Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






САЛЫҚ САЛУ АЯСЫНДАГЫ САЛЫҚТЫҚ ЫНТАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК МӘЖБҮРЛЕУ 10 часть



Салықкодексінің 176-бабыныңережелерінесәйкес резидент болып табылмайтын жеке және заңды тұлғалар резидент емес- тер катарына жаткызылады.

Көсіпкерлік қызметті, оның ішінде уәкілетті тұлға аркылы жүзеге асырылатын қызметті толық немесе ішінара жүзеге асы- ратын тұрақты қызмет орны:

- қызметті жүзеге асыру мерзімдеріне карамастан, тауарларды өндірумен, ұксатумен, жинактаумен, орап буумен, берумен, өткізумен байланысты қызмет жүзеге асырылатын кез келген орын;

- қызметті жүзеге асыру мерзімдеріне карамастан, резидент еместің кез келген басқару орны, филиалы, бөлімшесі, өкілдігі, бюросы, кеңсесі, офисы, кабинеті, агенттігі, фабрикасы, шебер- ханасы, цехы, зертханасы, дүкені, қоймасы;

- қызметті жүзеге асыру мерзімдеріне карамастан, көмір- сутектерін өндіру орындарын қоса алганда, табиғи ресурстарын өндірумен байланысты қызметті жүзеге асыратын кез келген орын шахта, кеніш, мүнай және (немесе) скважинасы, карьер, жер үсті немесе теңіз мүнаралары және (немесе) скважиналары;

- қызметті жүзеге асыру мерзімдеріне карамастан, күбыр- мен, газ күбырымен, табиғи ресурстарды барлаумен және (не- Месе) игерумен, құрал-жабдықтарды орнатумен, монтаждаумен, құрастырумен, жөнге келтірумен, іске қосумен және (немесе) қызмет көрсетумен байланысты қызметті жүзеге асыратын (ба- кылау және байкау қызметін де жүзеге асыратын) кез келген орын;

- қызмет көрсету мерзімдеріне қарамастан, ойын автомат- тарын (жалгамаларын қоса), компьютерлік желілер мен байла- ныс арналарын, аттракциондарды, көлік немесе өзге де инфра- құрылымды пайдаланумен байланысты қызметті жүзеге асыра- тын кез келген тұрақты орны резидент еместің К,азақстан Рес- публикасындағы тұрақты мекемесі болып есептелінеді.



Құрылыс алаңы, монтаждау немесе құрастыру объектісі, жобалау жүмыстары жүргізу, жүмысты жүзеге асыру мерзімдеріне карамастан, тұрақты мекеме құрады.

Бұл ретте жылжымайтын мүлік объектілерін тұрғызу жөне (немесе) кайта жаңарту жөніңдегі қызметті жүзеге асыру, оның

ішінде үйлер, ғимараттар салу және монтаждау жұмыстарын жүргізу, көпірлер, жолдар, каналдар салу және кайта жаңарту, күбырлар тарту, энергетикалық, технологиялық немесе өзге де жабдықтарды және (немесе) басқа да осыған үксас жұмыстарды жүзеге асыру орны қүрылыс алаңы (объектісі) болып табы- лады.

Құрылыс алаңы пайдалануға берілген объектіні (орындал- ған жүмыстын көлемі) қабылдау туралы актіге қол қойылған және құрылыска толық ақы төленген күннен кейінгі күннен бастап өзінің іс-әрекетін тоқтатады.



Егер резидент емес:

- уәкілетті тұлға аркылы Қазақстан Республикасында тәуе- кедді сактандыруды немесе кайта сактандыруды жүзеге асырса;

- Қазақстан Республикасыныңаумағында қызметшілер не- месе осы мақсаттар үшін жалданған қызметкер аркылы осы салық кезеңінде аякталатын кез келген үзіліссіз он екі айлық кезеңде үздіксіз күнтізбелік токсан күннен астам қызмет көрсетсе;

- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған және Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін жай серіктестікке (бірлескен қызмет туралы шартқа) қатысу- шы болып табылса;

- Қазақстан Республикасында ақылы негізде және (немесе) тауарлар сатуды іске асыратын көрме өткізсе;

- резидентке немесе резидент емеске шарт қатынастары негізінде Қазақстан Республикасында оның мүддесін білдіруге, іс-әрекет жүргізуге немесе оның атынан келісім-шарт (шарт, келісім) жасасуға құкықберсе, онда ол Қазақстан Республика- сында тұрақты мекеме құра алады.

Өзге де заңды тұлғаға, оның ішінде тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент емеске Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істеу үшін шетелдік персоналды ұсыну жөніңде қызметтер көрсететін резидентемес мынадай шарттарды бір мезгілде орын- даған кезде:

- егер мұндай персонал тек өзін ұсынған заңды тұлғаның атынан және оның мүдделерін көздеп әрекет етсе;

- шетелдік персоналды ұсыну жөніңде қызмет көрсететін резидент емес осындай персоналдың Қазақстан Республикасын- да орындайтын жұмыс нәтижелеріне жауапты болмаса;

— шетелдік персоналды ұсыну жөніңде қызмет көрсетуден алынатын резидент еместің табысы осындай персоналдың өзін ұсынған заңды тұлғаның атынан және оның мүдделерін көздеп өз міндеттерін орындаған уақытын ескере отырып аныкталса және резидент емес тұлғаның осындай персоналды ұсыну шы- ғындары жалпы сомасының он процентінен аспауға тиіс болса, Қазақстан Республикасындағы осындай қызметтер бойынша тұрақты мекеме құрмайды.

Шетелдік персоналды ұсыну жөніңде қызмет көрсетуге арналған шығындардың жалпы сомасын растау үшін резидент емес қызмет көрсетуді алушыға есеп құжаттамасының көшірмелерін табыс етуі міндетті.

Резидент еместердің табыстарының мынадай түрлері:

— Қазақстан Республикасында тауарларды еткізуден, жұмыс- тарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түскен табыстар;

— нақты қызмет көрсетілген жеріне карамастан, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметаткаратын және осындай тұрақты мекемемен байланысты резиденттерге немесе резидентеместерге көрсетілетін басқару, қаржылық(сақ- тандыру және (немесе) тәуекелдерді кайта сактандыру жөніңдегі қызмет көрсетулерді қоспағанда), консультациялық, заңдық, (адвокаттық қызмет көрсетулерді қоспағанда), агенттік, ақпа- раттық қызмет көрсетуден алынатын табыстар;

— Қазақстан Республикасында аумағындағы мүлікті өткізу;

— резидент шығарған бағалы қағаздарды, сондай-ақ Казақ- стан Республикасында орналасқан резидент-заңды тұлғаға, консорциумға немесе мүлікке қатысу үлесін өткізу нәтижесінде алынған құн өсімінен түскен табыстар;

— Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметіне байланысты резиденттің немесе резидент еместің борышты қайтаруды талап ету құқығын басқаға беруден түскен табыстар;

— резидент еместердің Қазақстан Республикасындағы қыз- меті барысында туындаған міндеттемелерін, оның ішінде жұ- мыстарды орындауға (қызмет көрсетуге) жасаскан келісім-шарт- тар (шарттар, келісімдер) бойынша және (немесе) тауарларды жеткізуге сыртқы сауда келісім-шарттары бойынша міндеттемелерін резиденттер мен резидент еместердің орындамағаны не- месе тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы (айып- пұлдар, өсімпұлдар);

- резидент заңды тұлғадан дивидендтер түрінде түсетін та- быстар және осындай заңды тұлғаға қатысу үлесінен түсетін табьгстар;

- резиденттерден, егер осы резидент еместердің берешегі олардың тұрақты мекемесіне немесе мүлкіне қатысты болса, Қазақстан Республикасында орналасқан тұрақты мекемесі не- месе мүлкі бар осы резидент еместерден алынған, борыштық бағалы кағаздар бойынша сыйақыларды қоспағанда, сыйақылар нысаныңдағы табыстар;

- резидент еместерден, егер осы резидент еместердің бере- шегі олардын тұрақты мекемесіне немесе мүлкіне қатысты бол- са, Қазақстан Республикасында орналасқан тұрақты мекемесі немесе мүлкі бар резидент емес - эмитенттерден алынатын бо- рыштық бағалы кағаздар бойынша сыйақылар нысаныңдағы табыстар;

- тұрақты мекеме аркылы Қазақстан Республикасындағы қызметіне байланысты резиденттерден немесе резидент емес- терден алынатын роялти түріндегі табыстар;

- Қазақстан Республикасында орналасқан мүлікті жалға беруден түскен табыстар;

- Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүліктен алынатын табыс;

- Қазақстан Республикасында туындайтын тәуекелдерді сақ- тандыру немесе кайта сактандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары нысаныңдағы табыстар;

- тараптардың бірі Қазақстан Республикасы болып табы- латын халықаралық тасымалдарда көлік қызметін көрсетуден түскен табыстар;

- Қазақстан Республикасында жеке еңбек шарты (келісімшарт) бойынша немесе өзге де азаматтық-кұқыктық сипаттағы шарт бойынша қызметтен түскен табыстар;

- резидент заңды тұлғаға қатысты нақтылы тұлғаларға жүктелген басқару міндеттерін орындауға байланысты басшылардын каламақылары және (немесе) басқару органыңың ди- ректорлар кеңесінің, басқарманың немесе өзге де органның мүшелері алатын төлемдер;

- Қазақстан Республикасында тұруға байланысты төленетін үстеме ақылар;

- материалдық, әлеуметтік игіліктер үшін жұмЫс беруші не- месе жалдаушы шеккен шығыстардың өтем нысаныңдағы та- быстары немесе Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін резидент емес жеке тұлғалардын өзге де материалдық пайдала- ры, оның ішінде тамақтандыруға, тұруға, оқу мекемелерінде балалар оқытуға жұмсалған шығыстар, отбасы мүшелерінің де- малыска барып-келу шығыстарын қоса алғанда, демалысқа бай- ланысты шығыстар;

- резидент жинактаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыра- тын зейнетақы төлемдері;

- кімге төлем жүргізілетініңе қарамастан, өнер қызметкерлеріне: театр, кино, радио, теледидар артистеріне, музыкант- тарға, суретшілерге, спортшыларға Қазақстан Республикасын- дағы қызметтен төленетін табыстар;

- резиденттер төлейтін ұтыстар;

- Қазақстан Республикасында жеке (кәсіби) тәуелсіз кыз- мет көрсетуден алынған табыстар;

- Қазақстан Республикасында орналасқан мүлікті тегін алу нысаныңдағы табыстар, оның ішінде осындай мүліктен түсетін табыстар;

- Қазақстан Республикасындағы қызметнегізіндетуындай- тын табыстар резидент еместердің Қазақстан Республикасын- дағы көздерден алған табыстары деп танылады.

Салық төлеушілерді осылайша бөлу мемлекеттің салықтық юрисдикциясының шегін анықтауға, салық ішінде салық салу мақсатында мемлекеттің аумағын айқындауға байланысты жүзеге асырылады. Сонымен қатар, халықаралық салықтық құқық- тың негізгі принципі аумактық принципі болып табылады.

Мемлекеттің аумағын айқындау салық төлеушілерді және салық салу объектілерін топтастыруға айтарлықтай септігін тигізеді. Халықаралық салықтық құқық пен Қазақстан Респуб- ликасының (және т.б. ТМД елдерінің) салықтық құқығында, сондай-ақ тиісті болса айтарлықтай заңдарда салық салу макса- тында мемлекеттің аумағын белгілеудің бірынғай шешімі әлі де көрініс таппаған.

Сонда да болса халықаралық салықтық құқық аясында ұзақ жылдар бойы жинақталған тәжірибелер мен кағидаларға назар аударсак онда аумактардың элементтері ретінде: мемлекеттік аумак; континентальдық шельф және айрықша (арнайы) эко- номикалық аймактар белгіленгенің байкаймыз.

Мемлекеттің аумағына әкімшілік аумактық бірліктер, ішкі сулар, аумактық өзендер (теңіздер), әуе кеңістігі жаткызылған.

Сонымен бірге айта кететін тағы бір жәйт, салықсалу объектісін мемлекет аумағына байланыстыра отырып айқындаудың киынға соғатыны болып отыр. Мәселен, халықаралық салықтық катынастардың қатысушысы болып табылатын көптеген елдерде шетелдік заңды тұлғалардың салық салынатын объектілеріне тауарларды өткізу-сатудан, жұмыстарды орындаудан, қызмет- тер көрсетуден түскен табыстары мен алған дивидендтері, проценттері, сыйақылары, сыйлықақылары және т.б. жаткызы- лады.

Қазақстан РеспубликасыныңСалықкодексініңтиісті бабын- да тұрақты мекемесі жоқ заңды тұлға-резидент еместің төлем көзінен салық ұсталатын табыстары ретінде: ақшаларды қолма- қол немесе қолма қол емес нысанда беру, бағалы кағаздарды, тауарларды, мүліктерді өткізу, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау көрсетілген.

Тараптардың бірі Қазақстан Республикасы болып табыла- тын, қосарланған салық салуды болдырмау және табыска не- месе мүлікке (капиталға) салықсалудан жалтарудың жолын кесу туралы халықаралық шарттың ережелері осындай шарт жасасқан мемлекеттердің бірінің немесе екеуінің де резиденті болып табылатын тұлғаларға қолданылады.

Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме аркылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның салық салынатын табысын аныктау кезінде оның Қазақстан Республикасындағы, сондай-ақ одан тыс жерлердегі салық салынатын осындай табысты алу мақсатында басқаруға және жалпы әкімшілікке байланысты шеккен шығыстарын шегеріп тастауға халықаралық шарт ережелерімен жол берілсе, мұндай шығыс- тардың сомасы мынадай:

1) шығыстарды барабар бөлу әдісі;

2) шығыстарды шегерімге тура (тікелей) жатқызу әдісі бой- ынша анықталады.

Резидент емес заңды тұлға басқаруға және жалпы әкімші- лікке байланысты шығыстарын шегерімгежаткызудыңаталған әдістерінің бірін дербес таңдайды.

Басқарудын және жалпы әкімшілік шығыстардың шегерімін тұрақты мекемеге жаткызу әдісі (шығыстарды барабар бөлудің әдісі кезінде пайдаланылатын есептік көрсеткішті есептеп шы- ғару тәртібін қоса) жыл сайын қолданылады және салық орга- нымен келісе отырып қана өзгертілуі мүмкін.

Есептік көрсеткіш мына тәсілдердің бірі:

- резидент емес заңды тұлғаның салық кезеңінде Казак-

стан Республикасында қызметін тұрақты мекеме аркылы жүзеге асырудан түсірген жылдық жиынтық табысы сомасының, ре- зидент емес заңды тұлғаның тұтас алғанды аталған салық кезеңіндегі жылдық жиынтық табысының жалпы сомасына қатынасы; г >

- резидент емес заңды тұлғаның салық кезеңінде Казак- стан Республикасында тұрақты мекеме аркылы қызметін жүзеге асырудан түсірген жылдық жиынтықтабысы сомасының ре- зидент емес заңды тұлғаның тұтас алғанда аталған салық кезеңіндегі жылдық жиынтық табысының жалпы сомасына қатынасы;

- Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің салық кезеңінің соңындағы жай-күйі бойынша қаржылық есебінде ескерілген негізгі құралдар кұныңыңрезидентемес заңдытұлғаның тұтас алғанда осындай кезеңіндегі негізгі құралдарының кұныңа қатынасы;

- Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемеде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбекақы қорының салық кезеңінің соңындағы жай-күйі бойынша сомасының резидент емес заңды тұлға қызметкерлерінің тұтас алғанда осындай салық кезеңіндегі еңбекақы қорының жалпы сомасына қатынасы бой- ынша есептеп шығарылады.

Есептік көрсеткішті есептеп шығарудың жоғарыда аталған тәсілдерінің бірін резидент емес заңды тұлға дербес аныктайды.

Басқаруға және жалпы әкімшілікке жұмсалған шығыстардың есептесу жолымен анықталған сомасын растайтын құжат- тар болған кезде ғана олар тұрақты мекеменің шегеріміне жат- кызылады.

Растайтын құжаттарға мыналар:

1) резидент емес заңды тұлғаның қаржы есептілігінің көшір- месі, онда резидентемес заңды тұлға анықталған есептік көрсет- кішке байланысты:

- тұтас алғанда жылдық жиынтықтабыстың жалпы сомасы;

- тұтас алғанда қызметкерлердің еңбекақы қорының жалпы сомасы;

- тұтас алғанда негізгі қаражаттың бастапқы және қалдық кұны;

- әрбір бап бойынша шығыстардың ажыратылған жазбаша, оның ішінде басқару және жалпыәкімшілік шығыстарының жалпы сомасының ажыратылған жазбасы;

2) резидент емес заңды тұлғаның қаржылық есептілігінің аудиті жүзеге асырылған кезде оның қаржылық есептілігінің аудиті бойынша аудиторлық қорытындының көшірмесі жатады.

Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің шегері- міне жататын аталған шығыстар сомасының есебі Қазақстан Республикасының тиісті салық органыңа тапсырылатын қор- порациялық табыс салығы бойынша декларацияға қоса тірке- леді.

Басқару және жалпы әкімшілік шығыстардың барабар бөлуге жататын сомасы салық есептілігінде көрініс таппаса, мұндай шығыстар тұрақты мекеменің шегеріміне кабылданбайды.

Резидент еместің басқару немесе жалпыәкімшілік шығыс- тарын шегерімге тікелей жаткызу әдісін пайдалануы кезінде, осындай шығыстартұрақты мек^ме аркылы Қазақстан Респуб- ликасындағы қызметтен табыс табу мақсаты үшін нақтылы аныкталса және тікелей келтірілген болса, шығыстар Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің шегеріміне жаткызы- лады. Аталған шығыстар растайтын құжаттар болған кезде ғана тұрақты мекеменің шегеріміне жатады. Растайтын құжаттар мыналар:

- тұрақты мекеме аркылы қызметтен табыс табу мақсатын- да Қазақстан Республикасының аумағындағы резидент емес заңды тұлға шеккен шығыстарды растайтын бухгалтерлік құжат- тар;

- тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен табыс алу мақсатында Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде резидент емес заңды тұлға шеккен шығыстарды растайтын бухгалтерлік құжаттардың көшірмелері болып табы- лады.

Халықаралық шарт талаптарын орындау кезінде резидент емес табыс салығының бұрын ұсталған сомасын кайтару мак- сатымен салық органыңа уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіп пен нысан бойынша өтініш табысетеді.

Салық органы аталған өтінішті және кажетті құжаттарды карайды, өтініш бойынша шешім қабылдап, резидент емеске және банкке хабарлайды.

Үсталған табыс салығын кайтаруға салық органы куәландырған өтінішті алған кезде, банк осындай өтінішті берген ре- зидент емеске есептелген банк сыйақыларымен бірге өтініште көрсетілген шекте шартты банк салымындағы сомаға иелік етуге құқықбереді.

Өтініш бойынша теріс шешім кабылданған кезде және резидент еместен салық органыңың шешіміне шағымдану туралы хабарламаны белгіленген мерзім ішінде алмаған жағдайда салық органы халықаралық шарттың ережелерін қолданудан бас тар- ту туралы хабарламаны резидент емес алған күннен бастап он жұмыс күні өткен соң, резидент еместің табыстарын салық са- лудан босатудан бас тартуды куәландыратын құжатты қоса тіркеп, етініште көрсетілген және шартты банк салымына орналастырылған соманы есептелген банк сыйақыларымен бірге мемлекеттік бюджетке аудару туралы инкассолықөкімді банк- ке жібереді.

Салықорганыңыңосындайтеріс шешімімен келіспеген жағ- дайда резидент еместің осындай шешімді алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оның шешіміне шағымдану туралы бір мезгілде салық органыңа хабарлай отырып, халықаралық шарт- тың ережелерін қолданудың дұрыстығына қатысты мәселені кайта карау туралы уәкілетті мемлекеттік органға өтініш жа- сауға құқығы бар.

Резидент еместің шартты банк салымдары үлттық немесе шетелдік валютада ашылады. Шартты банк салымдары шетелдік валютада ашылған жағдайды, табыс салығының және банк сый- ақыларының сомасы бюджетке салықтөлеген кездегі Қазақстан Республикасы Үлттық Банкінің ресми бағамы бойынша есеп- телген ұлттық валютамен аударылады.

Резидент еместің және салық агентінің салық органы кан- дай да бір шешім кабылдағанға дейін шартты банк салымында орналасқан табыс салығы сомасына иелік етуге құқығы жоқ.

Шартты банк салымы туралы шарттың ережелері бұзылған және табыс салығының ұстап қалған сомасы мемлекеттік бюд- жетке банктің кінәсінен уақтылы аударылмаған жайғдайда, банк Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапкер- шілікке тартылады.

Салық органдары шартты банк салымдарында орналасты- рылған, халықаралық шарттың ережелерін қолдануға кұқығы бар резидент еместерге төленген, сондай-ақ мемлекеттік бюд- жетке аударылған табыс салығының сомасына есеп жүргізіп отырады.

Шартты банк салымында орналастырылған табыс салығын мемлекеттік бюджетке аудару жөніңдегі міндеттемелерді банк- тіңорындауы мүмкін болмаған жағдайда, төлем көзінен алына- тын табыс салығын, банк сыйақыларын және мемлекеттік бюд- жетке салықты дер кезінде аудармағаны үшін айыппүл санк- цияларын аудару жөніңдегі міндеттемелерсалықагентіне жүкте- леді.

Қазақстан Республикасы тараптардың бірі болып табылатын халықаралық тасымалдардағы көлік қызметін көрсетуден түскен, халықаралық шарт ережелерін қолдануға құқығы бар резидент емес заңды тұлға алатын табыстар, оның Қазақстан Республикасында осындай қызметпен байланысты тұрақты мекемесі болған жағдайда резиденттігін растайтын құжат негізінде халықаралық шарттың ережелерін қолдануға өтініш бермей-ақ салық салудан босатылуға тиіс. Осыған орай, резидент емес заңды тұлға халықаралық тасымалдардағы көлік қызметін көрсетуден түскен (халықаралық шартқа сәйкес салық салуға жатпайтын) және Қазақстан Республикасыныңаумағын- да көлік қызметін көрсетуден түскен (салық салуға жататын) табыстар сомасына бөлек есеп жүргізуге, сондай-ақ аталған та- быстарды қорпорациялықтабыс салығы бойынша декларация- да көрсетуге міндетті.

Қорпорациялық табыс салығы бойынша декларациядағы салық салынатын табыстың жалпы сомасы бөлек есеп жүргізу негізінде есептелген, халықаралық шартқа сәйкес салық салу- дан босатылуға тиіс салық салынатын табыстын сомасына азай- тылады.

Халықаралық шарттын ережелерін дүрыс қолданбау салық- ты мемлекеттік бюджетке төлемеуге немесе толық төлемеуге әкеп соккан жағдайда, салық төлеуші Қазақстан Республика- сының заң актілеріне сәйкес жауапты болады.

Резидент емеске дивидендтер, сыйақылар (проценттер), ро- ялти түріндегі табыстарды төлеу кезінде, егер осындай резидент емес табыстарды түбегейлі алушы болса және халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқығы болса, онда резидент емес резиденттікті растайтын құжат негізінде халықаралық шарттың ережелерін қолдануға өтініш бермей-ақ, салық агенті- нің тиісті халықаралық шарт ережелерін қолдануға құқылы.


Просмотров 796

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!