Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






САЛЫҚ САЛУ АЯСЫНДАГЫ САЛЫҚТЫҚ ЫНТАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК МӘЖБҮРЛЕУ 18 часть



Р-фактордын (баға коэффициентінің) мәні Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесінің проценттік мәні
1 баррель үшін 12 АК.Ш долларынан кем немесе соган тен 70 проценттен 90 процентке дейін
1 баррель үшін 27 АКШ долларынан астам немесе соған тең 10 процент
 

 

сиякты мәндерді қолдану барысында айқындалады.

Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі болып табылатын сома, жер қойнауын пайдаланушының салық- тары мен басқа да міндетті төлемдері, қандай да бір салық кезе- ңінде өндірудің бә.сталған кезінен салынган инвестицияларды қайтару кезіне дейін өндірілген өнімнің жалпы көлемінің жи- ырма процентінен кем болмауға және келесі кезенде өндірілген өнімнің жалпы мөлшерінің алпыс процентінен кем болмауға тиіс.

Салық кодексінде өнімді бөлу бойынша Қазақстан Респуб- ликасының үлесін төлеу жөніңдегі салық кезеңі ретінде күнтіз- белік ай белгіленген.

Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі салық кезеңінен кейінгі айдың 15-інен кешіктірілмей төленуге тиіс.

Жер қойнауын пайдаланушы осы Қазақстан Республикасына тиесілі үлес жөніңдегі декларацияны өзі тіркелген жердегі салық органыңа салық кезеңінен кейінгі айдың Ю-ынан кешік- тірмей табыс етеді.

Қызметін өнімді бөлу туралы келісім-шарт бойынша
жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыныц
қосымша төлемі

Өнімді бөлу туралы келісім-шарт жасаскан әрі өздерінің қызметін аталмыш келісім-шартнегізінде жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар қосымша төлемді төлеушілер болып табылады.



Өнімді бөлу туралы келісім-шартты орындау барысында мем- лекет түсімдерінің үлесі әрбір салық кезеніңде өндіру бастал- ған кезден салынған инвестициялар кайтарылған кезге дейін өнімді бөлу туралы келісім-шартта белгіленген мәннің бес процентінен он процентіне дейінгі мөлшерінен кем болмауға және салық кезеңінде әрі келесі кезендерде жер қойнауын пай- даланушы алған өнім көлемінің кырык процентінен кем бол- мауға тиіс.

Бұл ретте мемлекет түсімдерінің үлесі жер қойнауын пайда- ланушының салық кезеңі ішіндегі өнімді бөлу бойынша Казақ- стан Республикасының үлесін, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге қатысты орындалған салықтық міндеттемелерін білдіреді.

Мемлекет түсімдерінің үлесі қосылған құн салығын және жер қойнауын пайдаланушы оларға қатысты салық агенті ретінде әрекет ететін салықтарды қамтымайды.

Егер қайсыбір салық кезеңінің қорытындылары бойынша түсімдер сомасы 314-5-баптың 1-тармағында көрсетілген мән- нен кем болып шықса, тиісті айырманы жер қойнауын пайдала- нушы бюджетке Қазақстан Республикасы үлесінің шотына Салық кодексінің 127-бабының 4-тармағында белгіленген мерзімдерде төлейді. .



Тиісті жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі бо- йынша салық кезеңі күнтізбелік жыл болып табылады. Қызметін өнімді бөлу туралы келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы өзінің қосымша төлемі жөніңдегі декларацияны тіркелген жері бойынша салық органыңа салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді. Осы орайда қосымша төлем сомасы декларацияны табыс ету мерзімі басталғаннан кейін он бес күннен кешіктірілмей төленуге тиіс. , , н


Салықтардан кейінгі маңызды мемлекеттік мәжбүрлі алы- нымдарға міндетті төлемдер - алымдар жатады. Республикалық бюджет кірісіне олардың мынадай түрлері:

1) автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өткені үшін алым;

2) азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым;

3) радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым;

4) теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мем- лекеттік тіркегені үшін алым;

5) телевизия және ^адиохабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұксат бергені үшін алым;

6) дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым;

7) кеменің немесе жасалып жаткан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін алым салықтық түсімдер ретінде алынады.

Автокөлік қура-гдарының Қазақстан Республикасының аума- гы бойынша жургені ушін алым. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарымен жүріп өту көлік са- ласының уәкілетті органы берген рұксат ету құжаттарының негізінде жүзеге асырылады. Автокөлік құралдарының Қазақ- стан Республикасының аумағы бойынша жүріп өтуінің және осыған рұксат ету құжаттарының берілу тәртібін Қазақстан Рес- публикасының Үкіметі белгілейді.

Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасы аумағы бойынша жүргені (жүріп өткені) үшін белгіленген алым мына келесідей жағдайларда:

1) халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдары- ның Қазақстан Республикасы аумағынан (шығып) кеткені;

2) халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдары- ның Қазақстан Республикасының аумағына келіп кіргені не- месе шығып кеткені, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасы бойынша транзиті;

3) ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты отандық және шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша (жүріп өткені) жүргені;


4) отандық және шетелдік автокөлік құралдарының Кдзақ- стан Республикасының ақылы мемлекеттік автомобиль жолда- рымен жүргені үшін алынады.

Осы алымды төлеушілерге жоғарыда аталған жағдайларда автокөлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүргізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар жатады.

Алым сомасы Қазақстан РеспубЛикасының Үкіметі белгілеген ставкалар бойынша есептелінеді және рұқсат құжаттарын алғанға дейін және Қазақстан Республикасыныңақылы мемле- кеттік автомобиль жолдарын пайдалану кезінде алым сомасы осы автомобиль жолдарымен жүріп өткенге дейін төленеді, сон- дай-ақ төленген алым сомасы рұқсат құжаттары алынған жер бойынша немесе ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарын пай- далану орны бойынша республикалық бюджет кірісіне аудары- лады.

Алым сомасы банктер немесе банк операцияларының же- келеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар аркылы бюджетке аудару жолымен, не болмаса көлік саласындағы уәкілетті орган- ның арнаулы пункттерінде катаң есептеулі бланктер негізіңде қолма-қол ақшамен төленеді.

Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені ушін алым. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым- көлік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу немесе кайта тіркеу кезінде, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың дуб- ликатын беру кезінде алынатын міндетті төлем болып табылады.

Мемлекеттік тіркеуге жататын азаматтық әуә кемелері бар жеке және заңды тұлғалар осы алым бойынша төлеушілер болып табылады.

Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ставкалар бойынша есептелініп, тиісті құжаттарды тіркеу органдарына бергенге дейін төленіледі. Төленген алым сомасы мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылған жер бойынша бюджет кірісіне аударылады.

Радиоэлектрондық қуралдарды және жогары жиіліктегі қу- рылгылардымемлекеттік тіркегені ушіналым. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктегі құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым — радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктегі құрылғыларды тіркеу, сондай-ақ мем- лекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың дубликатын беру кезінде төленілетін міндетті төлем болып табылады.

Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды мемлекеттіктіркегені үшін алымныңтөлеушіле- рі - өздеріне кажетті денгейде мамандандырылған, кәсіби кыз- меттерін жүзеге асыратын және байланыс саласының уәкілетті органы тарапынан жүргізілетін мемлекеттік тіркеу барысында олардың мүдделері көзделетін жеке және заңды тұлғалар болып саналады.

Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктегі құрыл- ғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алымның ставкасын ай- қындап, белгілеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің кұзырын- дағы іс болып табылады. Ооы аталмыш алымның сомасын Қазак- стан Республикасының Ү кіметі белгілеген ставка бойынша есеп- теп шығару байланыс саласындағы уәкілетті органға жүктелген. Есептелген алым сомасы мемлекеттік тіркеу жүзеге асы- рылмастан бұрын осы тіркеу жүргізілетін жер бойынша бюд- жетке аударылады.

Теңіз, өзен кемелері мен шагын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені ушін алым. Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым - көлік саласының осы бағыты бойынша білікті уәкілетті орган тарапынан жүзеге асырылатын теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ сол тіркеуді куәландыратын құжаттың дубликатын мүдделі тұлғаларға беру кезінде алына- тын міндетті төлем болып табылады.

Теңіздер мен өзендерде жүзуге бейімделген және тіркеуге жататын кемелері (мен шағын көлемді кемелері) бар заңды және жеке тұлғалар осы алымды (міндетті төлемді) төлеушілер болып саналады.

Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемле- . кеттік тіркегені үшін алымныңставкасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Белгіленген ставкалар бойынша есептелген алым сомасы кемелерді тіркеуге байланысты құжат- тарды тіркеуші органға бермей тұрып сол тіркеу жүзеге асыры- латын жерге (органға) төленеді.

Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануга руқсат бергені ушін алым. Те- левизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым

байланыс саласындағы уәкілетті орган тарапынан Қазақстан Республикасындағы телевизия және радиохабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат (тиісті құжаттың дубликатын) беру кезінде алынатын міндетті төлем болып табылады.

Тиісті ұйымдарға радиожиілік спектрін пайдалануға рұксат беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Өздеріне жүктелген негізгі функционалдық міндеттерін орындау үшін радиожиілік спектрін пайдаланатын мемлекеттік мекемелерден басқа, байланыс саласындағы уәкілетті орган берген лицензия негізінде жұмыс істейтін телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдары алым төлеушілер катарына жат- кызылады.

Осы алымныңставкаларын белгілеу Қазақстан Республика- сының Үкіметіне жүктелген. Белгіленген ставкалар мөлшерінде есептелінген алым сомасы радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаталғанғадейінтөленеді. Байланыс саласындағы уәкілетті орган есепті токсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей ток- сан сауын, алымды төлеушіні есепке алып, тіркеген жердегі салық органыңа уәкілетті мсмлекеттік орган белгілеген нысан бойынша ақпарат табыс етеді.

Дәрі-дәрмек қуралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым. Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым - Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Рес- публикасында қолдануға рұксат етілген дәрі-дәрмек құралда- рын мемлекеттік тіркеу немесе кайта тіркеу, сондай-ақ осы мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттың дубликатын беру кезіндё алынатын міндетті төлем болып саналады.

Алым төлеушілерге әкелінген немесе шығарылған дәрі- дәрмек құралдарын осы сала бойынша уәкілетті органға тіркеуге ұсынатын жеке және заңды тұлғалар жатады.

Мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасының заңда- рында белгіленген тәртіп пен жағдайларда дәрі-дәрмек құралдарына бақылау жасау саласындағы уәкілетті (тіркеуші) орган жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген осы алым- ның ставкалары бойынша есептелінген алым сомасы дәрі- дәрмек құралдарын тіркеуге байланысты тиісті құжаттарды тіркеуші уәкілетті органға табыс еткенге дейін төленеді.

Осы сипатталғанреспубликалықбюджеттіңтүсімдері алымдарға қатысты маңызды жәйт, Салық кодексінің тиісті баптарына сәйкес жоғарыда аталған алымдардың төленген сомала- ры, белгілі бір жағдайларды ескермегенде, нақтылы тұлғалардың алға қойған мақсат-мүдделерінің орындалмағаныңа кара- мастан алым төлеушілерге кайтарылмайды.

Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мем- лекеттік тіркеу үшін алым. Кеменің немесе жасалып жаткан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін алым кеменің не- месе жасалып жаткан кеменіңипотекасын мемлекеттіктіркеуге алған, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжат- тың дубликатын берген кезде алынады.

Аталған алымды төлеушілер кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотека шартын жасаскан жеке және заңды тұлғалар болып табылады.

Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ставкалар бойынійа есептеледі және көлік саласындағы тіркеуші уәкілетті органға қажетті құжаттарды табыс еткенге дейін төленеді.

Төленген алым сомасы республикалық бюджет кірісіне енгізіледі (КР СК-нің, 73- 1-тарау, 415-1,415-2,415-3-баптарын караңыз).

Туындыларга және сабақтас қүқықтар объектілеріне қүқықтарды, туындыларды және сабақтас қүқықтар объектілерін пайдалануга лицензиялық шарттардымемлекеттік тіркегені үшін алым. Туындыларға және сабактас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындыларды және сабактас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркегені үшін алым туындыларға және сабактас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындыларды және сабактас құқық объектілерін пайдалануға линензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу барысында, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың дубликатын берген кезде адынатын міндетті төлем болып табылады.

Аталған алымды төлеушілерге тиісті мүддесіне орай мемлекеттік тіркеу жүргізілген жеке және заңды тұлғалар жа- тады.

Алымның сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ставкалар бойынша есептеледі және есептелінген сома тіркеуші уәкілетті мемлекеттік органға тіркеуге қажетті тиісті құжаттар табыс етілгенге дейін республикалық бюджет кірісіне енгізіледі.


 


Бюджет кодексінде айқындалған республикалық бюджет кірісінің салықтық түсімдері (кезінде салықтық емес кірістер қатарында болған) төлемақылардын мынадай түрлері:

1) калааралық және (немесе) халықаралық телефон байла- нысын бергені үшін төлемақы;

2) радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы;

3) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумактарды пайдаланғаны үшін төлемақы;

4) жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы;

5) кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы;

6) республикалық маңызы бар жалпыға ортак пайдаланыла- тын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы респуб- ликалық бюджетке алынады.

Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон
байланысын бергені үшін төлемақы

Қазақстан Республикасында ортақ пайдаланылатын телеком- муникация желісінде қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын беру құқығы үшін тиісті құқығы бар кала- аралық немесе халықаралық байланыс операторлары жеке және заңды тұлғалардан алынатын міңдетті төлем қалааралық неме- се халықаралық телефон байланысын бергені үшін төленетін төлемақы деп агалады.

Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланы- сын беру құқығы байланыс саласындағы уәкілетті орган тара- пынан заңдық негізде берілген рұқсат ету құжаттарымен куә- ландырылады.

Аталған төлемақыны төлеушілер Қазақстан Республикасы- ның заңнамалық актілерінде белғіленген тәртіп негізінде тиісті кұқык алған калаарапык және (немесе) халықаралық байланыс операторлары - жеке және заңды тұлғалар болып табылады.

Төлемақы сомасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жылдықставкалар негізінде, сондай-ақ рұксат құжат- тарында көрсетілген абоненттердің саныңа сәйкес байланыс саласындағы уәкілетті орган есептеп шығарады. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын беру қызметі есепті салық кезеңінде бір жылдан кем болса, төлемақы сомасы бір жылға есептелген төлемақы сомасын он екіге бөліп, оны жыл бойы қалааралықжәне (немесе) халықаралықтелефон бай- ланысы берілген тиісті ай саныңа көбейту аркылы айқындалады.

Байланыс саласындағы уәкілетті орган жылдық төлемақы сомасы көрсетілген хабарламаны ағымдағы есепті кезеңнің '20 акпаныңан кешіктірілмейтін мерзімде төлемақыны төлеушіге жібереді.

Жылдық төлемақы сомасы салықтөлеушініңтіркеу есебінде тұрған жері бойынша тең үлестермен ағымдағы жылдың 20 на- урызынан, 20 маусымынан, 20 кыркүйегінен және 20 желтоқ- саныңан кешіктірілмей тиісті бюджетке төленеді. (К.Р СК-нің, 87-1-тарау, 484-1,484-2,484-3,484-4-баптарын караңыз)

Калааралық және (немесе) халықаралық телефон байланы- сын бергені үшін төлемақының жылдық ставкасы мынадай мөлшерде:

Телефон байланысының түрі Бір абонент үшін айлық есептік көрсеткішпен көрсетілген төлем- ақының жылдық ставкасы
калааралық және халықаралық 1,724
калааралық 0,862
халықаралық 0,862
 

 

2004 жылғы қазаңның 16-сындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің каулысымен бекітілген.

Төлемақыны төлеуші - салық төлеушілер жыл сайын өздері- нің тіркеу есебінде түрған жері бойынша салық органдарына ағымдағы телемдер сомаларының есебі мен қалааралық және (немесе) халықаралықтелефон байланысын бергені үшін төлем- ақы жөніңдедекларацияны есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.

Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы. Радио- жиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы өздеріне тән қызметтерін радиожиілік спектрін пайдалану аркылы жүзеге асыруға мүдделі тұлғаларға байланыс саласындағы уәкілетті орган берген радиожиілік спектрінің номиналдары үшін алынатын міндетті төлем болып табылады.

Радиожиілік спектрін пайдалану күқығы К,азакстан Респуб- ликасының заңдарында белгіленген тәртіппен байланыс сала- сындағы уәкілетті орган берген рұксат (ету) Құжаттарымен куә- ландырылады.


 


Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізілген радиожиілік спектрінің номиналдарын бөлу конкурсының кбрытындысы бойынша жеңіске қол жеткізген тұлғалар Казак- стан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде рес- публикалық бюджет кірісіне бір жолғы төлемақы енгізеді.

Тиісті заң актілерінде белгіленген тәртіппен радиожиілік спектрін пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар осы төлемақының төлеушілері болып табылады.

Сонымен катар, бұл жерде айта кететін бір жәйт, өздеріне жүктелген негізгі функционалдық міндеттерін орындау кезінде радиожиілік спектрін пайдаланатын мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ радиожиілік спектрін пайдалануға рұксат алғаны үшін алым төлейтін телевизия және радио хабарын тарату ұйымдары аталмыш төлемақыны төлеуден босатылған.

Төлемақыныңжылдықставкаларын Қазақстан Республика- сының Үкіметі белгілейді. Төлемақы бойынша салық кезеңі күнтізбелік жыл болып табылады. Осы төлемақы жөніңдегі декларация есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей тиісті салық органдарына табыс етіледі.

Төлемақының сомасын рұксат құжаттарында көрсетілген техникалық параметрлерге сәйкес және радио байланысының түрі мен радиожиілік спектрін пайдалану аумағына карай, сон- дай-ақ жылдық ставка мөлшерінің негізінде байланыс саласын- дағы уәкілетті орган есептеп шығарады.

Төлемақының жылдық сомасы оны төлеушінің тіркеу есебінде тұрған жері бойынша ағымдағы жылдың 20 наурызынан, 20 маусымынан, 20 кыркүйегінен және 20 желтоксаныңан кешіктірілмейтін мерзімдерде тең үлеспен бюджетке төленеді. Ал салық кезеніңің қорытындылары бойынша төлемақы жөніңде бюджетпен түпкілікті есеп айырысу декларация (табыс ету) мерзімі басталған кезден бастап он күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі.

Ерекше қоргалатын табиги аумақтарды пайдаланганы үшін төлемақы. Қазақстан Республикасындағы республикалық ма- ңызы бар ерекше қорғалынатын табиғи аумактарды ғылыми, мәдени-ағарту, окыту, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарында пайдаланғаны үшін алынатын міндетті төлем ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайда- ланғаны үшін төлемақы болып табылады. Республикалық ма- ңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумактарды пайдаланғаны үшін төленетін төлемақы ставкаларын Қазақстан Республика- сының Үкіметі белгілейді.

Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумактарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар осы төле- мақының төлеушілері болып табылады.

Төлемақы сомаларын бюджетке енгізу ерекше қорғалатын табиғи аумактардың орналасқан жері бойынша, банктер неме- се банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыра- тын ұйымдар аркылы не болмаса ерекше қорғалатын табиғи аумактардыңәкімшіліктері белгілеген бақылау - өткізу пункттерінде немесе арнайы жабдықталған өзге де орындарда катаң есептеулі бланктер негізінде қолма-қол ақша төлеу арқылы жүргізіледі.

Қатаң есептегі бланкілер нысанымен қолма-қол ақша арқылы төленген төлемақы сомаларын бюджетке енгізу тәртібін уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып Қазақстан Рес- публикасының Қаржы Министрлігі белгілейді. Ерекше қорға- латын табиғи аумактардың әкімшіліктері токсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей өзінің орналас- қан жері бойынша салық органыңа уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан негізінде кажетті мәліметтер береді.


Просмотров 508

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!