Главная Обратная связь Поможем написать вашу работу!

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






САЛЫҚ САЛУ АЯСЫНДАГЫ САЛЫҚТЫҚ ЫНТАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК МӘЖБҮРЛЕУ 6 часть



- акцизделетін тауарларды өндіретін ұйымдардағы акциз бекеттерінің жұмысын бақылау;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес этил спиртінің, алкогольөнімінің және темекі өнімдерініңөндірісі мен айналымы саласында құқық бұзушыларға ықпал ету ша- раларын қолдану;

- өз кұзыреті шегіңде нормативтік кұқыктықактілердіңсақ- талуын бақылау;

- мұнай өнімдерінің айналымына мұнай өнімдерінің өндірісі және айналымы бойынша ілеспе жүкқұжаттар мен декларациялар аркылы бақылау сиякты бақылау кадағалаушылық функ- цияларды жүзеге асырады.

Өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асы- руына орай Салық комитеті:

- Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне мемлекеттік бюджетке төленетін міндетті төлемдерді есептеуді және (немесе) жинауды қамтамасыз етуге уәкілетті Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын айқындау жөніңде ұсыныстар енгізуге;

- салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді әкімшілендіру әдістемесін әзірлеуге, сондай-ақақпараттықтехнологиялардың көмегімен функционалды рәсімдерді жүзеге асыруды басқару және бақылау әдістерін жетілдіруге қатысуға;

-салықтарменбюджеткетөленетінбасқада міндетті төлемдер бойынша мемлекеттік есептілікті жинаудың нысандары мен әдістерін жетілдіру жөніңде ұсыныстар енгізуге;

- салық салу саласындағы заңнаманы қолдану тәжірибесін талдау және қорытындылау, сондай-ақ осы саладағы заңнама- ны жетілдіру жөніңде ұсыныстар енгізуге;



- ынтымақтастықтың экономикалық аспектілері бар халықарапык шарттар мен келісімдердің жобалары бойынша ұсы- ныстар енгізуге;

- Комитеттің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асы- ру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;

- Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарды сактай отырып, салықтық міндеттеме- лерді орындауға байланысты салық төлеушінің ақша құжатта- рын, бухгалтерлік кітаптарын, есептерін, сметаларын, ақшасы- ның бар-жоғын, бағалы кағаздарын, есептемелерін, декларацияларын және өзге де құжаттарын тексеруге;

- салық төлеушіден белгілеген нысандар бойынша салық- тар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есеп- теу және төлеу (ұстап калу, аудару) жөніңдегі құжаттарды, оларды толтыру бойынша түсіндірмелерді, сондай-ақ салықтар мен бюджеткетөленетін басқа да міндетті төлемдерді, жинактаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын есеп- теудің (ұстап калу және аудару) дұрыстығы мен төлеудің уақтылығын растайтын құжаттарды беруін талап етуге;



- салықтық тексеру жүргізу барысында Қазақстан Респуб- ликасының заңнамалық актілерінде айқындалған тәртіппен салық төлеушіден салықтық құқық бұзушылықтардың жасал- ғаның куәландыратын құжаттарды алуға;

- орналасқан жеріне карамастан, кірістер алу үшін пайда- ланылатын кез келген салық салу объектілерін және салық са- луға байланысты объектілерді тексеруге әрі салық төлеушінің мүлкін (тұрғын үй-жайлардан басқа) түгендеуге;

- өз кұзыреті шегінде бақыланатын объектілерде дайын этил спиртін жәнеалкогольөнімдерін шығару көлемініңосы салада қолданылатын нормативтерге сәйкестігін тексеруге, сондай-ақ осы мақсаттарда тиісті объектілердің есепке алуды бақылау ас- паптарымен жарақталуын, технологиялық процесс нормалары мен ережелерінің сакталуын және этил спирті мен алкоголь өнімдерінің айналымын бақылауға;

- этил спирті мен алкоголь өнімдерін және темекі өнімдерін өндіретін, сактауды және сатуды, импорттауды жүзеге асыра- тын заңды және жеке тұлғалардың лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруге;

- өз кұзыреті шегінде мемлекеттік медициналық кәсіпорындардың, сондай-ақдәрілік құралдар мен фармацевтикалық пре- параттарды өндірушілердің этил спиртін пайдалануын бақы- лауға;



- темекі өнімдерінің қалдықтары мен айналымы туралы декларацияларды қабылдауға, олардың есебін жүргізуге және тал- дау жасауға;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес темекі өнімдерін өндірудің паспорттарын қабылдауға және олардың есебін жүргізуге;

- акиизделетін өнімнің өндірісі мен айналымынан акциздер түсімінің толықтығы мен уақтылығы бөлігінде акцизделетін өнімді сактауды және сатуды, импорттауды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларды тексеруге;

- Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбе бо- йынша салықтөлеушіден заңнамада белгіленген тәртіппен элек- трондық құжаттар түрінде ақпарат алуға;

- тексерілетін салық төлеуші - заңды тұлға немесе жеке кәсіпкерге салық салуға байланысты мәселелер бойынша Казак- стан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де қүпия- ны құрайтын мәліметтерді жария ету талаптарын сактай оты- рып, банктер мен банктік операциялардын жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан оның банктік есеп шотының бар екендігі және нөмірі, осы шоттардағы ақшалардың қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтер алуға;

- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген жағдайларда салық төлеушінің салықтық міндеттемелерін жанама тәсілмен анықтауға;

- өз кұзыреті шегінде уәкілетті органдарды бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді есептеудіңдұрыстығы, алудың толықтығы және аударудың уақтылығы мәселелері бойынша тексеруге;

- Комитеттің аумактық органдарына орындауға міндетті нұсқаулар беруге және өз кұзыреті шегінде нормативтік құкык- тық актілер шығаруға;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық- тарды төлеу бойынша салықтық міндеттемелерді орындау мерзімдерін өзгерту жөніңдегі мәселелерді карауға;

- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексінде) белгіленген тәртіппен салықдекпарациясын табыс ету мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдауға;

- Қазақстан Республикасының заңнамалықактілеріне сәй- кес әкімшілік жаза қолдануға, оның ішінде салықтар мен бюд- жетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар тұлғаны банкрот деп тану туралы, Қазақстан Республика- сының заңнамасына сәйкес мемлекеттің жарғылық капиталына кзтысуымен салықтөлеуші - акционерлік қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығару туралы, Қазақстан Респуб- ликасының Азаматтық кодексінің 49-бабы 2-тармағының 4) тар- мақшасында көзделген негіздер бойынша заңды тұлғаны тара- ту туралы талаппен сотка жүгінуге;

— кадрлардың біліктілігін көтеру бойынша іс-шаралар өткі- зуге құқылы.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасы заңнамасымен Ко- митетке берілген басқа да құқықтардың болуы мүмкін.

Бұлорайда мемлекетті қоғамның саяси жүйесініңсубъектісі екенің ескерсек, оның қызметі тек өз қаржылық мәселелерін шешіп кана қоймай, сонымен катар қоғамның да ақшалай инфра- құрылымын құруға бағытталғаның байкаймыз.

Мемлекетіміздің казіргі нарыктықдаму жағдайындағы салық салу саласындағы басқаруы оның салықтық құқығының маңызды элементі болып табылады.

Осы саладағы салықтардың қоғамдандырылған ақшалай ағымын басқару жүйесі мынадай көрініс табады:

1) салық жүйесі қорпорациялық және жеке кәсіпкерлік, сон- дай-ақ салықтық-бюджеттік аялары субъектілерінің құкыктық қатынастарының кешені болғандықтан, бір мезгілде басқару- шы және басқарылушы жүйе болып табылады;

2) салық салу аясын басқару механизміне халықаралық және отандық басқаруда кеңінен пайдаланылатын тәсілдерді енгізу салықтық төлем сомаларының ағымдарын айтарлықтай деңгейде басқаруды қамтамасыз етеді;

3) мемлекеттік қаржылар мен қорпорациялық қаржылар аясыныңсубъектілері арасында экономикалық тұрғыдан негізделген және өзара аныкталып, нақтыландырылған карым-кзтынастарды біртіндеп қалыптастыруды жүзеге асырады;

4) фисқалдық мониторинг жүргізу нәтижесінде салық жеңілдіктері мен кредиттерініңтиімді механизмін қалыптасты- руға, фисқалдық жүйедегі жалпы салық режимін кадағалауға және салықтық басқарудың басқа да тәсілдерін ұтымды пайда- лануға қол жеткізіледі;

5) салықтық басқару нәтижесінде мемлекеттің жиынтық кар- жылықбалансын - Республикалық бюджетті құруға кажетті өте тыңғылықты ақпараттық база айтарлықтай деңгейде қалыптас- тырылады.

Салық салу саласындағы мемлекеттік басқару, салық салу жүйесінде өздеріне тиесілі мемлекеттік басқару-реттеу қызметтерін жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың және салық әкімшілігін жүргізетін мамандандырылған салықоргандарының жүйесін айқындайтын, сондай-ақ олардың салықтық қызметінің шеңбері мен тиісті өкілеттіктерін белгілейтін салық- тық қүқықтың жалпы бөлімінің институты болып табылады.

Пысықтау сауалдары:

1. Мемлекеттің салықтық құрылысы дегеніміз не? Оның құқық- тық институт ретіндегі мән-жайы мен құрылымдық элементтері жөніңдегі не айта аласыз?

2. Салық жүйесі мен салықтар жүйесінің ұғымын айқындаңыз. Салықтар жүйесінің заң жүзінде қалайша топтастырылғаның баяндап беріңіз.

3. Мемлекеттік салық әкімшілігін жүргізу салық салу саласындағы мемлекеттік басқарудын айрықша түрі болып табыла ма?

4. Мемлекеттің бас фисқалдық органы К.аржы министрлігінің Салық комитеті жөніңде қандай мағлүматтарды білесіз? Оның негізгі қызмет бағыты мен өкілеттіліктерін сипаттап көрсетініз.

5. Мемлекеттің салықтық менеджментінің Қазақстан Республикасы салықтық құқығының манызды элементі болып табылатының дәлелдеу барысында фисқалдық қатынастарға қатысты мемлекеттін экономикалық менеджментінің әдістерін сипаттап беріңіз.

1.10. МЕМЛЕКЕТТІК САЛЫҚТЫҚ ЖОСПАРЛАУ

Мемлекеттік салықтық жоспарлау тактикалық және страте- гиялық жоспарлау болып бөлінеді.

Мемлекеттік салықтық жоспарлау салықтар бойынша жос- парлы тапсырмаларды қарастыру кезінде мына кезендерді қам- тиды:

1) Үкіметтің және салық органдарының осы аядағы нақты іс-қимылдарын және салық салу саласындағы мақсаттар мен міндеттерді айқындау;

2) стратегиялық қоғамдық саяси мақсаттарды есепке ала оты- рып салық салу концепцияларын әзірлеу және оны бағалау;

3) салық салуға қатысты тәсілдер мен жолдарды өзгертетін немесе сақтайтын ұтымды салық концепциясын тандау және негіздеу.

Осы мемлекеттік салықтық жоспарлау белгілі кезендеріне байланысты:

1) жедел салықтық жоспарлау (бір тоқсанға);

2) ағымдағы салықтық жоспарлау (бір жылға);

3) ұзак мерзімді және стратегиялықсалықтықжоспарлау болыпбөлінеді.

Мемлекеттік салықтық жоспарлауды іске асыру кезінде салық салуға байланысты болжамдар бюджеттік тапсырмалар негізінде қалыптастырылады және еліміздіңәлеуметтік-эконо- микалық дамуының бағдарламаларында беріледі.

Мемлекеттік салықтық жосгіарлаудың негізгі міндетіне бюджеттік тапсырманың басым бағыттарының салықтық түсім көздерін және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының перспективалық бағдарламаларын экономикалық тұрғысынан немесе заң жүзінде қабылданған саяык концепциясы көлемінде негіздеу жатады.

Салықтық жоспарлау кезіндегі болжамдау міндеттеріне:

1) мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылыстарының жи- ынтықтабысын бағалау;

2) салықтық түсімдердің көлемін салықтардың түрлері мен әкімшілік аумактық құрылыстар бойынша болжау;

3) қоғамның әлеуметтік-экономикалық кажеттіліктерін түта- сымен және аумактар бөлігінде болжау;

4) инфляция деңгейін, бағалар индексін және өзге де рынок- тық көрсеткіштерді болжау жатады.

Мемлекеттің салықтық жоспарлауының барысында қалып- тастырылып, заң жүзінде көрініс тапкан салық салудың жалпы концепциясы қоғамдық-саяси және экономикалық, сондай-ақ салықтық стратегиялық мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз етеді. '

Мемлекеттік салықтық жоспарлау көбінесе ағымдағы салық- тық жоспарлау түрінде жүзеге асырылғандықтан, ол нақты қар- жылық жылға түсетін салықтық түсімдердің жоспарын калып- тастырумен байланыстырылады және салықтық міндеттеме- лердің орындалуын қамтамасыз ететін тәсілдерден тұрады.

Сонымен, салықтық жоспарларды іске асыру механизмі мынадай:

- салық төлеушілердің құрамының өзгеруін есепке алу;

- бағалар мен баға саясатының өзгеруін есепке алу;

- рынок конъюнктурасын есепке алу;

- өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдардыңөзгеруін есепке алу;

- экономикадағы салалық тенденцияларды есепке алу;

- қорпорациялық және жеке қаржылық-шаруашылық қызметтерді есепке алу;

- қоғамдағы саяси тенденцияларды есепке алу;

- бюджеттердің салықтық бөлігін орындаудың экономикалықталдауын жүргізу;

- салық механизмін және оның элементтері аткаратын қызметтерін қорытындылау;

- бюджеттердің салықтық бөлігінің орындалуына бақылау жүргізу;

- салық салу жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттарын анык- тау;

- салық салу тактикасы мен стратегиясын іске асыру жөніңде есептеме беру;

- бюджеттік-салықтық қатынастар аясына үнемі бақылау жүргізу;

- өткен кезендер бойынша экономикада қалыптаскан тенденцияларды есепке ала отырып салық режимінің вариантта- рын іздестіру;

- салық төлеушілердің топтары, қаржылық-шаруашылық қызметтерінің типтері және аумактар арқылы ұтымды салық салу варианттарына баға беру;

- болашақ салық режимдерінің тиімділігін негіздеу;

- салықтық түсімдер бөлігінде бюджеттің орындалуына тал- дау жүргізу кезінде, оның нәтижесін есепке ала отырып салық- тық кірістердің жобасын есептеу;

- мемлекеттік деңгейде алынатын салықтар мен өзге де міндетті төлемдердің жергілікті бюджеттерге аударылатын мөлшерін айқындау;

- бюджеттік кірістерді салықтық түсімдер арқылы калып- тастырудың тиісті баптары бойынша парламент пен үкімет қабылдаған салықтық міндеттемелерді талкылау;

- бюджеттік кірістерді нақтыландыру және осы жөніңде түпкілікті келісімге келу негізінде тиісті заңдарды қабылдау тәрізді іс-шаралардан тұрады.

Мемлекеттік деңгейде алынатын салықтар мен өзге де міндетті төлемдердің тиісгі сомаларының қаржылық көмек ретінде жергілікті бюджеттерге аударылатын мөлшерін айқындау мемлекеттің салықтық жоспарлауының өзекті міндеті болғандықган, біз жергілікті бюджеттердің кірістерінің көлемі көбінесе республикалықбюджеттен қаржылық заңдарда белгіленген суб- венциялар мен трансферттік төлемдер түрінде берілген мөл- шеріне байланысты қалыптастырылатының, осыған орай рес- публикалық бюджетті қалыптастыру процесінің әкімшілік аумақтық құрылыстардың бюджеттерін қалыптастыру жұмыс- тарымен тығыз байланыста болатының әрдайым естен шығар- мауымыз қажет.

Салықтық жоспарлау барысында нормативтік құқықтық база ретінде салықтық және қаржылық заңдар (мәселен «Салық кодексі» және «Бюджет кодексі», аталған заңдарға тәуелді бұйрықтар, нұскзулықтар және ережелер) пайдаланылады.

Салықсалуды жоспарлау жүйесі бюджеттік құрылыс ауқы- мында, оларды негіздеу және бағалауды болжаумен, сондай-ақ жоспарлы салық тапсырмаларын және салық концепцияларын қалыптастырумен айналысатын құрделі ұйымдастырылу құрылымы бар жоспарлау органдары мен әртүрлі ведомстволарға жататьгн бөлімшелерден тұрады. Мәселен, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Қаржы министрлігі, оның құрылымдық бөлімшелері, Қаржы министрлігінің Салық комитеті, Кедеңдік бақылау комитеті, статистикалық және ақпа- ратберу мекемелерінің және т.б. салықтық жоспарлау жүйесіне тікелей қатысы бар.

Мемлекеттік салықтық жоспарлауды және оған байланыс- ты іс-шараларды жүргізу кезінде салықтөлеушілерді, салықсалу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді, салық базасын, салық ставкасын, салықты есептеу, төлеу тәртібі мен тәсілдерін, есепті кезең мен декларация табыс ету мерзімін, салық төлеушілердің кейбір санаттарына жеңілдетілген салық режимін, салық әкімшілігін жүргізу тәртібін, мемлекеттің салық салу құзыретінің шегін, халықаралық салықтық шарттардың отандық салық салу жүйесіндегі ережелерін, салықтық міндет- теменің тиісінше орындалуын қамтамасыз ету жолдарын, бюджеттіктапсырмалардыңсалықтықтүсім көздеріне қатысты сандық және сапалық көрсеткіштерін, бюджеттердің кірістері мен шығыстарын салықтықтүсімдер бөлігінде қалыптастыруға байланысты болашақта мемлекет аумағында жасалынатын жи- ынтық ұлттықтабыстың болжамды көлемін, болжамдауға қатыс- ты негізгі макрокөрсеткіштердің өзгеру динамикасын айқын- дауға септігін тигізетін мемлекеттің экономикалық және әлеу- меттік дамуының кешенді бағдарламаларының шынайы эконо- микалық шарттылықтарын негіздеу процестерін, әр деңгейдегі бюджеттерді салықтық түсімдер арқылы қалыптастыру бөлі- гіндегі тапсырмаларын мұқият нақтыландыру және салық ставкалары мен жеңілдіктерінің үлестік бөліну тәртібін, мемлекеттің фискальдық, салықтық саясатын қалыптастырудың басым ба- ғыттарын, салық салу аясындағы принциптер мен ережелерді, салық заңдарын және қаржылық заңдарды қабылдау негізін құрайтын экономикалықтұрғыдан негізделіп, заңи ресімделген кағидалар мен ғылыми тұжырымдарды белгілеу жүзеге асыры- лады.

Мемлекеттік салықтық жоспарлау процесінде алынған нәти- желердің кезекті қаржы жылына арналған (басым бөлігі салық- тықтүсімдерден құралатын) Республикалықбюджет пен жергі- лікті бюджеттер туралы қаржылық заңдарды, олардың кірістері мен шығыстарын қалыптастырудың үш (бес) жылдық болжамы жөніңдегі нормативтік құқықтық актіні қабылдауға, салықзаңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу ге, сондай-ақ салық салу жүйесін халықаралық тиісті стандарттарға сәйкестендіру және салық заңдары жүйесін айтарлықтай дамыту мақсатында салық кодексін жетілдіруге аркау болатыны сөзсіз.

Сонымен, салықсалуды мемлекеттік басқарудың негізгі эле- менттерінің біріне мемлекеттік салықтық жоспарлау жатады.

Алайда нарықтық дамыған шет елдерде мемлекеттің салық- тық менеджментінің концепциясы тек мемлекеттік салықтық жоспарлау аясын үана аркау етіп қоймай, сонымен бірге оүан карама-қайшы қорпорациялық салықтық жоспарлау аясына да негізделеді және мемлекеттің экономикалық кеңістігіндегі трансформациялық жай-күйлер мен фисқалдық саясат тұрғы- сынан осы екі аяның біртұтастығын көздейді.

Салық салуды мемлекеттік басқарудың экономикалық әдіс- тері қорпорациялар мен жеке кәсіпкерлік деңгейіндегі капитал қозғалысын басқару әдісінен ерекшеленеді. Бүл орайда салық салу жүйесінің фисқалдық функциясының тиімді іске асыры- луын қамтамасыз ету, сондай-ақ қорпорациялық аялар мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық мүдделерін (олардың салықтық шығыстарын ыкшамдау) сактау көзделеді.

Қорпорациялық және жеке салықтық жоспарлау Қазақстан Республикасы заң актілері мен тиісті салықтық шарттарда белгі- ленген салықжеңілдіктері мен префренцияларын мүмкіндігінше толық, дұрыс және сауатты қолдану, осыған байланысты мем- лекеттің бюджеттік-қаржылық (фисқалдық) және салық саяса- тының мақсатты бағыттарын есепке алу, сондай-ақ салық әкім- шілігінің өздеріне қатысты іс-әрекеттерін болжап, бағалаудан түрады.

Демек, салық төлеуші заңды немесе жеке тұлғалардың салықтық заң актілерінде және өзге де нормативтік салықтық құқықтық құжаттарда көзделген салықтық ынталаңдыру әдістерін пайдаланып өздеріне жүктелген салықтық міңдеттемелерін ыкшамдауға (нақтылы салықты төлеуден белгілі мерзімге боса- туға, салық төлемінің сомасын айтарлықтай азайтуға) бағыттал- ған құқыққа сай, тиісті нормативтік құқықтық актіге негізделген іс-әрекеттері салықтық жоспарлау болып табылады.

Салық төлеушілердің (заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкер- лердің) салықтық міңдеттемелерінің ыкшамдалуы ірі, орта және шағын бизнесті одан әрі дамытуға қажетті ішкі қаржылық резервтерді аныктауға септігін тигһеді.

Қорпорациялық салықтық жоспарлау тактикасы салықтық төлемдерді ыкшамдау, салық заңнамасын сактау, қаржылықтәу- екелдерге ұрынып қалмау және банкроттықкд ұшырамаудың айла-амалдарын мақсат етеді. Қорпорацияларға және жекеше кәсіпорындарға қызмет істеуге тартылған аудиторлар мен заңгерлер экономикалық және құқықтық талдау негізінде қорпо- рациялардың ыкшамдалған салықтық бюджеттерін әзірлейді.

Сонымен, қорпорациялықсалықтықжоспарлау тактикасы- ның мақсаттарына:

- қорпорациялар мен жеке кәсіпорындардың болмысына және қаржылық-шаруашылық қызметтеріне тікелей қатысты заңдарды, сондай-ақ салық заңнамасын терендетіп зерделеу және олардың принциптерін өз мүдделеріне сай сауатты пайда- лана білу;


Просмотров 1336

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.ru - 2021 год. Все права принадлежат их авторам!