Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






САЛЫҚ САЛУ АЯСЫНДАГЫ САЛЫҚТЫҚ ЫНТАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК МӘЖБҮРЛЕУ 5 часть



Сонымен салық салу саласындағы басқару салық жүйесінің жұмыс істеуі барысында мемлекеттік маңызы бар нәтижелерге қол жеткізу мақсатында заң жүзінде нақтылы айқындалған салық салу аясындағы субъектілерге арнаулы тәсілдер мен әдіс- тердің негізінде тигізілетін әмірлі билік ету ықпалы болып та- былады.

Салық салу саласындағы мемлекеттік басқару тиісті органдар мен лауазымды адамдардың әлеуметтік белсенді іс-әрекеттерін өздері қолданатын мемлекеттік өктем өкілеттіліктеріне байланыстырып және осындай пәрменді іс-қимылдарын әкімшілік, салықтық заңдармен айқындалған арнада және белгіленген нысанда жүргізіп, сондай-ақ басқарушы ықпалды қалыптастыру және жүзеге асыру мақсатын көздей отырып аткарылатын мемлекеттік-басқарушы қызмет болып саналады. Бұл ретте қажетті элементтері ретіңде мемлекеттік билік органдарының ұйымдастырушылық және функционалдық сипатын, басқару органдары мен олардыңлауазымды адамдарының баскарушы қызметтерінің нысандарын, әдістерін және процеду- раларын, лауазымды адамдардың мамандығына, жеке басына, жалпы мәдениеттілігіне байланысты қалыптасатын басқарудың әлеуметтік-психологиялық механизмдерін атауға болады.

Салық салу сапасын мемлекеттік басқару мемлекет атынан, сондай-ақ мемлекеттің тапсыруымен және мемлекет мүддесін көздей отырып салықтарды белгілеу және алу, сонымен катар салықтық бақылау қызметтерін жүзеге асыратын субъектілер мен салық төлеушілердің жүр*іп-тұруларына уәкілетті мемлекеттік органдар жүйесі тигізетін ұйымдастырушы әрі тәртіптеуші ықпал ретінде көрініс табады.



Салық салуды мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру мәні мына: басқаруды салықтық заңдар тұрғысынан бекітудің кағидаттары мен нысандарын айқындау; мемлекеттік басқару органдарының нысандарын олар атқаратын қызмет бағыттарына сай айқындау және олардың құзыреттерін міндеттері мен функцияларына байланысты межелеу; мемлекеттік басқарудың жоғаргы және төменгі буындарының арасындағы өзара ір- қимылдарының құқықтық нысандарын, басқарушы қызметтің әдістерін және оларды жүзеге асыру нысандарын белгілеу және т.б. сияқты мәселелерді бірінші кезекте шешуден түрады.

Салық салуды мемлекеттік басқарудың міндет-мақсаттарына салықтық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті органдардың жүйесін, кұзыреттерін, сондай-ақ салық төлеушілер жөніңдегі жагдайларды және басқа да әкімшілік, басқарушылықсипатынт дағы құбылыстарды айқындап, белгілеу жатады.



Мемлекеттің салық сапу аясындағы қатысушылардың, оның ішінде мемлекеттің азаматтары мен заңды тұлғалары табыста- рының белгілі бөлігін өз пайдасына алып кою шегін, яғни салықтық юрисдикциясының шегін нақтыландыру мақсатында заң актілеріне сүйене отырып, мемлекеттің салықтарды алу жөніңдегі құқықка сай іс-қимылдарын айқындап көрсету, салықтар мен мемлекеттін салық жүйесінің құқықтық аспектілерін және құрылу конструкцияларының ерекшеліктерін мемлекеттің болмысы мен мұктаждықтарына сай негіздеу, сон- дай-ақ мемлекет салықтық кызмегінің конституциялық-құқық- тық, әкімшілік-құқықтықжәне қаржылық-құқықтыққамтама- сыз етілу механизмдерін айқындау күн тәргібіндегі өзекгі мәсе- лелер катарына жатады.

Мемлекеттік басқару барысында салық салу аясындағы реттеуші салықтық құқықтық нормалардың аткаратын рөлі мен ерекшеліктерін карастырып, талдау аркылы, әсіресе салықтық құқықтық қатынастардың заңи және материалдық мәнің ашып көрсету, салықтық құкыктық қатынастардағы тараптардың құқықтары мен міндеттерінің ерекшеліктерін, мәнің сипаттай отырып мемлекет пен салықтөлеушілердің мүдделерінің ұшта- су мүмкіндігінің ұтымды моделін қалыптастыруды құқықтық актілер негізінде карастырып, салықтарды төлеу міндеттерінің туындауының, өзгеруінің және токтатылуының динамикасына құқықтық талдау жасалады.

Сонымен катар салықты төлеу міндетінің конституциялық қағидат-негізі ретінде салықтық құқықтық қатынастардан тұрак- ты көрініс табуына байланысты, салық заңдарын нарыктық эко- номика, құқықтық және демократиялық мемлекет талаптарын ескере отырып, мүмкіндігінше салық төлеушілердің құқықта- ры мен заңды мүдделеріне нұксан келтірмейтіндей етіп кабыл-' дау жолдары ескеріледі.

Салық салуды мемлекеттік басқару салық жүйесін ұйым- дастыру, уәкілетті мемлекеттік органдар мен салық төлеушілер- дің жүріп-тұруларын, іс-әрекеттерін құкыктьік және мемлекет- тік реттеу жөніңдегі өктем-ықпалды іс-қимылдарын білдіреді.

Салық салу саласындағы мемлекеттік басқару кең мағына- да арнайы кұзырет берілген салық органдарының, басқа да атка- рушы билік органдарының, сондай-ақ мемлекеттің айрықша субъектілері мен өкілді органдарының Қазақстан Республика- сы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті мәслихаттар мен әкімдіктердің салық салу жүйесінде аткаратына өздеріне тиесілі өкілеттіліктері ретінде көрініс табады.

Ал мемлекеттін салықтық қызметінің мәніңе салықтық құқықтық қатынас субъектілерінің өздеріне тән субъективтік құқықтарымен заңи міндеттерін атқаруларына орай мемлекеттік басқарудың салықсалу аясындағы мақсат-бағдарын айқындап, қалыптастыру жатады.

Бүгінде салық салу жүйесін мемлекеттік басқару:

1) салықтарды, салық жүйесін және салық қызметін ауқымды әлеуметтік, ұйымдастырушы және құкыктық жағдайларға бағдарлай отырып мемлекеттік-басқарушы къізметтіңтиімділігін жүйелендіру;

2) салықтар жайындағы ақпараттық, құқықтық, ұйымдасты- рушылық және т.б. факторларды құру арқылы салық салуды басқару ісіне ғылыми негізделген жолдар мен әдістерді және нысандарды енгізіп, іс жүзінде қолдануды қамтамасыз ету;

3) салық жүйесін және салық салу аясын басқарудың ұйым- дастырылу құрылымын жетілдіру мақсатында мемлекеттік баскарудын қоғамдық маңызын үзбей дамыту;

4) қаржылық-экономикалық, құқық және басқару салала- рының мамандарын, сарапшыларын тарту және олардың негізделген тұжырым-ұсыныстарын пайдалану аркылы салықтық қызметтің ұтымды тәсілдерін қалыптастыру;

5) мемлекет аумағындағы салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеу және алу мәсе^елері бойынша мемлекеттік өкілді және атқарушы билік органдарының өзара іс-қимылда- рын үйлестіру;

6) мемлекеттіңфисқалдықсаясатын қоғам өмірінде ойдағы- дай жүргізу мақсатында мемлекеттің өкілді органдары, атқару- шы билік органдары, оның ішінде салық органдары, жергілік- ті мемлекеттік басқару органдары, мемлекеттін салық агенттері мен салық төлеушілер және олардың өкілдіктері арасындағы әр алуан қарым-қатынастарды дамыту, сондай-ақ мемлекеттік реттеуді айтарлықтай нығайту үшін әлеуметтік-психологиялық факторларды кеңінен пайдалану;

7) салық салу саласын басқаруды жетілдіру мақсатында ав- томаттандырылған басқару жүйесін құру және оны ұйымдық- экономикалық, ұйымдық-құқықтық, ақпараттық, бағдарламалық, техникалық және технологиялық, кадрлық жүйелермен қамтамасыз ету мәселелерін көздеп отыр.

Сонымен осы айткандарымызды салық салуға бейімдеп кара- сақ, онда мынадай тұжырым жасауға болады:

- салық салуды басқаруға мемлекет атынан немесе мемле- кет мүддесін көздей отырып мемлекеттің тапсыруымен өзінің атынан салықтық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік уәкі- летті органдардың бірыңғай жүйесі жатады;

- салық салуды басқару салықтық қызметті жүзеге асыру- шы уәкілетті субъектілердің және заңи міндет жүктелген салық төлеушілердің жүріп-тұруларына мемлекет тұрғысынан тигізі- летін ұйымдастырушы, тәртіптеуші ықпал болып табылады;

- салық салуды басқару барысында салықтардың (салықтар, алымдар, баждар, төлемақылар) көмегімен мемлекеттік бюджет кірісін жоспарланған көлемде қалыптастыру аркылы қоғамның әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымдары ақша қаражат- тарымен қамтамасыз етіледі.

Салық салу саласын басқару уәкілетті мемлекеттік органдардың ұйымдастырушы қызметі мен тиісті атқарушы-билікші қызметтерін бірдей камтиды, сондай-ақ салық механизмдерінің тұткалары мен әдістері, ынталандырулары мен жауапкершілік шаралары аркылы жүзеге асырылады.

Салықсалу саласын басқару негізінде мынадай: жоспарлылық және тиімділік; салық мәселелеріне саяси тұрғыдан карау; халық мүддесі мен мұктаждығын есепке алу; ғылым жетістіктерінің нәтижесіне сүйене отырып басқару; барлық басқару жүйесі бойынша құқықтар мен міндеттерді дәл белгілеу және нақтылы жауапкершілік жүктеу; осы саладағы басқарудың барлық деңгейін тиімді үштастыру; заңдылық және жариялылық принциптері жатады.

Салық салу саласын басқару процесінде өзара тығыз байла- нысқан бухгалтерлік, статистикалық ақпараттар; салықтарды басқаруды ұйымдастыру; салықтық жоспарлау және реттеу; салықтық бақылау сиякты элементтер пайдаланылады.

Салық салу жөніңдегі ақпараттарды қажёт уақытында, толығымен және шынайы түрде алу - салық процестерін тікелей басқаруды қамтамасыз етеді. Ақпараттар тікелей, бухгалтерлік және статистикалық есептеулер аркьшы алынады. Осы ақпарат- тар салықтық жоспарлауды ғылыми тұрғыдан негіздеуге де ай- тарлықтай септігін тигізеді.

Салық салуды ұйымдастыру барысында салықтық қатынас нысандарына қоса салық механизмі құрьшады және оның тиімді іске асырылуына жағдай жасалады.

Салық салу саласындағы барлық басқару органдары көздей- тін басты міндеттерге:

- нарыктық қатынастарға өтуге бағытталған бірыңғай салық саясатын жүргізу;

- әлеуметтік бағдарланған салық салуды жүзеге асыру;

- салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің республикалық бюджет кірісіне толығымен және уақтылы түсіп отыруын тиісті құқықтық құралдармен қамтамасыз ету;

- салық салуға және басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге байланысты салықжүйесінде негізге алынатын принциптер мен құқықтық нормаларды белгілеу жатады.

Салық салу саласын мемлекеттік басқаруды тікелей басқа- рушы қызмет ретінде түсінуге болмайды. Салық салу саласын басқару уәкілетті мемлекеттік органдардың осы салаға қатыс- ты өз өкілеттіліктерін жүзеге асыру жөніңдегі қызметтері болып табылады.

Салық салу саласын басқаруға салық органдары жүргізетін салық әкімшілігін жаткызуға болады. Демек, салықтар мен баска да міндетті төлемдер нысаныңда бюджетке аударылатын ақша каражаттарының тиісті бюджетке белгіленген мерзімінде және толығымен түсіп тұруын кадағалау, салық есебіне алу, салық- тық тексеру жүргізу де салық салу саласындағы басқаруға жа- тады. Тағы бір мағынада, салықсалу саласын басқару деп, салық қызметін мемлекет мүддесін көздей отырып жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар жүйесін айта аламыз. Өйткені, осы уәкілетті мемлекеттік органдар біруақытта басқару органдары болып табылады.

Мысалы, Қазақстан Республикасының Парламенгі Палаталардың бөлек отырысында бюджет, салық салу мәселелерін әуелі Мәжілісте, одан кейін Сенатта кезекпен карау аркылы рес- публикалық бюджетті және оның аткарылуы турал ы есеп-терді, бюджетке енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды тал- кылайды, сондай-ақ мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды. Қазақстан Республика- сының Парламенті республикалық бюджетке, салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге қатысты негізгі принциптер мен нормаларды белгілейтін заңдар шыға- рады.

Тұжырым ретінде мынадай байлам-түйіндерді қалыптасты- руға болады:

1) Салық салу саласындағы мемлекеттік басқару осы аядағы уәкілетті органдар мен салық органдарының қызмет бағытта- рын, мақсаттары мен міндеттерін айқындап, белгілеу және дәре- же-деңгейлеріне карай, көзделген нәтижеге қол жеткізу мақ- сатында сол мемлекеттік органдардың жүріп-тұруларына бір- жақты-өктем ықпал ету түріндегі ұйымдастырушы-реттеуші қызмет;

2) салықсалу саласындағы мемлекеттік басқару мемлекеттің салық жүйесін, салықтық құрылысты ұйымдастыру, салық төлеушілер мен уәкілетті мемлекеттік органдардың жүріп-тұруларын, салықтық тәртіптерін құқықтық және мемлекеттік рет- теу жөніңдегі біртұтас алғанда мемлекеттің немесе оның уәкілетті органдарының өктем ықпалы;

3) арнайы кұзыретті салық органдары мен басқа да аткзру- шы билік органдарына қоса мемлекеттің айрықша субъектілері мен өкілді органдарының (Президент, Парламент, Үкімет, Мәслихаттар) өздеріне тиесілі салықтық өкілеттіктерін жүзеге асыруға байланысты нәтижелеуші қызметтері;

4) мемлекеттің салықтық қызметінің мәні салықтық құқық- тық қатынас субъектілерінің өздеріне тән субъективтік құқықта- ры мен заңи міндеттерін атқаруларына карай мемлекеттік баскарудың салық салу саласында айқындалатын мақсат-бағдары;

5) салық салу саласын мемлекеттік басқару салық органда- ры мен салықтөлеушілердің жүріп-тұруларына біржақты-өктем ықпал ету аркылы жүзеге асырылатын мемлекеттің салық са- луды ұтымды ұйымдастыру әрі тәртіпке келтіру және салық- тық міндеттемелердің тиісінше орындалуын қамтамасыз ету жөніңдегі қызметі;

6) салық салу саласындағы мемлекеттік басқару салықтық қызметтерін мемлекетатынан жүзеге асыруға уәкілетті мемле- кеттік органдар жүйесін ұйымдастыруға байланысты қызмет;

7) салық салу саласындағы мемлекеттік басқарудың мәні мемлекеттік салық әкімшілігін жүргізу.

Сонымен салықтық қызметтің басты бағыты бюджет кірісіне салықтарды жұмылдыру аркылы мемлекеттің кззынасын калып- тастыру болып табылады.

Осы орайда, мемлекеттік салықтық басқару аясында Казақ- стан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінің мынадай кұзыреттері белгіленген:

Салық комитеті өз қызметінде:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық ко- митеті өз кұзыреті шегінде салықтардын және басқа да міндеіті төлемдердің бюджетке түсуін, міндетті Зейнетақы жарналары- ның және мемлекеттік Әлеуметтік сактандыру қорына әлеу- меттік аударымдардың толық және уақтылы аударылуын кам- тамасыз ету саласындағы қызметін және бақылау-кадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті:

1. Басшылықтан;

2. Ірі салық төлеушілерді әкімшілендіру және мониторинг- теу басқармасынан;

3. Салықтық әкімшілендіру басқармасынан;

4. Әдіснама басқармасынан;

5. Халықаралық салық салу басқармасынан;

6. Ішкі жұмыс басқармасынан;

7. Кірістерді талдау және ағымдағы болжау басқармасынан;

8. Ақпараттық технологиялар басқармасынан;

9. Ұйымдастыру-қаржылық қамтамасыз ету басқармасынан;

Ю.Салық аппеляциясы басқармасынан;

11.Өндірістік емес төлемдер басқармасынан;

12.3аң басқармасынан;

ІЗ.Акциздерді әкімшілендіру бйскармасынан құрылады.

Салық комитетінің басты міндеттеріне:

- салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті Зейнетақы жарналарының және мемлекеттік Әлеуметтік сактандыру қорына әлеуметтік ауда- рымдардың толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз ету;

- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдертуралы» Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген тәртіппен салықтық бақылау жүргізу;

- Қазақстан Республикасының экономикалықкауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- этил спирті мен алкоголь өнімінің, темекі өнімдерінің, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету;

- халықаралық ынтымактастықты жүзеге асыру жатады.

Салық комитеті мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-

қүкыктық нысаныңдағы заңды тұлға болып табылады. Осы орай- да оның мемлекеттік тілде өз атауы мен мөрі және мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында бюджеттік шоттары және Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінде, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда карастырылған жағдайларда өзге де шот- тары болады.

Салық комитетінің заңды тұлғалар болып табылатын аумак- тықоргандары ретінде, аймақаралықсалықкомитеттері, облыс- тар, Астана және Алматы калалары бойынша салық комитеттері, ауданаралық салық комитеттері, аудан, қала және каладағы аудандар бойынша салық комитеттері, сондай-ақ арнайы эко- номикалық аймақтар аумағындағы салық комитеттері жұмыс істейді.

Салық комитеті өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңнамаларына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметініңактілеріне, өзге де норма- тивтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Салық комитеті салықтық заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін:

— Қазақстан Республикасындағы салық төлеушілердің мемлекеттік тізілімін жүргізу;

— салық төлеушілерді, салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді есепке алудың бірыңғай жүйесін әзірлеу және жүргізу;

— салықтық заңнаманың орындалуына бақылау жүргізу бо- йынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;

— этил спиртінің, алкоголь өнімдерінің және темекі өнімдерінің өндірілуі және айналымы саласында есепке алу мен есептілікті ұйымдастыру;

— этил спиртінің, алкоголь өнімдерінің және темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымына бақылау жүргізу бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;

-салықтөлеушілердің қаржылық-шаруашылық қызметін, мұнай өнімдерін өндірушілердің, мұнайды жеткізушілердің және мүнай өнімдерін базалардан сатуды жүзеге асыратын тұлғалардың, сондай-ақ темекі өнімдерін өндіретін тұлғалардың қызметін мониторингтеу;

— мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру және олардың айналымы бойынша бірыңғай дерекқорды жүргізу;

— өз күзырегі шегінде салықтар мен бюджетке төленетін баска да міндетті төлемдердің түсуі мәселелері бойынша, сондай- ақ акцизделетін өнімнің өндірісі мен айналымы саласында халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жасау;

— салықберешегін мәжбүрлеп өндіріп алу жөніңдегі жұмыс- тарды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

— «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексінде) белгіленген тәртіппен салықтардың, өсімақылар мен айыппұлдардың есептелген сомасы бөлігінде, сондай-ақ салық қызметі органдары лауазымды тұлғаларының әрекеті (әрекетсіз- дігі) бөлігінде салықтық тексерулердің кесімдері бойынша ха- барламаларға қатысты заңды және жеке тұлғалардың шағымдарын карау;

— салықтық міндеттемелердің туындауы, орындалуы және токтатылуы мәселелерін жеке және заңды тұлғаларға түсіндіру жөніңдегі жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру;

- этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және импорт- тауды, темекі өнімдерін өндіруді, сондай-ақ Қазақстан Респуб- ликасында лотереяларды ұйымдастыруға және өткізуге байла- нысты қызметті лицензиялау;

- өзге мемлекеттік органдардың мұнай өнімдерін өндірудің және (немесе) олардын айналымының көлемі туралы мәлімет- терді және өзге де кажетті ақпаратты бірыңғай дерекқорға беру нысандарын, тәртібі мен мерзімдерін айқындау;

- өз кұзыреті шегінде этил спиртін, алкоголь өнімімен темекі өнімдерін, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және айналымын реттеу;

- салықтық құқықбұзушылықтарға карсы құрес мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындауы сиякты функцияларды, сондай-ақ:

— салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуі толықтығын көздейтін заңнаманың сакталуын ба- қылау;

— нормативтік құқықтық актілерде белгіленген құзыреті шегіндесалықтықемес (мемлекеттік кәсіпорындар пайдасының үлесінен, мемлекеттік меншік болып табылатын акциялардың пакеттеріне дивидендтерден, «Байқоңыр» кешенің пайдаланга- ны үшін жалгерлік төлемнен, республикалық мемлекеттік мү- лікті жалға беруден және сатудан, мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіруден түсетін түсімдерден, капиталмен жа- салған операциялардан алынатын түсімдерден басқа) төлемдердің түсуін бақылау;

- трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік ба- қылау;

— мемлекеттік бюджетке бөлінетін міңдетті төлемдерді есеп- теуді және (немесе) жинауды жүзеге асыруға уәкілетті К,азак- стан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметін бақы- лау;

— қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес таңбалауға жата- тын акцизделетін өнімдер бойынша акциздік маркалардың сақ- талуын,сатып алынуынжәне есепке алынуын, сондай-ақ есеп- ке алу-бақылау маркаларының жасалуын, сакталуын, сатып алынуын және есепке алынуын бақылау;


Просмотров 1712

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!