Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Желілердің және ҚТ тоқтарының фаза аралық тұйықталуларының түрлері



Электрмен жабдықтау жүйесінің релелік қорғанысы және автоматика құрылғыларын құрастырудың тағайындалуы, негізгі талаптары және принциптері

Өнеркәсіп орындарын электрмен жабдықтау жүйесінің (ЭЖЖ) екі бөлігі болады – ішкі және сыртқы. Сыртқы бөлігі ЭЖЖ-ң ішкі бөлігін энергожүйемен байланыстыратын ЭЖЖ 35-500 кВ тұрады. Ішкі бөлігі 1000 В кіші немесе жоғары кернеудегі қосалқы станциялардан және таратқыш тораптардан тұрады. Автоматтандырудың жоғары деңгейі ЭЖЖ-ң сыртқы және ішкі бөліктеріне тән. ЭЖЖ элементтерін автоматты басқару қажеттілігі электрмен жабдықтаудың сенімділік талаптарымен және қалыпты режимдердің бұзылуы кезіндегі процестердің жоғары жылдамдығымен сипатталады.

ЭЖЖ элементтерін автоматты басқару жеке автоматты құрылғылармен (АҚ) (сақтандырғыштар, автоматты ажыратқыштар, реле), сондай-ақ автоматты құрылғылардың жүйелерімен (автоматты қайта қосу – АҚҚ, резервтің автоматты қосылуы- РАҚ және т.б. жүйесі) арқылы іске асады.

Автоматты құрылғылардың элементтік базасы біршама кең – электромеханикалық реледен бастап транзисторлар, микросұлбалар және микропроцессорлар базасындағы электронды құрылғыларға дейін.

Қазіргі уақытта өте кең тараған 1000 В төмен ЭЖЖ-ң автоматты құрылғылары сақтандырғыштар (С) және автоматтар (А), 1000 В жоғары тораптарда – электромеханикалық, электронды және микропроцессорлы релелер (Р), өлшеуіш трансформаторлар арқылы жалғанатын ажыратқыштар (А) болып табылады.



ЭЖЖ автоматты құрылғыларының тағайындалуы:

- зақымдалған элементтің тез өшуі;

- элемент жұмысының қалыпсыз тәртібінің тоқтауы;

- ажыратылғаннан кейін электрмен жабдықтаудың тез қалпына келуі;

- қалыпсыз тәртіптердің пайда болу сигнализациясы.

ЭЖЖ автоматты құрылғыларына қойылатын талаптар:

- селективтілік (таңдаулылық);

- жұмыс жасауының орнықтылығы;

- сенімділік.

Селективтілік – АҚ-ң қорғаныстық қабілеттілікке және шапшаң іске қосылуға байланысты зақымдалған элементтерді ғана өшіретін қасиеті.

Қорғаныстық қабілеттілік – барлық мүмкін болатын зақымдалу түрлері кезінде элементті қорғау қасиеті.

Іске қосылудың шапшаңдығы - өшіру уақыты, оның төмендеуі тұтынушыға кернеудің әсерін, қорғалатын элементтің зақымдалудан түскен зардаптарды азайтуы.

Жұмыс жасау орнықтылығы – қорғаныстың бөгеуіл болып табылатын зақымдалулар кезінде іске қосылмау және нақты зақымдалулар кезінде іске қосылу қасиеті.



Сенімділік – қорғаныстың берілген техникалық дәлділіктегі, яғни істен шығудың минималды мөлшері, функцияларды орындау қасиеті. Қорғаныстың АҚ-ң оның негізгі функцияларымен сәйкес істен шығуы іске қосылудың істен шығуы, артық немесе жалған іске қосылу болуы мүмкін.

Қорғаныстың істен шығуы элементтердің сипаттамаларын өзгерту нәтижесінде немесе оларды құрылыстан шығуы нәтижесінде болады. Қорғаныс АҚ-ң функционалды сұлбасы автоматты басқару принциптерімен сәйкес 1.1-суретте көрсетілген құрылымдық сұлба түрінде көрсетілуі мүмкін.

1.1 Сурет - Қорғаныстың автоматты құрылғысының функционалды сұлбасы: ПС 1 және ПС 2 – сигналдың кіріс және шығыс өлшеуіш түрлендіргіштері, ПР – релелік сипаттамалы түрлендіргіш (логикалық элемент), У – тағайыншама, И – индикатор, БП – қорек блогы, КА – реле.

 

Нақты АҚ-да автоматты ажыратқыштардан бастала отырып көрсетілген сұлбаның жеке түйіндеріндегі функциялар нақты құрылғылардың әртүрлі элементтерімен орындалуы мүмкін.

Кез келген АҚ-ң басты түйіні уақыттық кешігумен, сондай-ақ онсыз да (АҚ уақыт ұстанымымен және үзiндi) орындалатын логикалық элемент және АҚ қорғанысының – тоқтық қорғаныс релесі, кедергі релесі, бағытталған қуат релесі және т.б., типтерін анықтайтын өлшеуіш орган болып табылады. Элементтің шығысында және кірісінде екі өлшеуіш органның болуы абсолютті селективтілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін дифференциалды қорғанысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Кейбір жағдайларда сұлбаның жеке блоктарының болмауы да мүмкін.

Мысалы, электромеханикалық реледе орындалған АҚ-да қорек блогы жоқ, ал түрлендіргіштер электрмеханикалық құрылғы болып табылады.

Аналогтық микросұлбаларды және микропроцессорларды қолданатын АҚ-да құрылғының жұмыс жасауын және қоректің үзілісі кезінде деректерді сақтауды қамтамасыз ететін қорек блогы пайда болады, ал индикатор дисплей деректерді бейнелейтін едәуір күрделі алфавитті-сандық құрылғы болып табылады.

Аналогтық және сандық сұлба техниканың жетістігі электромеханикалық реледегі релелік қорғаныс және автоматиканың дәстүрлі құрылғыларына дес бермейтін жоғары сенімділіктегі АҚ жасауға мүмкіндік берді.

Айта кету керек, АҚ-ң көбіне коммутациялық аппараты әлі күнге дейін түйіспелік электромеханикалық құрылғы болып табылады.

 

Желілердің және ҚТ тоқтарының фаза аралық тұйықталуларының түрлері

Желінің аса жиі зақымдалуының бірнеше түрлері бар қысқа фаза аралық тұйықталулар (ҚТ) болып табылады (2.1 сурет).

2.1 Сурет - Үш фазалық тізбектің қысқа тұйықталуының түрлері (а) және оларға сәйкес (б – К(3); в – К(2); г – К(1)) векторлық диаграммалары

 

Үш фазалық ҚТ кезінде (2.1 сурет, б) тоқтар тура реттіліктегі симметриялы жұлдызшаны құрайды. Фазалардың ҚТ тоқтарының мәндері бұл жағдайда мынаған тең болады

Екі фазалық ҚТ кезінде (2.1 сурет, в) ҚТ тоқтары фазааралық ЭҚК арқылы туындайды. Жүктеме тоғын есепке алмағандағы зақымдалмаған фазадағы тоқты деп есептеуге болады. Фазалардың ҚТ тоқтарының мәндері

болуына байланысты екі фазалық ҚТ тоқтары тура және кері реттіліктің құрауыштарын тудырады.

Бір фазалы ҚТ және бейтараптың терең жерлестірген кездегі (2.1 сурет,г) жүктеме тоғын есептемегенде қозғалмайтын фазалардың тоқтарын деп есептеуге болады. ҚТ тоғы бұл кезде

мұндағы - тура, кері және нөлдік реттілік жүйесінің және желінің қосынды кедергілері.

Бір фазалы ҚТ тоғы тура, кері және нөлдік реттіліктегі тоқтардан тұрады.

Осылайша қысқа тұйықталулар желінің зақымдалған бөлігін өшіруді талап ететін асқын тоқтардың пайда болуына алып келеді.

 


Просмотров 1126

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!