Главная Обратная связь Поможем написать вашу работу!

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






азақстан Республикасы салық салу принциптері



Салық бюджетке төленетін міндетті төлем болып саналатын болса, ал салық салу салықтың түрлері бойынша енгізу, бекіту, есептеу және төлеу тәртібіндегі мемлекеттің жалпы ережесін қарастырады. Мемлекеттің тиімді салық салу процесін жүзеге асыру үшін бірнеше принциптері бар. Салықтардың созылымдылық принципі – бұл принциптің мәні мынада, яғни мемлекет өзінің күнделікті суранысына байланысты салық ставкасын көтере немесе төмендете алады. Салық салудың салық кодексімен басқару принципі былайша өрнектеледі, яғни салық төлеу бойынша міндетті осы салықтар салық кодексімен қарастырылған жағдайда ғана пайда болады. Салық салудың шындық принципі болып салық салудың экономикалық принципі табылады. Салық салудың шындық принципіне сәйкес әрбір адам өз табысына сай мемлекетті қолдауға қатысуы қажет.

Салық салудың үнемділік принципіне сәйкес, салық жинау ең төменгі шығындарда жүргізілуі қажет.

Қазақстан Республикасының салық заңдарының ережелері салық

кодексінде белгіленген салық салу принцтеріне қайшы келмеуі тиіс. Қазақстан Республикасының салық заңдары салық салудың бірнеше принциптеріне негізделеді, атап айтқанда.

· бірінші, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі,

· екінші, салық салудың айқындылығы,

· үшінші, салық салудың әділдігі,

· төртінші, салық жүйесінің біртұтастығы,

· бесінші, салық заңдарының жариялылығы принциптері.



1. Салық салудың міндеттілік принципі.

Салық төлеушілер салық заңдарына сәйкес салық міндеттемелерін толық көлемде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті болуы тиіс. Бұл әрбір Қазақстандық азаматтардың негізі борышы, парызы болып саналады.

2. Салық салушылардың айқындық принципі Қазақстан Республикасының

салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері. Әрбір салық төлеуші үшін айқын болуы тиіс.

Салық салу айқындығы салық төлеушінің салық міндеттемелерін туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібі салық заңдарында белгіленген.

3. Салық салудың әділдік принципі. Қазақстан Республикасының салық

салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Кез келген салық төлеуші үшін салық салу жүйесі әділетті түрде шешілуі қажет. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.

4. Салық жүйесінің біртұтастық принципі Қазақстан Республикасының



салық жүйесінің Қазақстан республикасының бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты біртұтас болып табылады.

5. салық заңдарының жариялылық принципі. Салық салу мәселелерін

реттейтін нормативтік құқықтық актілерін ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға тиіс.

Салықтарды ұтымды ұйымдастырудың классикалық принциптерін экономист Адам Смит ұсынған еді.

Олар мыналар:

- салық әрбір төлеушінің табысына қарай салынуы тиіс;

- салықтардың мөлшері мен төленетін мерзімі алдын ала, әрі нақты белгіленуі тиіс;

- әрбір салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және тиімді әдіспен салынуға тиіс;

- өндіріп алынатын салықтың шығындары мейлінше аз болуға тиіс.

Бұл принциптердің қолданылуы салық салудың сора-қылықтарды жойып, салық салу жүйесін ретке келтірді. Сондықтан Адам Смит: «Салық төлеушілер үшін құлдықтың емес, бостандықтың белгісі» - деп жазды. Америка Құрама Штатының тәуелдіксіз декларациясы авторларының бірі Франклин: «Өмірде салықпен өнімнен қашып құтыла алмайсың» - деп атап көрсетті.

Салықты уақтысында төлеу міндет болып саналады. Себебі, уақытысында төленбеген салықтардың айыппұлы мен өнімпұлы өте жоғары болады. Осы дәстүр біздің еліміздің азаматтарында қалыптасса, өз ісімізді бір қадам алға жылжытар едік.



 

Орытынды

Қорыта келгенде мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.

Ұйымдық-құқықтық жағынан алғанда салықтар – бұл заңмен алдын-ала анықталған, белгілі бір көлемде және белгіленген мерзімде қажет қорына түсетін міндетті төлемдер.

Салықтардың экономикалық мәні мемлекеттің заңды және жеке тұлғалармен қалыптасатын ақша қарым- қатынастарымен анықталады, сондықтан салықтар экономикалық категория ретінде қаралуы мүмкін.Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні , олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен , мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Френсис Бэкон салықтарды төлеу әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.

Осы жоғарыда келтірілген мәселелер курстық жұмыстың толықтай мазмұнын ашады және ол болашақ білікті мамандар үшін өз пайдасын тигізеді . Бірақ та бұл жұмыста келтірілген деректер салық жүйесін бастағысы келген адамға аз болады ,салықтың әлі де мазмұнын ашатын мәселелері толықтай қарастыруға болады.

Алдыма қойған мақсаттар мен міндеттерді анықтай отырып, республикадағы меншік туралы салыққа талдау жасадым.

Еліміздің тәуелсіздік алғанына 14 жыл уақыт өтті. Осы аз уақыт ішінде республикамыздағы салық жүйесі айтарлықтай деңгейде дамыды. Қазіргі таңда ТМД елдерінің ішінде елдегі салық жүйесі алғашқы орындарда. Салық Комитеттерінің жоғарғы сапалы қызмет көрсетуі, операцияларының түрлерінің дамығандығы ел экономикасын жоғарғы деңгейге көтеруде..

Нарықтың негізгі сипаты бәсекелестік болып табылады. Осы бәсекелестік нәтижеснде Салық Комитеттері өз жұмыстарын жоғарғы дәрежеге жеткізуге тырысады. Бұл жетікіліктерді айтып, кемшіліктерді айтпау мүмкін емес. Өйткені әр нәрсенің өзінің жағымды және жағымсыз жақтары да бар.

 

 

Олданылған әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының Конститутциясы.

2. Қазақстан Респуьликасының «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» Заңы 1991 жылы 25 желтоқсан.

3. Қазастан Республикасы Президентінің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Заң күші бар Жарғысы 1995 жылы 24 сәуір

4. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Заңы 1999 жылы 16 шілде.

5. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі (Салық кодексі) 2001 жылы 12 маусым.

6. Қазақстан Республикасының бюджет кодексі.

7. Қазақстан Республикасының Кеден кодексі.

8. А. И. Хузянов, Г.М. бродский «Теория налогооблажения» - Алматы 2002ж.

9. Крымова В. «Экономикалық теория»: кестелі оқу құралы, Алматы 2003ж.

10. Керімбек Г.Е. «Салық және салық салу» әдістемелік оқу құралы, Шымкент 2004 ж.

11. Үмбеталиев А.Д. Керімбек Г.Е. «Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік» Астана, Фалиант, 2005 ж.

12. Қазақстан Республикасының бюджет кодексі

13. Ермекбаева Б.Ж. Арзаева М.Ж. «Шет мемлекеттер салықтары», Алматы 2004 ж.

14. Аяпова Ж.М., Арынов Е.М. «Іскер адамдар орысша-қазақша экономиканың түсіндірме сөздігі» - Алматы, 1993

15. Сүлеймен Рақымжанұлы Тоқсанбай «Толық экономикалық орысша-қазақша сөздік» Алматы, 1999ж.

3.Салық дегеніміз – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің , жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. «Салық»ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.

Мысалы, Жеке тұлғалардың көлік салығын төлеу, ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асырады, салық белгілі бір объектілерден (табыс, мүлік, тауар, жер,көлік, мұра) төленеді. Сонымен қатар салықты төлеудің өзіндік бір мерзімі болады (салық кезеңі- бір күндік, он күндік, айлық, тоқсандық, жылдық) және белгілі бір көлемде немесе мөлшерде (салық ставкасы) алынады.

Міндетті төлем деп - алымдар, баждар және төлемдер деп әдетте заңи және жеке тұлғалардың мемлекеттік органдардың оларға көрсететін қызметтері үшін төленетін біржолғы міндетті төлемдерді айтады. Бұл төлемдердің сомасы жергілікті бюджеттердің кірістеріне не белгіленген үлестерде бюджеттер мен тиісті ұйымдарға не арнаулы қызметтер көрсететін ұйымдардың, мекемелердің шығындарын ішінара немесе толық өтеу қызметін дамытып, жетілдіру үшін түгелдей олардың қарамағына түседі.
Жергілікті бюджеттерге еептелетін алымдарды төлеу көбінесе каржылық аспектілерді де, сондай-ақ мүліктік құқықтарды, техникалық рәсімдерді және тіркеулерді, объектінің, қызметтің және т.б. белгілі бір халін белгілеуді ресімдеумен байланыстыларды да қоса, қызметтің айтарлықтай кең аясы бойынша жүзеге асырылады. Осыған орай алымдар мен төлемдердің салық салу объектілері де сан алуан болып келеді, алымдар мен төлемдерді есептеу мен төлеу тәртібі де әр түрлі болады. Алымдардың сомасы Үкімет белгілеген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және тіркеуші органдарға тиісті құжаттарды бергенге дейін төленеді.

Салықтан мемлекеттік міндетті төлемнің айырмашылығы басқа Қазақстан Республикасында Салықтық кодексте белгіленген және белгілі бір мөлшерде бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер.

Мысалы, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы (жер салығына қарағанда) мемлекеттің жер учаскелерін өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) бергені үшін алынады (жер учаскелерін бастапқы өтеусіз уақытша пайдалануға беруді шығарып тастағанда). Міндетті төлемдердің арасында ерекше орынды мемлекеттік баж алады. Мемлекеттік баж -уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін не (немесе) құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем. Заңдық мәні бар іс-эрекеттер жасау және(немесе) құжаттар беру жөнінде уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға өтініш жасайтын жеке және заңи тұлғалар мемлекеттік бажды төлеушілер болып табылады және «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру» үшін Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін баска міндетті төлемдер туралы» кодексіне сәйкес мемлекеттік баж белгіленді т.б.


Просмотров 1938

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.ru - 2021 год. Все права принадлежат их авторам!