Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Орманды пайдаланғаны үшін төлемақысы



Орманды пайдаланғаны үшін төлемақыны алу объектісіне орманды пайдаланудың көлемі мен пайдалануға берілген орман қорының жер аландары жатады.

Орманды пайдалану құқығы орман шаруашылығын басқару жөніңдегі аумақтық уәкілетті органдар мен орманды иелену- шілер беретін мынадай арнайы рұқсат құжаттар:

1) орман қоры учаскесін ұзақ мерзімге (елу жылға дейін) пайдалануға деген иеленушінің кұқығын куәландыратын жал- ға беру шартының;

2) орман ресурстарын немесе орман қорының учаскелерін қысқа мерзімге (бір жылға дейін) пайдалануға деген иеленуші- лердің құкығын куәландыратын ағаш кесуге рұксат беретін билеттің, ордердің және орман билетінің негізінде беріледі.

Орманды пайдалану мынадай:

1) ағаш дайындау;

2) шайыр дайындау;

3) ағаш қабығын, ағаштардың көгі сиякты қосымша ағаш материалдарын дайындау;

4) ағаш шырындарын дайындау;

5) орманды жанама түрде (пішен шабу және мал жаю, шипалы өсімдіктер мен техникалық шикізаттарды, жабайы өсетін жемістерді, жаңғактарды, саңырауқұлақтарды, жидектер мен мен ормандағы басқа да тағамдық өнімдерді дайындау және жинау, ара ұялары мен омарталарды орналастыру арқылы) пай- далану;

6) орманды мәдени-сауықтыру және ғылыми-зерттеу мақ- сатында пайдалану;

7) орман қорының учаскелерін аңшылық шаруашылығы қажеттілігіне пайдалану бағыттарында жүзеге асырылады және сол үшін төлемақы алынады.

Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын орман шаруашылығын басқару жөніңдегі уәкілетті орган жасаған есеп- қисаптың негізінде жергілікті өкілді органдар — Мәслихаттар белгілейді.



Төлемақының сомасын есептеу тәртібі мен оны тиісті бюд- жетке енгізу мерзімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Қазақстан Республикасының Заң актісінде белгіленген тәртіпке орай орман пайдалануды жүзеге асыру құқығын алған заңды және жеке тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табы- лады.

Түп тамырына дейін кесілген ағаштарды пайдалануға жіберу жөніңдегі базалық ставкаларды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Сонымен бірге, жергілікті өкілді органдар- ға осы базалық ставкалардың мөлшерін екі есеге дейін арттыру құкығы берілген.

Орман шаруашылығын басқару жөніңдегі аумақтық уәкілетті органдар мен орманды иеленушілер тоқсан сайын, есепті тоқ- саннан кейінгі екінші айдың 1-інен кешіктірмей өзі орналас- қан жері бойынша салық органдарына уәқілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша тиісті мәліметтерді тапсырып отырады.



Орманды күтіп- баптау кезінде ағаш кесуді, санитариялық шараларды, орманды жөндеу, тәртіпке келтіру және басқа да орман шаруашылығы шараларын жүзеге асыру барысында түп тамырына дейін кесілген ағаштар мен оған қоса осы ағаштарды, тұтынушылардың өздері даярлаған ағаштарды жібергені үшін орман шаруашылығын жүргізуші тұлғалар, оларға қоса орман қорының иелері және орманды пайдаланушылар, сон- дай-ақғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін ағаш ресурс- тарын, шайырды, қосымша орман материалдарын алуды жүзеге асыратын орманды пайдаланушылар төлемақы төлеуден бо- сатылған.

Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиги
аумактарды пайдаланганы үшін төлемақы

Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ғылыми, мәдени-ағарту, оқыту, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдаланушы жеке және заңды тұлғалар осы төлемақыны, яғни міндетті төлемді төлеушілер болып табылады.

Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақының ставкаларын жергілікті әкімдіктердің ұсынуы бойынша жергілікті мәслихаттар белгілейді.

Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақгаң әкімшілігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей өзінің орналасқан жеріндегі салық органыңа уөкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша тиісті мәліметтерді табыс етеді.

Осы төлемақы сомаларын жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумактын орналасқан жеріндегі бюджетке аудару банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар аркылы, сондай-ақ осы аумактардын әкімшіліктері белгілеген бақылау-өткізу пункттері мен арнайы жабдықталған орындарда қатаң есептегі бланктер негізінде қолма-қол ақша төлеу түрінде жүргізіледі.

Жергілікті мацызы бар жалпыга ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарының белдеуінде және елді мекендерде
сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырганы үшін төлемақы

Жергілікті маңызы бар жалпыға ортак пайдаланылатын ав- томобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және елді мекендерде плакаттар, стендтер, жарык түсіретін табло, билбордтар, траспаранттар, афишалар түрінде сыртқы (көрнекі) жарнамалар объектілерін, сондай-ақ басқа да тұрақты жарнамалар объектілерін орналастырған жеке және заңды тұлғалар төле- мақы төлеушілер болып табылады.

Сырткы (көрнекі) жарнамаларды орналастырғаны үшін төле- мақы әр сипаттағы сырткы (көрнекі) жарнамалар объектілерін орналастыру құқығы үшін алынады.

Жергілікті маңызы бар жалпыға ортак пайдаланылатын ав- томобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және елді мекендерде орналастыратын жарнама объектілері бойынша төлемақы ставкаларын жарнама объектілерінің көлемін негізге ала оты- рып жергілікті өкідді органдар - Мәслихаттар белгілейді.

Жарнама объектілерін тиісті жерде орналастыру тек жергілікті атқарушы органдар- әкімдіктер тарапынан белгілі талаптарға сәйкес берілетін рұқсат құжаттары негізінде жүзеге асырылады. Жол органдары мен жергілікті атқарушы органдар ай сайын, сол айдың 15-інен кешіктірмей мемлекеттік уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша рұксат беру құжатын алған тұлғалар жөніңдегі мәліметтерді салық оргаңдарына тапсырады.

Тиісті бюджетке алынатын төлемақы сомасы рұқсат беру құжатында белгілегендей, бірақ бір күнтізбелік ай үшін төленетін төлемақы мөлшерінен кем емес төлемақы ставкасы мен жарнама объектілерін орналастырудың нақты мерзіміне карай айқындалады.

Бір күнтізбелік ай үшін енгізілуге тиісті төлемақы сомалары келесі айдың 20-сынан кешіктірілмей жарнама объектісі орна- ласкан орын бойынша жергілікті бюджетке аударылады.

Жер учаскелерін пайдаланганы үшін төлемақы

Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы өздеріне уақытша өтемді (ақылы) жер пайдалануға (жалға) мемлекет берген жер учаскелері үшін заңды және жеке тұлғалар төлейтін міндетті төлем болып табылады.

Өтемді жер пайдалануға уақытша берілетін жер учаскелері үшін төлемақы ставкалары жер салығы ставкаларының мөлшерінен кем белгіленбейді.

Жер учаскелерін пайдалануға байланысты төлемақы сомаларын есептеу және төлеу үшін белгіленген салық кезеңі күнтізбелік жыл болып табылады.

Төлемақы сомасы жер ресурстарын басқару жөніңдегі аумақ- тық уәкілетті органмен жасалған өтемді жер пайдалану шарты- ның негізінде есептелініп, жеке және заңды тұлғаларға берілген жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша тиісті бюджеттің кірісіне енгізіледі.

Төлемақы бойынша бюджетпен есеп айырысу ағымдағы төлемдерді төлеу арқылы жүзеге асырылады. Төлеушілер ағым- дағы төлемдер сомасының есеп-қисабын есепгі салық кезеңінің 15 ақпаныңан кешіктірмей тиісті салық органыңа табыс етеді. Ал төлемақының ағымдағы сомаларын оны төлеушілер ағым- дағы жылдың 20 ақпаныңан, 20 мамырынан, 20 тамызынан және 20 қарашасынан кешіктірілмейтін мерзімде тең үлестермен жергілікті бюджетке аударып отырады.

Өтемді (ақылы) жер пайдалану негізінде жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы жөніңдегі декларацияны оны төлеушілер есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей салық органыңа табыс етеді.

Қоршаган ортаны ластаганы үшін төлемақы

і

Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы Қазақстан Рес- публикасының аумағындағы қызметтерін Қазақстан Республикасының заң актілеріңде белгіленген арнайы табиғат пайдала- ну тәртібіне сай жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар- дан алынатын міндетті төлем болып табылады.

Арнайы табиғат пайдалану қоршаған ортаны қорғау саласын- дағы уәкілетті орган беретін рұксат негізінде жүзеге асырылады.

Төлемақы алу объектісіне қоршаған ортаға ластағыш заттарды белгіленген лимиттер шегінде немесе олардан артық шыға- рудың, сондай-ақ өндіріс және тұтыну қалдықтарын тастаудың(авариялықтастаудыңдаболуы ыктимал) нақты көлемі жа- тады.

Арнайы табиғат пайдалану тәртібіне сай Қазақстан Респуб- ликасының аумағындағы тиісті қызметтерін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табы- лады.

Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы сомасын есеп- теп шығару және оны бюджетке енгізу үшін белгіленген салық кезеңі күнтізбелік жыл болып табылады, сондай-ақ төлемақы жөніңдегі декларация осы есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей салық оргаңдарына табыс етіледі.

Төлемақы төлеушілер ағымдағы төлемдер сомасының есеп- қисабын әр токсан сайын, есепті токсаннан кейінгі айдың 15- інен кешіктірмей табыс етеді.

Осы төлемақы төлеушілер қоршаған ортаны ластауларының нақты көлемі үшін төленетін ағымдағы төлем сомаларын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей бюджетке енгізеді.

Төлемақы бойынша түпкілікті есеп айырысу декларация тап- сыру мерзімі басталғаннан кейінгі бес күн ішінде жүзеге асы- рылады.

Шаруа (фермер) кожалықтары мен ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар төлемақы сомаларын мына мерзімдерде:

1) ағымдағысалықкезеңінің 1 каңтарынан 1 казаңына дейінгі кезең үшін есептелген ағымдағы төлем сомасы ағымдағы салық кезеңінің 20 қазаңынан кешіктірілмейтін мерзімде;

2) 1 қазаңнан 31 желтоқсанға дейінгі кезең үшін есептелген сомалар есепті кезеңнен кейінгі салық кезеңінің 20 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде тиісті жергілікті бюджеттің кірісіне енгізіледі. Осы арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер төлемақы сомалары жөніңдегі декларация- ны есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 15 наурызынан кешіктірмей салық органдарына табыс етеді.

Мемлекетік баж

Көбінесе жергілікті бюджеттердің комакты кірістерін құрай- тын мемлекеттік баж маңыздылығы мен фисқалдық дәрежесі, сондай-ақ заңи ерекшелігі жағынаң салықтардан кем түспейтін міндетті төлем болып саналады.

Мемлекеттік баж арнайы мамандандырылған мемлекеттік органдар мен тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай- ак лауазымды адамдардың кұзырына өтінішпен келушілерге қатысты жасалынған заңи маңызы бар іс-әрекеттер немесе берілген ресми құжаттар үшін сол өтінуші нақты жеке және заңды тұлғалардан алынатын біршама-баламалы, ақшалай, кейбір кездерде мәжбүрлі міндетті төлемге жатады.

Уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға өздеріне кажетті заңи мән-маңызы бар іс-әрекеттерді жүзеге асыру не болмаса тиісті ресми құжаттарды беру жөніңде өтініш жасайтын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік баж төлеушілер болып табылады.

Жергілікті бюджеттерге түсетін мемлекеттік баж мынадай объектілерден:

1) сотқа талап арыздар, ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздар (шағымдар), аппеляциялық шағымдар, атқару парағы- ның дубликатын беру туралы мәселе бойынша соттың ұйғары- мына жеке шағымдар, сот бұйрығын шығару туралы өтініштер бергені үшін, сондай-ақ соттың, аралық соттардың, шетелдік соттар мен арбитраждардын шешімдері бойынша атқару пара- ғын, құжаттардың көшірмелерін (дубликаттарын) бергені үшін;

2) нотариалдық іс-қимылдар жасағаны үшін, сондай-ақ но- тариат куәландырған құжаттар көшірмелерін (дубликаттарын) бергені үшін;

3) азаматтық хал актілерін тіркегені үшін, сондай-ақ азамат- тарға азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді және азаматтық хал актілері жазбаларын өзгертуге, толықтыруға және қалпына келтіруге байланысты куәліктерді кайтадан бергені үшін;

4) шетелге баруға және Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден адамдарды шақыруға кұқык беретін құжаттарды ресімдегені үшін, сондай-ақ осы құжаттарға өзгерістер енгізгені үшін;

5) шетелдіктердің паспорттарына немесе оларды ауыстыра- тын құжаттарына Қазақстан Республикасынан кету және Кдзақ- стан Республикасына келу құқығына виза бергені үшін;


6) Кдзақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру және Казақ- стан Республикасының азаматтығын токтату туралы құжаттарды ресімдегені үшін;

7) тұрғылықты жерін тіркегені үшін;

8) аңшылық құқығына рұқсат бергені үшін;

8-1) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар мен бекіре балықтарының түрлерін, сондай-ақ олардың бөліктері мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұксат бергені үшін;

10) каруды және оның оқтарын сақтауға немесе сактауға әрі алып жүруге, тасымалдауға, Қазақстан Республикасының аума- гына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге рұксат бергені үшін;

11) жеке және заңды тұлғалар азаматтық, қызметтік қарудың (аңшылық суық каруды, белгі беретін каруды, ұңгысыз атыс каруын, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольді және көзден жас ағызатын немесе тітіркендіретін заттар толтырыл- ған басқа құрылгыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрі қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейінгі пневматикалық каруды қоспағанда) әрбір бірлігін тіркегені және кайта тіркегені үшін алынады.

Мемлекеттік баж сомасы:

1) карайтын істер бойынша сотка тиісті арыздарды (шағымдар) немесе аппеляциялық шағымдарды, сот бұйрығын шығару туралы өтінішті бергенге дейін, сондай-ақ сот тиісті құжаттардың көшірмелерін берген кезде;

2) нотариалдық іс-әрекеттерді орындағаны үшін, сондай-ақ құжаттардың көшірмелерін, дубликаттарын бергені үшін — жа- салған нотариалдық іс-әрекетті тіркеген кезде;

3) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркегені үшін, тиісті арыздарды табыс еткенде азаматтық хал актілерінің жазбаларына түзетулер мен өзгерістер енгізгені үшін, сондай-ақ куәлік- тер мен аныктамаларды кайтадан бергені үшін - оларды берген кезде;

4) кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некелерін бұзуды мемлекеттік тіркегені үшін - актілерді тіркеген кезде;

5) азаматтардың тұрғылықты жерін тіркегені үшін — тиісті құжаттарды бергенге дейін;

6) аң аулау құқығына рұксат бергені үшін - тиісті құжаттарды бергенге дейін;

7) сирек кездесетін және құрып кету каупі төніп тұрған жа- нуарлар мен бекіре балықтардың түрлерін, сондай-ақ олардың бөліктері мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұксаттар бергені үшін - тиісті құжаттарды бергенге дейін;

8) каруды және оның патрондарын сактауга немесе сактауға әрі алып жүруге, тасымалдауға, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге рұксаттар бергені үшін — тиісті құжаттарды бергенге дейін;

9) жеке және заңды тұлғалар азаматтық, қызметтік карудың (аңшылық суык каруды, белгі беретін қаруды, ұңғысыз атыс каруын, механикалық шашыраткыштарды, аэрозольді және көзден жас ағызатын немесе тітіркендіретін заттар толтырыл- ған басқа құрылғыларды, ату куаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрі қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейінгі пневматикалық каруды қоспаганда) әрбір бірлігін тіркегені және кайта тіркегені үшін - тиісті құжаттарды бергенге дейін;

10) Қазақстан Республикасының азаматтыгын алуға немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға, сондай- ак Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Респуб- ликасына келуге байланысты істер бойынша - тиісті құжаттарды алғанға дейін банктер немесе банктік операциялардын же- келеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар аркылы қолма-қол ақша төлеу жолымен аударылады.

Қазіргі замангы жергілікті салық салу жүйесініц бағдарлы мақсатына:

1) жергілікті бюджеттердің салықтықтүсім көздерінің ката- рын әлі де болса толықтыра түсу;

2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде іске асырылатын фискальдық саясаттың әлеуметтік-экономикалық саясатпен ұтымды ұштасуын және үйлесімді болуын қадағалау;

3) жергілікті мемлекеттік басқару органдарының кзржылық- салықтық өкілеттіліктерін нақтыландыру және ұлғайту;

4) салық заңдарының әлеуметтік-экономикалық тиімділіктерін арттыру арқылы жергілікті салық салу жүйесін жетілдіру;

5) жергілікті бюджеттердің салықтық түсімдерін есепке алудың жаңа механизмін құру;

6) жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығын реттеуші салық ретінде пайдалануға жол бермеу;

7) жергілікті салық салу жүйесіндегі салықтық құқықтық қатынастардың әлі де болса шешімін таппаған теориялық және практикалық мәселелерін карастырып, айқындау;

8) жергілікті салық салу жүйесінде жүргізілетін салық әкімшілігін ұтымдыландыру аркылы жергілікті салықтардың рентабельділігіне қол жеткізу;

9) жергілікті салықсалу жүйесінде жүргізілетін мемлекеттік салықтық бақылаудын нәтижелілігін арттыру;

10) жергілікті әкімшілік-аумактық бірліктер ауқымындағы барлық бизнес аяларының тұрақты фисқалдық мониторингі негізінде олардың әркайсысының жиынтық қаржылық әлеуетін айқындау;

11) жергілікті бюджеттердің салықтық кірістерін тиісінше қалыптастыру негізін^е жергілікті әкімшілік-аумактық бірліктердің әлеуметтік-шаруашылық кажеттіліктерін камтама- сыз ету;

12) салық органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін халықаралық деңгейге сәйкес құрудың жергілікті салық салуға қатысты әдістемелік, ұйымдастыру және құқықтық мәселелерін шешу;

13) жергілікті әкімшілік-аумактық бірліктер ауқымындағы қоғамдық, қорпоративтік және жекеше экономикалық-қаржылық мүдделердің салықтық реттеу жолымен мүмкіндігінше тендесгірілуін қамтамасыз ету;

14) жергілікті салық салу жүйесін толығымен камтитын мемлекеттің салықтық кұзырының шегін барынша нақтыландыру және т.б. жатады.

Пысықтау сауалдары:

1. Жергілікті бюджеттердің түсім көздеріне сипаттама беру кезінде, оларды топтастыру (әр түрлі негіздер бойынша) аркылы, салықтар мен өзге де міндетті төлемдердіңтұрақты немесе реттеуші кірістерекенің аныктаныз, сон- дай-ақ міндетті төлемдердің кайсысы тікелей пемесе жанама болып табыла- тының негіздей отырып дәлелдеп айтып беріңіз.

2. Жергілікті денгейде (құқық бергені немесе қызмет көрсеткені үшін) алынатын алымдардын өздеріне тән белгілерін, ставкалары мен төлеу тәртібін, кімдер белгілейтінің және алыну ерекшеліктерін түсіндіріп берініз.

3. Мемлекеттік бажды алудын құқықтық негіздерін, ставкалары мен төлеу тәртібін және төлеу тәсілін кімдер белгілейтінің, қандай түрлері бар екенің және кайсысын кай уәкілетті орган алатының айтып беріңіз.

4. Қазақстан Республикасы Парламенті белгілеген, жергілікті денгейде алынатын салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді әкімшілік-аумактық бірліктер аясында заңи күшіне енгізу рәсімі қалайша жүзеге асырылады және ондай өкілеттілік кімдерге берілген?

5. Жеке тұлға - резиденттерден және резидент еместерден алынатын жеке табыс салығының мән-жайы, ерекшеліктері, женілдіктері, сондай-ақ оның жергілікті салықсалу жүйесіндегі манызы мен рөлі жөніңде не білесіз?

6. Жер салығының экономикалық және құқықтық маңызы, салық салу объектілері мен ерекшеліктері, жерге меншік нысандарының түрлері, жер учаскелерінің түрлері мен пайдалану мақсаттары, сондай-ақ жер салығының болашағы жөніңде не айта аласыз? Қазақстан Республикасы жер туралы заңдардын негіздерін қандай бағыттарда дамыту кажет?

7. Жергілікті салық салу жүйесінің мақсаттары мен міндеттерін, сондай-ақ оның экономикалық және құқықтық манызын баяндап беріңіз.


[1] Жергілікті бюджеттің салықтық түсімдеріне:

- лотереялар ұйымдастыру және өткізу акцизі, сондай-ақ басқа акциздер;

- жеке табыс салығы;

- әлеуметтік салық;

- заңды және жеке тұлғалардан алынатын мүлік салығы;

- жер салығы;


Просмотров 1008

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!