Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






ШАҒЫН КӘСШКЕРЛІККЕ АРНАЛҒАН АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМІ



Бүгінде шағын кәсіпкерлік аясының Казакстан Республикасының экономикасында алатын орны мен маңызының аса зор екені көпшілікке мәлім. Шағын кәсіпкерлік экономиканың нарықтық тұрақтылығын қамтамасыз ететін елеулі фактор ретінде тауар рыногын жайлап алған аса ірі монополияларға шынайы қарсы тұра алады. Қандай болмасын кәсіпкерліктің шағын нысаны кәсіпкерлік қызметті толықканды жүргізуге мүмкіндік береді. Рынокта жүмыс істейтін шағын кәсіпкерлік субъектілері бәсекелестікті қолдай отырып оның базасының одан әрі кеңеюне өз үлесін қосады.

Шағын кәсіпкерлік жоспарланған табысты табуға және пайдалы қаржылық нәтижеге қол жеткізу мақсатында оның субъектілерінің жеке меншігіндегі мүліктері мен қаражаттары, сондай-ақ кәсіпкерлікті алғашкы дамытуға тартылған несие есебінен Қазақстан Республикасының тиісті заң актілері шегінде ерікті әрі еркін жүзеге асырылатын коммерциялық және шаруашылық қызмет болып табылады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілері іс-әрекеттерін рыноктың сүранысы басым бөліктерінде жүзеге асыратындықтан, халықтың белгілі бір бөлігін жұмыспен қамты алады, сондай-ақ әлеуметтік сұраныстарды тікелей қанағаттандыруға бейімделген. Шағын бизнесті рынок талаптарының, макро және микроэкономиканың жалпы негіздеріне сай жүргізу үшін кәсіпкерлікті дамыту мақсаты мен бағдарын, менеджмент қағидаларын, жаңа технология мен ғылыми техникалық прогресс жетістіктерін есепке ала отырып, жалпы адамзаттық сипаттағы критерийлер мен құндылықтықтарды және кәсіпкерлік мәдениетті қалыптастыру қажет.



Сонымен шағын кәсіпкерлік субъектілері тауарларға, жұ- мыстарға және көрсетілетін қызметтерге байланысты нақтылы сұраныстарды қамтамасыз ету жөніңде шапшаң қызмет көрсету аркылы заңды жолмен пайда табады, сондай-ақ бәсекелесу рыногының аукымын кенейтуге ат салысады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілері өздерінің қаржылық және салықтық міндеттемелері бойынша тапкан табыстарымен және ерекшеленген мүліктерімен жауап береді. Салық салу жүйесінің тиісті бөлімімен қамтылатын бүгінгі шағын кәсіпкерлік субъек- тілері 2001 жылғы маусымның 12-сінде қабылданған Қазақстан Республикасының Салық кодексінедейін кәнігі, жалпыға бірдей салық есебіне тұру және салық есебін беру, салықтөлеу жүйесін пайдаланып келген болатын.

Бүгінде Қазақстан Республикасындағы осы шағын кәсіпкер- ліктін микро- және макроэкономикалық мән-жайларын тереңдетіп ойластыру, монополияны тежеу және адал бәсекелестікті жандандыру мақсатында, сондай-ақ шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және ынталандыру саясатына байланысты олар үшін салықтық міндеттемелерін орындаудын айрыкша режимі белгіленген.



Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 368-бабының 1-тармағында көрсетілген:

1) шағын бизнес субъектілеріне;

2) шаруа (фермер) қожалықтарына;

3) ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға;

4) кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне қатысты арнаулы салық режимдері көзделген.

Арнаулы салық режимі:

1) акнизделетін өнімді өндіретін;

2) консультациялық, қаржылық, бухгалтерлік қызмет көрсе- тетін;

3) мұнай өнімдерін өткізетін;

4) шыны ыдыстарды жинайтын және қабылдайтын;

5) жер қойнауын пайдаланатын;

6) мыналарды:

- медициналық, дәрігерлік және мал дәрігерлік кызметті;

- тұрғын үй коммуналдық-тұрмыстық объектілерді газбен жабдықтау жөніңдегі өңдіру, жөндеу және құрылыс жұмыстарын;

- күзет, өрт дабылы мен өрт сөндіру автоматикасы құралдарын жобалауды, монтаждауды, жөнге келтіруді және оларға техникалық қызмет көрсетуді;

- өртке қарсы қолданылатын техниканы, жабдықтарды және өрттен қорғау құралдарын өңдіруді және сатуды;

- жолаушылар лифтілерін монтаждауды, жөндеуді және оларға қызмет көрсетуді;

- дезинфекция, дезинсекция, дератизация құралдары мен препараттарын дайындауды, өндіруді, ұксатуды және көтерме саудада сатуды, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен қызметтер түрлерін;

- автомобиль көлігімен халықаралық жолаушылар және жүк тасымалын;

- емдік препараттар дайындау мен сатуды;

- жобалау-іздестіру, сараптау, құрылыс-монтаждау жұмыс- тарын, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру жөніңдегі жұмыстарын;

- алкоголь өнімдерін бөлшек саудада сатуды;

- пошта байланысы және телекоммуникациялар саласындағы қызметті, теледидарлық және дыбыстық (радиохабарларын тарату) бағдарламаларды тарату жөніңдегі кызметті жасау мен көрсетуді, жалпы республикалық магистрапьды, халықаралық байланыс желілерін жобалауды, салуды, іске қосуды және радиожиілік спектрін пайдалануды;

- жолаушылар мен жүкті өзен көлігімен тасымалдауды;

- жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу мен топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдер өткізуді;

- өлшеу құралдарын тексеруді, жасауды және жөндеуді;

- тарих және мәдениет ескерткіштерін археологиялық және жаңғырту жұмыстарын;

- жол қозғалысын реттеу құралдарын орнатуды, монтаждауды, жөндеуді және пайдалануды;

- іздестіру-кұткару, таукен жұмыстарының каупінен кұткару, газдан кұткару, фонтан аткылауына карсы жұмыстарды;

- пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніңдегі қызметті;

- жалпы бастауыш, негізгі жалпы немесе жалпы орта; бас- тауыш кәсіптік білім, оның ішінде кәсіптер бойынша; орта кәсіптік, жоғары кәсіптік, жоғары оку орындарынан кейінгі кәсіптік, оның ішінде мамандықтар бойынша білім беретін заңды тұлғалардың білім беру қызметін, сондай-ақ мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың қызметін;

- жеке және заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруын;

- оқулықтарды, оку-әдістемелік жинақтарды, білім беруді ұйымдастыру үшін электрондық оқулықтар мен қосымша оку әдебиеттерін шығару қызметін;

- аэропорттарда, азаматтық әуе кемелерінде жолаушылады, экипаждарды тамақтандыруды қамтамасыз етуді;

- электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және таратуды;

- өнер кәсіптік жарылыс өрт қаупі бар және таукен өндірістерін, электр станцияларын, электр желілері мен қосалкы станцияларды, гидротехникалық құрылыстарды, магистральды газмұнай өнімдері кұбырларын, көтергіш құралдарды, сондай-ақ қысыммен жұмыс істейтін қазаңдықтарды, ыдыстар мен құбырларды жобалауды, салуды іске пайдалануды;

- химиялық, бұрғылау, мұнайгаз кәсіпшілігі, геологиялық барлау, кен-шахта, металлургия, энергетика жабдықтарын, жарылыстан қорғалған электротехникалық жабдықтарды, көтергіш құрылғыларды, сондай-ақ қысыммен жұмыс істейтін қазаңдықтарды, ыдыстар мен кұбырларды бақылау, аварияға қарсы және дабыл беру аппаратуралары мен жүйелерін жоба- лауды, жасауды, монтаждауды және жөндеуді;

- астық қабылдауды, өлшеуді, кептіруді, тазалауды, сақтауды және тиеуді;

- аэродром, аэропорт, аэронавигация объектілерін ұстауды, жөндеуді және пайдалануды;

- жылжымалы темір жол құрамын, қауіпті жүктерді тасы- малдау үшін қолданылатын арнаулы контейнерлерді жасауды және жөндеуді;

- шетелдік валютамен қолма-қол бөлшек сауда жасауды және кызмет көрсетуді жүзеге асыруды;

- ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын, ақпаратты өндеудің қорғалған техникалық құралдарын әзірлеуді, дайын- дауды, монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сактауды, жөңдеуді және оларға сервистік кызмет көрсетуді қоса алғанда (Қазақстан Республикасының мемлекеттік кұпияларын техникалық қорғау жөніңдегі қызметтің барлықтүрін қоспағанда), лицензияланатын кызметтүрлеріне қолданылмайды.

Шагын бизнес субъектілеріне арналган арнаулы салық режимі

 

Салық кодексінің 371,372,374,376-баптарында белгіленген талаптарға сай келетін жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар салық салу мақсаттары үшін шағын бизнес субъектілері деп танылады.

Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимі, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтік салықты және қорпорациялық немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді.

Аталған салықты есептеудің оңайлатылған тәртібі салықсалу объектісіне Салық кодексінің 375,377-баптарында белгіленген ставканы қолдану жолымен жүргізіледі.

Салықтық төлем көзінен салық үсталғаның растайтын құжаттар немесе біржолғы талон болған кезде, бұрын салық салынған табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасыныңа умағында және оның шегінен тыс жерлерде алынған (алынуға тиіс) табыстардын барлық түрлерінен түратын салық кезеңі ішіндегі табыс салық салу объектісі болып табылады.

Жеке кәсіпкердің, мүлікті жалға беруден түскен табыстарды қоспағанда, төлем кезінде салық салынбайтын мүліктік табысы мен өзге де табыстары салық салу объектісі болып табыл- майды.

Патент негізінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін салықтық кезен күнтізбелік жыл, ал бюджетпен есеп айырысуды оңайлатылған декларация негізінде жүзеге асыратын шағын бизнес субъектісі үшін салық кезеңі тоқсан болып табылады.

Арнаулы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілері кәсіпкерлік қызметтіңбірнеше түрін жүзеге асырған жағдайда олардың табысы қызметтің барлық түрлерін жүзеге асырудың жиынтығымен айқындалады. Арнаулы салық режимін қолданатын және қосылған кұн салығын төлеушілер болып табылатын шағын бизнес субъектілері үшін салықтық кезең ішінде қосылған кұн салығының сомасы табыска қосылмайды.

Шағын бизнес субъектілері салықтарды есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есебін тапсырудын мынадай:

1) жалпыға бірдей белгіленген тәртіп;

2) біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі;

3) патент негізіндегі арнаулы салық режимі;

4) оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі тәрізді тәртіптерінің біреуін ғана дербес тандауға құқылы.

Бұл талап базарларда (жалдау шарттары бойынша базарлар аумағындағы тұрақты үй-жайларда сауда жасайтындарды қос- пағанда) тауарлар өткізетін адамдарға қолданылмайды. Салық- тарды есептеу мен төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне ауыскан кезде жалпыға бірдей белгіленген тәртіп екі жыл қол- данылғаннан кейін ғана арнаулы салық режиміне қайта ауысуға болады.

Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, біржолғы талон және патент бланкілері қатаң есептілік бланкілері болып табылады және ақша алынбай беріледі. Оларды басқа адамдарға беруге тыйым салынады.

Салық кодексінің 378 және 385-баптарында көзделмеген қызметтер бойынша ауыл шаруашылық енімдерін өндіруші шаруа (фермер) қожалықтары мен заңды тұлғалар бюджетпен есеп айырысуды шағын бизнес субьектілеріне арналған арнаулы салық режимінде жүзеге асыра алады.

Базарларда тауар сату бойынша (жалдау шарттары бойынша базарлар аумағындагы тұрақты үй-жайларда өткізуді қоспағанда) бюджетпен есеп айырысу Салық кодексінің 373-бабында белгіленген тәртіппен біржолғы тапон негізінде шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимі бойынша ғана жүргізіледі.

Бұл ретте, рыноктарда өткізу бойынша бюджетесеп айыры- суды жүзеге асыратын тұлғаларға Салық кодексінің 370, 371 және 379-баптарының ережелері қолданылмайды.

Салық кодексінің 392-бабының 1-тармағында белгіленген тұлғалар бюджетпен есеп айырысуды осы 391-397-баптарда көзделген кәсіпкерлік кызметтін жекелеген түрлеріне арналған арнаулы салық режимінде ғана жүзеге асырады.

Мынадай салық төлеушілердің:

1) филиалдары, өкілдіктері бар заңды тұлғалардың;

2) филиалдардың, ркіадіктердің;

3) заңды тұлғалардың еншілес ұйымдарының және тәуелді акционерлік коғамдардың;

4) әртүрлі елді мекендерде өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері бар салық төлеушінің арнаулы салық режимін қолдануға кұкығы жоқ.

 

Біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі

Біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін қызметін ішінара сипатта болатын жеке тұлғалар мен Салық кодексінің 369-бабының 2-тармағында айқындалған тұлғалар қолданады. Біржолғы талон - арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу фактісін растайтын құжат болып табылады.

Қызмет түрлерінің тізбесін, бір жолғы талондардың нысаны мен берілу тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді. Бір жолғы талондардың құны жергілікті өкілді органдардың шешімімен кіріс алынатын объектінің орналасқан жерін, түрін, қызметті жүзеге асыру жағдайларын, сапасы мен көлемін, сондай-ақ қызметпен шұғылдану тиімділігіне ыкпал ететін басқа да факторларды ескере отырып, салық органы жүргізген орташа күндік хронометраждық қадағалау мен зерттеу деректері негізінде белгіленеді.

Жалдамалы еңбекті қолданбай бір жолғы талон негізінде ара- тұра сипаттағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар әлеу- меттік салықтың төлеушілері болып табылмайды және жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден босатылады. Салық агенттерімен жасалатын шарттар негізінде жүзеге асырылатын қызметті қоспағанда, бәрін жинақтағанда жылына тоқсан күннен аспайтын қызмет ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызмет болып саналады.


Просмотров 1891

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!