық дәстүрі француздың демократиялық бағыттағы актерлік өнерінің өрістеуіне (17 ғасырдың фарсшы актерлері Табарен, Гро-Гильом, Готье-Гаргиль, Тюрлюпен, т.б.), сонымен қатар Ж.Б. Мольер шығарм-на да игі әсер етті. Фарс италиялықтардың дель арте комедиясына негіз болды; Англияда У.Шекспир комедияларында, Испанияда М.Сервантес интермедияларында көрініс тапты; неміс Фарсы (фастнахтшпиль) Г.Сакстың шығармасынан орын алды. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырда А.Жарри, Б.Брехттің пьесаларында (“Швейк екінші дүниежүзілік соғыста”, 1943) Фарс ішінара көрініс берді.Мюзикл[1] (ағылш. Musical) эстрадалық, хореографиялық,драмалық,опералық, т.б. сан түрлі өнердің әсерлі ерекшеліктерін біріктіріп көрсететін музыкалық-сахналық қойылым. Бұл жанрдың тек комед. қана емес, драм. сюжеті де болады. Мюзикл жанр ретінде 1920 – 30 жылдары АҚШ-та пайда болды. 1940 – 60 жылдары АҚШ-та ерекше дамып, 60-жылдардан бастап басқа елдерде кең тарала бастады. Қазіргі уақытта Мюзикл музыкалық театрлары рок-музыка, ән-би жанрлары элементтерін игере отырып дамуда.Трагикомедия – драмалық шығарманың бір түрі.Драмалық шығарманың басқа да түрлері сияқты трагикомедия да шиеленіскен оқиғаға құрылады, оқиға кейіпкер сөздері (монолог, диалог) арқылы өрбиді. Трагедияда қақтығыс-шиеленіс суреттеліп, шығарма көбіне кейіпкердің қазаға ұшырауымен аяқталса, комедия әзіл-оспаққа, күлкіге толы болады, мұнда адам мінезіндегі түрлі кемшіліктерді әжуалау, сықақ ету басым келеді. Ал осы екі түрге жатпайтын, сахнаға арналған басқадай шығармаларды ‘‘жалпылама драма’’ деп атай береді. Ал трагикомедияда трагедияға да, комедияға да тән сипаттар кездеседі

16. Ежелгі Греция мен Рим, Ортағасыр театрларының қойылымдарындағы басты бағыттар.Ежелгі грек театры – Антикалық театрдің бірі, кейінгі барлық халыққа аңыз болып тараған мәдениет ошағы. Ежелгі грек театры генетикасы бойынша ежелгі дәуірдің культтық дәстүрлерінен бастау алады (аң аулау, жер өңдеу, қысты шығарып салу, жоқтау айту т.б.). Аталған дәcтүрлердің қарапайымдылығына қарамастан, бұлардан театрлық көріністердің алғашқы бастамаларын байқауға болады. Яғни, музыка, би, ән мен сөздің үйлесімділігі. Ежелгі грек театрының өзі бірнеше күнге созылып салтанатты түрде өткен Дионисқа арналған мерекелерді атаудан шыққан. Бұл мерекелерде драматургтер мен ақындардың шығармалары, хор сайыстары арнайы салынған сарайларда өткізілген. Театр ежелгі грек қаласының қоғамдық және рухани өмірінде маңызды рөл атқарған. Бұл күндері халық жұмыстан босатылып, мереке тойлау шараларына қатысуға міндетті болған. Афиныда Перикл басқарған кезінде кедейлерге театрге келуге қажетті қаражат бөлініп те отырған. ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін грек театры жөнінде рим сәулетшісі Витрувийдің б.з.б. 25 жылдар шамасында жазылған «Сәулет туралы» трактатында жазылғаннан басқа мәліметтер болған жоқ. Қазіргі уақытта көптеген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде әр дәуірдегі грек театрлары жөнінде толыққанды деректер жеткілікті. Мың жылдан астам тарихы бар және географиялық аумағы бойынша Жерорта өзенінің бассейнін түгелдей дерлік қамтып жатқан антикалық театр құдіретті де біртұтас жүйе болып табылады. Ежелгі Рим театры р мәдениеті дәстүрлі жаңа қоғамдық өмірдің ерекшелігіне орай, Ежелгі Рим театрында өзінің жаңа даму жолын тапты. Алғаш театр өнерінің пайда болуы — өнім жинап алу мейрамдары кезіндегі ойын-сауықтарға байланысты. Одан кейінгі театр элементтері ән, музыка, бидің басын қосқан тұрмыстық күлдіргі сахна — сатирлерде өрбіді. Б.з.д. 300 жылдар шамасында ұлттық ателлана комедиясы дүниеге келді. Ателланада маска киген тұрақты 4 кейіпкер болған: Макк, Буккон, Папп және Доссен. Осы кейіпкерлерді ойнайтын әуесқой актерлердің пьесасы, мәтіні болған емес, сондықтан олардың импровизация жасауына кең жол ашылды. Ателлананы бертін келе кәсіби шебер актерлер ойнайтын болды. Орта ғасырдағы театр.Ерте кезеңдегі театр түрлерінде жеке, бір адамға тән мінез даралығын емес, жалпы адамдарға ортақ мінез-кескіндерді көрсету принципі үстемдік алды да бұл тұрақты маска-типтердің тууына себепші болды. Мұндай принцип орта ғасырдағы халық театры сауықтарына да тән болатын. Орта ғасырда Батыс Еуропадағы театрдың дамуы реалистік-демократиялық ағымдағы халық өнерінің шіркеу мен феодал діни-мистикалық идеологиясына қарсы күресі үстінде өтті. Халық театры қала мен ауыл бұқарасының әуесқойлар шығармашылық түрінде өмірге келді. Қалалардың өсуімен байланысты 11 ғасырдан бастап орындаушылық өнердің мамандануы басталады. Мысалы, кезбе актерлер: жонглерлер, гистриондар мен скоморохтар пайда болды. Орта ғасыр театрындағы ең ірі жанр болып табылатын миракль мен мистерия сауықтарының (14 – 15 ғасырлар) діни мазмұнынан өмір әуендері кең көрініс тапты және әуесқой актерлердің өнері арқылы келген шіркеуге қарсы белгілер, тұрмыстық реализм мен стихиялы халықтық бояулар да бой көрсетіп отырды.


Просмотров 2045

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!