Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






САЛЫҚ САЛУ АЯСЫНДАГЫ САЛЫҚТЫҚ ЫНТАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК МӘЖБҮРЛЕУ 13 часть



Бұл ретте айта кететін маңызды бір жәйт, 2001 жылғы 12 мау- сымда жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасы Салық кодексінің Ерекше бөлімінде белгіленіп, бекітілген салықтар мен алымдар және басқа да міндетті төлемдер осы салықтық құқықтың Ерекше бөлімінде өздерінің толық көрінісін тауып, кажетті мөлшерде мазмұндалған. Демек, осындай институттар бүгінде мемлекетімізде жүзеге асырылып жатқан салық салу ісінің мән-маңызын айқындап әрі ашып көрсетеді деп айтуға болады.

Салықтық-құқықтық нормалдры бар заңнамаға арнаулы салық заңдары мен кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті бекітетін заңға қоса салық жүйесін реттейтін жекелеген нормалары бар қаржылық заңдарды да жаткызамыз. Осы орайда, салықтық құқықтың ерекше бөлімінің институт- тарын құрып, қалыптастыру барысында негізге алынатын нормативтік құқықтық актілердің ішінде салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді нақты бюджеттердің түсім көздері ретінде топтастырып, оларға айтарлықтай деңгейде фисқалдік құқықгык бағыт беретін Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі өзінің маңыздылығымен ерекшеленіп отыр.

Міне, жоғарыда аталған осындай нормативтік құқықтық актілердің нормалары мен ұстанымдарын және салық салу мен 16-126 241 салықтық құқық аясында қалыптастырылған отандық, сондай- ак халықаралық теориялық-практикалық тиісті тұжырымдамалар мен көзкарастарды негізге ала отырып салықтық құқықтың ерекше бөлімін:



1. Республикалық бюджеттің түсімдері — салықтар мен баска да міңдетті төлемдерді құқықтық реттеу.

2. Жергілікті бюджеттердің түсімдері - салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді құқықтық реттеу сияқты институттар құрайды деп айта аламыз.

 


II. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕРПЛІКТІБЮДЖЕТПҢ
САЛЫҚТЫҚ ТҮСІМДЕРІ АЯСЫНДАП>І САЛЫҚГЫҚ-
ҚҰҚЬЩТЫҚ ҚАТЫНАСТАР

Қандай болмасын мемлекеттің болмысы мен өсіп-дамуын, өркениеті мен әлеуметтік-экономикалық ахуалын оның орталықтандырылған қаржылық ресурсы (ақша қоры) — мемлекеттік бюджетіне, осы бюджеттінжоғамдық-мемлекеттік маңызы бар мүдделерге байланысты атқаратын рөліне карап сипаттауға бо- лады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабының 1-тармағында «Қазақстан Республикасы - президенттік басқа- ру нысаныңдағы біртұтас мемлекет» деп айтылған. Демек, уни- тарлық (конституциялық нормада «біртұтас» деп берілген) мем- лекеттің бюджеттік құрылысы біздің елдегідей екі деңгейден — республикалық бюджеттен және әкімшілік аумақтық құрылыс- тардың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құзырын- дағы жергілікті бюджеттен тұрады.



Мемлекеттік бюджеттің қоғам және мемлекет тыныс-тірші- лігіндегі релі мен маңызы Қазақстан Республикасының нарық- тықдамуы мен егемендігінде көрініс тауып отыр.

Мемлекеттік бюджет нарықтық экономиқа саясатын айтарлықтай жүргізуге, индустриалдық-инновациялықдаму страте- гиясын, ауылдық аумактарды дамыту бағдарламасын, экономика салаларындағы құрылымдық түрлендіруді іске асыруға септігін тигізетін, ал бюджеттік құкык пен салықтық құкык әлеуметтік- экономикалық, мәдени және саяси-әкімшілік даму аясына қуат- ты ықпал ететін негізгі тетіктер болып табылады.

Демек Қазақстан Республикасындағы біте қайнасқан қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді каржьшандырудың қайнар бұлағы, мемлекеттік қаржы-каражаттардың жүйеленген ағыны мемлекеттік бюджет болып табылады. Кдзақстан Республика- сындағы республикалық және жергілікті бюджеттер мемлекет- тіңбюджетжүйесінің материалдықтірегі, қаржы жүйесініңор- талық буыны, Қазақстан Республикасы мемлекеттігінің атри- буты және оның егемендігінің қаржылық негізі болып саналады, соңдай-ақ мемлекеттік бюджет аркылы жалпы ұлттық өнім- нің тиісті қаржылық заңнамалық актілерде көзделген бөлігі қайта бөлініп, қоғамның әлеуметтік-экономикалық игілігіне пайдаланылады.

Мемлекеттік бюджеттің кірістеріне тек Қазақстан Респуб- ликасының тиісті заңнамалық актілерінде белгіленген салық- тар мен басқа да міндетті төлемдер жатады.

Қазақстан Республикасы бюджеттік жүйесінің ауқымында ұдайы жүзеге асырылатын мемлекеттік басқару басымды тұрғы- дан республикалық (орталық) бюджет пен жергілікті бюджет- тердің салықтық түсімдерін нақтылы айқындауды, сондай-ақ аталған бюджеттердің салықтық кірістері бөлігін жоспарлан- ған көлемде қалыптастыруды көздейді.

Мемлекеттік салық әкімшілігін жүргізу (салықтық әкімші- лендіру) аясындағы салық органдарының жүйесі республикалық бюджетке және жергілікті бюджеттерге байланысты барлық салықтық мән-жайларды тәртіптендіруге, реттеуге, салық салу проблемаларын шешуге, салық жүйесінің механизмдері ар- кылы республикалық және жергілікті бюджеттердің салықтық кірістері бөлігін тапшылықсыз қалыптастыруға ат салысады.

Республикалық және жергілікті бюджеттердің салықтық түсімдері аясындағы салықтық қатынастар ауқымы әдетте салықтық құкыктық реттеу күзырыңда болады.

Салық жүйесінің фискаддық әлеуеті негізінде мемлекеттің бюджеттік жүйесінің тиімді әрі тұрақты жүмыс істеуі Казақ- стан Республикасының казіргі замангы даму ерекшеліктері мен халықаралық стандарттар - талаптарға сай қоғамдық-мемлекет- тік және қорпоративтік (және жекеменшік) мүдделердіңбалан- сын (тендестірілуін) көздейтін үтымды құқықтық механизмге, яғни салықтық, сондай-ақ бюджеттік құқықтық реттеу әдістері- нің өркениетті тиімділігіне тікелей байланысты болады.

Осы орайда, Қазақстан Республикасы бюджеттік құрылысы саласының нормативтік құқықтық аркауы бюджеттік заңнамалық актілер массивінің тұрақты дамытылып, ұлғаюы, сондай- ақ олардың жүйелендіріліп, тиісінше кодификациялануы 2004 жылғы сәуірдің 24-інде кабылданған тұңғыш Қазақстан Респуб- ликасы Бюджет кодексінің қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік- экономикалық (қаржылық) өмірінен орын алуына себеп болғаның айта кетуіміз кажет.

Аталған кодекстің46-бабының 1-тармағыңдареспубликалық бюджетке тұрақты түсетін салықтық түсімдер ретінде:

1) қорпорациялық табыс салығы;

2) қосылған кұнға салынатын салық, соның ішінде Казак- стан Республикасының аумағыңда өңдірілген тауарларға, орын- далған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қосыл- ған құн салығы;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға акциздер;

4) шикі мұнайға, газ конденсатына акциздер;

5) үстеме пайдаға салынатын салық;

6) экспортка шығарылатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы;

7) бонустар;

8) роялти;

9) Қазақстан Республикасының жасалған келісім-шарттар бойынша өнімді бөлу жөніңдегі үлесі;

9-1) қызметін өнімді бөлу туралы келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі;

10) жергілікті маңызы бар мемлекеттік ақылы автомобиль жолдары аркылы автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алынатын апымнан басқа, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым;

11) телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алынатын алым;

12) теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мем- лекеттік тіркеу үшін алынатын алым;

13) дәрілік заттарды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;

13-1) туындыларға және сабактас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындыларды және сабактас құқық объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;

14) азаматтық әуе кемелерін мемлекеттіктіркегені үшін алынатын алым;

15) радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;

16) калааралық және (немесе) халықаралық телефон байла- нысын бергені үшін төленетін төлем;

17) радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төленетін төлем;

18) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төленетін төлем;

19) жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төленетін төлем;

20) кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төленетін төлем;

21) республикалық маңызы бар жалпы пайдаланудағы авто- мобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төленетін төлем;

22) әкелінетін және әкетілетін тауарларға кеден баждары;

23) кеден бақылауын және кеден рәсімдерін жүзеге асыру- дан түсетін түсімдер;

24) отандық тауар өндірушілерді қорғау шаралары ретінде алынатын баждар;

25) консулдық алым;

26) Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартқа сәйкес, Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттар- ға мемлекеттік оргаңдардың апостиль қойғаны үшін мемлекеттік баж;

27) Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін бергені үшін мемлекеттік баж;

28) жүргізуші куәліктерін бергені үшін алынатын мемле- кеттік баж;

29) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер бергені үшін алынатын мемлекеттік баж;

30) мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілерін бергені үшін алынатын мемлекеттік баж;

31) мемлекеттік нотариат кенселері нотариустарының нота- риаттық іс-әрекет жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж;

32) уәкілетті органның зияткерлік меншік саласыңда жаса- ған заңды мәні бар іс-әрекеттері үшін алынатын мемлекеттік баж бекітілген.

Ал жергілікті бюджеттердіңсалықтықтүсімдері 47(1), 48(1), 49 (І)-баптарда нақтылы көрсетіліп, белгіленген.

Сонымен Бюджеткодексінің47-бабының 1-тармағы негізіңде облыстық бюджет кірісіне түсетін салықгық түсімдерге:

1) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу норматив- тері бойынша жеке табыс салығы;

2) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу норматив- тері бойынша әлеуметтік салық;

3) қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін төлем;

4) облыстық маңызы бар ақылы мемлекеттік автомобиль жолдары арқылы жүріп өткені үшін алынатын алым;

5) облыстық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сырткы (көрнекі) жарнама орналастырғаны үшін төленетін төлем;

6) жер үсті су көздерінің ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлем;

7) орманды пайдаланғаны үшін төленетін төлем;

8) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ- тарды пайдаланғаны үшін төленетін төлем бекітілген.

48-баптың 1-тармағында республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің кірісіне түсетін салықтықтүсімдер:

1) жеке табыс салығы;

2) әлеуметтік салық;

3) жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;

4) жер салығы;

5) бірыңғай жер салығы;

6) жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық;

7) мыналарға:

Қазақстан Республикасының аумағында өңдірілген спирттін барлықтүріне;

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген алкоголь өніміне;

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі бұйымдарына;

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген құра- мында темекі бар басқа да бұйымдарға;

ойын бизнесіне;

лотерея ойының ұйымдастыруға және өткізуге;

Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған жеңіл автомобильдерге (мүгедектер үшін арнайы жасалған қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа);

бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отыныңа акциздер;

8) жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлем;

9) орманды пайдаланғаны үшін төленетін төлем;

10) қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін төлем;

11) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ- тарды пайдаланғаны үшін төленетін төлем;

12) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төленетін төлем;

13) жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алына- тын алым;

14) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын лицензиялық алым;

15) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;

16) аукциондардан алынатын алым;

17) республикалық маңызы бар каланың, астананың ақылы мемлекеттік автомобиль жолдары арқылы жүріп өткені үшін алынатын алым;

18) консулдық алымнан және республикалық бюджеттің есебіне алынатын мемлекеттік баждардан басқа, мемлекеттік баж;

19) жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәміле- лерге құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;

20) механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемле- кеттік тіркегені үшін алынатын алым;

21) калалық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және елді мекендерде сыртт кы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төленетін төлем түрінде нақтылы белгіленген.

49-баптын 1-тармағында аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің кірісіне түсетін мынадай салықтық түсімдер:

1) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу норматив- тері бойынша жеке табыс салығы;

2) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу норматив- тері бойынша әлеуметтік салық;

3) жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың мүлкіне сапынатын салық;

4) жерсалығы;

5) бірыңғай жер салығы;

6) жеке және заңды тұлғалардын көлік құраддарына салынатын салық;

7) мыналарға:

Юзакстан Республикасының аумағында өндірілген спирттің барлықтүріне;

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген алкоголь өніміне;

Қазақстан Республикасының аумағыңда өндірілген темекі бұйымдарына;

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген құра- мында темекі бар басқа да бұйымдарға;

ойын бизнесіне;

лотерея ойының ұйымдастыруға және өткізуге;

Қазақстан Республикасыныңаумағында шығарылған жеңіл автомобильдерге (мүгедектер үшін арнайы жасалған қолмен ба- сқарылатын автомобильдерден басқа);

бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отыныңа акциздер;

8) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төленетін төлем;

9) жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;

10) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын лицензиялық алым;

11) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;

12) аукциондардан алынатын алым;

13) механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемле- кеттік тіркегені үшін алынатын алым;

14) жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәміле- лерге құкықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;

15) аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және елді мекендерде сырт- қы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төленетін төлем;

16) консулдық алымнан және республикалық бюджеттің есебіне алынатын мемлекеттік баждардан басқа, мемлекеттік баж камтылған.

Сонымен, Қазақстан Республикасының Конституциясында айқындалып белгіленген және бекітілген қоғамдық-мемлекеттік мүдделерді қаржыландырудың саркылмас кайнар бұлағы мемлекеттік бюджет болып табылады. Осы мемлекеттік бюд- жеттің салықтық кірісін қалыптастырып құру, сондай-ақ бюд- жеттен бөлінетін қаржы-қаражаттарды (шығыстарды) салықтық кіріске сәйкестендіру негіздерін нормативтік құқықтық құжат- тарда жіктеп бекіту процесінде туындайтын фисқалдық қатынастарды реттеуге ат салысатын салықтық құқық Қазақстан Республикасы қаржылық құқығының аса маңызды кұқыктық құралымы ретінде көрініс табатыны көпшілікке мәлім.

Қазақстан Республикасындағы салық салу республикалық және жергілікті бюджеттердің салықтық кіріс бөлігін калып- тастыруға байланысты салықтық құқықтық қатынастардың кар- кының көрсетеді.

Нарыктық даму жағдайындағы республикалық және жергі- лікті бюджеттердің ауқымындағы салықтық құқықтық қатынас- тардың аса маңызды аспектісі Қазақстанның Салық жүйесі болып табылады, сондай-ақ оның халықаралық салық салу стандарттарына сай өркениетті фисқалдық және реттеуші тұрпатта даму тенденциялары бүгінде мемлекеттік бюджеттің салықтық кірісін қалыптастыру аясындағы салықтық құқықтық қатынас- тарға оң ықпалын тигізуде.

2.1. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕГПҢ ТҮСІМ КӨЗДЕРІ - САЛЫҚТАР

МЕН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕРДІ ҚҮҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

Республикалықбюджеттіңтүсім көздері - салықтар мен бас- қа да міндетті төлемдерді құкықтық реттеу - республикалық деңгейдегі салық салу аясында салықтық механизмді қолдану, тұрақты бекітілген салықтық түсімдерді - салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді алу, сондай-ақ олардың белгіленген тәртіп- пен республикалық бюджеттің кірісіне уақтылы және толығы- мен түсуіне салықтық бақылау тексеру жүргізу барысында туын- дайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін салықтық құқықтың ерекше бөлімінің институты.

Республикалық бюджеттін салықтық түсімдері аясындағы материалдық салықтық қатынастарды кұқықтық реттеудің мақ- сатты бағдары мемлекеттік, сондай-ақ қорпорациялық (және жеке меншік) шаруашылық жүргізу ауқымында туындайтын мемлекеттік қаржылық қатынастардың тиімді қалыптасуына қол жеткізуге бағытталады.

Мемлекет меншігіндегі республикалықбюджеттіңресурста- ры Қазақстан Республикасындағы саяси құрылыстың тұрақтылығын, әлеуметтік мүдделерді және елдің экономикалық кауіп- сіздігін қамтамасыз етеді, соңдай-ақ орын алуы мүмкін келеңсіз ішкі және сыртқы экономикалық факторларды болдырмауға септігін тигізеді.

Сонымен, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 46- бабы 1-тармағының 1),2),3),4),5)-тармақшаларынасәйкесмына салықтар:

1. Заңды тұлғалардан алынатын қорпорациялық табыс салығы;

2.Қазақстан Республикасы аумағында орындалған жұмыс- тарға және көрсетілген қызметтерге, сондай-ақ Қазақстан Рес- публикасы аумағына импортталынатын тауарларға салынатын қосылған кұн салығы;

3.Импортталынатын тауарларға және газ конденсатын қоса алғанда шикі мұнайға салынатын акциздер;

4. Жер қойнауы пайдаланушылар төлейтін үстеме пайда салығы;

5. Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына салына- тын рента салығы республикалықбюджеттіңтұрақты бекітілген кірістерін құрайды.

Салықтардың кейінгі маңызды міндетті төлемдер катарына салмакты түсімдер - алымдар жатады. Бюджет кодексінің 46-бабы, 1-тармағының 10), 11), 12), 13), 13-1), 14), 15) тармақшаларына сәйкес алымдардың мынадай түрлері:

1.Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өткені үшін алым;

2. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым;

3.Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым;

4.Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемле- кеттік тіркегені үшін алым;

5.Телевизия және радиохабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұксат бергені үшін алым;

6. Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым;

7.Туындыларға және сабақтас кұқыктар объектілеріне кұқыктарды, туындыларды және сабактас құқық объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркегені үшін алым республикалық бюджет кірісінің тұрақты түсімдері ретінде белгіленіп, бекітілген.

Алымдардан кейінгі Республикалықбюджеткірісініңайтарлықтай салықтық түсімдері ретінде, кезінде салықтық емес кірістерге жатқызылған, ал бүгінде салық заңнамасына және Бюджет кодексіне сай міндетті төлемдерге айналған төлемақылар қарастырылады.

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде заң шыға- рушы «төлем» деп бұрыс атаған (негізінде «төленім» дұрыс болареді)төлемақылардын46-баптың 1-тармағының 16), 17), 18), 19), 20), 21)-тармақшаларында көрініс тапкан мынадай түрлері:

1. Калааралық және (немесе) халықаралық телефон байла- нысын бергені үшін төлемақы;

2. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы;

3. Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумактарды пайдаланғаны үшін төлемақы;

4. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы;

5. Кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы;

6. Республикалық маңызы бар жалпыға ортак пайдаланыла- тын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сырткы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы респуб- ликалық бюджеттін тұрақты бекітілген кірістеріне жатады.

Республикалық бюджеткірісініңелеулі түсімдері катарына Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдаланушылар төлейтін арнаулы міндетті төлемдерді жаткызуға болады. Бюд- жет кодексі 46-бабының 1-тармағының 7), 8) және 9)-тармақшапарына сәйкес:

1) бонустар;

2) роялти;

3) Қазақстан Республикасының жасалған келісім-шарттар бойынша өнімді бөлу жөніңдегі үлесі;


Просмотров 470

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!