Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






САЛЫҚ САЛУ АЯСЫНДАГЫ САЛЫҚТЫҚ ЫНТАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК МӘЖБҮРЛЕУ 19 часть



Қолдарында төлемақының төленгенің растайтын құжатта- ры бар төлемақы төлеуші тұлғалар ғана тиісті ерекше қорғала- тын аумакты өздері мүдцелі қызметтері мен жұмыстарына қатыс- ты пайдалана алады.

Жануарлар дуниесін пайдаланганы ушін ттемақы. Жануарлар дүниесін (әлемін) пайдаланғаны үшін төлемақы табиғи ортаны еркін жағдайда мекендейтін, аңшылық, балықаулау объектілері болып табылатын жануарларды, сондай-ақ сирек кездесетін және жойылып кету каупі төнген жануарлар түрлері мен шару- ашылық мақсатына пайдаланылатын өзге де жануарларды та- биғи ортадан айырғаны (алып қойғаны) үшін алынатын міндет- ті төлем болып табылады.

Аңшылық және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің санаттары үшін төлемақы осы жануарлардың тек бағалы түрлеріне ғана белгіленеді. Аңшылық және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың бағалы түрлерінің тізілімін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Сирек кездесетін және жойылып кету каупі төніп тұрған жануарлар түрлерінің тізілімін, сондай-ақ осы жануарлар түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақының ставкаларын Казақ- стан Республикасының Үкіметі белгілейді. Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төніп түрған жануарларды табиғи ортадан аулап алу әрбір жекелеген жағдайларды ескере оты- рып рұқсатетіледі.

Жануарлар әлемін пайдалану тек жануарлар әлемін басқа- ру жөніңдегі уәкілетті орган тарапынан берілетін рұқсат негізінде жүзеге асырылады.



Өздеріне берілген рұксат негізінде жануарлар дүниесін пай- даланушылар - жеке және заңды тұлгалар аталмыш төлемақы- ның төлеушілері болып табылады. Осы төлеушілер төлемақы сомасын белгіленген ставкалар бойынша өздері есептеп шыға- рып, оны жануарлар дүниесін басқару жөніңдегі уәкілетті орган- ның аумактық бөлімшелері беретін тиісті рұксатты алғанға дейін төлейді.

Төлемақы сомаларын республикалық бюджет кірісіне ауда- ру банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар аркылы не болмаса жануарлар дүние- сін басқару жөніңдегі уәкілетті органның аумактық бөлім- шілерінде қолма-қол ақша төлеу аркылы жүргізіледі.

Жануарлар дүниесін басқару жөніңдегі уәкілетті органның аумактық бөлімшелері токсан сайын, есепті токсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей облыстар, Астана және Алматы калалары бойынша салықоргандарына белгіленген нысан негізінде кажетті мәліметтерді табыс етеді.

Кеме жүзетін су жолдарын пайдаланганы үшін твлемақы. Көліктік бақылау мәселелері жөніңдегі уәкілетті орган берген рұксат ету құжатының негізінде туындаған құқықтарына орай Қазақстан Республикасының кеме жүзетін су жолдарын пайда- ланушылардан алынатын міндетті төлем кеме жүзетін су жолдарын пайдаланганы үшін төлемақы деп аталады. Қазақстан Республикасының кеме жүзетін су жолдарын пайдалану құқығы әрбір күнтізбелік жылға беріледі. Белгілі бір кемелердіңсу жолдарын пайдалануға құқық беретін рұксат құжаты болмаған жағ- дайда, олардың Қазақстан Республикасының кеме жүретін су жолдарын нақты пайдалағандары жөніңдегі фактілер төлемақы сомасын өндіріп алуға және оны бюджетке енгізуге негіз болады.



Қазақстан Республикасының кеме жүретін су жолдарын пай- даланатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады. Төлемақы ставкаларын әдеттегідей, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.


Кеме жүретін су жолдары пайдаланушылардан алынатын -төлемақының мөлшері төлемақы ставкалары мен рұксат құжат- тарында белгіленген, кеме жүретін су жолдарын нақты пайда- лану мерзіміне карай, бірақ бір күнтізбелік ай үшін төленілетін төлемақы мөлшерінен кем болмайтындай етіп айқындалады. Ағымдағы ай ішінде бюджетке енгізілуге жататын төлемақы сомасы келесі айдын 20-сынан кешіктірілмей кеме жүретін су жолдарын пайдалану орны бойынша төленіледі.

Көліктік бақылау мәселелері жөніңдегі уәкілетті орган уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша ай сай- ын, келесі айдың 15-інен кешіктірмей салық органдарына Казақ- стан Республикасының су жолдарын пайдалануға рұқсат кұжа- тын алған тұлғалар жөніңде мәліметтер беріп отырады.

Қазақстан Республикасының су жолдарына шетелдік жеке және заңды тұлғалардың кемелерінің бір жолғы кіргені үшін, олар тиісті рұксат құжаттарын алғанға дейін айлық ставка мөлшеріндегі төлемақыны бюджетке енгізуге міндетті.

Төлемақы төлеушілер рұқсат құжатын алу кезінде көліктік бақылау мәселелері жөніңдегі уәкілетті органға Қазақстан Рес- публикасының кеме жүретін су жолдарын пайдаланған бірінші ай үшін бюджетке төлемақы сомасының енгізілгенің растайтын құжатты табыс етеді.

Сыртқы (көрнекі) жарнамамірды орналастырганы үшін төлем- ақы. Сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастырғаны үшін төлемақы республикалық маңызы бар жалпыға ортак пайдала- нылатын автомобиль жолдарыныңбөлінген белдеуінде плакат- тар, стендтер, жарық түсірегін таблолар, билбордтар, транспа- ранттар, афишалар түріндегі сырткы (көрнекі) жарнамалар объектілерін орналастыру және жарнамалардың басқа да тұрақ- ты (стационарлық) объектілерін орналастыру құкығы үшін алынады.

Сыртқы (көрнекі) жарнамалар объектісін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру Қазақстан Республикасының заңдарында белгі- ленген тәртіппен, белгілі бір мерзімге автомобиль жолдарының мәселелері жөніңдегі уәкілетті орган беретін тиісті құжат негі- зінде жүргізіледі. Тиісті құжаттар болмаған жағдайда жарнама объектілерін орналастыруға тыйым салынады.

Жарнама объектілерін республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырушы жеке және заңды тұлғалар (солардың ішінде жеке кәсіпкерлер) болып табылады.

Өз функцияларын іске асыруларына байланысты сырткы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастырған Қазақстан Рес- публикасының мемлекеттік органдары төлемақы төлеушілер болып табылмайды.

Республикалық маңызы бар жалпыға ортак пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырыла- тын жарнама объектілері бойынша төлемақы ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Мемлекеттік баж

Консулдықалымтүріндегі мемлекеттік баж, Қазақстан Рес- публикасы бекіткен халықаралық шартқа сәйкес Қазақстанда жасалған ресми құжаттарға мемлекеттік органдардын апостиль қойғаны үшін мемлекеттік баж, Қазақстан Республикасы аза- маттарының паспорттары мен жеке куәліктерін бергені үшін мемлекеттік баж, жүргізуші куәліктерін бергені үшін мемле- кеттік баж, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер бергені үшін мемлекеттік баж, мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілерін бергені үшін мемлекеттік баж, мемлекеттік нотариат кеңселері нотариустарының нотариаттық іс-әрекет жасағаны үшін мемлекеттік баж Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде (46-бап, 1-тармағы, 25)-31)-тармақшалары) республикалық бюджет кірісінің салықтық түсімдері ретінде бекітілген.

Аталған мемлекеттік баждардан басқа өздеріне тән объектілеріне карай алынатын мемлекеттік баждардың сомалары толығымен жергілікті бюджеттердің еншісіне берілген.

Консулдық алым. Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің консулдық іс- әрекеттер жасағаны және заңи маңызы бар құжаттар бергені үшін Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларынан, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқадамдардан және шетелдік заңды тұлғалардан алатын консулдық алымдары мемлекеттік баждың бір түрі болып табылады.

Консулдық іс-әрекеттерге мыналар:

1) қызметтік паспортты, Қазақстан Республикасының пас- портын ресімдеу және Қазақстан Республикасының визаларын беру;

2) шетедде болу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өтініштерін ресімдеу;

3) Қазақстан Республикасының азаматтығының мәселелері жөніңдегі құжаттарды ресімдеу;

4) азаматтық хал актілерін тіркеу;

5) құжаттарды талап ету;

6) құжаттарды заңдастыру;

7) нотариалдық іс-әрекеттер жасау;

8) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген өзге де іс-әрекеттер жасау жатады. Осы аталған консулдық іс-әрекет- терді жүзеге асыру кезінде консулдық алым алынады.

Консулдық алымды төлеушілерге тиісті мүдделеріне орай консулдық іс-әрекеттер жасалынатын және заңи маңызы бар құжаттарберілетін Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары, соңдай-5к шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар жатады.

Консуддық алым:

1) Салық кодексінің 502-506-баптарыңда көзделген жағдайларда;

2) консулдық алымдар алудан өзара бас тарту туралы Қазақ- стан Республикасымен келісімдері бар елдердің жеке және заңды тұлғаларынан;

3) құқықтық көмек туралы Қазақстан Республикасы шарт- тар жасаскан елдердің өкімет орындары мен жекелеген азамат- тарының сұрау салуы бойынша отбасылық, азаматтық.және кылмыстық істер бойынша, алименттер туралы, мемлекеттік жәрдемақылар мен зейнетақылар, бала асырап алу туралы құжаттар сұратып алдырғаны үшін;

4) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген өзге де жағдайларда алынбайды.

Ставкасы АҚШ долларымен белгіленген консулдық алымдарды Қазақстан Республикасыныңаумағындатөлеу Қазақстан Үлттық Банкі алымды төлеу сәтіне белгілеген ресми бағам бо- йынша теңгемен жүргізіледі.

Консулдық алым:

1) Қазақстан Республикасының аумағында - банктер неме- се банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыра- тын ұйымдар арқылы аудару жолымен консулдық іс-әрекеттер жүзеге асырылатын жердің бюджетіне немесе қатаң есептілік бланкілері негізінде консулдық мекемелерде қолма-қол ақша- мен;

2) Кдзақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде шаруашылық пайдалану құқығынсыз дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің арнаулы (транзиттік) банк шотына банктер немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар аркылы аудару жолымен немесе катаң есептілік бланкілері негізінде консулдық мекемелерде қолма- қол ақшамен консулдық іс-әрекеттер жасалғанға дейін төленеді.

Катаң есептілік бланкілерінің нысаның уәкілетті мемлекеттік органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілейді.

Консулдық алым ставкаларының ең төменгі және барынша жоғары базалық мөлшерлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Консулдық алымды төлеу өз аумағында консулдық іс-әре- кеттер жасалынатын елдің валютасымен немесе кез келген еркін айналыстағы басқа да валютамен жүргізіледі.

Апостиль қойганы үшін мемлекеттік баж. Заң жүзінде негізделініп (1999 жылғы 30 желтоксанда қабылданған «Қазак- стан Республикасының шетелдік ресми құжаттарды заңдасты- руды талап етуді жою Конвенциясына қосылуы туралы» Заңына сәйкес) егемен елімізде енгізілгеніңе санаулы уақыт өткенімен шетелдерде (Гаага Конвенциясына мүше болған мем- лекеттерде) ұзак жылдар бойы қолданылып келе жатқан апостильдеңдіру (апостиль кою немесе куөландыру және рас- тау) өзінің мән-жайына байланысты консулдық іс-әрекетке (оның ішіңде құжаттарды заңдастыруға) ұқсас келеді. Бір мем- лекетте берілген және сол мемлекеттіңаумағында заңи күші бар ресми құжаттарды басқа мемлекет аумағында куәландырудан өткізбей пайдалануға жарамсыздығы құжаттарды заңдастыру сияқты құрделі де киын, бірталай шығыңдарды қажет кылатын, осыған орай белгілі мемлекеттер үшін өткір проблемалар ту- ындататын және консулдық қызметтің бір қыры болып табыла- тын процедураға жол берген болатын.

Мемлекеттің консулдық қызметтері жүзеге асыратын осы құжаттарды заңдастыру сияқты көп сатылы әрі көп уақыт ала- тын іс-өрекеттің тиімсіздігі не, яғни тиісті процедурадан өткен құжаттардың тек сол мемлекет аумағында ғана пайдалануға рұқсат етілуіне байланысты орын алып отыр.

Ал апостиль қойылған құжат, яғни уәкілетті органдар тара- пынан апостильге қойылатын коддар мен мөрлер, оның бұдан өрі заңдастырыпуын кажет етпейді.

Сонымен, апостиль белгілі бір ресми құжатка қойылған қолдың, оны коюшы (лауазымды) тұлғаның өкілеттілігін, құжат- ты бекіту үшін қойылған мөрдің (немесе штамптын) жалғаи емес екендігін (дұрыстығын) растайтын арнаулы штамп болып табы- лады. Оның нысаны квадрат (9х9см) түрінде болады және бас- тапкы сөздері француз тілінде, ал калған графалары мемлекеттік тілде толтырылады. Осы апостиль қойылған құжаттарды Гаага конвенциясының қатысушысы болып табылатын елдерде' еркін пайдалануға болады және олар кайтадан тексеріліп, куәланды- руға жатпайды. Мәселен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Әкімшілік департаментінің Құжаттық қамтамасыз ету және бақылау басқармасының бірінші басшы- сы апостиль қойған білім жөніңдегі дипломдарды, орта білімі туралы аттестаттарды және т.б. сол елдерде пайдалануға болады.

Бүл жерде айтатын бір жәйт, дипломатиялық немесе кон- сулдық мекемелердің құжаттарына, сондай-ақ кедендік және коммерциялықоперацияларға қатысы бар құжаттарға апостиль қойылмайды.

Сонымен, шетелдік күжаүгарды басқа елдерде пайдалану процесін жеңілдету мақсатында, кезінде Нидерланды Қороль- дігініңбас каласы Гаагада 1967 жылдың 5 казаңында кабылдан- ған шетелдік ресми құжаттардың заңдастырылуын талап етуді жою жөніңдегі Конвенцияға қатысушы 62 мемлекеттің катарынан Ресей, Армения, Беларусь және Қазақстан да өздерінің тиесілі орындарын алған.

Қазақстан Республикасында апостиль қою жөніңде өкілет- тілік берілген уәкілетті мемлекеттік органдарга мыналар:

1) Әділет министрлігі;

2) Білім және ғылым министрлігі;

3) Ішкі істер министрлігі;

4) Бас прокуратура;

5) Қорғаныс министрлігі;

' Андорра, Германия Федеративтік Республикасы, Онтүстік Африка Рес- публикасы, Антигуа мен Барбуда, Аргентина, Армения, Австралия, Австрия, Багам аралдары, Барбадос, Бельгия қорольдігі, Белиз, ьеларусь Республика- сы, Босния-Герцеговина, Ботсвана, Бруней, Қолумбия, Кипр, Хорватия, Саль- вадор, Испания қорольдігі, АКШ, Фиджи, Финляндия, Француз Республикасы, Грек Республикасы, Венгер Республикасы, Ирландия, Израиль мемлекеті, Италия Республикасы, Жапония, Қазақстан Республикасы жөне т.б. 36 мемлекет.

6) Үлттық кауіпсіздік комитеті;

7) Жоғарғы Сот жаныңдағы сот әкімшілігін жүргізу жөніңдегі Комитет және т.б. жатады.

1999 жылғы 30 желтоксандағы Қазақстан Республикасы Заңыңың ұстанымдары мен талаптарын мемлекет пен қоғам өмі- рінде іске асыру мақсатында 2001 жылдың 24 сәуірінде кабыл- даған «Шетелдік ресми құжаттардың заңдастырылуын талап етуді жою Конвенциясының ережелерін іске асыру жөніңдегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Каулысын орындау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министр- лігінің 2001 жылғы 4 маусымдағы Бұйрығымен Қазақстан Рес- публикасының мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотари- устарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қоюдың тәртібі мен шарттары туралы бірыңғай кағидалар бекітілгенің білуіміз қажет.

Сонымен, апостиль қойылғаны үшін мемлекеттік баждың төлеушілеріне Қазақстан Республикасы аумағынан тыскары елдерге шығатын немесе шет жерлерден Қазақстан Республикасына келетін өздерінің ресми құжаттарына апостиль қойы- луына мүдделі тұлғалар жатады.

Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттар- ға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мем- лекеттік органдар апостиль қойғаны үшін - 20 процент мөл- шерінде мемлекеттік баж алынады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға Қазақстан Респуб- ликасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдар қойған апостиль үшін мемлекеттік баж - апостиль қойғанға дейін төленеді.

Мынадай мемлекеттік баждар:

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін бергені үшін:

Қазақстан Республикасы азаматының паспорты - 400 про- цент мөлшерінде;

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі - 20 про- цент мөлшерінде;

жүргізушінің куөлігін бергені үшін - 125 процент мөл- шерінде;

көлік құраддарының мемлекеттік тіркелгені туралы куәлікті бергені үшін - 125 процент мөлшерінде;

автомобильге мемлекеттік тіркеудің нөмір танбасын бергені үшін - 280 процент мөлшерінде алынады.

Мемлекеттік нотариат кеңселері нотариустарының нотари- аттық іс-әрекеттер жасағаны үшін, сондай-ақ құжаттардың но- тариатта куәландырылған көшірмелерін бергені үшін мемле- кеттік баж республикалық бюджет кірісіне түседі.

Уәкілетті органньің зияткерлік меншік саласында жасаган заңдымәні бар іс-әрекеттері үшін алынатын мемлекеттік баж.

Уәкілетті мемлекеттік органның зияткерлік меншік саласын- да жасаған заңды мәні бар мынадай іс-әрекеттері үшін:

1) алдын ала патент, патент, куәлік бергені үшін - 100 про- цент;

2) жалпыға белгілі тауар таңбасына сертификат бергені үшін

- 100 процент;

3) өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланыс-> ты басқаға беру шартын, кепіл шартын, лицензиялық және суб- лицензиялық шарттарды тіркегені үшін - 150 процент;

4) патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттағаны үшін

- 1500 процент;

5) патенттік сенім білдірілген өкілдерді тіркеу туралы куөлік бергені үшін - 100 процент мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

Зияткерлік меншік саласына байланысты осындай іс- өрекеттерді жасау кезінде:

1) карттарға және мүгедектерге арналған интернат-үйлерде түратын карттар мен мүгедектер;

2) мектеп-интернаттардың, кәсіптік мектептер мен көсіптік лицейлердің мемлекет толық камсыздандыратын және жатақ- ханаларда тұратын окушылары;

3) Қазақстан Республикасыныңазаматтығыналғанғадейін- оралмандар (репатрианттар);

4) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Данк және үш дәрежелі Енбек Данкы, «Алтын Кыран», «Халық каһарманы», «Отан» ордендерімен марапатта- лған адамдар, «Ардакты ана» атағын алған, «Алтын алка», «Күміс алка» алкаларымен марапатталған көп балалы аналар;

5) Үлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері жөне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес оларға теңестірілген адамдар, бала кезінен мүгедектер, I және II топтағы мүгедектер, Чернобыль апаты салдарынан зар- дап шеккен азаматтар мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

Уәкілетті мемлекеттік органның зияткерлік меншік саласын- да алдын ала патенттер, патенттер, куәліктер, сертификаттар беруге, шарттарды тіркеуге, патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттауга және тіркеуге байланысты заңды мәні бар іс-әре- кеттер жасағаны үшін мемлекеттік баж осы орган тиісті құжат- тарды бергенге дейін алынады.

Кедендік міндетті төлемдер және салықтар

Көптеген жылдар бойы республикалық бюджеттің тұрақты бекітілген кірістері болып белгіленген кедендік баждар мен өзге де міндетті кедендік төлемдердің қазіргі кезде де аталмыш бюджеттің түсімдері ретінде «Бюджет кодексінің» тиісті бабын- да көрініс тауып отырғаны баршаға мәлім. Бюджет кодексінде кедендік төлемдер:

1) әкелінетін және әкетілетін тауарларға салынатын кедеңдік баждар;

2) отандық тауар өндірушілерді қорғау шаралары ретінде алынатын кедендік баждар;

3) кедендік бақылауды және кедендік рәсімдерді жүзеге асы- рудан түсетін түсімдер деп жиынтықталып аталғанымен Кдзак- стан Республикасының Салық кодексінде мына:

1) кеден бажы;

2) кеден ресімдеуі үшін кеден алымы;

3) тауарларды сактау үшін кеден алымы;

4) кедендік ілесіп жүру үшін кеден алымы;

5) Қазақстан Республикасы кеден органдарының лицензия беру алымы;

6) кеден ресімдеуі жөніңдегі маманның біліктілік аттеста- тын беру алымы;

7) алдын ала шешім үшін төлемақы сиякты кедендік міндетті төлемдердің түрлері көрсетілген.

Бұл ретте окырман кауым мен студенттерге түсінікті болуы үшін кедендік төлемдердің түрлерін:

1) кедендік баж (баждар деп жазылғаны дұрыс болатың еді);

2) кедендік ресімдеу үшін кедендік алым;

3) тауарларды сактағаны үшін кедендік алым;

4) кедендік ілесіп жүргені үшін кедендік алым;

5) Қазақстан Республикасының кедендік органдары берген лицензия үшін алым;

6) кедендік ресімдеу жөніңдегі маманның біліктілік аттеста- тын бергені үшін алым;

7) алдын ала шешім кабылдағаны үшін төлемақы деп жазған дұрыс болады.

Қазақстан Республикасының кедендік органдары өз кұзыреті шегіңде кеден саясатын іске асыруға қатысатын және кеден ісін тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы- ның заң актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді аткаратын айрықша уәкілетті мемлекеттік органдар болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы кедендік органдардың бірыңғай жүйесін:

1) Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті;

2) Кедендік бақылау комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар калалар, Астана бойынша аумактық бөлімшелері;

3) кедендер;

4) кедендік бекеттер;

5) кедендік шекарадағы бақылау - өткізу пункттері;

6) мамандандырылған кедендік мекемелер құрайды.

Қазақстан Республикасының кедендік органдары мемлекет-

тің бірыңғай бюджет-қаржы саясатын іске асыру және сыртқы экономикалық қызметті реттеу мақсатында кедендік міндетті төлемдер мен салықтарды алады, сондай-ақ кедендік-тарифтік реттеуді жүзеге асырады.

Сонымен Қазақстан Республикасында мынадай кедендік міндетті төлемдер:

1) кедендік баждар;

2) кедендік алымдар;

3) алымдар;

4) алдын ала шешім үшін төлемақы қолданылады.

Қазақстан Республикасының кедендік органдары демпинг-

ке қарсы, қорғау және өтемдік баждарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және жағдайларда алады.

Кедеңдік баждар тауарларды кедендік режимдерде деклара- циялау кезінде төленеді, бұларға орналастыру жағдайы Қазақ- стан Республикасының Кедеңдік тарифіне сәйкес кедендік баждартөлеуді белгілейді. Кедендік баждардың ставкаларын Қазақ- стан Республикасының Үкіметі белгілейді және олар ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң күшіне енеді.


Просмотров 591

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!