Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






САЛЫҚ САЛУ АЯСЫНДАГЫ САЛЫҚТЫҚ ЫНТАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК МӘЖБҮРЛЕУ 4 часть



- Қазақстан Республикасы аумағында орындалған жұмыс- тарға және көрсетілген қызметтерге, сондай-ақ Қазақстан Рес- публикасы аумағына импортталынатын тауарларға салынатын қосылған кұн салығы;

- Қазақстан Республикасыныңаумағынаимпортталынатын тауарларға акциздер;

- шикі мұнайға, газ конденсатына акциздер;

- жер қойнауын пайдаланушылар төлейтін үстеме пайда салығы;

- экспортка шығарылатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы;

- автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өткені үшін алым;

-азаматтықәуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшіналым;

- радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым;

- теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мем- лекеттік тіркегені үшін алым;

- кеменің немесе жасалып жаткан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін алым;

- телевизия және радиохабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұксат бергені үшін алым;

- дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым;

- туындыларға және сабактас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындыларды және сабактас құқық объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркегені үшін алым;

- радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы;

- республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумактарды пайдаланғаны үшін төлемақы;

- жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы;



- кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы;

- республикалық маңызы бар жалпыға ортак пайдаланыла- тын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сырткы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы;

- калааралық және (немесе) х^лықаралық телефон байла- нысын бергені үшін төленетін төлемақы;

- кедендік баждар;

- консулдық алым түрінде, апостиль қойғаны үшін, Казак- стан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін бергені үшін, жүргізуші куәліктерін бергені үшін, мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілерін бергені үшін, мемле- кеттік нотариат кеңселері нотариустарының нотариаддық іс- әрекеттер жасағаны үшін, уәкілетті органның зияткерлік меншік саласында жасаған заңды маңызы бар іс-әрекеттері үшін алынатын мемлекеттік баждар республикалықбюджеттің түрак- ты бекітілген кірістері болып табылады.

II. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері:

- заңды тұлғалардан алынатын қорпорациялықтабыс салы- ғының;



- қосылған кұн салығының;

- үстеме пайда салығының;

- бонустардың;

- роялтидің;

- жасалған келісім-шарттарға орай өнімді бөлу бөлігіндегі Қазақстан Республикасының үлесінің артық түсірілген сомаларынан құралады. [1]

- бірыңғай жерсалығы;

- көлік құралдары салығы;

- жасалған келісім-шарттарға орай өнімді бөлу бөлігінде жергілікті бюджеттерге түсетін Қазақстан Республикасының үлесі;

- жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым;

- жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін ли- цензиялықалым;

- заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым;

- аукциондардан алынатын алым;

- жергілікті маңызы бар ақылы мемлекеттік жолдармен жүріп өткені үшін алым;

- жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәміле- лерге құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым;

- механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемле- кеттік тіркегені үшін алым;

- жер үсті су көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;

- орманды пайдаланғаны үшін төлемақы;

- жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумак- тарды пайдаланғаны үшін төлемақы;

- жергілікті маңызы бар және елді мекендерде жалпыға ортак пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сырткы (көрнекі) жарнама орналастырғаны үшін төлемақы;

- жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;

- қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы;

- тиісті мемлекеттік баждар жатады.

Мемлекеттінсалықжүйесі ретінде экономикалық-құқықтық

және әдістемелік-функционалдық принциптері кешенің қаржылық-бөлу процестерінде іске асыру қызметімен тікелей айналысатын, қаржылық және салықтық әкімшілік жүргізулеріне кажетті әмірлі билік (императив) берілген уәкілетті мемлекеттік органдар көрініс табады. Сонымен катар, мемлекеттін салық жүйесі егемен еліміздің нақты даму кезендеріндегі экономикалық кеңістік пен мемлекеттік құрылыс процесінде және мем- лекеттік басқару жүйесінде әр алуан кырларымен, әсіресе фискальдық, реттеуші функцияларымен ерекшеленетін ұйымдық- құкыктық механизм болып саналады.

Салықсалу (салықтар) жүйесі аткаратын өзінетән рөлі қор- порациялық және жеке табыстарды фисқалдық және реттеуші функциялар аркылы қайта бөлу кезінде айқын көрінеді.

Фисқалдық функция:

- мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының ең жоғарғы балансына қол жеткізу;

- салықтық түсімдерді бюджеттер арасында біркалыпты тең бөлу;

- әлеуметтік инфрақұрылымдарды жоғары денгейге көте-

ру;

- ғылым, мәдениет, денсаулық сактау, қорғаныс және мем- лекеттік басқару салаларын кажетті мөлшерде ақша каражат- тарымен қамтамасыз ету сиякты түикілікті мақсаттардын ойда- ғыдай орындалуын көздейді.

Ал реттеуші функция:

- шағын және орта бизнесті дамытуға;

- инфляцияның және бағалардың өсуін тежеуге;

- жаңа технология енгізу, шаруашылық салаларын кайта құру процестерін және инвестицияларды ынталандыруға;

- сүраныс пен ұсыныстарды реттеуге;

- жеке кәсіпкерлікті ынталандыруға;

- экспорттық-импорттық қызмет аяларын реттеуге;

- жаңа жұмыс орның құруға;

- дәстүрлі халықөнеркәсібін (қолөнерін) дамытуға;

- инфляцияны ауыздықтауға;

- азаматтардың жеке табыстарын теңестіруге ат салысады.

Мемлекеттің салық жүйесінің әлеуметтік аялар мен эконо-

миканы реттеу барысындағы маңызы мен аткаратын рөлі казіргі кезде күн санап артып келеді. Осы әлеуметтік-экономикалық аяларға фисқалдық-реттеуші ықпал ету мына келесідей басты мақсаттарды көздейді:

- ел экономикасының тұрақты әрі орныкты негізде өсуіне қол жеткізуді;

- экономиканың сапалылық және теңдестірілу тұрғысынан айтарлықтай өсуіне, өнімділігіне ат салысуды;

- индустриалдық және коммерциялықбазаларды дамытуды;

- халық түтынатын негізгі тауарлар мен қызметтерге белгі- ленген бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз етуді;

- еңбекке жарамды тұрғылықты халықтың жұмыспен толық қамтамасыз етілуін;

- тұрғылықты халықтың табыстарының белгілі бір деңгейде теңестірілуін қамтамасыз етуді;

- көп балалы отбасыларын, зейнеткерлер мен мүгедектерді өлеуметтік қорғау жүйесін құруды;

- салық жүйесі мен баға құру, кредиттеу, валюталық-ақша- лай реттеу, бюджеттік қаржыландыру, зейнетақымен камтама- сыз ету, сактандыру жүйелері арасында экономикалық тұрғы- дан негізделген өзара іс-әрекеттерді белгілеуді;

— әлеуметтік камсыздандыру деңгейі мен әлеуметтік жәр- . демақылар деңгейін теңестіру аркылы тұрғылықты халықтың әл-аукаттарын жоғарылатуды.

Сонымен мемлекеттің салықтық құрылысы - мемлекеттің салық жүйесін құру негізіндегі ұйымдастыру-құқықтық және экономикалық-функционалдық принциптерді, салық жүйесінің негізгі функцияларын, салықтар мен салық нысаныңдағы міндетті төлемдердің түрлері мен топтастыру белгілерін, сондай-ақ оларды бюджеттер арасында бөлу тәртібін, салық жүйесін баскару әдістері мен басқару құрылымын және салық жүйесінің барлық элементтерінің өзара байланыстарын айқындайтын салықтық құқықтың жалпы бөлімінің институты болып табылады.

Пысықтау сауалдары:

1. Мемлекеттің салықтық құрылысы дегеніміз не? Оның құқықтық институт ретіндегі мән-жайы мен құрылымдық элементтері жөніңдегі не айта аласыз?

2. Салық жүйесі мен салықтар жүйесінің ұғымын айқындап беріңіз. Салықтар жүйесінің заң жүзінде қалайша топтастырылғаның баяндап беріңіз.

3. Салық салу жүйесінің негізін құрайтын кағидалар мен прин- циптер жөніңде қандай ақпарат алдыныз. Мемлекеттің салықтық құрылысында жаркын көрініс табатын салықтық реттеудің манызы туралы не білесіз?

4. Мемлекеттің салықтық құрылысының нормативтік құқықтық базасын және экономикалық-функциональдық негізін қалыптастыру принциптерін сипаттап беріңіз.

5. Салық жүйесінің Қазақстан Республикасының республикалық бюджеті мен жергілікті бюджеттері салықтық кірістерін қалыптастыру жөніңдегі әлеуетінің мән-жайын ашып көрсетіңіз.

1.9. САЛЫҚ САЛУ САЛАСЫНДАГЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ

Нарық жағдайыңдағы Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесінің ұйымдастырылу-құкыктық мағынасы әдетте, тиісті құрылымдық проблемаларды шешуді қалайды. Еліміздегі жа- ңаша нарықтық сипаттағы әлеуметтік экономикалық өзгерістер мемлекеттік басқару аясыңдағы ұйымдастыру процестерінің және әкімшілік-құқықтық реттеу құралдарының одан әрі да- муының маңызы мен кажеттілігіне, сондай-ақ жетілдірілуіне нұксан келтіре алмайды. Әйтсе де, қоғам дамуының казіргі жағ- дайы мемлекеттік басқару аясына, оның реттеушілеріне және оларды іс жүзінде пайдалану механизміне айтарлықтай ықпал етіп отырғаның білеміз. Сонымен бірге қоғам жүйесіндегі каи- дай болмасын бастамалардың мемлекет қолдауынсыз және мемлекеттік реттеусіз өркениетті, құқықтық мемлекет ретіндегі даму арнасында көрініс таба алмайтыны да белгілі. Демек, мемлекеттің қолдауы мен реттеуі мемлекеттік басқару және әкімшілік-құқықтық реттеу жүйесі мен механизмінде тікелей көріністабады.

Казіргі кездегі мемлекеттікбасқарудынәкімшілік-құқықтық ұйымдастырылуының бастауы басқарудың жетекші субъектісі мемлекеттің саясатын қоғам өмірінде тиісінше іске асыру ар- кылы айқындалады. Әр деңгейдегі және әр профильді атқару- шы билік органдарының өзара үйлестірілген жүйесін құру, олардың жүйе ішіндегі өзара байланыстарын қамтамасыз ету, олардыңтиісті деңгейлеріндегі заңдықөктем өкілеттіліктерді нақтылы және ұтымды бөлу, кажетті басқарушы функцияларды рес- публикалық (орталық) ауқымда қалыптастыру және оларды жергілікті мемлекеттік басқару деңгейінде іске асыру кезінде орталықсыздандыру тәрізді ұйымдастыру құқықтық проблемаларын шешуге бүгінде, көптеген факторлар ықпал етеді.

Мысалы, Қазақстандағы атқарушы билік жүйесін ұйымдас- тырудың жаңаша мазмұны, орталық атқарушы билік органда- ры мен жергілікті мемлекеттік басқару жүйесіндегі әкімдіктер арасында оларға тиесілі қызмет ауқымы мен өкілеттіліктерін бөлу, мемлекеттік басқарушы қызметтің функциялары мен тәсілдерін атқарушы билік жүйесіне сай келетіндей етіп жетілдіру қажеттілігі, мемлекеттік меншік объектілерін сактау және олардыңтиімді жұмыс істеулерін көздеп қолайлы жағдайды қамтамасыз ету қажеттілігі, мемлекеттік реттеуді мемлекеттік басқаруға қарсы қоюға жол бермейтін ұйымдық-құқықтық та- лаптардың объективтілігі, нарыктық шаруашылық жағдайын- дағы мемлекеттік-басқарушылық процесінің стихиялық рет- теуші сипатында көрініс таппауы үшін тиісті ұйымдастыру қағидаларын қатаң сақтау қажеттілігі тәрізді және т.б. факторлардың маңызы ерекше болады.

Сонымен мемлекеттік басқару көптеген субъективті факторлардың әкімшілік-құқықтық реттелуінің шынайы жай-күйіне,

сондай-ақ әлеуметтік нормалардын орны мен рөлін бағалау негізінде басқарушылық қызмет түрінде жүзеге асырылады.

Нарык жағдайындағы қоғам өмірі мен елімізде жүзеге асы- рылып жаткан арнаулы мемлекеттік қызметтердің мақсатты бағдарлары мен тиесілі салалары болғандықтан оларды іске асы- рйтын атқарушы билік органдары кай саладағы болмасын про- цестерге ұйымдастыру ықпалын тигізе отырып, қоғам мен мемлекеттін тыныс-талаптарына сай тәртіптейді.

Мемлекеттік басқарудың объектісі қоғамдық жүйенің мынадай мәселелерін карастыру кезінде: басқарушы объектілердің мәні, нысаны, функциялары және құрылымы объективті табиғи, сондай-ақ әлеуметтік-тарихи жағдайлармен және заңдылықтар- мен тікелей шартталуы аркылы аныкталады; сонымен бірге әрбірбасқарылушы объектініңерекшелігі мен қоғам өміріндегі орны, оның аясында жүзеге асырылатын іс-әрекеттердің (жұ- мыстың, еңбектің) мақсатымен, мән-жайымен, технологиясы- мен және басқа да маңызды көрінісімен айқындалады.

Қазақстандағы казіргі тікелей немесе жанама мемлекеттік басқару көбінесе мемлекеттік экономика секторындағы объекті- лердің оралымдық дербестіктерінің сонғы жылдары айтарлық- тай ұлғаюын есепке ала отырып жүзеге асырылады.

Сонымен, мемлекеттік басқарудың басты негізі мемлекеттік билік (әкімшілік билік деп айтуға болады) пен оның карама- ғындағы құқықтық, ақпараттық, экономикалық, техникалық, ұйымдастыру және т.б. орасан мол ресурстардан тұрады. Мемлекеттің нарыктық және құқықтық даму жағдайындағы мемлекеттік басқару әкімшілік билік негізінде жүзеге асыры- латын мемлекеттік реттеу болып табылады.

Мемлекеттік басқарудынфункционалдық құрылымын құру: мемлекеттік органдарға бағыты, қызмет ауқымы, мәні мен ны- саны бойынша мақсатқа сай келетін басқарушы функция беру; кешенді басқарушы міндеттерді дербес іске асыруға мүмкіндік беретін ұтымды басқарушы функцияны басқару жүйесінде шо- ғырландыру; басқарушы функцияларды олардың мәні мен көлеміне сай келетін ұйымдастыру, заңдық, ақпараттық және өзге де ресурстармен толықтыру аркылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырылу құрылымын құру барысында: ұйымдастыру күш-куатының жалпы көлемін баскару вертикалі мен горизонталі бойынша ұтымды бөлу; өзара субординациялық байланыстарды нақтылы белгілеу; міндетті түрде горизонтальдық үйлестіру байланыстарын қалыптасты- ру; төменті түрған элементтердің дербестілігін және өзіндік баскаруын қамтамасыз ететін өзара байланыстарды айқындау іске асырылады.

Ал басқарушы қызметті ұйымдастыру: мемлекеттік басқару элементтерінің әлеуметтік рөлінің оны іске асыратын адамдардын мүмкіндігімен сәйкес келуін қамтамасыз ету; мемлекеттік басқарудың бір элементін жүзеге асырудың жаңадан түрлен- дірілген әралуан нысандары мен әдістерін пайдалану; мемле- кеттік басқару элементтерімен жүмыс істеу кезінде олардың ақпараттық, психологиялық және педагогикалық мән-жайла- рын басқарушы процеске қатысушылардын түсіністікпен қабылдауына біртіндеп бағдарлау барысында көрініс табады.

Мемлекеттік басқарудын маңызы мен мағынасын жеткілікті деңгейде түсіну үшін міндетті түрде мемлекеттік басқару функ- цияларын танып-білу кажет.

Мемлекеттік басқару функциясы басқарушы ықпалдың ма- ғынасы мен сипатын, сондай-ақ олар мемлекеттің қоғамдық функцияларымен тығыз байланыста болғандықтан соларды жүзеге асыру жолдары мен тәсілдерін көрсетеді. Мемлекеттік басқару функциялары мемлекеттін біртұтас басқару субъектісі ретіндегі өзара байланыстарын сипаттай отырып ашып көр- сетеді. Мемлекеттік басқару функциялары белгілі бір басқару- шы ықпал түрін білдіретіндіктен оларды жіктеу кажеттілігі ту- ындайды. Осындай жікгеу барысында аталмыш функцияларды мемлекеттік басқару функциялары және мемлекеттік органдардың басқарушы функциялары деп бөлу көптеген басқарушылық проблемаларды тиісінше карастырудың әдіснамалық негізін құрайды.

Аталған функцияларды осылайша бөлу әдетте, ықпал ету субъектілері, ықпал ету шегі, іске асыру құралдары, сипаттары бойынша жүргізіледі. Мысалы, мемлекеттік басқару функциялары мемлекеттік басқарудың барлық ұйымдастыру құрылымы арқьшы жүзеге асырылады. Ал тиісті мемлбкеттік органның басқарушы функциясы сол орган аркылы тікелей іске асыры- лады. Демек, мемлекеттік басқару функциясы мемлекеттің билігімен қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік органдардың басқа- рушы функциясы өз ұйымдастыру мүмкіндіктері мен өкілетті- ліктері шегінде аткарылады.

Мемлекеттік басқару функциялары өз ерекшеліктеріне бай- ланысты ішкі және сыртқы функциялар болып бөлінеді. Ішкі басқару функциялары мемлекеттік басқарушы жүйенің ішіңдегі басқаруды білдіреді. Сырткы басқару функциясы мемлекеттік органдардың қоғамдық процестерге тікелей тигізетін ықпалын сипаттайды.

Орталық атқарушы билік органдарының ішкі функциялары көбінесе мемлекеттік басқарудың ұйымдастырылу құрылымы мен функциональдық бағытын жетілдіруді, төменгі буындарды басқаруды камтиды. Төменгі буындағы органдар, солардың ішінде жергілікті әкімдіктер қоғам жүйесінің әлеуметтік элементтеріне және тиісгі объекгілерге басқарушы ықпалдарын тигізеді.

Мемлекеттік органдардың сырткъі басқару функцияларының жүйесі мемлекеттің ұйымдастырылу құрылымының вертикальды және горизонтальды құрылуымен, сондай-ақ басқарылушы объектілердің мақсаттары мен мән-жайларының ерекшелігіне байланысты айқындалады.

Мемлекеттік басқару жүйесі әкімшілік жүйені білдіреді. Мемлекеттік басқару жүйесі болмаған жағдайда атқарушы билікті жүзеге асыру мүмкіндігі жоққа саяды. Ал әкімшілік жүйе атқарушы биліктің ұйымдастыру-құқықтық механизмі болып табылады. Демек, мемлекет тарапынан басқарылатын қоғамдық организмнің барлық элементтерінің өзара тиімді жүйесін құру мемлекеттік басқаруды әкімшілік-құқықтық ұйымдастыруды көздейді.

Мемлекеттік басқару жүйесін әкімшілік құқықтық ұйымдас- тырудың тағы бір элементі тиісті басқару объектілерін жеке басқару салалары мен сала аралық аялар бойынша бөлу бары- сында айқындалады. Мемлекеттік басқару жүйесін әкімшілік- құкыктық ұйымдастыру механизміне кажетті тағы бір элемент басқару сипатындағы жүйе ішіндегі байланыстар болып табы- лады. Осы басқару сипатындағы жүйе ішіндегі байланыстар барлық басқару блоктарының үйлесімді жұмыс істеуін, қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік, мәдени, саяси және т.б. өмірдің тәртіптелінген күйінде өркениетті дамуын қамтамасыз етеді.

Міне, жоғарыда баяндалған мән-жайларды қорыта келіп мемлекеттік басқарусыз мемлекеттік билік механизмінің жұмыс істемейтінің білдік. Демек, мемлекеттік билік мемлекеттік баскарудың туынды бөлігі болып табылады. Атқарушы билік мемлекеттік билікті іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған қызметтің, яғни мемлекеттік басқарудың негізгі бағыттарында атқарылатын қызметтің мәнің құрайды.

Казіргі нарыктық аядағы мемлекеттік реттеуге карағанда мемлекеттік басқару өзінің маңызы бойынша кең мағыналы ұғым болып табылады.

Сонымен, нарыктық жағдайдағы бүгінгі мемлекеттік басқа- ру:

- экономикалық-шаруашылық, әлеуметтік-мәдени және әкімшілік-саяси құрылыс аяларындағы қызмет бағыттарын рет- теу;

- басқару және реттеу салалары мен аяларындағы мемле- кеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу;

- мемлекеттік экономика (шаруашылық) аясындағы кәсіп- орындар мен мекемелерді басқару;

- жеке меншік экономика секторындағы әртүрлі объекті- лердің қызметтерін реттеу;

- әр түрлі меншік нысандарына негізделген шаруашылық қызмет аяларында мемлекеттік келісім-шарт жасау, тіркеу, ли- цензиялау, мемлекеттік тапсырыс құралдарын пайдалану;

- республикалық мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;

- мемлекеттік басқару-реттеу ауқымындағы азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, соңдай-ақ заңды мүдделері мен міндеттерін қамтамасыз ету сиякты және т.б. да мемлекеттік-басқарушы қызмет түрлерінде жүзеге асы- рылады.

Демек, мемлекеттік басқару мемлекетке тән функцияларды атқару, сондай-ақ алдына қойылған міндеттерін тиісінше орын- дау мақсатында заңдардың негізінде және заңға тәуелді сипат- та мемлекеттік басқару органдары (атқарушы билік органдары) тарапынан жүргізілетін ұйымдастырушы-реттеуші және ат- қарушы-өкім етуші қызмет болып табылады.

Мемлекеттік басқарушы қызмет кезендері (этаптары) мына:

- басқарушы мән-жайды талдау және бағалау;

- мемлекеттік-басқарушы мән-жайдың сакталуы және түрлендірілуі жөніңдегі кажетті іс-әрекеттерді болжамдау;

- басқарушы қызметтіңтиісті аяларына қажетті нормативтік құқықтық акгілерді немесе ұйымдастыру іс-шараларын әзірлеу;

- нормативгік құқықтықактілерді карау және кабьцщау, сон- дай-ақ ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асыру;

- қабылданған нормативтік-құкықтық және ұйымдастыры- лу шешімдерін атқаруды ұйымдастыру;

— құқықтық және ұйымдастырылу шешімдерінің орындалу- ын бақылау және жедел ақпараттандыру;

- жүргізілген басқарушы қызметті қорытындылау және жаңа басқарушы мән-жайды бағалау сиякты сатылардан (стадиялар- дан) өту барысында көрініс табады.

Басқарушы қызметақпараты басқарушы ықпалдарды калып- тастыру және іске асырудын мемлекеттік-құқықтық процестеріне жагдай жасауға ат салысады.

Бүгінде, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқа- ру: басқарушы шешімдер мен іс-әрекеттердегі нақтылы объективті жағдайлар мен субъективті факторлардың шынайы мүмкіндіктерін, сондай-ақ оларды өзгертудің тенденцияларын қатаң есепке алу; мемлекет саясатын қазіргі мемлекет дамуы- ның тарихи жағдайындағы адамдардың өмір сүру ортасы мен қызмет(жұмыс,еңбек) аяларыныңөзекті проблемаларын шешу мақсатында әлемдік практикада сыннан өткен прогрессивтік тәсілдерді, нысандарды, механизмдерді және ресурстарды қол- дануға бағдарлау; ғылыми ой-пікірлер мен басқару практика- сының өзара тығыз іс-әрекеттерін, принциптік мемлекеттік шешімдерді қоғамдық сараптаудан өткізу процестерін дамытуды қамтамасыз ету; басқару элементтерінің нарықтық жағдайлардағы икемділігі мен бейімділігін және олардың жүйелік өзара байланыстарын, сондай-ақ басқарушы ықпал кезіндегі күш- куатын айқындау, дамыту және жетілдіру тәрізді және т.б. өзіне тән сипаттарымен ерекшеленіп отыр.


Просмотров 874

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!