Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






САЛЫҚ САЛУ АЯСЫНДАГЫ САЛЫҚТЫҚ ЫНТАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК МӘЖБҮРЛЕУ 17 часть



Жер қойнауын пайдаланушының әрбір жекелеген келісімшарт бойынша салық кезеңіндегі таза табысының салық кезеңі- нің аяғына Салық кодексінің 92-103,105-114-баптарында көзделген шегерімдер сомасының 20 процентінен асатын бөлігі салық базасы болып табылады.

Салық кодексінің 308-бабына сәйкес жер қойнауын пайда- ланушылардыңтаза табыстары бөлігіне:

Жинакталған табыстардын жинакталған шығыстарға қатынасының алынған мәні Ставкасы
1,2-ден кем 0 процент
1,2-ден 1,3-кедейін 10 процент
1,3-тен 1,4-кедейін 20 процент
1,4-тен 1,5-кедейін 30 процент
1,5-тен 1,6-ғадейін 40 процент
1,6-дан 1,7-гедейін 50 процент
1,7-ден жогары 60 процент
 

 

мөлшерінде салық ставкалары белгіленеді.

Жинақталған табыстар жер қойнауын пайдаланушының келісім-шарт жасалған күннен бастап алған жиынтық жылдық табысының сомасы ретінде, ал жинақталған шығыстар жер қойнауын пайдаланушының келісім-шарт жасалған күннен бастап шегерімге жатқызылатын шығыстарының сомасы ретінде ай- қындалады.

Үстеме пайда салығының сомасы қазақстандық кадрларды оқытуға нақтылы жұмсалған шығындардың немесе тіркелген активтер өсімінің сомасына түзетіледі, бірақ ол салық базасы- ның он процентінен аспауға тиіс.

Күнтізбелік жыл үстеме пайда салығы үшін есепті кезең болып табылады. Жер қойнауын пайдаланушылар салықоргандарына үстеме пайда салығы жөніңдегі декларацияны салық кезеңінен кейінгі жылдын 10 сәуірінен кешіктірмей табыс етеді. Үстеме пайда салығы сол салық кезеңінен кейінгі жылдың 15 сәуірінен кешіктірілмей төленуге тиіс.



Бонустар

Бонустар пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеуге және өндіруге байланысты жер қойнауын пайдалану мақсатында жа- салған келісім-шартта бекітілген тәртіппен жер қойнауын пай- даланушы төлейтін тіркелген төлемдер болып табылады.

Жер қойнауын пайдаланушылар тиісті келісім-шарттарын- да көзделген қызметтерді жүзеге асыруларына орай бонустардың мынадай түрлерін: қол қойылатын бонусты және коммер- циялық табу бонусын төлейді.

Қол қойылатын бонус келісім-шарттыңауқымындағы аумақ- та жер қойнауын пайдапану жөніңдегі қызметтерін жүзеге асы- ру құқығын алғаны үшін жер қойнауын пайдаланушы төлейтін біржолғы тіркелген төлем болып табылады.

Қол қойылатын бонустың бастапкы мөлшерін пайдалы қаз- балардың көлемі мен кен орныңың экономикалық күндылығы ескерілетін есептеу негізінде Қазақстан Республикасының Үкі- меті белгілейді.

Қол қойылатын бонустыңтүпкілікті мөлшерін жер қойнау- ын пайдалануға құқық алуға өткізілген инвестициялық бағдар- ламалар конкурсының нәтижелері бойынша комиссия белгі- лейді және ол жер қойнауын пайдалану үшін берілетін кен орындарының (келісім-шарт аумақтарының) экономикалық құндылығы есепке алынып, келісім-шартта бекітіледі, сонымен қатар аталған бонустың түпкілікті мөлшері бастапқы мөлшерлерден төмен болмауы керек.



Қол қойылатын бонус келісім-шарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей бюджет кірісіне төленіледі. Жер қойнауын пайдаланушы қол қойылатын бонус жөніңдегі декларацияны өздері тіркелген жері бойынша салық органыңа төлеу мерзімі басталған айдан кейінгі айдың 15-іне дейін табыс етеді.

Коммерциялық табу бонусы келісім-шарт ауқымының шегіндегі аумақтарда жасалынған әрбір коммерциялық табу үшін, оның ішінде кен орындарына қосымша бақылау (табыл- ған пайдалы казбаларды кейіннен өндіруді көздемейтін бақы- лау есепке алынбайды) жүргізу барысында табылған өндіру үшін экономикалық жағынан тиімді пайдалы қазбалардың нақтылы түрлерінің қорлары, сондай-ақ келісім-шарттар мен техникалық-экономикалық есептеулерде бастапкы айқындалған алынатын қордың мөлшерін арттырғаны үшін белгіленетін тіркелген төлем, яғни нақты жер қойнауын пайдаланушылар төлейтін арнаулы міндетті төлем болып табылады.

Коммерциялық табуға келісім-шарт аумағының шегінде ашылған және оларды өндіру экономикалық жағынан тиімді болып табылатын пайдалы казбалардың белгілі бір түрлерінің қорлары жатады.

Коммерциялық табу бонусы бойынша салық салу объектісі кен орныңан алынатын пайдалы казбалар қорының көлемі болып саналады. Пайдалы казбалар қорының көлемін коммерциялық табу бонусының мөлшерін есептеп шығару мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Осы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен пайдалы қазбалар қорының көлемінің кұны коммерциялық табу бонусын есеп- теп базасы болып табылады.

Алынатын қордын құны осы пайдалы казбаның төлемі жүзеге асырылған күнгі халықаралық (Лондон) биржада белгіленген биржалық баға бойынша есептеледі.

Пайдалы казбаларға биржалық баға белгіленбеген жағдайда шығарылатын қордың кұны кұзыретті орган бекіткен жұмыс бағдарламасында көрсетілген өндіруге жұмсалатын жоспарлы шығындардың жоспарлы рентабельділік мөлшеріне түзетілген сомасынан айқындалады.

Коммерциялық табу бонусының ставкасы жер қойнауын пайдалануға жасалған әрбір келісім-шарттардағы жекелеген жағдайларға орай жер қойнауын пайдалануды жүзеге асыру кезінде тиісті коммерциялық табу бойынша алынатын қорлардың бекітілген кұныңа (есептеу базасына) 0,1 проценттен кем болмайтындай мөлшерде белгіленеді.

Коммерциялық табу бонусы кен орныңдағы пайдалы каз- балар қорының шығарылатын көлемін уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен күннен бастап 90 күннен кешіктірімей төленеді.

Коммерциялық табу бонусын төлеу мерзімі келісім-шартта айқындалып, белгіленеді. Жер қойнауын пайдаланушы коммер- циялық табу бонусы бойынша декларацияны өзі тіркелген жердегі салық органыңа төлем мерзімі басталған айдан кейінгі айдың 15-іне дейін табыс етеді.

Роялти

Роялти - пайдалы казбаларды өндіру жөне техногендік құралымдарды кайта өндеу процесінде жер қойнауын пайдалануға берілген құқық үшін жер қойнауын пайдаланушылар төлейтін арнаулы төлем болып табылады. Жер қойнауын пайдаланушы роялтиді Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін пайдалы қазбалардың әр түрі бойынша жеке-жеке төлейді.

Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шартта белгі- ленген роялти негізінен ақшалай нысанда төленеді. Сонымен қатар, келісім-шарт бойынша ақшалай нысанда белгіленген роялти кұзыретті орган мен жер қойнауын пайдаланушының арасында жасалған қосымша келісімнің негізінде баламалы түрде заттай нысанға ауыстырылуы мүмкін.

Роялти төлеушілерге есепті кезенде пайдалы казбалар өнді- руді, сондай-ақ техногендік минералды құралымдарды кайта- дан өңдеу барысыңда пайдалы казбалар алуды олардың өткізілгеніңе немесе өткізілмегеніңе карамастан жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жатады.

Демек, бүл ретте өндірілген пайдалы қазбалардың сатып алу- шыға өткізілгені-өткізілмегені және өз қажетіне пайдаланғаны есепке алынбайды.

Пайдалы казбалардыңөндіріліп апынған көлемі немесе нақ- тылы өндірілген пайдалы казбапардан алынған алғашкы тауарлықөнімдердіңкөлемі өндірілген пайдалы қазбалардыңбарлық түрлері бойынша роялти алынатын объект болып табылады. Роялти мөлшерін белгілеу кезінде роялти алу объектісі мен есеп- теу базасы және роялти ставкасы негізге алынады.

Алғашкы тауарлықөнімдер катарына: мұнай, табиғи газ және газ конденсаты; көмір және жанғыш тактатастар; тауарлық кендер; жерасты сулары, оның ішінде бастапкы өндеуден өткен сулар; слюда, асбест, құрылыс материалдарын өндіруге арнал- ған шикізат; металлургияға арналған кен емес шикізат сияқты пайдалы казбалар; кымбат бағалы металдар, құмда, кенде және концентратта болатын металдар; кара, түсті, сирек кездесетін және радиоактивті металдардың, кен-химия шикізаттарының концентраттары; кымбат бағалы тастар, бастапкы өндеуден өткен жаркырауык тас және пьезооптикалық шикізат; басқа пайдалы казбалар бойынша - бастапқы өндеуден өткен мине- ралдық шикізат жаткызылуы мүмкін.

Салық кодексінің 299-бабына сәйкес айқындалатын пайдалы казбалардың кұны роялтиді есептеу үшін салық базасы болып табылады.

газ конденсатын қоса алғанда, мұнай бойынша - қызметтің күнтізбелік әрбір жылы үшін, газ конденсатын қоса алғанда, мұнайдың жинақталған өндірілімінің көлеміне байланысты ай- кындалған процент ретінде жылжымалы шкала бойынша және мынадай:

500 000 тоннаға дейін - 2 процент;

500 000-нан 1 000 000 тоннаға дейін - 2,5 процент;

1 000 000-нан 1 500 000 тоннаға дейін - 3 процент;

. 1 500 000-нан 2 000 000 тоннаға дейін -3,5 процент;

2 000 000-нан 2 500 000 тоннаға дейін - 4 процент;

2 500 000-нан 3 500 000 тоннаға дейін - 4,5 процент;

3 500 000-нан 4 500 000 тоннаға дейін - 5 процент;

4 500 000-нан 5 000 000 тоннаға дейін - 5,5 процент;

5 000 000 тоннадан жоғары — 6 процент ставка бойынша төленеді. Егер газ тәріздес көмірсутектерді сұйык көмірсутек- термен бірге жер бетіне шығару көзделген жағдайда, роялтиді есептеу мақсатында осындай газ тәріздес көмірсутектер мына- дай арақатынас аркылы мұнайға ауыстырылады: газ тәріздес көмірсутектердің і мың текше метрі мұнайдың 0,857 тоннасына сәйкес келеді.

Алтынды, күмісті, платинаны, басқа да кымбат бағалы ме- талдар мен қымбат бағалы тастарды қоса.алғанда, катты пайдалы қазбалар үшін роялти — Қазақстан Республикасының Үкі- меті айқындайтын ставкалар бойынша төленеді.

Кең таралған пайдалы казбалар мен жер асты суларына ка- тысты роялти Салық кодексінің 300-бабында белгіленген ставкалар бойынша төленуге тиіс.

Роялтиді есептеу мақсатында, алтынды, күмісті және платинаны қоспағанда, өндірілген мұнайдың, жер асты сулары мен пайдалы казбалардың құны өндірілген пайдалы қазбалардан алынған алғашкы тауарлы өнімнің салық кезеңіндегі орташа өлшемді өткізу бағасы негізге алына отырып, жанама салықтар мен оларды сату (тиеп жөнелту) пунктіне дейін тасымалдауға

кеткен іс жүзіндегі шығыстар сомасы есепке алынбай айқында- лады.

Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген ал- тынның, күмістің және платинаның кұны Халықаралық (Лон- дон) биржада салық кезеңі ішінде қалыптаскан осы металдардың орташа кұны негізге алына отырып есептеледі.

Алғашкы тауарлы өнім сатылмаған жағдайда, алтынды, күмісті, платинаны және кеңтаралған пайдалы казбаларды қос- пағанда, өндірілген мұнайдың, жер асты сулары мен пайдалы казбалардың құны осындай сату орын алған соңғы салық кезе- ңіндегі алғашкы тауарлы өнімінің орташа өлшемді өткізу баға- сы негізге алына отырып айқындалады. Ал алғашкы тауарлы өнім мүлде сатылмаған кезде алтынды, күмісті, платинаны және кеңтаралған пайдалы казбаларды қоспағанда, өндірілген мұнайдың, жер асты сулары мен пайдалы казбалардын күны мұнайды, жер асты суларын өндіруге және көрсетілген пайдалы қаз- баларды өндіруге салық кезеңінде іс жүзінде қалыптаскын шы- ғыңдар негізге алынып айқындалады.

Келесі сату жағдайында жер қойнауын пайдаланушы алғаш- кы тауарлы өнімнің іс жүзінде сатылған бағасын негізге ала оты- рып, алғашкы сату орын алған салық кезеңінде есептелген ро- ялти сомаларына түзету жүргізуге міндетті.

Кеңтаралған пайдалы казбалардан алынған алғашкы тауарлы өнім сатылмаған кезде немесе оларды толығымен өз кажет- тері үшін пайдаланған жағдайда, кең таралған пайдалы казбалардын кұны жер қойнауын пайдаланушының салық кезеніңде іс жүзінде қалыптаскан рентабельділік нормасына ұлғайтыл- ған, өндіру мен бастапқы өндеуде іс жүзінде қалыптаскан шы- ғындар сомасы негізге алынып айқындалады.

Газ тәріздес көмірсутектерді одан өрі өндеу үшін өтеусіз берген жағдайда, осындай көмірсутектерінің кұны Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен салық кезеңінде іс жүзінде қалыптасқан рентабельділік нормасына ұлғайтылған, оларды өндіру мен бастапкы өндеуге іс жүзінде қалыптаскзн шығындар негізге алына отырып айқындалады. Бұл орайда, газ тәріздес көмірсутектері бойынша роялти ставкала- рын айқындау үшін Салық кодексінің 297-бабында айқындал- ған ауыспалы коэффициент пайдаланылады.

Жер асты суларын шығарылатын өнімдердің және (немесе) көрсетілетін қызметтердің негізгі компоненті ретінде пайдалан-


ған жағдайда, өндірілетін жер асты суларының құны салық кезеңінде іс жүзінде қалыптасқан рентабельділік нормасына ұлғайтылған, оларды өндіру мен бастапкы өндеуде іс жүзінде қалыптаскан шығындар негізінде айқындалады.

Роялти мөлшері салық салу объектісі, есептеу базасы мен ставка негізге алына отырып белгіленеді.

Роялтиді есептеу үшін: өндіріліп алынған пайдалы казбалардың көлемі немесе Салық кодексінің 298-бабында белгіленген нақты өндірілген пайдалы казбалардан алынған алғашкы тауарлы өнімнің көлемі салық салу объектісі болып табы- лады.

Салық кодексінің 299-бабына сәйкес белгіленген пайдалы қазбалардың құны роялтиді есептеу базасы болып табылады;

Роялти ставкасы жоба экономикасы негізге алына отырып, келісім-шартта, кең таралған пайдалы казбалар мен жерасты суларын қоспағанда, пайдалы қазбалардыңбарлықтүрлері бой- ынша белгіленеді. Бұл ретте роялтидің ең төменгі ставкасы 0,5 проценттен кем болмауға тиіс.

Көмірсутектері бойынша роялти ставкалары өндірілу көлеміне қарай белгіленген процент ретінде жылжымалы шка- ламен мынадай екі әдістің бірі бойынша: келісім-шартта көзделген бүкіл қызмет кезеңінде өндірілген көмірсутегінің жинақ- талған көлеміне карай; келісім-шартбойынша қызметтіңәрбір жекелеген жылы ішіңде жинакталған өндіру деңгейіне қарай белгіленеді.

Сонымен, алтынды, күмісті, платинаны, басқа да бағалы ме- талдар мен асыл тастарды қоса алғанда, қатты пайдалы казбалар бойынша роялти ставкалары келісім-шарт қолданылатын бүкіл кезеңге тіркелген проценттүрінде, кентаралған пайдалы казбалар мен жерасты сулары бойынша роялти ставкасы Салық кодексінің 300-бабына сәйкес, сондай-ақ роялтиді есептеу мак- сатында жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңінде өндірген пайдалы казбалар кұны, алтынды, күмісті және платинаны қоспағанда, өндірілген пайдалы казбалардан алынған ал- ғашқы тауарлы өнімнің салық кезеңіндегі орташа өлшемді өткізу бағасы негізге алына отырып, жанама салық пен оларды сату (тиеп жөнелту) пунктіне дейін тасымалдауға кеткен нақты шы- ғыңцар сомасы есепке алынбай белгіленеді.

Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген ал- тынның, күміс пен платинаның құны осы металдардың Лондон

металл биржасында салық кезеңінде қалыптаскан орташа баға- сы негізге алына отырып есептеледі. Кең таралған пайдалы казбалар мен жерасты сулары бо- йынша роялтиді жер қойнауын пайдаланушылар, оның ішінде пайдалы казбалардың басқа түрлерін өндіруге жасалған келісім- шарттар бойынша қызметті жүзеге асыратындар мынадай:
Р/С № ГІайдалы казбаның атауы Роялти ставкасы,%
Металлуогияға арналған рүда емес шикізат
Калыпка сапынатын кум, глиноземді жыныс (далалық шпат, пегматит), әк, доломит, әк-доломит жыныстары
Тамак өнеркәсібіне арнапған әк
Руда емес басқа шикізат 3.5
Отка берік саз балшыктар, каолин, вермикүлит 3,5
Ас ТҮЗЫ 3.5
Жергілікті құрылыс матеоиалдары 4.5
Ауа кіретін кеуек жыныстар, құрамында суы бар ауа кіретін шынылар мен шыны тектес жыныстар (перлит, обсидиан), малта тас пен киыршык тас, киыршык таскұм қоспасы, гипс, гипстік тас, ангидрит, гажа, саз балшык және саз балшыкты жыныстар (баяу балкитын және тез балкитын саз балшык, кұмды саз балшык, ар- гиллиттер, алевролиттер, саз балшыкты тактатастар), бор, мергель, мергельді-борлы жыныстар, кремнийлі жыныстар (трепел, опока, диатомит), кварцты-далалық шпатты жыныстар, шой тас, шөгінді, аткылаудан кейінгі және метаморфозалық жыныстар (гранит, базальт, ди- абаз, мәрмәр), калыпка салынатыннан басқа кұм (құры- лыстық, кварцты, кварцты-далалық шпатты), кұм тас, табиғи пигменттер, үлүтас 4,5
Жерасты сулары

 


тіркелген ставкалар бойынша төлейді.

Жер қойнауын пайдаланушы кен таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша роялтиді, олардың тұтыну- шыларға сатылғаныңа немесе өз кажеттеріне пайдаланылғаныңа карамастан төлейді.

Мынадай заңды және жеке тұлғалар:

1) жеке тұлғалар өзінің жеке меншік құқығындағы жер учас- келерінде өндіретін жерасты сулары бойынша, осы сулар сыртка сатылмайтын және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде өңдіріс пен технологиялық кажеттерге жұмсалмаған жағдайда;

2) жерасты суларын өзінің шаруашылық қажеттері үшін өндіруді жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер;

3) жер қойнауын пайдаланушылар өндірілген ілеспе жерас- ты суларын жер кабатының қысымын калпында ұстау үшін кері айдағанда роялти төлемейді.

Роялти төлеу бойынша салық кезеңі күнтізбелік ай болып табылады.

Алдыңғы токсандағы роялти бойынша орташа айлықтөлемдер 1000 айлық есептік көрсеткіштен кем болған жағдайда салық кезеңі токсан болып табылады.

Жер қойнауын пайдаданушылар пайдалы қазбалардың барлық түрлері бойынша роялтиді салық кезеңінен кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей төлеуге міндетті.

Жер қойнауын пайдаланушы роялти жөніңдегі декларация- сын өзі тіркелген жеріндегі салық органыңа салық кезеңінен кейінгі айдың 10-ынан кешіктірмей табыс етеді.

Өнімді бөлу туралы келісім-шарт бойынша
Қазақстан Республикасының үлесі

Өнімді бөлу туралы келісім-шарт Қазақстан Республикасын- да жер қойнауын пайдаланушыға келісім-шарт ауқымының аумағында ақылы негізде мұнай операцияларын қоса алғанда жер қойнауын пайдалану жөніңдегі операцияларды жүргізуге және осы операііияларды және осы байланысты жұмыстарды өз есебінен белгілі бір мерзімге жүргізуге құқық беретін шарт болып табылады.

Өнімді бөлу туралы келісім-шарт мазмұны мынадай негізгі талаптарды:

1) өлшеу орныңан өткен өндірілген өнімнің жалпы көлемін және оның кұның;

2) роялти төлегеннен кейін келісім-шарт бойынша жұмыс- тарды орындауға арналған шығындарды өтеу үшін жер қойнау- ын пайдаланушының меншігіне берілетін өндірілген өнім (өтемдік өнім) бөлігін;

3) роялти мен өтемдік өнім шегеріліп тасталғаннан кейін бөлуге жататын өндірілген өнім (пайда түсіретін өнім) бөлігін;

4) Қазақстан Республикасы мен жер қойнауын пайдалану- шының арасындағы бөліс үлесін (процентін);

5) Салық кодексінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Рес- публикасының пайда түсіретін өнімдегі үлесін айкьіндау тәртібін қамтиды.

Өнімді заттай нысанда бөлу бойынша роялти мен Қазақстан Республикасының үлесін төлеу осы төлемдер үшін келісім-шарт- та белгіленген төлемнің ақшалай нысаныңа баламалы болуға тиіс.

Сонымен катар, роялти мен республика үлесін мемлекетатынан алушы мен өнім бойынша үлесті беру пункті және оларды беру-алу шарттары тиісті келісімде міндетті түрде айқындалады. Сол келісімдердегі жер қойнауын пайдаланушының роялти мен Қазақстан Республикасының үлесіне төлеу есебіне берілетін өнімді беру мерзімдері жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шартта көзделген төлемдерді ақшалай нысанда төлеу үшін белгіленген төлеу мерзімдеріне сәйкес келуге тиіс.

Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесі шегеріліп, Қазақстан Республикасы мен жер қойнауын пайда- ланушы арасында бөліске түсетін пайда түсіретін өнімнің жиын- тық кұны ретінде айқындалады.

Пайда түсіретін өнімнің кұны Салық кодексінің 304-3-ба- бының 2-тармағына сәйкес айқындалатын нарыктық бағаның негізінде белгіленеді.

Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесінің көрсетілген төменгі мәндерге сәйкес келетін жөне жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесін ай- кындау үшін кажетті проценттік мәні өнімді бөлу туралы келісім-шартта мынадай шектерде белгіленеді:

К-фактордын (кірістілік көрсеткішінің) мәні Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесінің проценттік мәні
1,2-ден аз немесе соған тең 70 проценттен 90 процентке дейін
1,5-тен аз немесе соған тең 10 процент
 

 

тәрізді мәндер негізінде жүзеге асырылады.

Рентабельділіктін ішкі нормасы (РІН) - жер қойнауын пай- даланушының өнімді бөлу туралы келісім-шарт күшіне енген кезден бастап әр есепті кезендегі және осындай есепті кезенді қоса алғанда, жер қойнауын пайдалануының қолма-қол таза ақша ағыныңың мәні бойынша есептелген таза ағымдағы кұны нөлге тең болатын дисконттың жылдық ставкасы ретінде про- центпен айқындалады.

Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесінің көрсетілген төменгі мәндерге сәйкес келетін және жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесін ай- кындау үшін кажетті проценттік мәні өнімді бөлу туралы келісім-шартта мынадай шектерде белгіленеді:

Рентабельділіктін ішкі нормасының (РІН) мәні Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесінің проценттік мәні
12 проценттен кем немесе соған тең 70 проценттен 90 процентке дейін
20 проценттен кем немесе соған тен 10 процент
 

 

тәрізді мәндер пайдаланылады.

Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесінің көрсетілген төменгі мәндерге сәйкес келетін және жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесін ай- кындау үшін кажетті прдценттік мәні өнімді бөлу туралы келісім-шартта мынадай шектерде белгіленеді:


Просмотров 513

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!