Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






САЛЫҚ САЛУ АЯСЫНДАГЫ САЛЫҚТЫҚ ЫНТАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК МӘЖБҮРЛЕУ 15 часть



Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының заңдарын- да белгіленген тәртіппен өзінің құрылымдықбөлімшелері үшін қорпорациялық табыс салығын олардын орналасқан жері бо- йынша Астана және Алматы калаларыныңтиісті бюджеттеріне немесе облыстық бюджеттерге төлеуді жүзеге асырады.

Құрылымдық бөлімшелері бар салық төлеушілер аванстық төлемдер мен қорпорациялықтабыс салығы бойынша деклара- ция сомаларының есеп-қисабын тапсырган кезде өзінің тіркелген жеріндегі салықорганыңа заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері, салықгык кезеңнің қорытындысы бойынша; аванс- тық төлемдері мен қорпорациялық табыс салығы сомасының есеп-қисабын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіп пен нысанда бір мезгілде табыс етуге міндетті.

Салық төлеушілер салықтық кезеңнің қорытындысы бой- ынша құрылымдық бөлімшелері үшін төленуге тиіс аванстық төлемдер мен қорпорациялық табыс салығының сомалары ту- ралы салық төлеушінің тіркелген жеріндегі салық органы куә- ландырған және уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіп пен нысандагы есеп-қисапты табыс ету жолымен, тиісті есеп- қисапты табыс ету үшін белгіленген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті салық органдарын хабардар етуге тиіс.

Салықтөлеушінің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде төлеген табыс салығының және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде алған кірістері бойынша табыс- қа салынатын салық сомасы Қазақстан Республикасында қор- порациялықтабыс салығын төлеу кезінде есепке жаткызылады.



Осы орайда заңдық негізде есепке жатқызылатын сомалардың мөлшері салық төлеушінің әр мемлекетте алған табыстары бойынша төлеген нақтылы салықсомасы негізге алына отырып, әр мемлекет бойынша жеке-дара аныкталады. Есепке жаткы- зылатын салық сомасының мөлшері осындай табыс бойынша Қазақстан РеспубликасыСалықкодексінің 135-бабындабелгі- ленген ставкамен есептелінетін сомадан аспауға тиіс.

Қосарланған салық салуды болғызбау және табыстар мен мүліктерге салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы халықаралық шарт жасаскан мемлекетте Қазақстан Республикасы- ның резидент заңды және жеке тұлғаларының табыстарынан немесе мүліктерінен-үсталған салықка қолданылмайды, оларға халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес Қазақстан Респуб- ликасында салық салынады.

Егер резидентке резидент емес заңды тұлғаның жарғылық капиталының 10 және одан астам проценті тікелей немесе жанама тиесілі болса, сондай-ақ ол салық салу жүйесінде жеңілдігі бар мемлекетте табыс алатіэін осы резидент емес заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының 10 және одан астам процентіне ие болса, онда заңды тұлға табысының резидентке қатысты нақ- тылы бөлігі оның салық салынатын табысына енгізіледі.



Шет мемлекетте салық ставкасы Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес айқындалатын салық ставкасынан 1/3 төмен болса, сондай-ақ мүліктің нақты иесі немесе та- быстың нақты иесі туралы күпияны сактауға мүмкіндік беретін қаржы ақпаратының немесе компаниялар туралы ақпараттың кұпиялығы туралы заңдар болса, ол салықсалу жөніңде жеңілдігі бар мемлекет ретінде қаралады.

Қорпорациялықтабыс салығы бойынша декларация тапсыр- ғанға дейінгі кезең ішінде төленілетін аванстық төлемдер сомаларының есебін жасаған салық төлеуші, осы жасаған есебін есепті жылдан кёйінгі жылдыңжиырмасыншы қаңтарына дейін өзі тіркелген орныңдағы салық органыңа табыс етеді. Ал қор- порациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырылғаннан кейін төленуге тиіс аванстық төлемдер сомаларының есебін декларацияны тапсырған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде, бірақ есепті салықтық кезеңнің 20 сәуірінен кешіктірмей табыс етеді.

Сонымен, заңды тұлға - салық төлеушілер қорпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің айқындалған мөлшерін салық кезеңі ішіндегі ағымдағы айдың жиырмасынан кешіктірмей республикалық бюджетке ай сайын төлеп отыруға міндетті.



Осылғын құн салығы

Салық кодексінің 205-бабында заң шығарушы қосылған кұн салығының мынадай: «Қосылған кұн салығы тауарларды (жұ- мыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардыңайналы- сы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым кұныңың бір бөлігін бюджетке аударуды, сон- дай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар им- порты кезіндегі аударымды білдіреді...» деген түсінігін берген.

Демек, біздің ойымызша, тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау және тиісті қызметтерді көрсету, сондай-ақ оларды өткізу процесінде қосылған кұнның және Қазақстан Респуб- ликасы аумағындағы тауарлар импорты кезінде қосылған кұнның заңда белгіленген бөлігіне салынатын салық қосылған кұн салығы болып табылады.

Сонымен қатар, Салық кодексінде: «Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған кұн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін есеп- телген қосылған қүн салығының сомасы мен алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін төленуге тиісті қосылған кұн салығының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады» деп айтылған (К.Р СК-нің 205-бабы).

Қосылған құн салығын төлеушілерге Қазақстан Республикасында қосылған кұн салығы бойынша есепке тұрған немесе тұруға міндетті тұлғалар жатады. Сонымен бірге, тиісті заңдар- ға сәйкес Қазақстан Республикасы аумағына тауарлар импорт- тайтын тұлғалар да қосылған кұн салығын төлеушілер болып табылады. Қосылған кұн салығын төлеушілер ретінде тауарлар өндіретін, жұмыстарды орындайтын және әртүрлі қызметтер көрсететін шаруашылық субъектілері (шетелдік инвестициясы бар кәсіпорындар; мемлекеттік және муниципалдық кәсіп- орындар, шаруашылық серіктестіктері, басқа да өндірушілер) жеке отбасылық кәсіпкерлер және жеке кәсіпорындар; өз алдына тауарларды (жұмыстарды және қызметтерді) өткізетін ерекшеленген филиалдар; халықаралық бірлестіктер мен шетелдік заңды тұлғалар, бөлшек сауда, қоғамдықтамақтанды- ру және аукциондықсауда аяларындағы тұлғалар; салықоргандарында есепте тұратын шетелдік сауда ұйымдары; шетелдік инвестициялары бар кәсіпорындар; заңды тұлға болып табыла- тын бөлшек сауда ұйымдары; бөлшек сауда жүйесінде жұмыс істейтін отбасылықжеке кәсіпкерлер мен жекеше кәсіпорыңдар және т.б.) көрініс табады. (

Аталған салықтөлеушілер кез келген он екі айдан аспайтын кезеңнің қорытындысы бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізу жөніңдегі айналымның мөлшері ең төменгі айналымнан асатын болса, тұлға осы кезең аяктал- ган күннен бастап, он бес күнтізбелік күннен кешіктірмей, қосыл- ған кұн салығы бойынша есепке кою жөніңде салық органыңа өтініш беруге міндетті.

Өткізу жөніңдегі айналымды аныктау кезінде Салық кодек- сінің 225-бабына сәйкес салықтан босатылатын өткізу жөніңдегі айналым, соңдай-ақ жеке тұлғаның жеке мүлкін өткізу бойынша айналым, егер ондай мүлік кәсіпкерлік қызмет мақсатында пайдаланылмаса, есепке алынбайды.

Шаруа (фермер) кожалығына арналған бюджетпен есеп айы- рысуды арнаулы салық режимінде жүзеге асыратын салық төлеуші, өткізу бойынша айналым мөлшерін аныктау кезінде осы арнаулы салық режиміне кіретін қызметті жүзеге асырудан түскен өткізу бойынша айналымды есепке алмауына болады.

Қосылған кұн салығы бойынша есепке кою туралы өтініш берген тұлға ағымдағы айдан кейінгі айдын алғашкы күніңен бастап қосылған кұн салығын төлеушіге айналады.

Мемлекеттік тіркеуден өткен тұлға салық органыңа қосыл- ған кұн салығы бойынша есепке кою туралы он жүмыс күніңен кешіктірмей өтініш берген жағдайда, салықорганы оған қосыл- ған кұн салығы бойынша есепке қою туралы куәлік берген күн- нен бастап, осы тұлға қосылған кұн салығын төлеушіге айналады.

Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері болған жағдай- да, өткізу бойынша айналым көлемі осы тұлғаның барлық құрылымдық бөлімшелерінің өткізу бойынша айналымдары ескеріле отырып айқындалады.

Уәкілетті мемлекеттік орган қосылған құн салығын төлеу- шініңөтініші бойынша оның құрылымдықбөлімшелерін қосыл- ған кұн салығын дербес төлеушілер ретінде карастыра алады.

К,ұрылымдық бөлімшелері қосылған құн салығын дербес төлеушілер деп танылған қосылған кұн салығын төлеуші құрылымдық бөлімшелердің орналасқан жеріндегі салық органдарына қосылған құн салығы бойынша одарды есепке кою туралы өтініш беруге (немесе өзінің құрылымдық бөлімшелеріне тапсырма беруге) міндетті.

Өткізу бойынша айналымның ең төмен деңгейі заңда көрсе- тілген кезеңнің соңғы айына белгіленген айлық есептік көрсет- кіштің 15 000 еселенген шамасын құрайды.

Қосылған құн салығы бойынша есепке қойылуға жатпайтын, бірак қосылған кұн салығын салуға жататын тауарларды (жұ- мыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізуді жүзеге асыратын не- месе жүзеге асыруды жоспарлаған тұлға қосылған кұн салығы бойынша есепке кою туралы өтінішті салық органыңа ерікті түрде бере алады.

Тұлғаны қосылған кұн салығы бойынша есепке қойған кезде, оның осы Кодекстің 235-бабына сәйкес есепке қойылған күніңдегі тауарлар (негізгі құралдарды қоса алғанда) қалдығы бойынша қосылған кұн салығы сомасын есепке жатқызуға құкығы бар.

Салық органы заңда тікелей көзделген жағдайларда, тұлға- ны қосылған кұн салығы бойынша есепке өтінішсіз қоюға құкылы.

Қосылған кұн салығы бойынша есепке кою салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеу орны бойынша жүзеге асырылады.

Арнайы экономикалық аймак аумағында объектілер салу жөніңдегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаны не оның құрылымдықбөлімшесін қосылған кұн салығы бойынша есеп- ке коюды арнайы экономикалық аймак аумағындағы салық органы жүзеге асырады.

Егер заңды тұлға өзін нақтылы аумакта қосылған кұн салығы бойынша есепке кою турапы өтініш бермесе, оныңарнайы экономикалық аймактың аумағында объектілер салу жөніңдегі қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі аталған заңды тұлғаның өтінішінсіэ қосылған кұн салығын дербес төлеуші деп карастырылады.

Қосылған кұн салығы бойынша есепке алынған тұлғаға салық органы оның қосылған кұн салығын төлеуші ретінде есеп- ке қойылғаны туралы куәлік беруге міндетті куәліктетұлғаның атауы және оның деректемелері, салық төлеушіге берілетін салық төлеушінің тіркеу нөмірі және тұлғаның қосылған кұн салығын төлеуші болған күн көрсетіледі.

Қосылған кұн салығы бойынша есепке қойылғаны жөніңдегі куәлік қосылған кұн салығын төлеушіде сакталады, ал осы салық бойынша есептен шығарылған жағдайда салық төлеуші куәлікті салық органыңа кайтаруға тиіс.

Қосылған құн салығын төлеушінің соңғы он екі айлық кезеңдегі салықсалынатын айналым мөлшері салық салынатын еңтөменгі айналым мөлшерінен аспаса, ол тіркелген жеріндегі салық органыңа өзін қосылған кұн салығы бойынша есептен шығару туралы өтініш беруге құқылы.

Салық төлеуші өзінің осындай құқығын өзін қосылған кұн салығы бойынша есепке қойған кезден бастап, кем дегенде екі жыл өткеннен кейін ғана пайдалана алады.

Қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын тұлға салық салынатын айналымдарға байланысты қызметін токтат- қан жағдайда, қызметі тоқтатылған салық кезеңінен кейінгі алты айдан кешіктірмей салық органыңа өзін қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы өтініш беруге міндетті.

Салық органы қосылған кұн салығын төлеуші болып табы- латын әрекетсіз заңды тұлғаны аныктаған жағдайда, оны уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен қосылған құн салығы бойынша есептен шығарады.

Қосылған кұн салығын төлеуші заңды тұлға таратылған жағ- дайда, ол салық төлеушілердің мемлекеттік тізілімінен алып тасталған күннен бастап қосылған кұн салығы бойынша есептен шығарылуға тиіс.

Қазақстан Республикасының салық және кеден заңдарына сәйкесдекларациялануғатиісті Қазақстан Республикасы аума- ғына әкелінетін немесе әкелінген тауар салық салынатын им- портболып табылады. Бұл ретте ескеруге тұратын маңызды бір жәйт, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіп бойынша импортталынатын тауарлардың Салық кодексінің 234- бабында көзделген мынадай түрлері мен тобы:

1) ұлттық валюта, шетел валютасы (нумизматикалық мақсат- та пайдаланатыннан басқа), сондай-ақ бағалы кағаздар импор- ты;

2) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тауарларды бажсыз әкелу нормалары бойынша тауарлар импорты;

3) акцизделетін тауарларды қоспағанда, Қазақстан Респуб- ликасының Үкіметі белгілеген тәртіппен ізгілік көмек ретінде әкелінген тауарлар импорты;

4) акцизделетін тауарларды қоспағанда, мемлекет, мемле- кеттердің үкіметтері, халықаралық ұйымдар желілері бойынша кайырымдылық мақсатында әкелінген тауарлар импорты, оның ішінде техникалық жәрдем көрсету;

5) шет елдің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкіл- діктерінің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ солармен бірге тұратын олардын отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдік- тердің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық қызметкерлерінің жеке пайдалануы үшін әкелінген және Қазақстан Рес- публикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес салықтан босатылған тауарлар импорты;

6) салық төлеуден босатуды белгілейтін кеден режимдерінде Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес деклара- циялануға тиісті тауарлар импорты;

7) дәрі-дәрмектік заттардың, оның ішінде субстанция- дәрілер; протездік-ортопедиялықбұйымдарды, сурдотифлотех- никаны және медициналық (мал дәрігерлік) техниканы қоса алғанда медициналық (мал дәрігерлік) мақсаттағы бұйымдар; протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (мал дәрігерлік) техниканы қоса алғанда, дәрі-дәрмек және диабет заттарын өндіруге арналған материалдар мен жинакгаушы заттар, медициналық (мал дәрігерлік) мақсаттағы бұйымдар импорты;

8) пошта маркаларының (қоллекциялық маркалардан басқа) импорты;

9) кағаз ақша белгілері өндірісі үшін Қазақстан Республика- сының Үлттық Банкі және оның ұйымдары жүзеге асыратын шикізатимпорты;

10) мемлекеттердің, мемлекеттер үкіметтері мен халықаралық ұйымдардың желісі бойынша берілген гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тауарлар импорты;

11) қаржы лизингі шарты бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг беруші әкелген негізгі құралдар импорты қосылған кұн салығыныңтегеурініңен босатылады.

Импортталатын тауарларды (поштаны, жолжүкті) тасымал- дауды бірнеше көлік ұйымдары жүзеге асыратын жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген жолаушыларды, тауарларды (поштаны, жолжүкті) көлік ұйымының көлігімен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымал халықаралықтасымал- ға жатады.

Мынадай тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізу барысындағы: пошталық ақы төлеудің мемлекеттік бел- гілері; акциздік маркалар (Салық кодексінің 549-бабына сәйкес акцизделетін тауарларды таңбалауға арналған есеп-бақылау маркалары); уәкілетті органдар жүзеге асыратын, соларға бай- ланысты мемлекеттік баж алынатын қызметтер; адвокаттық қызметті, нотариаттық іс-әрекеттерді жүзеге асыру кезінде көрсетілетін қызметтер; Қазақстан Республикасының Үлттық Банкі өткізетін тауарлар (жұмыстар, қызметтер); мемлекеттік меншікті жекешелендіру тәртібімен өткізілетін мүлік; мемле- кеттік қажеттіліктер үшін сатып алынған мүлік; Қазақстан Рес- публикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемелердің пайдасына өтеусіз негізде негізгі құраддарды беру, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік кәсіпорындар пайдасына өтеусіз негізде негізгі құраддарды беру; жарғылық капиталға енгізілген жарналар; жарғылық капиталға жарна ретінде алын- ған мүлікті кайтарып алу; жерлеу бюроларының әдет-ғұрып- тық қызмет көрсетулері, зираттар мен крематорийлердің кыз- мет көрсетулері; оларды өткізу жөніңдегі қызмет көрсетулерді қоспағанда, лотереялық билеттер; операциялар бойынша есеп- қисаптарға қатысушыларға жинау, өндеу және таратып беру жөніңдегі банк карталарымен қызмет көрсетулерді қоса алған- да, есеп-қисаптарға қатысушылар арасында ақпараттық және технологиялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жөніңде көрсетілетін қызметтер; Қазақстан Республикасының кеден аумағына «Қазақстан Республикасының кеден аумағында та- уарларды ұксату» кедендік режимінде әкелінген тауарларды ұқсату немесе жөндеу жөніңде көрсетілетін қызмет; Салық кодексінің 224-бабына сәйкес халықаралықтасымалдар болып табылатын тасымалдарға байланысты жұмыстар мен қызмет көрсетулер, атап айтканда: Қазақстан Республикасының аума- ғынан экспортталатын, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның ішінде поштаны тиеу, түсіру, кайта тиеу, жөнелту бойынша жұмыстар, қызмет көрсетулер, сондай-ақ транзит жүктер; техникалық, аэронавигациялық, әуежай қызметін көрсету; халықаралық рейстерге көрсетілетін қызметтер бойынша теңіз айлактарында қызмет көрсету; тұрғын үй қорын басқару, ұстау және пайдалану жөніңде қызмет; Салық кодексінің 226-233-баптарында көрсетілген өткізу; ұлттық ва- люта; егер мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері, сондай-ақ өндірістік ұйымдары мына шарттарға сәйкес келсе: осындай өндірістік ұйымдар қызметкерлері жалпы саныңың кемінде 51 проценті мүгедектер болса; мүгедектерге еңбекақы төлеу бо- йынша шығыстар енбекақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемінде 51 проценті (есту, сөйлеу, көру кабілетінен айрыл- ған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдар- да — кемінде 35 проценті) болса, осындай бірлестіктер мен ұйымдардың тауарлары (жұмыстары, қызмет көрсетулері) бойынша айналымдар (сауда-делдалдық қызметтен түскен тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізу жөніңдегі айналымдардан және акцизделетін тауарлар мен қызмет түрлерін өндіру мен өткізу бойынша айналымдардан басқа);

Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес айқындалған, «Еркін қойма» кеден режимі қолданылатын аумақ- та өндірілген жөне Қазақстан Республикасы кедендік аумағы- ның калған белігінде өткізілетін Қазақстандықтауарлар; арнайы экономикалық аймактардың аумактарында өткізілетін, сондай- ак осы арнайы экономикалық аймактардың аумактарында Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 140-1-бабы 1-тар- мағының 3) тармақшасында аталған қызметтүрлерін жүзеге асы- ру процесінде тұтынылатын тауарлар; Қазақстан Республика- сының аумағында жүмыс істейтін және келісім-шарт талаптарына орай импортталатын тауарларға (жүмыстарға, көрсеті- летін қызметтерге) салынатын қосылған кұн салығынан боса- тылған кәсіпорындарға тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша айналымдар қосылған кұн салы- ғынан босатылады.

Қосылған кұн салығы салықсалынатын айналым мөлшеріне 15 проценттік ставка бойынша қолданылады. Салықсалынатын импорт мөлшеріне де 15 проценттік ставка бойынша қосылған кұн салығы салынады.

Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленетін қосылған кұн салығының сомасы Салық кодексінің 245-бабына сәйкес салық салынатын айналым бойынша есептелінген қосылған кұн салығының сомасы мен Салық кодексінің 235- бабына сәйкес есепке жажызылатын салықсомасы арасындағы айырма ретінде анықталады.

Оңайлатылған тәртіппен өткізілетін тауарлар импорты кезінде жеке тұлғалар қосылған кұн салығын Қазақстан Рес- публикасы Салық кодексінің 516-бабының 2-тармағына сәйкес жиынтық кедендік төлем құрамында төлей алады. Осы орайда қосылған кұн салығының мөлшері Қазақстан Республикасының кедеңдік заңнамасын сай айқындалады.

Тауарлар экспортының және халықаралық тасымалдарға байланысты орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызмет- тер айналымына нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынады.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 140-1-бабы 1- тармағының 3)-тармақшасыңда аталған қызмет түрлерін арнайы экономикалық аймақтардың аумактарында жүзеге асыруға арналған жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес әкімшілік және өндірістік мақсаттағы объектілерді салу және пайдалануға беру процесінде толық тұтынылатын тауарларды арнайы экономикалық аймақтардың аумағында өткізуге байланысты қосылған кұн салығы нөлдік ставка бойынша салынады.

Электр энергиясын, бензинді, дизель отыны мен суды қос- пағанда, әкімшілік және өндірістік мақсаттағы объектілерді тұрғызу процесіне тікелей тартылған тауарлар құрылыс процесінде толық тұтынылатын тауарлар болып табылады.

Аталмыш 140-1 бапка сәйкес қосылған кұн салығы бойынша нөлдік ставка:

1) арнайы экономикалық аймактың аумағында 140- 1-баптың 1-тармағында аталған объектілерді салуды жүзеге асыратын ұйымдармен арадағы тауарлар беруге жасалған шарт (келісімшарт);


Просмотров 651

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!