Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






САЛЫҚ САЛУ АЯСЫНДАГЫ САЛЫҚТЫҚ ЫНТАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК МӘЖБҮРЛЕУ 21 часть



Міне, осындай және қоғамдық, сондай-ақ мемлекеттік ма- ңызы бар өзге де жағдайларға байланысты Қазақстан Респуб- ликасының кедендік органдары Сыртқы экономикалық қыз- меттіңтауар номенклатурасын жүргізеді. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы деп, цифралық белгі не- месе цифралық белгілер тобы (кодтары) түріңдегі тауар топта- рын, позицияларын, субпозицияларын, кіші субпозицияларын қамтитын тауарлар жіктеушісін айтамыз.

Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы тарифтік және тарифтік емес реттеу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендік статистикасын жүргізу үшін қол- данылады.

Осындай тұрғыдан Қазақстан Республикасы Қаржы ми- нистрлігінің кедендік бақылау комитеті:

- Сырткы экономикалық қызметтіңтауар номенклатурасы- ның халықаралық негізін өзгертуді және толықтыруды, осы негізді түсіндіру жөніңдегі халықаралық аныктаулар мен шешімдерді кадағалауды қамтамасыз етеді;

- Сырткы экономикалық қызметтінтауар номенклатурасын халықаралық негізге сәйкестендіру жөніңде Қазақстан Респуб- ликасы Үкіметіне ұсыныс енгізеді;

- Сырткы экономикалық кйзметтің тауар номенлатурасы- ның эталон данасын әзірлейді және оны сайма-сай қалыпта үстап отырады;

- Сырткы экономикалық қызметтіңтауар номенклатурасын, халықаралықтүсініктемелер мен хапықаралықнегізді түсіндіру жөніңдегі шешімдердің жариялануын қамтамасыз етеді;

- Сырткы экономикалық қызметтіңтауар номенклатурасын әзірлеу, өзгерту және толықтыру туралы ұсыныстарды мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып дайындайды қамта- масызетеді;



- жекелеген тауарларды жіктеуді орындау жөніңдегі міндетті шешімдерді әзірлейді, бекітеді және жариялауды қамтамасыз етеді.

Сипатталған мән-жайларға қатысты ескеретін жайт, Казак- стан Республикасы қолданылатын Сырткы экономикалық кыз- меттің номенклатурасы Дүниежүзілік кедендік тауарларды си- паттау және кодтаудың үйлестірілген жүйесіне, ТМД сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес келеді.

Демек, Қазақстан Республикасы кедендік органдары сыр- ткы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу барысында Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттердіңтиісті органдарымен және кедендік қызметтері- мен, сондай-ақ шетелдік экономикалық даму ұйымдарымен ты- ғыз ынтымақтастық жасап отырады.

Сырткы экономикалық қызмет аясында Қазақстан Респуб- ликасы кедендік органдары жүзеге асыратын кедендік экспорт- тық және валюталық бақылау басқарудың жалпы функциясы- ның негізгі элементі, сондай-ақ тиімді мемлекеттік реттеу құралы болып табылады.



Қазақстан Республикасының кедендік органдары сырткы сауда-саттық, валюталық-қаржылық операциялардын субъектілеріне қатысты мына:

- кедендік декларациясын, құжаттары мен мәліметтерін тек- серу;

- тауарлары мен көлік құралдарын тексеру;

- кедендік кадағалау;

- тауарлары мен көлік құралдарын кедендік тексеріп карау;

- тауарлары мен көлік құралдарын есепке алу;

- тауарларын арнаулы таңбалармен таңбалау;

- тауарларға бірдейлендіру белгісін соғу;

- тауарлары мен көлік құралдары бойынша есептілік жүйесін және есебін тексеру;

- экспорттық бақылауға жататын тауарларының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы аркылы өтуі кезінде олар- ға бақылау жүргізу;

- экспорттық бақылау саласын реттеу;

- Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы аркылы тауарлары мен көлік құралдарын өткізулері кезінде Қазақстан Республикасының валюталық заңдарын сактауларын бақылау;

- Сырткы экономикалық қызметке нақты қатысушылардың Қазақстан Республикасының кредиттік және валюталық заңдарын сактауларына бақылау жүргізу сияқты және т.б. әкімші- лік-құкықтық реттеу сипатындағы іс-қимылдарды (кедендік әкімшілікті) жузеге асырады.

Сыртқы экономикалық қызметсаласын әкімшілік-құқықтық реттеу барысында кедендік органдар:

- шет мемлекеттер органдарынан және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан тиісті ақпараттар мен құжат- тарды және мәліметтерді алуға;

- Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңда- рында белгіленген өз кұзыреті шегінде лицензиялауға және ли- цензияттардың лицензиялықталаптарды ету жөніңдегі қызметін бақылауға;

- кедендік органдардың ресми өкілдерін Қазақстан Респуб- ликасының тиісті халықаралық шарттары негізінде шет мемле- кеттерге жіберуге байланысты кұқыктарын жүзеге асырады.

Сонымен катар, кедендік органдар мына:

- сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың кеден

ісі саласыңдағы заңды құқықтарын сақтау және мемлекеттік мүдделерін қорғау; ^ ,ч

- өз өкілеттілігі шегінде Қазақстан Республикасының сырт- кы саудасы мен экономикасын дамытуға жәрдемдесу, Казак- стан Республикасының кедендік шекарасы аркылы тауар айналымын жеделдетуге ықпал ету;

- тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республи-

касының кедендік шекарасы аркылы өткізілуіне кедендік ба- қылаужасау; ;

- өз кұзыреті шегінде кедендік бақылау аймағы режимінің сакталуын бақылауды қамтамасыз ету;

- өз өкілеттілігі шегінде сырткы экономикалық қызметке қатысушылардың өз құқықтарын іске асыруына жәрдем көрсету;

- сырткы экономикалық қызметке қатысушыларды түрак- ты негізде, соның ішінде Клзакстан Республикасының кеден заңдарындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы уақтылы хабарландырып отыруды қамтамасыз ету;

- кеден ісі сапасындағы әкімшілік құкық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;

- кедендік әкімшілік жүргізу сияқты және т.б. алдарына қой- ылған міндеттерді тиімді шешуге ат салысады.

Сонымен, сырткы экономикалық қызмет аясындағы мемле- кеттік реттеу мемлекеттік өктем өкілеттіліктерін (атқарушы билік функцияларын) іске асыруға байланысты нормативтік құқықтықактілермен регламенттелген, мемлекетпен қоғамның басымды мүдделерін көздейтін мақсатты бағытта жүзеге асы- рылатын көбінесе арнайы фисқалдық және әкімшілік-кұқық- тық негізде болатын Қазақстан Республикасы кедендік органдарының қызметтері ретінде көрініс табады.

Демек, сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу көбінесе кедендік органдар жүзеге асыратын кедеңдік тарифтік реттеу түріндегі реттеуші-басқарушы функция ретінде айқын- далады.

Мемлекетіміздің бүгінгі даму үрдісінде, сондай-ақ дүние- жүзілік сауда ұйымына өту процесіне байланысты сырткы эко- номикалық қызметті мемлекеттік реттеу проблемаларын атка- рушы билік назарынан бір сәтке тыс қалдыруға болмайды деп санаймыз.

Кедендік төлемдердің төлеушілері кеден заңында белгіленген Қазақстан Республикасы аумағына мемлекеттік кеден шекарасы аркьшы тауарларды әкелетін немесе Қазақстан Респуб- ликасы аумағынан тауарларды әкететін кедендік төлемдерді тікелей төлейтін заңды немесе жеке тұлғалар болып табылады.

Қазақстан Республикасының кедендік органдары белгілеген орыннан тыскары жерде және жұмыс уақытынан тыс кезде та- уар ретінде өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын ресімдеу үшін екі есе мөлшерде кедендік алымдар алынады.

Кедендік төлемдер мен салықтар кеден декларациясы кабыл- данғанға дейін немесе кабылданған күні төленеді.

Кеден декларациялары мерзімінде табыс етілмеген жағдай- да кедендік телемдер мен салықтарды төлеу мерзімдері кеден декларациясын беру мерзімі өткен күннен бастап есептелінеді.

Кедендік төлемдер мен салықтар республикалық бюджеттің кірісіне енгізіледі.

Республикалық бюджет кірісін қалыптастыру аясындагы салықтық қуқықтық қатынастар өздеріне тән мынадай маңызды белгілерімен ерекшеленеді:

1) республикалықбюджеттіңсалықтықкірісін қалыптасты- ратын материалдық (заттай және муліктік) сипаттағы қаржылық (салықтық-бюджеттік) құқықтық қатынастар болып табы- лады;

2) мемлекет республикалық бюджет кірісінің салықтық түсімдерден құралатын бөлігіне байланысты туындайтын мате- риалдық салықтық қатынастардың тұрақты субъектісі ретінде көрініс табады;

3) республикалық бюджет кірісін қалыптастыру ауқымын- дағы кайта бөлу сипатындағы фисқалдық, сондай-ақ транс- ферттік бағдарлы айрықша құқықтық қатынастарға жатады;

4) республикалық бюджеттің салықтық кіріс бөлігін құру барысында мемлекет пен салықтөлеушілердің экономикалық- қаржылық мүдделерін мүмкіндігінше тендестіруге ат салыса- тын реттеуші сипаттағы қатынастарды білдіреді;

5) республикалық бюджеттін салықтық түсімдеріне қатыс- ты жиынтық салық салмағын экономикалық және әлеуметтік саясат тұрғысынан салық төлеуші заңды және жеке тұлғалар арасында, олардын қаржылық жай-күйлерінің деңгейі бойынша біркелкі бөлу кезінде, сондай-ақ аталған салықауыртпашылығын соларға жүктеу барысында туындайтын қатынастар болыпсаналады;

6) аталған қатынастар республикалық бюджеттің салықтық түсімдерінің жиынтық сомасын жоспарлау процесінде оның фискальдық әлеуетін мемлекеттің экономикалық және әлеу- меттік бағдарламаларының қаржылық-құқықтық негіздерін кдлыптастыру тұрғысынан айқындау арқьшы салықтықтүсімдер сомасын нақтыландыруға байланысты көрініс табады;

7) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің тиісті бабына сәйкес айқындалған салықтық түсімдерді республикалық бюджет кірісіне бағдарлайтын және түсіретін, сондай-ақ мем- лекет тарапынан қорғалатын және оның мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етілген қатынастар қатарына жатады;

8) республикалық бюджет кірісін салықтық түсімдер негізінде қалыптастыру барысында туындайтын материалдық салық- тық құқықтық қатынастардың заңи мән-жайы тиісті салықтық міндеттемелердің орындалуы, ал экономикалық мағынасы алын- ған және бюджетке аударылған салықтық төлемдердің сомала- ры аркылы көрініс табады;

9) республикалық бюджеттің салықтық кіріс бөлігін калып- тастыру процесінде туындайтын салықтық құқықтық қатынас- тардың мемлекет мүддесін көздейтін қатысушылары - маман- дандырылған салық органдары мен үкімет болып табылады;

10) республикалық бюджеттің салықтық кірісін қалыптас- тыруға байланысты пайда болатын салықтық құқықтық қатынастар мемлекеттік шаруашылық (мемлекеттік бюджет) аясыңда туындайтын қаржылық құқықтық қатынастардың толықканды қалыптасып, дамуын қамтамасыз етеді.

Пысықтау сауалдары:

1. Республикалық бюджеттін түсім көздері болып табылатын салықтар мен өзге де міндетті төлемдердің субъектілерін, олардың түрлерін және салықтық мәртебелерін айтып беріңіз.

2. Алынатын салықтар мен міндетті төлемдердің салықсалу, алым алу объектілерін, .заттарын, салықтық базалары мен салықтық ауқымдылығын және салық (төлеу) көздерін айтып түсіңдіріңіз.

3. Салықтық кезең, салық салу базасын есептеу тәсілдері, салық салу бірлігі, салық ставкасы, салық салу тәсілдері (пропорционалды, прогрессивті, бірыңғай салық салу), салық жеңілдіктері (шығарып тастау, алып тастау, инвестициялық салық преференциясы, салықтық кредит), салықтарды есептеу тәртібі (оны жүзеге асыратын тұлғалар, есептеу тәсілдері), салықтарды төлеу тәртібі, тәсілдері (өз еркімен, мәжбүрлеу арқылы) және мерзімі дегеніміз не?

4. Салық декларациясы, шот-фактура, фисқалдық агент, резиденттік салықтар, аумактық салықтар, синтетикалық салық салу жүйесі, шедулдықсалықжүйесі, паушальдықтәсіл жөніңде не білесіз?

5. Заңды тұлғалардан алынатын қорпорациялық табыс салығы женіңде не айта аласыз. Мүмкіндігінше толық сипаттамасын беріңіз.

6. Қосылған күн салығы мен акциздердің экономикалық және қүкыктық сипаттамасын беріңіз.

7. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері- бонустар мен роялтилерге, үстеме пайдаға салынатын салықка заңи сипаттама бере отырып, оларды алудың кұқыктық ерекшеліктеріне токталып өтініз.

8. Республикалықдеңгейде алынатын алымдар мен баждарға және төлемақыларга - біршама-баламалы әрі белгілі бір қызметтер көрсет- кені немесе құқықбергені үшін төленетін салықтық нысандағы төлем-г дер ретіндегі сипаттамасын беріңіз.

2.2. ЖЕРПЛІКТІ БЮДЖЕТТЕРДЩ ТҮСІМ КӨЗДЕРІ - САЛЫҚТАР

МЕН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕРДІ ҚҮҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

Жергілікті бюджеттердің түсім көздері - салықтар мен баска да міндетті төлемдерді құқықтық реттеу - жергілікті әкім- шілік-аумактық құрылыстар деңгейінде алынатын салықтар мен өзге де міндетті төлемдер жүйесін айқындау, жергілікті салық салу аясында салық механизмдерін қолдану, тұрақты бекітілген салықгык түсімдердің белгіленген тәртіп негізінде жергілікті бюджеттің кірісіне толығымен және уақтылы түсуін камтама- сыз ету, сондай-ақ мемлекеттік салықтық бақылау жүргізу ба- рысындатуындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін салық- тық құқықтын ерекше бөлімінің институты болып табылады.

Егемен еліміздің жаңаша бетбүрыс арнасындағы жан-жак- ты мемлекеттік рыноктық даму тұрғысынан жүзеге асырылып жаткан әр алуан іс-қимылдар мен әр түрлі қызметтердің ішінен тарихи және мемлекеттік экономикалық-құқықтық сипаттағы тұрақтылығымен елеулі орын алатын жергілікті салық салу мен оның жүйесін ерекше атап өтуге болады.

Кезінде (1995 жылғы 24 сәуірдегі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Рес- публикасының заңы, яғни тұңғыш Салық кодексі бойынша) үш салық (жер салығы; заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық) пен үш алымнан (заңды тұлғаларды және кәсіп- керлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды тіркеу үшін алым; жекелеген қызмет түрлерімен айналысу қүкығы үшін алым; аукциондық сатудан алынатын алым) тұрған, кейіннен біртіңдеп толықтырылған жергілікті салықтар мен алымдар ката- ры жергілікті бюджеттер кірісін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер көлемінде қалыптастыруды толық қамтамасыз ете ал- маған еді.

«Көш жүре түзеледі* дегендей еліміздің фисқалдық жөне қаржылық-кредиттік жүйесінің үзбей реформалануының нәти- жесінде, сондай-ақ казіргі заманғы саяси-құқықтық және әлеу- меттік-экономикалықәл-ахуалдарды ескере отырып 2004 жыл- ғы сәуірдің 24-інде кабылданған, қоғамдық мемлекеттік маңы- зы өте зор Қазақстан Республикасының тұңғыш Бюджет кодек- сіне (2005 жылғы 1 каңтарда заңдық күшіне ие болды) дейін жұмыс істеген 1999 жылғы сәуірдің 1-індегі «Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының заңы мен Қазақстан Рес- публикасының Салық кодексіне негізделініп, жергілікті салық салу аясында акциз алынатын 9 түсім көзіне қоса 6 салық пен 7 алым, 6 төлемақы және айрықшаланған бірнеше мемлекеттік бажды есептемегенде барлық мемлекеттік баждар камтылған болатын.

Сырттай ыкшамды көрініс тапкан осындай жергілікті салық- тар мен өзге де міндетті төлемдер жүйесі жергілікті әкімшілік- аумақтық бірліктердің өз бГюджеттерін кірістері мен шығыста- ры бойынша ойдағыдай қалыптастырып, атқаруға септігін тигізді.

Бүгінде Қазақстан Республикасының жана Бюджет кодек- сінің аркасында өркениетті әрі экономикалық-кұқықтық ай- кын көрініс тапкан жергілікті бюджет жүйесі өз деңгейлеріндегі бюджеттер кірісінің салықтық түсімдерінің нақтылы белгіле- нумен ерекшеленген.

Мәселен, Бюджет кодексінің47-бабының 1-тармағының 1),

2) -тармақшаларына сәйкес облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативіне сәйкес облыстық бюджетке:

1) жеке табыс салығы;

2) әлеуметік салықтүседі.

Бюджет кодексінің 48-бабының 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7)-тармақшаларына сәйкес республикалық маңызы бар кала, астана (Алматы, Астана) бюджетіне түсетін салықтарға:

1) жеке табыс салығы;

2) әлеуметік салық;

3) жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;

4) жер салығы;

5) бірыңғай жер салығы;

6) жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатынсалық;

7) акциздер жатады.

Ал аудан (облыстық маңызы бар кала) бюджетіне түсетін (49-бап, 1-тармағы, 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7)-тармақшалары) салықтар:

1) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша жеке табыс салығы;

2) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салық;

3) жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;

4) жер салығы;

5) бірыңғай жер салығы;

6) жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;

7) акциздер болып табылады.

Жергілікті салық салу жүйесіндегі салықтардан сәл кейін тұратын алымдар саны мен сапасы жағынан өте тиімді, тиісті жергілікті бюджетке комакты ақша каражаттарын тартатын салықтық нысандағы міндетті төлемдер катарына жатады.

Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумактықбірліктерінің тиісті жергілікті бюджеттеріне түсетін алымдар:

1) облыстық маңызы бар ақылы мемлекеттік автомобиль жолдары аркылы жүріп өткені үшін алынатын алым облыстық бюджеттің;

2) жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым; қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын лицензиялық алым; заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым; аукциондардан алынатын алым; республикалық маңызы бар каланың, астананың ақылы мем- лекеттік жолдары арқылы жүріп өткені үшін алынатын алым, жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге құкыктарды мемлекеттік тіркегені үшін алым; механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым республикалық маңызы бар қала, астана бюд- жетінің;

3) жеке кәсіпкерлерді мемлекеттіктіркегені үшін алынатын алым; қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын лицензиялық алым; заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым; аукциондардан алынатын алым; механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым; жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеТтік тір- кегені үшін алынатын алым аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің (БК, 47-бабының 1-тармағының4) тармақшасына, 48-бабының, 1-тармақшасына, 48-бабының, 1-тармағының 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19)-тармақшаларына, 49-бабының 1-тармағының 9), 10), 11), 12), 13), 14)-тармақшаларына сай бекітілген) тұрақты кірістері (түсімдері) болып табылады.

Әр деңгейдегі жергілікті бюджеттерге төленілуге тиіс төле- мақыларға:

1) Бюджет кодексінің 47-бабының 1-тармағының 3), 5), 6), 7) 8)-тармақшаларын сәйкес облыстық бюджет кірісіне түсетін: қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы; облыстық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сырткы (көрнекі) жарнама орналастырғаны үшін төленетін төлемақы; жер үсті су көздерінің ресурстарын пайда- ланғаны үшін төлемақы; орманды пайдаланғаны үшін төлемақы; жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумактарды пайдаланғаны үшін төленетін төлемақы; .

2) Бюджет кодексінің 48-бабының 1-тармағының 8), 9), 10),

11) , 12) 21) тармақшаларына сәйкес республикалық маңызы бар қала, астана бюджетіне түсетін: жер үсті су көздерінің су ре- сурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлемақы; орманды пайдаланғаны үшін төлемақы;

3) Бюджеткодексінің49-бабының 1-тармағының 8) және 15)- тармақшаларына сай аудан (облыстық маңызы бар кала) бюджетінің кірісіне түсетін: жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақы; аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы авто- мобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және елді мекендерде сырткы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы жатады.

Жергілікті салық салу аясындағы салықтар мен алымдардан басқа мәжбүрлі нысанда жаңаша құрылған осындай төлемақылар көбінесе материалдық көрініс табатын кейде өзгеше сипат- та пайдаланылатын табиғи объектілерді, не болмаса соларға бай- ланысты рұксаттар мен құқықтарды бергені үшін тиісті заңды немесе жеке тұлғалардан алынатын міндетті төлем болып табы- лады.

Жергілікті бюджеттердің айтарлықтай кірістерін құрайтын мемлекеттік баж маңыздылығы мен фисқалдықдәрежесі, сон- дай-ақ заңи ерекшелігі жағынан салықтардан кем түспейтін міндетті төлем болып саналады.

Қазақстан Республикасының жергілікті салық салу жүйесіндегі жеке тұлғалар төлейтін мүлік және көлік құралдары са-лығын, сондай-ақ жер салығын жинау өкілеттілігі (ҚР СК-нің 21-бабының, 1-тармағына сәйкес) жергілікті атқарушы органдарға өкімдіктерге берілген болатын.

Осы орайда 2004 жылдың 20-желтоқсаныңда кабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіліктердің аражігін ажырату және бюджеттік қатынастар бойынша өзгеріс- тер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республика- сының заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Салық кодек-* сінің 21-бабы жаңадан редакцияланғаның ескеру кажет.

Мысалы, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері салық төлеуші - жеке тұлға төлейтін мүлікке, көлік құралдарына салынатын салықтарды, жер салығын жинауды ұйымдастырады.

СК-нің 21-бабының 1-тармағында аталған салықтарды жинау катаң есептілік құжаты болып табылатын квитанция негі- зінде жүзеге асырылады. ; с: і


Просмотров 603

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!