Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Салық туралы ұғым және салық жүйесін ұйымдастыру



Акциздер

 
акциздарды төлеушілер болып акцизделетін тауарларды өндіретін немесе акцизделетін қызмет түрлерін жүзеге асыратын, акцизделетін тауарларды қазақстан республикасының территориясына импорттайтын жеке және заңды тұлғалар табылады.
 

 

Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері

жер қойнауын пайдалану амалдарын орындау бойынша салық салу іс-әрекеттері табыстан тыс пайдаға, арнайы төлемдерге, бонустарға, роялтиға және т.с.с. салық салу тәртібін орнатады

 

Экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы

мұны төлеушілер болып мұнай шикізатын, газды конденсатты экспортқа шығаратын жеке және заңды тұлғалар табылады, алайда бұлардың ішіне өнімді бөлісу туралы контракт жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар кірмейді.

 

7. Әлеуметтік салық

 
әлеуметтік салықты төлеушілер – заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар.
 

Жер салығы

төлеушілер – меншік құқында, тұрақты жер пайдаланушы құқында және алғашқы қайтарымсыз уақытша жер пайдалану құқында салық салу нысандары бар жеке және заңды тұлғалар.

 

9. Көлік құралдарына салынатын салық

төлеушілер – меншік құқында салық салу нысандары бар жеке тұлғалар, меншік құқында салық салу нысандары бар заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері.

 

Мүлік салығы



салық – мемлекет бекіткен, міндетті ақшалай немесе натурамен жасалатын төлем болып, белгілі бір мөлшерде, қайтарымсыз, эквивалентсіз және тұрақты түрде төленеді.

 

 

2. Тақырып:Салық салу саласындағы мемлекеттік мәжбүрлеу және құқықтық жауапкершілік

Жоспар

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

1.Салық туралы ұғым және салық жүйесін ұйымдастыру

2.Қазақстан Республикасы салық салу принциптері

3. Мемлекеттік мәжбүрлеу және құқықтық жауапкершілік

III Қорытынды

Олданылған әдебиеттер

 

 

Кіріспе

Салық есебі – мемлекеттік бюджет пайдасына салық міндеттемесін алу және салық салу негізін анықтау мақсатындағы бухгалтерлік есеп қағидасында қалыптасатын ұйым қызметінің қаржылық-экономикалық жүйесіндегі ақпараттың маңызды, буыны. Біздің республикасындағы салық есебінің пайда болуы отандық экономиканы реформалау кезеңімен байланысты. 1995 жылдың 1-шілдесіндегі Қазақстан Республикасы Президентінің «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» жарлығы салық салу туралы дәстүрі түсінікке өзгеріс енгізді. Бухгалтерлік есептің қызметі салық төлемдерін дұрыс есептеу бойынша міндеттерге жеткілікті байланысты болмады, өйткені алым мен салықтың жаңа түрлері пайда болды. Осыған орай пайда болған қайшылықтар салық салу жүйесі мен есебінің оңтайлы өзара іс-қимылының проблемаларын шығарды, сондай-ақ шаруашылық қызметіндегі қалыптасқан жағдайға қолдануға болатын ережелерді әзірлеудің қажеттілігін туындатты. Осының әсерінен қазіргі уақытта бухгалтерлік есеп «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заң және бухгалтерлік есептің стандарттары негізінде, ал салық есебі Қазақстан Республикасы Салық кодексінің II тарауындағы нормаларының шартына сүйене отырып, әкімшілік құқық негізінде қалыптасты, сондықтан есептің екі түрін толық болу қажеттігі пайда болды.



 

Негізгі бөлім

Салық туралы ұғым және салық жүйесін ұйымдастыру

Салықтар тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен және мемлекеттің пайда болуымен оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болды. Салықтардың экономикалық мәні – шаруашылық субъектілерінен, азаматтардан ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынастардың бір бөлігі болып табылатындығында. Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады. Салықтар тауар-ақша қатынастарынан тыс қолданылады. Натуралды салықтардың мөлшері мен түрі нақты жергілікті жағдайларға бағынған.

Салық – заңды актілерге сәйкес салық төлеушілермен жүзеге асыратын бюджетке төленетін міндетті төлем. Салық – белгілі бір объектілерден төленетін төлем. Салық дегеніміз – белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер.

1. Өндіріп алу тәсілі немесе салықтарды салу объектісі бойынша:

· тікелей салықтар;

· жанама салықтар.

Тікелей салық – тікелей табыс, немесе меншік иеленушілерін алынады.

Оған жататындар: корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары, әлеуметтік салық, жер салығы, мүлік салығы.

Жанама салық – тауар бағасына қосылады және тауар сатқанда тұтынушылардан өндіріп алынуы. Мәселен, қосылған құн салығы, акциз салығы. Жанама салықтар – тауарлар мен қызметінің бағасы арқылы алынады. Олар тауар бағасын арттырады. Өйткені тауар бағасына немесе қызметке, тарифке үстеме түрінде қосылады және сатып алушы төлейді.

Жанама салықтар былайша бөлінеді:

· әмбебап жанама салықтар;

· жеке жанама салықтар;

· қазыналық монополия;

· кедендік баж


Просмотров 1153

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!