Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






САЛЫҚТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР ЖӘНЕ САЛЫҚТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР 4 часть



Салықтық міндеттеменің құрамы:

- салықтық міндеттеменің субъктісінен;

- салықтық міндеттеменің объектісінен;

- салықтық міндеттеменің мән-жайынан тұрады.

- Осы орайда айта кететін бір жәйт: салық төлеуші; салық салу объектісі; салықтың заты; салықтың масштабы; салық базасын есепке алу әдісі; салық кезеңі; салық салу бірлігі; салық ставкасы; салықты есептеу тәртібі; есепті кезең; салықты төлеу мерзімі; салықты төлеу тәсілі мен тәртібі сияқты элементтер Қазақстан Республикасының салық заңдарындағы бастаушы ережелер болып табылады, сондай-ақ оларсыз ешбір салықты есептеп шығарудын, төлеудің және олардың төленуін талап етудің мүмкіндігі болмайды.

Салықтың заңы құрамының элементін, яғни салық элементін белгілеу салықтық міндеттеменің туындауына септігін тигізеді немесе оны орындау тәсілінің негізі болып табылады.

Салық кодексінде салықтық міндеттеменің субъектілік құра- мында салық төлеуші және мемлекет көрсетілген.

Салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілер ретінде мүліктер және іс-әрекеттер белгіленген. Осы мүліктер мен іс-әрекеттердің болуы салық төлеушіге қатысты салықтық міндеттеменің туындауына негіз болады. Салықтар мен бюджетке төленетін баска да міндетті төлемдердің әрбір түрі бойынша салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілер салық кодексінің ерекше бөлімінің тиісті баптарында жан-жакты айқындалған.



Салық базасы салық салу объектісі мен салық салуға байла- нысты объектінің құныңын, физикалық жай-күйінің немесе өзге де мән-жайларының сипаттамаларын білдіреді. Олар салық салу затын саны жағынан көрсете отырып, салықтың негізі ретінде бюджетке төленуге тиіс салықтар мен баска да міндетті төлемдер сомасын айқындайды. Демек, салықтық төлемдер сомасы салық базасына белгіленген салық ставкасын қолдану арқылы есептелінеді.

Салық ставкасы салық базасының өлшем бірлігіне деген салық есептеулерінің шамасын білдіреді. Былайша айтқанда салық салу нормасы, яғни салықтын заң жүзінде белгіленген шамасы болып табылады. Салықтың салық төлеушіге түсіретін салмағын бағалау үшін жеңілдіктерді есепке ала отырып толық салық базасына қатысты есептелген салық сомасы ретінде салықтың нақты ставкасы қарастырылады.

Салық ставкасы салық базасының өлшем бірлігіне пайызбен немесе абсолютті сомамен белгіленеді.

Салық кезеңі жекелеген салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге қатысты белгіленген уақыт кезеңі болып табылады, сондай-ақ ол аяқталған кезде салық базасы айқындалып, бюджетке төленуге тиіс салықтар мен баска да міндетті төлемдердің сомасы есептелінеді.



Осыған байланысты салық кезеңі деп тиісті заңдарға сәйкес салық төлеушіге арналып, оның салықтарды есептеуіне және төлеуіне, сондай-ақ салық есебін жүргізуіне, салықтық бақылауды жүзеге асыруына қажетті есептеулер мен декларацияларды тапсыру үшін белгіленген уақыт бөлігін айтамыз.

Демек, салық кезеңіне салық базасын қалыптастыру процесін аяктау және салықтық міндеттеменің мөлшерін түпкіліктті айқындау үшін белгіленген мерзімді жаткызуға болады.

•Салықтық міндеттемені орындау осы міндеттеменің әрбір субъектісінің міндеттерін құрайтын белгілі бір іс-қимылдарды тиісінше (ойдағыдай) жүзеге асыру болып саналады.

Бұл жерде бірден айта кететін жәйт, салықтық міндеттеме мемлекет ойынан шығатындай, тиісінше және айтарлықтай деңгейде орындалуға тиіс.

Салықтық міндеттемені орындау мақсатында салық төлеуші мынадай іс-әрекеттерді міндетті түрде жүзеге асырады:

- салық органыңда тіркеу есебіне түрады;

- салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілердің есебін жүргізеді;

- салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді, салық базалары мен салық ставкаларын негізге ала отырып, бюджетке төленуге тиісті салықтар мен баска да міндетті төлемдердің сомаларын есептеп шығарады;

- салық есебін жасайды және оны белгіленген тәртіп пен мерзімдерде салық органдарына табыс етеді;

- салықтық заңнамада белгіленген тәртіп негізінде және катаң айқындалған мерзімдерде салықтар мен бюджетке төленетін баска да міндетті төлемдердің есептеп шығарылған және есептелінген сомаларын, соңдай-ақ салықтық міндеттемені орындамаған жағдайда айыппүл мен өсімпұлдарды төлейді.

Салықтық міндеттемелердің орындалатын уақыты, орны, тәртібі және тәсілдері күні бұрын әрі нақты белгіленетінің білуіміз қажет.

Салықтық міндеттемені орындау уақытына жекелеген салықтар мен баска да міндетті төлемдерге қатысты, яғни олардың салық салу объектілерін айқындау, тиісті бюджетке аударылатын салық сомасын есептеп шығару және салық сомасын төлеу үшін салық заңында белгіленген уақыт кезеңі немесе шекті мерзім жатады.

Салықтық міндеттемені орындау уақыты қатаң айқындалған уақыт ауқымы болып табылады.

Салықтық міндеттемені орындау орны салық төлеушінің салық төлемінің тиесілі сомасын мемлекетке тапсырған (берген, өткізген) жері болып табылады. Әдетте, салықты төлеу орны ретінде салық төлеушіге немесе салық агенттеріне олардан алынған ақша қаражаттарын төлемдік құжаттар негізінде тиісті бюджетке аудару жөніңде қызмет көрсететін банк мекемелері көрініс табады.

Салық төлеушінің тиісті соманы бюджетке аудару жөніңдегі төлемдік тапсырманы банк мекемесіне тапсырған күні салықтық міндеттемені орындау күні болып есептелінеді.

Салықтық міндеттемені орындау тәртібі салық төлеушінің мемлекет алдындағы өзінің салықтық міндеттемесін орындауға бағытталған, белгілі бір тәртіптеу механизмдері мен кезекті- ліктерді ұстана отырып жүзеге асыратын іс-қимылдары болып саналады.

Салық төлеушінің қолма-қол ақшасыз төлеу нысаныңда орындалатын салықтық міндеттемесі банктен немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан салықтар мен бюджетке төленетін баска да міндетті төлемдер сомасына төлемдік тапсырма акцептін алған күннен бастап, ал қолма-қол ақша нысаныңда - салық төлеуші аталған сомаларды банкке немесе уәкілетті органға төлеген кезден (сәттен) бастап орындалды деп есептелінеді.

Салық төлеушінің салық (фисқалдық) агенті атқаратын салық төлеу жөніңдегі салықтық міндеттемесі сол салық төлемінің сомасын ұстап қалған күннен бастап орындалған болып табылады.

Салық төлеушінің салықтарды төлеу жөніңдегі салықтық міндеттемесі бюджетпен кезекті есеп айырысу кезінде салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің артық төленген сомаларын есепке жаткызу жолымен орындалуы мүмкін.

Салықтық міндеттемені орындау тәсілдеріне салық заңда- рында белгіленген, салықтарды төлеуге және мәжбүрлеп төлетуге байланысты жолдар мен әдістер жатады.

Осы тәсілдердің заң жүзінде қатан көрініс табуы тиісті салықтық төлем сомаларының мемлекет кірісіне уақтылы және толығымен түсуін ерікті түрде немесе мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етуге негіз болып табылады әрі кепілдендіреді.

Сонымен, салықтарды саналы түрде, салықтық- құқықтық мәдениеттерін көрсете отырып, дербес және өз еркімен төлеу салықтық міндеттемені орындаудын бір тәсілі болса, отаныңа, егемен еліне деген патриоттық сезімі мүлдем оянбаған және салықтық мәдениеті қалыптаспаған салық төлеуден жалтарушыларға, уақтылы және толық мөлшерде төлемейтіндерге мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен, олардан салықтарды, салық берешектерін, заңды негізде белгіленген айыппүлдар мен өсімпұл дарды еселеп алу салықтық міндеттемелерді мәжбүрлеп орындату тәсілі болып табылады.

Салықтық міндеттемелерді тиісінше, өз бетімен және ерікті орындау мынадай тәсілдер арқылы жүзеге асырылады:

1) салықтарды декларация (оңайлатылған декларация) негізінде төлеу;

2) салықты патент алу жолымен төлеу;

3) салықты бір жолғы талон негізінде төлеу;

4) салықтық төлемнің сомасын бюджетке еңгізу жолымен төлеу.

Салықты табыс төлеу көзінде ұстап қалу, салықтық міндеттемені орындау жөніңдегі салық хабарламасы негізінде салықты төлету, салық төлеуден жалтарушы тұлғалардан салықты (оның берешектерін) мәжбүрлеп алу салықтық міндеттемені мәжбүрлеп орындату тәсілдеріне жатады.

Салық органыңың салықтық міндеттемені орындау қажеттілігі жөніңде салық төлеушіге жіберген жазбаша хабары салық хабарламасы деп аталады.

Салық хабарламасында салық төлеушінің аты-жөні немесе толық аталуы; салық төлеушініңтіркеу нөмірі; салықтық міндеттеменің сомасы; салықтық міндеттемені орындау жөніңдегі талап; хабарламаны жіберуге орай негіздеме; шағымдану тәртібі көрсетіледі. Салық хабарламасының нысаның уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

Салық хабарламасы салық салу аясындағы мән-жайларға байланысты әр түрлі көрініс табады және салық төлеушіге мынадай мерзімдерде:

- салықтық заңнаманы бұзушылықты жою туралы - оларды (бұзылу фактісін) анықтаған күннен бастап он жұмыс күніңен кешіктірмей;

- дебиторлардың банктік шоттарындағы ақшаларынан (салық берешегін) өндіріп алу жөніңде – өндіріп алғанға дейіңгі бес жұмыс күніңен кешіктірмей;

- салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану туралы - мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылғанға дейінгі бес жұмыс күніңен кешіктірмей;

—камера бақылау нәтижелері бойынша анықталған құқық бұзушылықтарды жою жөніңде - салық есептілігіндегі (тәртіпті, ережені) бұзушылықтар анықталған күннен бастап екі жұмыс күніңен кешіктірмей;

—салықтық тексеру нәтижелері бойынша салықтар мен бюджетке төленетін баска да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың және айыппұлдардың есептелінген сомасы туралы - салықтық тексеру актісі бойынша шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күніңен кешіктірмей;

— мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орын- далуын қамтамасыз ету жөніңде қолданылатын шаралар туралы - салық кодексінің тиісті баптарында көзделген мерзімдер аякталғанғадейін;

—салық төлеушінің шағымын қарау нәтижелері салықтар мен бюджетке төленетін баска да міндетті төлемдердің, өсім- пұлдар мен айыппұлдардың есептелінген сомалары туралы шағымды қарау бойынша шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күніңен кешіктірмей;

—өздеріне заң жүзінде жүктелген міндет бойынша салық органы есептеп шығарған салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомалары туралы - есептеп шығарылған күннен бастап үш жұмыс күніңен кешіктірмей жіберіледі.

Салық төлеушінің бюджет алдындағы тиісті салықтары бойынша берешектерін өтеу кезектілігі:

— салықтардың бересі сомасын төлеу;

— есептелген өсімпүлдарды төлеу;

— есептелген айыппұлдарды төлеу тәртібі негізінде жүзеге асырылады.

Ал Салық кодексінің 33-бабында белгіленген салық төлеушінің өзіне қатысты салық берешектерін өтеу тәртібі мынадай:

— есептелген өсімпұлдар сомасын төлеу;

— салықтың бересі сомасын төлеу;

— есептелген айыппұлдар сомасын төлеу кезектілігін сақтай отырып жүргізіледі.

Салықтық міндеттемені орындау мерзімдері Салық кодексінде мұқият белгіленеді және осы белгіленген мерзімнің өтуі оның басталуы айқындалған нақты оқиғадан немесе заңы іс-әрекеттен кейінгі келесі күні басталып, салық кезеңі аяқталған күннің соңында бітеді.

Салықтық бақылау нәтижелері бойынша есептелінген салық- тардың, бюджетке төленетін баска да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппүлдардың сомалары туралы салық органы жіберген салық хабарламасына орай салықтық міндеттеме салық төлеушінің қолына тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күніңің ішінде орындалуға тиіс.

Салық төлеуші салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелінген салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың салық хабарлама- сында көрсетілген сомаларымен келтіркен жағдайда оның өтініші бойынша осы салықтық міндеттемені орындау мерзімі алпыс жұмыс күніңе дейін ұзартылуы ыктимал.

Осы салық хабарламасында көрсетілген сомалар төлеу мерзімі ұзартылған әрбір күнге (осы сомалардың үстіне) өсімпүл есептеліне отырып, осы кезеңнің әр бір он бес жұмыс күні сайын тең үлеспен бюджетке төленуге тиіс.

Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың салық берешегі сомаларын жабу үшін соттың шешімімен жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару жүргізілетін салық берешек сомаларын төлеу жөніңдегі міндеттемелерін орындау мерзімдері жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сот шешімі күшіне енген кезден бастап оларды орналастыру (өткізу) аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Салық органы салық кезеңі аяқталғаннан кейінгі бес жыл ішінде салықтар мен баска да міндетті төлемдердің бюджетке төленген сомасының дұрыстығын есептеп тексеруге немесе есептелген соманы қайтадан карауға кұкылы.

Сонымен қатар, салық төлеушіге де салық кезені аякталғаннан кейінгі бес жыл ішінде тиісті салығының артығымен төленген сомаларын өздеріне қайтарып беруді талап етуге құкық берілген.

Қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша салық кызметі органы жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттың қолданылу мерзімі аякталғаннан кейін бес жыл ішінде салық және бюджетке төленетін баска да міндетті төлемдер сомасын есептеуге немесе олардың есептелген сомасын қайта карауға кұқылы, оларды есептеу әдістемесінде рентабельділіктің ішкі нормасының (РІН) және К-фактордың (табыстылық көрсеткі- шінің) көрсеткіштері қолданылады.

Салық кезеніңде бюджетке төленген салық сомасы мен төлену үшін есептелінген салық сомасының арасындағы айырма артығымен төленген салық сомасы болып танылады.

Салық төлеушінің бюджетке артығымен төленген сомасы оның салық органдарына берген өтінішіне орай он жұмыс күні ішінде жекелеген салық түрлері бойынша берешектері мынадай тәртіппен:

1) салықтың нақты түрі бойынша өсімпұлдар мен айыппүлдарды өтеу есебіне;

2) салықтардын басқа түрлері бойынша өсімпұлдар мен айыппүлдарды өтеу есебіне;

3) салықтардың баска түрлері бойынша бересі сомаларды өтеу есебіне;

4) салықтардын осы және басқа да түрлері бойынша болашак төлемдер есебіне міндетті түрде есепке жаткызылуға тиіс.

Ал салық төлеуші тарапынан өз салықтық міндеттемесі бойынша артығымен төленген салық сомасын қайтарып беру жөніңде өтініш берілген жағдайда, салық органдары өздеріне өтініш табыс етілген күннен бастап он бес жүмыс күні ішінде артық алынған соманы кайтарып береді.

Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарларды өткізген кезде кеден органдары алатын салықтардың бюджетке артық төленген сомасы салық төлеушінің өтініші бойынша, салықтардың артық төленген сомаларының бар екендігі туралы кеден органыңың растамасымен қоса, өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы бапта белгіленген тәртіппен салық берешегін жабу есебіне есептеуге жатады.

Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан тауарларды өткізген кезде кеден органдары алатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің артық төленген сомаларын қайтару, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің артық төленген сомаларының бар екендігі туралы кедендік органның растамасымен қоса, қайтару туралы өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде төленген жері бойынша жүргізіледі.

Салық төлеушінің өзіне тиесілі салықтарды (бұл жерде төлем көзінде ұсталынатын салықтар мен акциздерден басқалары) төлеу мерзімін кейінге асыру жөніңде салық органдарына берген, негізделген өтініші негізіңде оның салық төлеу мерзімін неғұрлым кейінге, бірақ күнтізбелік жылдын он айынан аспайтын мерзімге ауыстыру салықтарды төлеу жөніңдегі салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту болып танылады.

Кепілге алынған салық төлеушінің мүлкі немесе оған берілген банк кепілдігі салықтарды төлеу жөніңдегі салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгертудің негізі болып табылады.

Республикалық бюджетке келіп түсетін, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттер арасында бөлінетін салық- тарды төлеу жөніңдегі салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіп негізінде Қаржы министрлігінің салық комитеті қабылдайды.

Толық көлемде жергілікті бюджеттерге келіп түсетін салықтарды төлеу жөніңдегі салықтық міндеттемені орыңдау мерзімін өзгерту туралы шешімді жергілікті аткарушы органмен келісе отырып салық төлеушіні тіркеу есебіне алу орны бойынша салық органы қабылдайды.

Салық салу аясындағы салық төлеуші тиісті салықтарды төлеу жөніңдегі өз салықтық міндеттемесін заңда белгіленген мерзімдерде орындамаған жағдайда, уақтылы орындалмаған салықтық міндеттеме:

- салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленбеген сомасына өсімпүл есептеу;

- банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын токтата тұру;

- салық төлеушінің салық берешегі есебіне өз мүлкіне билік етуін шектеу сиякты тәсілдерді қолдану аркылы қамтамасыз етіледі.

Орындалу мерзімі әлдекашан өтіп кеткен салықтық міндет- теме сомасына Қазақстан Республикасының Үлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ресми ставкасының 1,5 еселенген мөлшерінде мерзімі өткен әрбір күн сайн өсімпүл есеп- телінеді.

Өсімпұл сомасы салық берешегін өтеу жөніңдегі салықтық міндеттемені мәжбүрлеп орындату шараларын, сондай-ақ салықтық заңдарды бүзғаны үшін жауапкершіліктің өзге де шараларын қолдануға қарамастан есептелініп, тиісті бюджет кірісіне енгізіледі. Өсімпұл салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу мерзімі болып табылатын күннен кейінгі күннен бастап, бюджетке төленетін күнді қоса алғанда, мерзімі өткен әрбір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген кайта қаржыландыру ресми ставкасының 1,5 еселенген мөлшерінде есептелінеді.

Сонымен катар, салық төлеушілердің салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерінің, айыппұлдарының өткізілген сомаларын банктік шоттан шығарып тастау кезектілігін сақтамағаны үшін, сондай-ақ салық төлеушілердің банктік шоттарынан шығарылған салықтар мен бюджетке төленетін баска міндетті төлемдердің сомаларын Қаржы министрлігінің Қазынашылығының шотына аударуды кешіктіргені үшін банктерге немесе банктік операциялардын жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға өсімпұл есептелінеді.

Салықтық міндеттеменің мерзімінде орындалуын қамтамасыз ететін «банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру» тәсілі Салық кодексінде белгіленген мерзімдерде салық төлеушіге хабарлана отырып жүргізіледі және салық берешегін өтеу жөніңдегі операциялардан баска салық төлеушінің барлық шығыс операцияларына қолданылады. Салық төлеушілер ретіндегі заңды тұлғаның және жеке кәсіпкердің банктік шоттары (қорреспонденциялық шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген және белгіленген тәртіп негізінде мынадай:

1) салық төлеушінің белгіленген тапсыру мерзімінің аяқтал- ғаныңа қарамастан он жұмыс күні ішінде салық есептілігін табыс етпеуі;

2) салық төлеушінің төлеу мерзімі ретінде белгіленген күннен бастап отыз жұмыс күні өткенше салық берешегін өтемеуі;

3) салық органдарының лауазымды адамдарын салық кодексінде белгіленген салықтық тексеру жүргізу тәртібін бұзған жағдайлардан баска реттерде, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді қарап шығуға және салықтық тексеру жүргізуге жол бермеуі сияқты жағдайларда жүзеге асырылады.

Салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс опера- цияларын тоқтата тұру туралы салық органыңың өкімі Қаржы министрлігінің Салық комитеті мен Ұлттық Банк бірлесе отырып белгілеген нысан бойынша шығарылады және ол банк мекемелерінің немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (олардың лауазымды адамдарының) қолына тиген күннен бастап күшіне енеді, сондай-ақ осы тұлғалар өкімнің тиісті талаптарын сөзсіз орындауға міндетті.

Салықтық міндеттемені орындату мақсатында заңды тұлғаның банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық берешегі өтелмеген жағдайда, оның салық берешегі есебіне (белгіленген мөлшердегі қаражаттарды түсіру арқылы өтеу мақсатында) «өз мүлкіне билік етуіне шектеу кою» шарасы жүзеге асырылады.

Салық төлеушінің өз мүлкіне билік етуіне шектеу қою туралы шешім уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша шығарылады және осы жөніңде оған салық хабарламасы жіберіледі.

Салық төлеушінің мүлкіне билік етуіне шектеу қою туралы шешім меншік кұкығындағы немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы мүліктерге қатысты шығарылады. Сонымен қатар, салық органдары мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді салық төлеушінің жеке шотындағы салық берешегінің сомасы туралы деректердің негізіңде қабылдайды.


Просмотров 998

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!