Главная Обратная связь Поможем написать вашу работу!

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Патент негізіндегі арнаулы салық режимі



Патент - арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және салық сомаларының бюджетке төленгенің рас- тайтын құжат болып табылады. Арнаулы салық режимін қолдануға арналған патент нысаның уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді. Патент жоғалған немесе бүлінген жағдайда салық төлеушініңөтініші бойынша дубликат беріледі. Салықтөлеуші бүлінген патентті салық органыңа тапсыруға тиіс. Берілген патенттерді тіркеуді салық органдарының нысандары мен оларды толтыру тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген патенттерді тіркеу (беру) журналында жүргізеді.

Патент негізіндегі арнаулы салық режимін жалдамалы кыз- меткерлердің еңбегін пайдаланбайтын, жеке кәсіпкерлік нысаныңдағы кызметті жүзеге асыратын және жыл ішіндегі табысы 2,0 миллион теңгеден аспайтын жеке кәсіпкерлер қолданады.

Патент жеке кәсіпкерге бір күнтізбелік жыл шегінде кемінде бір ай мерзімге беріледі. Жеке кәсіпкер патент алу үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жері бойынша салық органыңа кызмет түрін көрсете отырып, уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанда өтініш және жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті табыс етеді. Кезекті патент алу үшін өтініш алдыңғы патенттің қолданылу мерзімі аякталғанға дейін ұсынылады. Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көрсетілмейінше, патент жарамсыз болады.

Жеке кәсіпкер лицензиялауға жататын қызметті жүзеге асырған жағдайда ол мұндай кызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензиясын көрсетуге міндетті. Бұл орайда патент лицензияның қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.



Жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдау жөніңдегі қызметті жүзеге асырған жағдайда жеке кәсіпкер патент алуға берген өтінішінде тасымалдау түрін көрсетуге міндетті. Автомобильмен тасымалдау түрлерінің Қазақстан Рес- публикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келуін автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган бақылайды.

Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушіге Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жасаған аударымдары және жинактаушы Зейнетақы қорларына төлеген міндетті зейнет ақылық жарналары бойынша есептемелерді ұсыну міндеттілігі жүктелмейді.

Салық төлеушінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын орны бойынша салық органыңа кәсіпкерлік қызметті уақытша тоқтата тұру туралы өтініш берілген жағдайды қоспағанда, патент алуға өтінішін бермеуі оның салықты жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептеуге және төлеуге келісімі деп саналады. Салық органдары өтініш берілгеннен және бюджетке патенттің құны мен жинактаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардын төленгенің растайтын құжаттар көрсетілгеннен кейін бір күн ішінде патент береді.



Жеке кәсіпкер патенттің құның есептеуді мәлімделген кірістің 3 проценті мөлшеріндегі ставканы қолдану жолымен жүзеге асырады. Патенттің күны жеке табыс салығы және әлеуметтік салықтүрінде бірдей үлеспен, б.а. патент кұныңың 1/2 бөлігі мөлшерінде жеке табыс салығы, соңдай-ақ әлеуметтік аударымдар сомасын алып тастағаннан кейінгі патент кұныңың 1/2 бөлігі мөлшерінде әлеуметтік салықтүрінде бюджетке төленуге тиіс.

Нақтылы табыс патент алған кезде мәлімделген табыстан асып кеткен жағдайда, салық төлеуші бес жүмыс күні ішінде асып кеткен соманы мәлімдейді және осы сомадан салық төлейді. Салық төлеушінің өтініші бойынша бұрын берілген патенттің орныңа оған нақты табысы көрсетілген жаңа патент беріледі. Ал нақтылы табыс патенталған кезде мәлімделген та- быстан төмен болған жағдайда, артық төленген патенттің қүны салық төлеушінің өтініші бойынша салық органы жүргізген нометраждық зерттеуден кейін кайтарылады.

Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған ретте салықтөлеуші өтініш негізінде онайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режиміне не салықты есептеу мен төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне ауысады. Аталған өтініш патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туыңдаған кезде беріледі.



Онайлатылган декларация негізіндегі арнаулы салық режимі

Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режиміне салық кезеңі басталғанға дейін көшу үшін шағын бизнес субъектілері өз қызметін жүзеге асыратын жері бойынша салық органыңа уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанда өтініш береді.

Кызметін бір елді мекен шегіндегі әртүрлі аумактық-әкімшілік бірліктерде орналасқан бірнеше объектілерде жүзеге асырған кезде салық төлеуші оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға өтініш беру үшін салық органың дербес аныктайды.

Мынадай талаптарға сай келетін шағын бизнес субъектілері:

Мынадай талаптарға сай келетін шағын бизнес субъектілері:

1) жеке кәсіпкерлер үшін:

жеке кәсіпкердің өзін қоса алғанда, кызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде жиырма бес адам болса;

салық кезеңі ішінде шекті табысы 4500,0 мың теңге болса;

2) заңды тұлғалар үшін:

қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде елу адам болса;

салық кезеңі ішінде шекті табысы 25000,0 мын теңге болса, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданады.

Осындай талаптарға сай келмеген жағлайларда немесе арнаулы салық режимінен өз еркімен шыккан кезде шағын бизнес Субъектісі есепті тоқсаннан кейінгі тоқсаннан бастап өтініш негізінде салықты есептеу мен төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне көшеді.

Салықты есептеу мен төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібінен оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық. режиміне көшкен кезде әлеуметтік, қорпорациялық салық немесе жеке табыс салығын төлеу және олар бойынша есептілікті тапсыру жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Шағын бизнес субъектісі салықты оңайлатылған декларация негізінде есептеуді салық салу объектісіне есепті салық кезеңіне тиісті салық ставкасын қолдану арқылы дербес жүргізеді.

Жеке кәсіпкердің токсандық табысына мынадай ставкалар бойынша 3000,0 мың теңгеге дейін қоса алғанда табыс сомасының

3 проценті мөлшерінде; 3000,0 мың теңгеден жоғары — 6000,0 мын теңгеге дейін қоса алғанда 90,0 мын теңге + 3000,0 мың теңгеден асатын табыс сомасынан 4 процент мөлшерінде;

1) 6000,0 теңгеден жоғары 210,0 мың тенге + 6000,0 теңгеден асатын табыс сомасынан 5 процент мөлшерінде салық салынады.

Ал заңды тұлғаның токсандық табысына мынадай ставкалар бойынша:

1) 3000,0 мың теңгеге дейін қоса алғанда табыс сомасынан 3 проценті мөлшерінде;

2) 3000,0 мың теңгеден жоғары - 10000,0 мың теңгеге дейін қоса алғанда 90,0 мың теңге + 3000,0 мың теңгеден асатын табыс сомасынан 4 проценті мөлшерінде;

3) 10000,0 теңгеден жоғары - 18000,0 мыңтеңгені қоса алғанда 370,0 мың теңге + 10000,0 теңгеден асатын табыс сомасынан 5 проценті мөлшерінде;

4) 18000,0 теңгеден жоғары 770,0 мың теңге + 18000,0 теңгеден асатын табыс сомасының 7 проценті мөлшерінде салық салынады.

Егер есепті кезеңнің қорытындысы бойынша жалдамалы қызметкерлердің орташа айлық жалақысы Қазақстан Респуб- ликасының заңнамалық актілерінде белгіленген ең төменгі айлық жалақының жеке кәсіпкерлердің кемінде 2 еселенген, заңды тұлғалардың кемінде 2,5 еселенген мөлшеріндей болса, онда салықтық кезен ішінде есептелген салық сомасы, кызметкерлердің орташа тізімдік саның негізге ала отырып, әрбір кызметкер үшін салық сомасының 1,5 проценті мөлшеріндегі сомаға азайтылуға тиіс.

Табыстың шекті мөлшері белгіленген мөлшерден асып кеткен жағдайда, салық сомаларын есептеу табыстың шекті сомасы және нақты алынған табыс сомасы бойынша жеке-жеке жүргізіледі. Салықтың осы сомаларының арасыңдағы айырма бюджетке төленуге жатады.

Оңайлатылған декларация тоқсан сайын, есепті салық кезе- ңінен кейінгі айдың 10-ынан кешіктірілмей, салық органыңа табыс етіледі. Оңайлатылған декларация бойынша есептелген салықты бюджетке төлеу жеке (қорпорациялық) табыс салығы және әлеуметтік салықтүрінде бірдей үлеспен есепті салықтық кезеңнен кейінгі айдың 15-інен кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі. Бүл ретте жеке (қорпорациялық) табыс салығы оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 мөлшерінде, әлеуметтік салық Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың қорына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасын алып тастағаннан кейінгі оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 бөлігі мөлшерінде төленеді. Ал декларацияны табыс ету және салықтарды төлеу оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға өтініш берген жері бойынша салық органыңда жүзеге асырылады.

Шаруа (фермер) қожалықтарына арналган арнаулы
салық режимі

Шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі бірынғай жер салығын төлеу негізінде бюджетпен есеп айырысудың айрықша тәртібін көздейді және акцизделетін өнімдерді өндіру, ұқсату және сату жөніңдегі кызметті қоспағанда, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, өзі өндірген ауыл шаруашылық өнімдерін ұксату және оны өткізу жөніңдегі шаруа (фермер) қожалықтары қызметіне қолданылады.

Жеке меншік құкығымен және (немесе) жер пайдалану құқығымен (кейінгі жер пайдалану кұқығын қоса алғанда) жер учаскелері болған кезде шаруа (фермер) қожалықтарына арнаулы салық режимін қолдану кұкығы беріледі. Шаруа (фермер) кожалықтары осы арнаулы салық режимін немесе салық салудын жалпыға бірдей белгіленген тәртібін дербес тандауға құқылы.

Шаруа (фермер) кожалықтары арнаулы салық режимін қол- дану үшін жыл сайын 20 акпаннан кешіктірмей жер учаскесі орналасқан жердегі салық органыңа уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша өтініш береді. Салық төлеушінің аталған мерзімде өтініш бермеуі оның бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға келісімі деп есептеледі.

20 акпаннан кейін құрылған шаруа (фермер) кожалықтары жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін алған күні арнаулы салық режимін қолдану кұкығына өтініш береді. Таң- дап алынған салық салу режимі салық кезеңі ішінде өзгертуге жатпайды.

Бірыңғай жер салығы бойынша күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.

Бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режимін қолданатын шаруа (фермер) кожалықтары:

1) осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметтен түскен шаруа (фермер) қожалықтарының табысынан жеке табыс салығын;

2) осы арнаулы салық режимі қолданылатын кызметті жүзеге асырудан түскен айналым бойынша қосылған құн салығын;

3) осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пай- даланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын және (немесе) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемді;

4) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген қажеттілік нормативтері шегінде салық салу объектілері бойынша көлік құралдары салығын;

5) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген қажеттілік нормативтері шегінде салық салу объектілері бойынша мүлік салығын төлеушілер қатарына жатқызылмайды.

Жер учаскесін бағалау құны бірыңғай жер салығын есептеу үшін негіз болып саналады. Жер учаскесінің бағалау құның айқындау Қазақстан Республикасының жер заңдарыңда белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Бірыңғай жер салығын есептеу жер учаскесін бағалау құныңа 0,1 процент ставканы қолдану жолымен жүзеге асырылады.

Бірынғай жер салығын төлеу жер учаскесі орналасқан жер бойынша тиісті бюджетке екі мерзімде: ағымдағы төлем ағым- дағы салықтық кезеңнің 20 қазаңынан кешіктірілмей төленеді, сондай-ақ бірынғай жер салығы бойынша түпкілікті есеп айырысу есепті кезеннен кейінгі салықтық кезеңінің 20 наурызынан кешіктірілмей декларация негізінде жүргізіледі.

Төлеудің бірінші мерзімінде бірыңғай жер салығын төлеушілер ағымдағы төлемді бұдан бұрынғы салықтық кезең үшін бірыңғай жер салығы бойынша декларацияда есептелген бірыңғай жер салығы жалпы сомасының 1/2 бөлігінен кем емес мөлшерде төлейді. 20 қазаңға дейін құрылған бірыңғай жер салығын төлеушілер, сондай-ақ жүмыс істеп тұрған салық төлеушілер салықты есептеу базасы өзгерген кезде ағымдағы төлем төлеуді бірыңғай жер салығы бойынша ағымдағы төлем есебімен есептелген салық сомасының кемінде 1/2 бөлігі мөлшерінде жүргізеді. 20 қазаңнан кейін құрылған бірыңғай жер салығын төлеушілер есепті жылдан кейінгі жылдың 20 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде ағымдағы есепті кезең үшін төлеуге тиісті жалпы салық сомасын енгізеді.

Шаруа (фермер) кожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызметтүрлерін жүзеге асырған кезде бірыңғай жер салығын төлеушілер кірістер мен шығыстардың (жалақыны есептеуді қоса алғанда), мүліктің (соның ішінде көлік құралдарының) бөлек есебін жүргізуге және жалпы белгіленген тәртіппен және (немесе) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимінде кызметтін осындай түрлері бойынша тиісті салық пен бюджетке төленетін баска да міндетті төлемдерді есептеуді, салық есептілігін тапсыру мен төлеуді жүргізуге міңдетті.

Шаруа (фермер) қожалығы жер учаскесін баска шаруа (фер- мер) қожалығына жалға берген кезде тараптардың әрқайсысы осындай жер учаскесі бойынша бірыңғай жер салығын жалға беру шартында көрсетілген жер учаскесінің нақты пайдаланылу кезеңін негізге ала отырып есептейді және төлейді. Жалға алушының пайдалану кезені жер учаскесін жалға алған айдан кейінгі айдан бастап белгіленеді.

Жер учаскесін жалға беруден алынған табыс бойынша шаруа (фермер) қожалығы салықты жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептейді және төлейді.

Бірыңғай жер салығын төлеушілер жыл сайын ағымдағы салық кезеңінің 15 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде жер учаскелері орналасқан жердегі салық органдарына өткен салықтық кезен үшін бірыңғай жер салығы бойынша декларация тансырады.

Сонымен бірге бірыңғай жер салығын төлеушілер бірынғай жер салығы бойынша декларация табыс ету үшін белгіленген мерзімдерде:

1) төлем көзінде үсталатын жеке табыс салығы бойынша есепті;

2) жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніңдегі есептілікті;

3) жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем ақы бойынша және қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы бойынша декларацияны;

4) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша есепті табыс етеді.

Бірыңғай жер салығын төлеуші осы арнаулы салық режимін қолданған бірінші жылдын 15 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде мынадай құжаттарды:

1) ағымдағы салықтық кезен үшін бірыңғай жер салығы бойынша ағымдағы төлем есебін;

2) нотариат немесе селолық (поселкелік) аткарушы органдар куәландырған жер пайдалануға құқықберетін құжаттардың көшірмелерін;

3) жер ресурстарын басқару жөніңдегі уәкілетті орган берген жер учаскесін (жер пайдалану құқығын) бағалау құның анықтайтын актінің нотариат немесе селолық (поселкелік) атқарушы органдар куәландырған көшірмесін;

4) әлеуметтік салық сомаларын есептеу үшін қажетті деректерді міндетті түрде көрсете отырып, қызметкерлерді алдағы салықтық кезенде жалдау туралы мәліметтерді табыс етеді.

Кейінгі салықтық кезендерде бірыңғай жер салығын төлеуші бірыңғай жер салығы бойынша ағымдағы төлем есебін жәңе жоғарыда аталған құжаттарды олардағы деректер өзгерген жағдайда ғана табыс етеді.

Таратылған немесе кайта ұйымдастырылған кезде бірыңғай жер салығын төлеуші қызметті тоқтату немесе қайта ұйымдастыру туралы өтінішті салық органыңа бергеннен кейін он бес күн мерзімде өткен салық кезеңі үшін декларация тапсыруға міндетті.

Бірыңғай жер салығын төлеушілер осы салық бойынша декларация табыс ету үшін белгіленген мерзімдерде: әлеуметтік салық бойынша декларацияны; төлем көзінде ұсталатын жеке табыс салығы бойынша есепті; жинактаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніңдегі есептілікті; жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мен қоршаған ортаны ластаганы үшін төлемақы бойынша декларацияны табыс етеді.

Бірыңғай жер салығын төлеушілер шаруа (фермер) кожалығының басшысын және мүшелерін қоса алғанда, әрбір кызметкер үшін айлық есептік көрсеткіштің 20 проценттік ставкасы бойынша әлеуметтік салық сомасын ай сайын есептеп отырады.

Әлеуметтік салықтын есептелген сомасы Қазақстан Респуб- ликасының міңдетті әлеуметтік сактандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сактандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасына азайтылады.

Мемлекеттік әлеуметтік сактандыру қорына есептлген әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен жағдайда әлеуметтік салық сомасы нөлге тең бо- лады.

Төлем көзінен үсталатын жеке табыс салығын есептеу Салық кодексінің 153,155,158,160-баптарынасәйкес, ал жинактаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын есептеу Қазақстан Республикасының зейнетақы заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем- ақыны және жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайдалан- ғаны үшін төлемақыны есептеу тиісінше 451—465-баптарда белгіленген тәртіп негізінде жүзеге асырылады.

Төлем көзінен ұсталатын әлеуметтік салықтың, жекетабыс салығының, жинактаушы зейнетақы қорларына аударылатын міндетті зейнетақы жарналарының, қоршаған ортаны ластаға- ны үшін және жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайда- ланғаны үшін төлемақының есептелген сомасын төлеу бірыңғай жер салығын төлеу үшін көзделген мерзімдерде:

1) ағымдағы салықтық кезеңнің 20 казаңынан кешіктіріл- мейтін мерзімде 1 каңтардан 1 қазаңға дейінгі кезең үшін есеп- телген сома төленеді;

2) есепті кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнің 20 наурызы-

нан кешіктірілмейтін мерзімде 1 қазаңнан бастап 31 желтоксан аралығындағы кезең үшін есептелген сома төленеді.

Төлем көзінде ұсталынатын әлеуметтік салық пен жеке табыс салығын төлеу жер учаскесі орналасқан аумак бойынша жүзеге асырылады.

Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға
арналған арнаулы салық режимі

Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимі патент негізінде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібін көздейді және заңды тұлғалардың:

1) жерді пайдалана отырып, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, өзі өндірген осы өнімді ұқсату және өткізу жөніңдегі;

2) толық кезенді мал (төлді өсіруден бастап) шаруашылығы (соның ішінде асыл тұкымды) мен құс шаруашылығының, ара шаруашылығыныңауыл шаруашылықөнімдерін өндіру жөніңдегі, сондай-ақ өзі өндірген осы өнімдерді ұқсату және өткізу жөніңдегі қызметіне қолданылады.

Арнаулы салық режимі салық төлеушілердің акцизделетін өнім өндіру, оны ұқсату және өткізу жөніңдегі қызметіне қол- данылмайды.

Салық төлеушілер осы арнаулы салық режимі қолданылмай- тын қызметтүрлерін жүзеге асырған кезде кірістер мен шығыс- тардың (жалақыны есептеуді қоса алғанда), мүліктің (соның ішінде көлік құралдары мен жер учаскелерінің) есебін бөлек жүргізуге және қызметтің мұндай түрлері бойынша тиісті салық пен басқа да міндетті төлемдерді жалпы белгіленген тәртіппен есептеуді және төлеуді жүргізуге міндетті. Тандап алынган салық салу режимі салық кезеңі ішінде өзгертілмеуге тиіс.

Арнаулы салық режимін қолдану үшін салық төлеуші жыл сайын 20 акпаннан кешіктірмей жер учаскесінің орналасқан жері бойынша салық органыңа уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша патент алуға өтініш береді. Салық төлеушінің керсетілген мерзімде өтініш бермеуі оныңсалықты жалпы белгіленген тәртіппен есептеуге және төлеуге келіскені болып есептеледі.

Салық төлеуші осындай арнаулы салық режимін қолданудың алғашкы салық кезеңінде өтінішпен бірге жер учаскесінің орналасқан жері бойынша салық органыңа:

1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нота- риат куәландырған көшірмесін;

2) уәкілетті органдар берген, нотариат немесе селолық (поселкелік) атқарушы органдар куәландырған жер учаскесіне деген құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерін;

3) қызметтің лицензияланатын түрін жүзеге асырған жағдайда лицензиясын;

4) жүмыс берушінің (жаңадан құрылғандарын қоспағанда) мәлімделген қызметкерлер саныңа табыс түрінде төлейтін шы- ғындарын қоса алғанда, салық төлеушінің өткен үш-бес жылдағы жылдық жиынтық табысы мен шығындарын растау үшін кажетті есептерінің көшірмелерін;

5) уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан мен тәртіп бойынша салық төлеуші толтырған патент кұныңын есебін та- быс етеді.

Жоғарыда аталған құжаттардың бәрі болған жағдайда салық органы бес жұмыс күні ішінде тиісті тұлғаға патент береді.

Патент кұны есебіне енгізілген салықты есептеуге арналған салық кезеңі күнтізбелік жыл болып табылады. Патент беру әрбір салық кезеңіне жүргізіледі.

Жаңадан құрылған салық төлеушілер тіркеу есебіне қойылған кезден бастап отыз күнтізбелік күн ішінде осы арнаулы салық режимін қолдану құқығына өтініш береді.

Патент кұныңың есебіне қорпорациялық табыс салығы, әлеуметтік салық, (Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сактандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасына азайтылған), меншік, жерді тұрақты пайдалану немесе бастапкы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығымен жер учаскесі болған кезде төлейтін жер салығы, уақытша өтеулі жер пайдалану учаскесі болған кезде жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлейтін ақы, мүлік салығы, келік құралдары салығы, қосылған кұн салығы (салық төлеуші есепте түрған жағдайларда) енгізіледі.

Салық кезеңінің басында патент кұныңың есебіне енгізілген салық сомаларын есептеу:

1) қорпорациялық табыс салығын және қосылған кұн салығын белгілеу кезінде - өткен бес жыл ішіндегі шаруашылықтың табысы мен шығындарының көрсеткіштері негізінде жүргізіледі. Жаңадан құрылған салық төлеушілер табыс пен шығындар көрсеткіштерін осыған ұксас шаруашылықтардың орташа көрсеткіштері бойынша аныктайды. Табыстар мен шығындар көрсеткіштерін анықтау тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді;

2) әлеуметтік салықты аныктау кезінде - Салық кодексінің 316-бабының 1-тармағына сәйкес белгіленетін табыстар түрінде жұмыс берушінің қызметкерлерге төлейтін шығыстарына 317 бапта белгіленген ставканы қолдану аркылы жүргізіледі. Бүл орайда жұмыс берушінің қызметкерлерге табыс түрінде төлейтін шығындары осы шаруашылық бойынша өткен жыл ішіндегі орташа жалақыны ағымдағы жылда мәлімделген қызметкер са^ ныңа көбейту жолымен аныкталады.

3) жер салығының, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлейтін ақының мүлік салығы мен көлік құралдары салығының сомасы - жалпы белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Патент күның есептеу кезінде бюджетке төленуге тиісті салық және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлейтін ақы сомасы 80 процентке азайтылады. Осы арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер, қосылған кұн салығын қоспа- ғанда, патент кұны есебіне енгізілген салық және жер учаскесін пайдаланғаны үшін ақы төлеу жөніңдегі есепті беруден босаты- лады.

Патент кұны есебіне енгізілген салық және жерді пайдалан- ғаны үшін ақы сомаларын бюджетке төлеу жер учаскелерінің ауқымы бойынша 20 мамырдан және 20 казаңнан кешіктірілмей, патент күны есебінде көрсетілген салық және жерді пайдалан- ғаны үшінақысомаларыныңтиісінше !/6және 1/2 мөлшерінде және патент кұны есебінде енгізілген салық және жерді пайда- ланғаны үшін ақы бойынша берілген кайта есептеулерді ескере отырып, патент кұныңың калған бөлігі мөлшерінде келесі салықтық кезеңнің 20 наурызында жүзеге асырылады.

Төлем көзінен үсталатын жеке табыс салығын есептеу Салық кодексінің 153, 155, 158, 160-баптарына сәйкес, жинактаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын есептеу Қазақстан Республикасының зейнетақы заңдарында белгіленген тәртіппен, ал қоршаған ортаны ластағаны үшін және жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем- ақыны есептеу тиісінше 451-465-баптарда белгіленген тәртіп- пен жүргізіледі.

Төлем көзінен үсталатын жеке табыс салығы, жинактаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары сомала- рын төлеуді, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы мен жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны, бюджетпен есеп айырысуды патент негізінде жүзеге асыратын салық төлеушілер:

1) ағымдағы салықтық кезеңнің I каңтарынан 1 казаңына дейінгі кезең үшін есептелген сомаларды 20 казаңнан кешік- тірілмейтін мерзімде;

2) 1 казаң мен 31 желтоксан аралығындағы кезең үшін есеп- телген сомаларды есепті кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнің 20 наурызынан кешіктірмей төлейді.

Арнаулы салық режимін қолданатын ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар өткен салық кезеңі үшін 15 наурыздан кешіктірілмейтін мерзімде салық органыңа: жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем- ақы бойынша декларацияны; қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы бойынша декларацияны табыс етеді.

Арнаулы салық режимін қолданатын ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар төлем көзінен ұсталатың жеке табыс салығы бойынша есепті және жинақтаушы зейнет- ақы қорларына аударылатын міндетті зейнетақы жарналары бойынша және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша есепті: ағымдағы салықтық кезеңнің 1 каңтарынан 1 казаңына дейінгі кезең үшін есептелген сома бойынша — 15 казаңнан кешіктірмей, ал 1 казаң мен 31 желтоқсан аралығындағы кезең үшін есептелген сома бойынша - есепті кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнің 15 нау- рызынан кешіктірмей тапсырады.

Мынадай заңды тұлғалардың:

1) Еншілес ұйымдары, филиалдары мен өкілдіктері бар заңды тұлғалардың;

2) заңды тұлғалар филиалдарының, өкілдіктері мен өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінің;

3) осы арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғалардың аффилиирлендірілген тұлғапары болып табылатын заңды тұлғалардың ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимін қолдануға құқығы жоқ.

Аффилиирленген тұлға ретінде шешімдерді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) көрсетілген арнайы салық режимін қолданатын заңды тұлға кабылдайтын шешімге, оның ішінде шартқа және (немесе) өзге мәмілеге байланысты, ықпал етуге құқығы бар заңды тұлға, сондай-ақ көрсетілген арнайы салық режимін қолданатын заңды тұлғаға қатысты осын- дай құқығы бар тұлға танылады.

Кәсіпкерлік қызметтін жекелеген түрлеріне арналган
арнаулы салық режимі

Кәсіпкерлік қызметтін жекелеген түрлеріне арналған арнаулы салық режимі:

- ойын бизнесі саласында;

- ақшасыз ұтыс ойын автоматтарына;

- боулинг (кегельбан) бойынша;

- картинг бойынша;

- бильярд бойынша;

- лото ойының ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсететін жеке кәсіпкерлердің, заңды тұлғалардын, олардың филиалда- рының, өкілдіктерінің және өзге де окшауланған құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне қолданылады.

Арнаулы салық режимі осы аталған тұлғалар салық төлеу- шілер үшін:

- тіркелген жиынтық салық түрінде қорпорациялық немесе жеке табыс салығын, қосылған кұн салығын есептеу және төлеу- дің;

- осы аталған салықтар мен акциз бойынша бірыңғай онай- латылған декларация түрінде салық декларациясын тапсырудың оңайлатылған тәртібін белгілейді.

Осындай тәртіп төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы мен мүліктік табыс жөніңдегі жеке табыс салығы және төлем көзінен салық салынбайтын басқа да табыстар бойынша салық есептілігін есептеуге, төлеуге және оны табыс етуге қолданыл- майды.

Қорпорациялық (жеке) табыс салығы - тіркелген жиынтық салық мөлшерінің 30 процентін, қосылған кұн салығы — тіркелген жиынтық салық мөлшерінің 70 процентін құрайды.

Салық төлеушілер тіркелген жиынтық салықты төлеумен катар Салық кодексінің 255-278-баптарында белгіленген тәртіп- пен акциз төлейді.

Салық кодексінің 393-бабында аталған ойын мекемесінде пайдаланылатын салық салу объектілерінің әрбір түрінің жал- пы саны, объектілердің жалпы саныңың өзгерісі осы Кодекстің 397-бабында белгіленген тәртіппен салық органдарында міңдетті түрде тіркелуге немесе қайта тіркелуге жатады.

Тіркелген жиынтық салық салу объектісіне:

1) ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін:

- тарап ретінде ез өкілдері аркылы ойын мекемесі қатыса- тын кұмар ойындарды өткізуге арналған ойын үстелі;

- өз өкілдері арқылы ұйымдастырушы және (немесе) байкаушы ретінде ойын мекемесі қатысатын кұмар ойындар өткі- зуге арналған ойын үстелі;

- ақшалай ұтысы бар ойын автоматы;

- тотализатор кассасы;

- букмекерлік кеңсе кассасы;

2) ақшасыз ұтыс ойын автоматтары қызметін көрсететін салық төлеушілер үшін:

- ақшасыз ұтыс ойын автоматы;

3) боулинг (кегельбан) бойынша қызмет көрсететін салық төлеушілер үшін:

- ойын жолы;

4) картинг бойынша қызмет көрсететін салық төлеушілер үшін: карт;

5) бильярд бойынша қызмет көрсететін салық төлеушілер үшін: бильярд үстелі;

6) лото ойының ұйымдастырушы салық төлеушілер үшін: лото ұйымдастырушы жатады.

Бір салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерін салық органдары берген дерек- тер негізінде жергілікті өкілді органдар белгілейді және ол бір әкімшілік-аумактық бірлік аумағында орналасқан салық төлеушілер үшін бірыңғай болып табылады.

Салық төлеушінің бір елді мекен шегінде орналасқан бірнеше ойын мекемесі (тұрақты нүктесі) болған жағдайда салық салу объектілерін тіркеу салық төлеушінің тандауы бойынша бір салық органыңда жүргізілуі мүмкін.

Күнтізбелік бір жылда төленуге тиісті тіркелген жиынтық салық Салық кодексінің 393-бабында белгіленген әрбір салық салу объектісіне тиісті жылдың салық ставкасын қолдану аркылы айқындалады. Осы Кодекстің 396-бабында белгіленген есепті кезең үшін төленуге тиісті тіркелген жиынтық салық жыл бой- ынша есептелген соманы он екіге бөлу жолымен аныкталады.

Объектілер есепке алынған тіркеу карточкасының тұпнұска- сы әрбір ойын мекемесіне (тұрақты нүктеге), олар пайдалана- тын салық салу объектілері есепке алына отырып, жеке беріледі.

Акциз және тіркелген жиынтық салық сомасы есепті айдан кейінгі айдын 20-сынан кешіктірілмей, ай сайын салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша бюджетке төленуГе тиіс.

Салық төлеушінің облыста (калада) бірнеше ойын мекемелері (тұрақты н үктелері) болған кезде тіркелген жиынтық салық және акциз бір аудан (кала ауданы) шегінде орналасқан салық салу объектілері бойынша бөлек есептеледі.

Тіркелген жиынтықсалықты және акцизді есептеу мен төлеу үшін күнтізбелік ай салық кезеңі болып табылады.

Салықсалу объектілері салықкезеңінің 15-інедейін шығып кеткен кезде тіркелген жиынтықсалық - салық кезеңінің жар- тысы үшін деп, ал 15-інен кейінгісі толық кезен үшін деп есептеледі.

Салық төлеушілер тіркелген жиынтық салық және акциз бойынша бірынғай оңайлатылган декларацияны есепті айдан кейінгі айдын 15-інен кешіктірмей, салықсалу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына табыс етуге міндетті.

Пысықтау сауалдары:

1. Жалпыга бірдей салық режимі мен арнаулы салық режимінің аралық қатынастары, экономикалық және құқықтық мән-жайлары.

2. Арнаулы салық режимі қолданылатын шағын кәсіпкерлік аяларында тиісті салықтық міндеттемелерді белгілеу және орындау ерекшеліктері.

3. Арнаулы салық режимі қолданылатын шағын бизнес субъек- тілері мен салық органдарының және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының арасында туындайтын салықтық қатынастардын эконо- микалық-қаржылық нәтижесі.

4. Біржолғы талон және патент негізіндегі арнаулы салық режимі- нің мәні және құқықтық негіздері.

5. Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері және оларға арналган арнаулы салық режимінің сипаттамасы.


Просмотров 3795

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.ru - 2021 год. Все права принадлежат их авторам!