Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






САЛЫҚ САЛУ АЯСЫНДАГЫ САЛЫҚТЫҚ ЫНТАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК МӘЖБҮРЛЕУ 20 часть



Кедендік алымдар қатарына:

1) кедендік ресімдеу үшін кедендік алым;

2) кедендік ілесіп алып жүру үшін кедендік алым;

3) тауарларды сактау үшін кедендік алым жатады.

Көрсетілген іс-әрекеттерді орындау мақсатында кедендік

органдар жасаған шығындардың кұны кеден алымдарының мөлшерін айқындау үшін негіз болып табылады.

Тауарлар мен көлік құралдарын негізгі кедендік ресімдеу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде кедендік ресімдеу үшін кедендік алым алынады.

Кеден органдары тауарларды кедендік ілесіп алып жүру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде кедендік алым алады. Бірнеше көлік құралын кедендік ілесіп алып жүру кезіңде кедендік алымның сомасы ілесіп алып жүруге қатысушылардың саныңа барабар бөлінеді.

Иелері кедендік оргаңдар болып табылатын кеден қоймала- ры мен уақытша сактау қоймаларында тауарларды сактау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерлерде кедеңдік алымдар алынады.

Кедендік органдар лицензия бергені үшін алым жөне кедендік ресімдеу жөніңдегі маманның біліктілік аттестатын бергені үшін алым алады.

Лицензия бергені үшін алымдардың мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Лицензия бергені үшін алым:

1) кеден қоймасын құрғаны;

2) бажсыз сауда жасайтын дүкен құрғаны;

3) бос қойма құрғаны;

4) уақытша сақтау қоймасын құрғаны;

5) кедеңдіктасымалдаушы ретіңде қызметті жүзеге асырғаны;

6) кеден брокері ретінде қызметті жүзеге асырғаны үшін алынады.



Тауардың жіктемесіне, шығарылған елін және кедендік кұның айқындау әдіснамасына қатысты алдын ала шешім қабыл- дағаны үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде алдын ала шешім үшін төлемақы алынады.

Жеке тұлғалар тауарларды оңайлатылған тәртіппен өткізу кезінде кедендік төлемдер мен салықтар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жиынтық кедендік төлем түрінде төленуі мүмкін.

Кедендік төлемдердің ставкалары:

1) салық салынатын тауарлардың кедендік кұныңа процент- пен есептелетін — адвалорлық;

2) салық салынатын тауарлардың бірлігі үшін белгіленген мөлшерде есептелетін - ерекшеленген;

3) кедендік төлемдер ставкаларының аталған осы екі түрін ұштастыратын - құрамдас болып бөлінеді.

Кеден кодексінде көзделген кейбір жағдайларды қоспаған- да, тауарлардың кедендік кұны кедендік баж алу үшін база болып саналады.

Қазақстан Республикасында қолданылатын Сырткы эконо- микалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес өлшем бірлігі кедендік баждын өзіндік ерекше ставкалары белгіленген тауарлар бойынша кедендік баждар алуға арналған база болып табылады.



Кедендік төлемдерді төлеушілерге:

1) тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар тұлғалар немесе декпарант;

2) лицензия немесе кедендік ресімдеу жөніңдегі маманның біліктілік аттестатын алатын тұлғалар жатады.

Кедендік баждарды төлеу мерзімдері өзгерген жағдайларды қоспағанда, кедендік баждар кедендік декларация тіркелген күнге дейін немесе тіркелген күні төленеді.

Кедендік ресімдеу үшін кедендік алымдар:

1) кедендік декларацияны тіркегенге дейін немесе тіркеген күні төленеді:

2) егер кедендік декларация Кеден кодексінің 380-бабына сәйкес айқындалатын мерзімдерде берілмесе, онда кедендік декларацияны беру мерзімдері өтіп кеткен күннен бастап төлеу мерзімдері де өтеді;

3) шартты түрде шығарылған тауарларды кедендік ресімдеу үшін кедендік алымдарды алудан босатуға байланысты мақсат- тардан өзге мақсаттарда пайдаланған кезде, тұлғаның тауарларды пайдалану және оларға билік ету бойынша шектеулерді бүзған күні көрсетілген алымдарды төлеу мерзімі болып есеп- теледі.

Егер төлеу мерзімін бұзған күнді белгілеу мүмкін болмаса, кедендік декларация тіркелген күн төлеу мерзімі болып есеп- теледі.

Кедендік алып жүру үшін кедендік алымдар кедендік орган тарапынан осындай шешім қабылдағаннан кейін, бірақ кедендік

алып жүруді ұйымдастырудын басталуыНан кешіктірілмей төленеді. г *'

Кедендік органдар құрған кеден қоймаларыңда және уақытша сактау қоймаларында тауарларды сактағаны үшін кедендік алым осындай қоймалардың аумағынан тауарларды әкеткен күні тиісті бюджет кірісіне аударылады.

Лицензиялар мен кедендік ресімдеу женіңдегі маманның біліктілік аттестатын бергені үшін алымдар, сондай-ақ алдын ала шешім үшін төлемақы кеден органдары лицензияларды және кедендік ресімдеу жөніңдегі маманның біліктілік аттестатын ресімдеу үшін, сондай-ақ алдын ала шешім қабылдау үшін Кеден кодексінде белгіленген құжаттар мен қажетті мәліметтерді қабылдағанға дейін немесе кабылдаған күні төленеді.

Кеден кодексінде белгіленген кедендік баждарды төлеу мерзімін неғұрлым кейінгі мерзімге, бірак кеден органы жүктің кедендік декларациясын тіркеген күннен бастап үш айдан ас- пайтын мерзімге ауыстыру кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту болып танылады.

Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту, кейінге қалдыру немесе мәулеттік мерзім беру нысаныңда жүргізіледі. Кедендік баждарды төлеуді кейінге қалдыру — төлеу мерзімін ұзарту, ал кедендік баждарды төлеу мерзімін қосымша кезеңге ұзарту — мәулеттік мерзім болып табылады және кезең ішінде қажетті сома бөліп-бөліп төленуге тиіс.

Кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін кзмтама- сыз ету Кеден кодексінің:

1) 63-бабына сәйкес кеден тасымалдаушысы ретіндегі қызметті жүзеге асыру кезінде;

2) 74-бабына сәйкес ішкі кедендік транзит рәсімі бойынша көлік құралдарын тасымалдау кезіңде;

3) 91,94 және 95-баптарына сәйкес тауарларды уақытша сақ- тау кезінде;

4) 174-бабына сәйкес кедендік аумақтан тыс жерде тауарларды қайта өндеу кезінде;

5) 210-бабына сәйкес акцизделетін тауарларды кайта экс- порттау кезінде;

6) 27-тарауына сәйкес тауарлардың транзиті кезінде;

7) 321-бабына сәйкес кеден органдарында бар бағаакпа- ратын қолдана отырып кедендік төлемдер және салықтар салынатын тауарларды шартты шығару кезінде;

8) 332-бабына сәйкес кедендік баж төлеу мерзімдерінің өзгеруі кезінде;

9) 380-бабына сәйкес жүктің кедендік декларациясын беру мерзімін үзарту кезінде қолданылады.

Кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін камта- масыз ету кедендік режимге орналастырылған тауарлар шыға- рылғанға дейін не Кеден кодексінің 338-бабының 1-тармағын- да көзделген іс-әрекеттер жүзегеасырылғанғадейін жүргізіледі. Кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін төлеуші не үшінші тұлға қамтамасыз етеді.

Кедендік төлемдердің және салықтардын төленуін камтама- сызету: '

1) кепілге кою;

2) банк кепілдігі;

3) кеден органыңың депозиттік шотына ақша салу;

4) сақтандыру шарты түрінде жүзеге асырылуы мүмкін.

Нақтылы тұлға 339-баптың 1-тармағында көрсетілген кеден-

діктөлемдердің және салықтардыңтөленуін қамтамасыз етудің кез келген түрін тандауға құқылы.

Кедендік органдары тарапынан кедендік төлемдердің және салықтардыңтөленуін қамтамасыз етуді қолдану тәртібін Казақ- стан Республикасының Кдржы министрлігінің кедендік бақы- лау комитеті айқындайды.

Кедендік төлемдердің және салықтардыңтөленуін қамтама- сыз ету сомасы:

- ішкі кеден транзиті рәсімі бойынша тасымалданатын;

- алушының қоймасында, сондай-ақ көлік қүралдарында уақытша сактауға рұқсат берілген;

- тауарларды кайта экспорттаудың кедендік режиміне орналастырылған;

- тауарлар транзитінің кедендік режиміне сәйкес Қазақстан Республикасының кедендік аумағы аркылы өткізу үшін әкелі- нетін;

- кедендік кұның айқындау барысында баға ақпаратын қол- дана отырып, тауар кедендік баж төлеу мерзімдері өзгертілген;

- жүктің кедендік декларациясын беру мерзімдеріне ұзарту жүргізілген тауарлар мен көлік құралдарына қатысты еркін айналыс үшін тауарлар шығарудың кедендік режимін мәлімдеу;

- кедендік аумақтан тыс жерде тауарларды қайта өндеудің кедендік режиміне орналастырылған;

і - тауарлар транзитінің кедендік режиміне сәйкес шет мем- лекеттің кедендік аумағы аркылы өткізу үшін әкетілген тауарларға қатысты тауарлар экспортының кедендік режимін мәлімдеу кезінде төленуге тиісті кедендік төлемдердің және салық- тардың сомасынан кем болмауға тиіс.

Сонымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеден- дік шекарасы аркылы тауарлар мен өнімдерді әрі-бері өткізген жағдайда, сондай-ақ заңмен белгіленген басқа да кездерде жо- ғарьща аталған кедендік төлемдер алынады. Осы кедендік төлемдердің ішіндегі маусымдық, арнайы, демпингке қарсы және өтемдік кедендік баждар заңда тікелей көзделген кезде ғана және отандық тауар өндірушілерді қорғау шарасы ретінде қолданы- лады.

Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға Қазақстан Республикасының Кеден тари- фіне сәйкес кедендік баж салынады. Кеден тарифі деп, Қазак- стан Республикасының кеден аумағына әкелінетін және сол аумактан әкетілетін Қазақстан Республикасының сыртқы эко- номикалық қызметінің тауарлық номенклатурасына сәйкес жүйеленген және топтастырылған тауарларға қолданылатын кедендік баж ставкаларының жиынтығын айтамыз.

Нарык жағдайында атқарушы билік аясында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік реттеудің бағыты мен мақсатты бағда- ры және дамуы мен жетілдірілуі егемен еліміздегі әлеуметтік- экономикалық, мәдени, сондай-ақ әкімшілік-саяси жүйедегі процестермен айқындалып отыр. Мемлекеттік реттеу атқару- шы билік кұзырындағы айрықша мемлекеттік қызметтің бір түріне жатады. Осы орайда мемлекеттік реттеу тиісті заң актілері жүзінде әкімшілік-құқықтықөкілеттілік берілген субъектілерге — атқарушы билік органдарына жүктеледі.

Әр түрлі меншік нысандарына негізделген мемлекет аума- ғындағы шаруашылық аяларын әкімшілік-құқықтық реттеу заң тұрғысынан мемлекеттік басқарудын басты функциясы мемле- кеттік реттеуді көрсетеді.

Мемлекеттегі казіргі халық шаруашылығының маңызды сек- торының тиімділігін арттыру сыртқы экономикалық қызмет аясындағы Қазақстандық импорттаушы және экспорттаушы субъектілердің қызметтерін мемлекеттік реттеуге байланысты болады. Сонымен, мемлекеттік реттеудің кажеттілігі, әсіресе оныңсырткы экономикалық қызмет аясында үтымды жүргізілуі көкейтесті мәселелердің ең негізгісі болып саналады.

Сырткы экономикалық қызметтің казіргі механизмі әкімшілік-өкім етуші функцияларға карағанда экономикалық жанама реттеу қүралдарының қажеттілігін сипаттап отыр.

Қазақстан Республикасыныңсырткы экономикалыққызме- тінің аясын: өнеркәсіптік, ғылыми-техникалық, инженерлік қызметтерге; сауда-саттықка; капитал рыногына; еңбек рыно- гына; агроөнеркәсіптік ынтымақтастықка; әскери-техникалық ынтымақтастыққа; отандық және шетелдік жаңа технологияларды енгізуге; өндірістік және өндірістік емес инфрақұрылымдардыңобъектілерін салуға; туризмге; жарнамалық-ақпараттық қызметтерге; кредиттік-валюталық операцияларға және т.б. қатысты байланыстар құрайды. Қазақстан Республикасының сырткы экономикалық байланыстары соңғы нарык жағдайын- дағы жылдары мемлекетімізде жүргізіліп жатқан түбегейлі эко- номикалық және өзге де реформаларды кайта ұйымдастыруға байланысты мемлекеттік ішкі міндеттерді ойдағыдай шешудің өте маңызды буыны болып табылады.

Қазақстан Республикасында осы аталған сала бойынша жүргізілетін мемлекеттік қызмет батыс елдерімен, сондай-ақ ТМД қатысушылармен өзара экономикалық қатынастар

ауқымын камтиды. Мемлекет тарапын жүзеге асырылатын осындай арнайы қызмет барысында мемлекеттік сырткы эко- номикалық саясатты әзірлеу және іске асыру, сондай-ақ сырт- кы экономикалық қызметті үйлестіру және реттеу қамтамасыз етіледі.

Қазақстан Республикасындағы тиісті мемлекеттік уәкілетті органдар (солардың ішінде кедендік органдар): Қазақстан Рес- публикасы.мен шет мемлекеттердің арасындағы валюталық- кредиттік қатынастарды реттеу механизмін әзірлеуге; тауарларды экспорттау және импорттау тәртібін жетілдіру жөніңде ұсы- ныс әзірлеуге; тауарларды (қызметті, жүмыстарды) экспорттауға және импорттауға лицензия беруге; тауарларды экспорттауға бақылау жүргізуге; сауда-экономикалық ынтымактастықтуралы халықаралық шарттың Қазақстан Республикасына қатысты бөлігіндегі міндеттемелердің орыңдалуы мән-жайларын тексе- руге; экспорттауды мемлекеттік ынталандыру туралы ұсыныс әзірлеуге; экспортталынатын тауарлардың көлемін айкыңдауға; әскери-техникалық ынтымақтастықсаласындағы экспорттауға кұқығы бар кәсіпорынды тіркеуге; шет елдермен есеп айырысу жай-күйін бақылауға өз өкілеттіліктері шегінде атсалысады.

2004 жылғы сәуірдің 12-сінде қабылданған «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы осы макала көлемінде баяндалып, сипатталған мән-жайлардың өзектілігін әрі замана (қоғам) тынысына сай келетін мемлекеттік манызын жаңаша бетбұрыс тұрғысынан дәлелдеп отыр.

Осы, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы сауда қызметі саласындагы, соның ішінде сырткы сауда қызметі аясындағы қоғамдық қатынасгарды реттейді, сон- дай-ақ аталмыш сала мен аядағы мемлекеттік реттеудің прин- циптерін және ұйымдастыру негіздерін белгілейді. «Сауда кыз- метін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы (оның қағида - ережелері мен принциптері) меншік нысаныңа кара- мастан Қазақстан Республикасы аумағындағы сауда қызметінің барлық субъектілеріне қолданылады.

Заңда берілген ұғым бойынша сыртқы сауда қызметі Казақ- стан Республикасынан белгілі бір тауарларды әкетуге және (не- месе) Қазақстан Республикасына тиісті тауарларды әкелуге бай- ланысты сауда қызметі болып табылады.

Жалпы алғанда, сауда (саттық) қызметін мемлекеттік реттеу нысандарына:

- сауда қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындау;


- сауда қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау мен када- ғалау;

- тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шек* арасы аркылы алып өту шарттарын айқындау;

- сауда қызметін дамытуға ынталандыру;

- сертификаттау жатады.

Сауда қызметін мемлекеттік реттеу әдістері катарында:

- сырткы сауда қызметін кедендік-тарифтік реттеу;

- сырткы сауда қызметін тарифтік емес (тарифсіз) реттеу;

- тарифтік квоталарды қолдану;

- қорғау, демпингке карсы және өтемдік арнайы шарала- рын қолдану;

- Қазақстан Республикасыныңзаңдарындабелгіленгентәр- тіппен тауарлар сатуды токтата тұру және (немесе) оларды са- туға тыйым салу;

- Халықаралық экономикалық санкцияларға (оларды қол- дану аяларына) қатысу сиякты жолдар мен әдістер көрініс та- бады.

Бүгінде, Қазақстан Республикасындағы сырткы сауда кызме- тін дамыту жөніңдегі мемлекеттік шараларға:

1) экспорттық кредиттерді кепілдендіру және сактандыру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

2) сырткы сауда қызметін дамытуға ықпал ететін сауда көрмелерін, жәрмеңкелерді және өзге де іс-шараларды ұйымдас- тыру;

3) сырткы сауда ақпараты мен ақпараттық-консультациялық қызмет жүйесін құруды қамтамасыз ету;

4) сырткы сауда қызметін ынталандырудың және көтерме- леудің өзге де нысандарын іске асыру жатады.

Халықаралық экономикалық қатынастарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тауарларды әкелу және әкету жөніңдегі операцияларды мемлекеттік реттеу, яғни сырткы сау- да қызметін кедендік-тарифтік реттеу, соның ішінде Қазақстан Республикасының ішкі рыногын қорғау және Қазақстан Рес- публикасы экономикасындағы озык құрылымдық өзгерістерді ынталандыру мақсатында К,азақстан Республикасының норма- тивтік құқықтық актілері мен Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес кедендік әкелу және (немесе) кедендік әкету баждары белгіленеді.

Қаңдай болмасын мемлекетте сыртқы экономикалық кыз- метті (оның аясын) мемлекеттік реттеу көбінесе кедендік органдар жүзеге асыратын реттеуші-басқарушы функция ретінде ай- қыңдалады. Демек, мемлекеттін кедендік шекарасы ауқы-мын- дағы арнайы мамандандырылған кедендік органдардың рет- теуші-басқарушы функциясы кедендік-тарифтік реттеу түрінде көрініс табады.

Сонымен, Қазақстан Республикасында ұйымдастырылатын кеден ісінің негізгі бағдары Қазақстан Республикасының еге- мендігі мен экономикалық кауіпсіздігін қорғауға, Қазақстан экономикасының халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі байланыстарын жандандыруға және сыртқы эко- номикалық қызмет аясын мемлекеттік реттеуге бағытталған, яғни мемлекет пен сырткы экономикалық қызметті жүзеге асы- рушы тұлғалардың арасындағы билік қатынастарына негізделген кеден саясатын іске асырудын басты және айтулы құралдарын камтиды.

Қазақстан Республикасының кедендік органдары өз кұзыреті шегінде Қазақстан Республикасының кеден саясатын іске асы- руға қатысатын және кеден ісін тікелей жүзеге асыратын, сон- дай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өздеріне тиесілі өзге де өкілеттіліктерді аткаратын жаңадан құрылымданған мемлекеттік органдар болып табылады. Кеден- дік органдар сырткы экономикалық қызметті реттеуге байла- нысты өз функцияларын Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіп негізінде дербес түрде және баска да уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау арқылы, сондай-ақосы органдармен бірлесіп шығарған норма- тивтік құқықтық актілер негізінде жүзеге асырады.

Қазақстанның кедендік органдары сыртқы экономикалық қызмет аясында жүргізілетін кедендік әкімшіліктің ұйымдас- тыру-өкім ету және реттеуші-басқарушы тәрізді тиімді әдістерін енгізу мақсатында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен өзара іс-қимылдар жасайды, сондай-ақ сыртқы эконо- микалық қызметке қатысушылар кедендік төлемдер мен салық- тардың төленуін қамтамасыз ететін тұлғалар ретінде әрекет ете алады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қеден- дік бақылау комитеті сырткы экономикалық қызметке қатысу- шыларды Қазақстан Республикасының кеден ісі мәселелері ту- ралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу процесіне каты- суға тарта алады.

Сонымен катар, сырткы экономикалық қызметке қатысушылар кедендік мемлекеттік реттеу ауқымындағы іс-қимылдардың тиісінше жүргізілуін көздей отырып:

- тиісті мемлекеттік органдарда шаруашылықсубьектілері ретінде тіркелу арқылы сыртқы экономикалық қызметпен айналысуға рұксаталады;

- Қазақстанның кедендік аумағына белгіленген көлемде не- месе белгіленген сомаға тауарларды әкелуге немесе әкетуге, сондай-ақ белгілі бір тауар түрлерін және көлік құралдарын импорттауға немесе экспорттауға қажетті лицензия алады;

- тауарлар өндіруге, сатып алуға, сатуға, тауар алмастыру операцияларына, тасымалдарына, тасымалдауға, тауарларды сақтауға және оларға сараптама жасауға және т.б. мәселелерге байланысты шарттарды, соның ішінде халықаралық келісімшарттарды жасайды;

- тауарлар мен көлік құралдарын және оларға қатысты құжаттарды келісілген мерзімде, кедендік органдар белгілеген жеткізеді;

- кедендік бақылау ж^ргізілетін ауқымда өздерінің тауарларын декларациялайды;

— сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы, соның ішіңде ТМД сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша тауарлардың кодтарын, әр лекке та- уарлардың кұны мен шығарылған елін көрсетіп әр лектін си- паттамасын табыс етеді;

— тиісті кедендік баждар мен салықтарды уақтылы және , толық мөлшерде төлеп отырады.

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы ретінде кедеңдік есепке кою кезінде ресімделетін сыртқы экономикалық қыз- метке қатысушының есеп карточкасы оның санатын және кедендік органдарда есепке тіркелгенің растайтын құжат болып табылады. Кедендік органдар сыртқы экономикалыққызметке қатысушының аталмыш есеп карточкасын:

а) заңды тұлғалар тарапынан:

- заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нота- риат куәландырған көшірмесі немесе оның құрылымдық бөлімшесі үшін есептік тіркеу куәлігі;

— статистикалық басқарма беретін статистикалық карточқаның көшірмесі;

— банк шотының ашылғаны туралы аныктама;

— салық органы берген салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;

ә) жеке тұлғалар тарапынан:

— жеке тұлғаның жеке куәлігі;

— салықорганы берген салықтөлеуші куәлігінің көшірмесі;

— егер банкте шоты болса, онда банк шотының ашылғаны туралы аныктама сиякты тиісті құжаттар тапсырылған жағдай- да бір жұмыс күні ішінде береді.

Кедендік органдар сырткы экономикалық қызметке каты- сушының өтініші бойынша нақты тауар жөніңде Сырткы эко- номикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың жіктемесіне қатысты алдын ала шешім кабылдайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден заңдарын сактай- тын осындай қатысушыларға Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы аркылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу кезінде қолайлы жағдайлар жасайды.

Халықаралық экономикалық қатынастар аясындағы қандай болмасын елдің сырткы экономикалық қызметі көбінесе (дәс- түрлі түрде деп айтсак та болады) сырткы саудадан және валю- талық-қаржылық қатынастардан тұрады.

Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу құралына, сондай-ақ сырткы сауда саясатының классикалық және негізгі тетігіне кедендік тарифтер (кедендік баждар) жатады. Қазақстан Республикасының кедендік органдары Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіп негізінде және нақты көзделген жағдайларда сырткы экономикалық қызметке қатысушылардан демпингке карсы, өтемдік және қорғау баждарын алады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендік органдары тарифтік реттеумен (кедендік баждарды алумен) қатар, валюталық және экспорттық реттеуді жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасындағы тарифтік реттеу шаралары тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы аркылы өткізу кезінде кедендік тарифті пай- далана отырып, сырткы экономикалық және кеден ісі саласын- дағы өзге де қызметті мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шаралар болып табылады.


Просмотров 493

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!