Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






САЛЫҚТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫМ РЕТІНДЕ



Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі салықтар мен өзге де міндетті төлемдердің жұмыс істеуінің қоғамдық механизмі салық төлеушілердің келісімі қажет қылмайтын, сонымен қатар әлеуметтік бағдарлы, демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде салық төлеушілердің экономикалық-қаржылық мүдделерінің сақталуын мүмкіндігінше қамтамасыз ету жолдары қатаң ескерілетін, тек қоғамдық-мемлекеттік мүдделер басымдылығын мақсаттайтын субъектінің біржақты әмірлі ерік білдіруінің негізінде туындайтын қатынастардың қалыптасып дамуын кепілдендіретін әлеуметтік-экономикалық реттеуші қосымша құралдын болғаның қалайды.

Салық жүйесінің фисқалдық және реттеуші функцияларын іске асыру процесіне қатысушылар жүзеге асыратын әлеуметтік- экономикалық маңызы бар іс-әрекеттер салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің экономикалық әлеуетін күшейтетін бюджеттік-салықтық қатынастардың туындауын қамтамасыз ететін қосымша құралға - салықтық құқыққа негізделеді.

Салықтық құкық нормаларында мемлекеттің ішкі және сыртқы салық саясатында (оның ұстанымдарында) көзделген болашақ қоғамдық байланыстардың яғни салықтық қатынастардың аса ұтымды теориялық-практикалық модельдері бекітіледі, сондай-ақ осындай үлгілердің негізінде бір уақытта салықтық кұқықтық нормаларда белгіленген субъективтік құқықтар мен заңи міндеттер арқылы жаңағы салықтық қатынастар салықтық құқықтық қатынастар түрінде қалыптасады.



Сонымен қоғам мен мемлекеттің экономикалық-қаржылық мүдделерін қамтамасыз етуге қажетті салықтық қаражаттарды мемлекеттік бюджет кірісіне жұмылдыруға атсалысатын, заңи және экономикалық табиғаты бойынша біртекті салықтық қатынастарға мемлекет тарапынан әмірлі ықпалын тигізетін, сондай-ақ салықтық қатынастар туындайтын, өзгеретін және жойылатын субъективтік экономикалық кеңістікті толығымен камтитын айрықша куатты құрал салықтық құқық болып табылады.

Демек салықтық құқық қоғамдық-мемлекеттік маңызы бар айрықша объективті-субъективтік экономикалық саланы толы- ғымен қамти отырып осы салық салу саласындағы айтарлықтай тұрақты ұйымдастырушы және материалдық сипаттағы қатынастарды реттейтін, әлеуметтік және фисқалдық саясаттын ұстанымын көздейтін, мемлекет билігінің әкімшілік және эконо- микалық әлеуетінің салықтық кұзырындағы заңи және эконо- микалық мазмұнды құқықтық нормалардың жиынтығынан тұра- тын құқықтық құралым ретінде көрініс табады.



Қазақстан Республикасының казіргі заманғы салықтық құқығы мынадай өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталады:

1. Салық салу процесін негіздейтін салықтық құқықтық нор- маларда мүмкіндігінше мемлекет пен салық төлеушілердің эко- номикалық-қаржылық мүдделерінің қарама-қайшылығы ескеріледі.

2. Мемлекеттің салық саясатының экономикасы тұрғысынан Қазақстан Республикасына тартылатын халықаралық ин- вестицияларға салық салуды төмендету немесе толығымен жою көзделінеді.

3. Салықтық құқықтық нормалар Қазақстан Республикасы салық жүйесінің макроэкономикалық даму көрсеткіштеріне байланысты жай-күйін және трансферттік қабілетін фисқалдық бағдарларға сай айқындайды.

4. Салықтық құқықтық нормалар мемлекеттік шаруашылық аясындағы, сондай-ақ қорпоративтік және жеке меншік шаруа- шылықтар аяларындағы фисқалдық қатынастардың құқықтық негізін құрайды.

5. Салықтық құқық мемлекеттік бюджеттің салықтық кірісін реттеу аясындағы мемлекеттік императивті ерік білдірудің негізін құрайды.

6. Салықтық құқық нормаларында салық базасын айқындау және салық ставкаларын белгілеу процесіне байланысты кағида-ережелер қатаң нақтыландырылады.

7. Салықтық құқық Қазақстан Республикасындағы салық салудың заңи негізін құрайды, сондай-ақ ол мемлекеттің салықтық қызметінің құқықтық нысаны болып табылады.

8. Салықтық құқық мемлекеттің салық жүйесінің фисқалдық негізінде қалыптастырылатын бюджеттік кірістің салықтық бөлігін бюджеттік шығыстың көлемімен байланыстырады.

9. Салықтық кұқық нормалары салықтық механизмнің барлық элементтерін айқындай отырып, мемлекеттің салықтық менеджментінің негізін құрайтын салықтық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді.

10. Салықтық құқық нормалары салық салу аясыңда туын- дайтын трансферттік сипаттағы салықтық қатынастардың нақтылы материалдық тиімділігін республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы трансферттік реттеу көлемімен ұштастырылуын көздейді.

Салықтық құқық нормаларында көзделінген инвестициялық процестерді және сыртқы экономикалық қызметті салықтық ынталандыру әдістері Қазақстан экономикасын мақсатталған бағытта қайта құрылымдауға оң ықпалын тигізеді.

Өтпелі кезендегі экономикалық жағдайлардың нақтылы мән- жайларының салық жүйесіне байланысты теріс әсері Қазақстан Республикасының Салық кодексінде бекітіліп, белгіленген әрбір салықтағы инфляция құраушыны мән-жайларды айқындау мәселесін туындатады.

Мемлекеттің материалдық мүддесі мен қоғам өмірінің айрыкша аясының тоғысатын жері, көбінесе объективті қаржылық- құкыктық кұбылыс ретінде жаркын көрініс табатын салық салу саласы мемлекеттің салықтық құқығының реттеуші ықпалының ауқымы болып табылады.

Мемлекеттің салықтық құқығы әрқашанда мынадай екі негізге:

1) экономикалық салықтық тиісті іс-қимылдар мен қатына- старды регламенттейтін Қазақстан Республикасының Консти- туциясына және салықтық заңнамаға;

2) салық салу жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі- нің халықаралық құқықтық стандарттарына сүйенеді.

Салықтық құқық мемлекеттің салықсаясатының негізін ай- кындай отырып жалпы саяси ахуалға сай келетін фисқалдық әкімшілік жүргізу мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізеді.

Салықтық құқық өзінің салықтық құқықтық әлеуетінің реттеуші ықпалының ауқымындағы қоғамдық қатынастар, салықтық-құқықтық реттеу әдістері, жүйесі және дерек көздері аркылы көрініс табады.

Салықтық құқықтың пәні деп, мемлекеттің салықтық қызметінің барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды айтамыз. Осы қоғамдық қатынастар салық салу жүйесін белгілеу, салық әкімшілігін жүргізетін уәкілетті мемлекеттік органдар жүйесін айқындау, салықтық міндеттемелерді орын- дау, салықтық міндеттемелерді орындауға байланысты қажетті жағдайлар жасау, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану, халықаралықсалықтық шарттарда көзделген мақсаттарда жүзеге асыру, салық органдары мен басқа уәкілетті мемлекеттік органдар йрасындағы өзара (және т.б.) іс-қимылдар барысында салық салу саласында туындайтын салықтық қатынастар болып табылады.

Салық салу саласындағы қатынастар материалдық және ұйымдастыру салықтық қатынастары болып екіге бөлінеді.

Материалдық салықтық қатынастар өздерінің мынадай:

1) мемлекет болмысының мызғымас берік материалдық ірге тасын қалаушы;

2) жалпы ұлттық табысты бөлу нәтижесінде салықтық кірістің біржақты ағымдарын (каражаттарын) мемлекет пайда- сына бағдарлайтын;

3) мемлекет болмысына байланысты туындайтын айрықша экономикалық әрі базистік;

4) мүліктік-заттай сипатта болатын және оларға қатысты меншік құқығының алмасуын (мемлекет меншігіне айналуын) көрсететін;

5) мемлекеттік бюджет жүйесінің негізін құрайтын эконо- микалық қатынастар сипатындағы айрықша қаржылық — бөлу;

6) ақшалай нысандағы (кейде заттай күйіндегі) кұнның біржақты қозғалысын білдіретін;

7) салықтық міндеттемелердің нақты белгіленуіне карай же- келей-айқындалған;

8) көбінесе тұрғылықты-тұрақты көрініс табатын;

9) тек құкыктық нысанда болатын қатынастар түріндегі си- паттамасымен ерекшеленеді.

Ал ұйымдастыру салықтық қатынастары:

1) салық салу саласында жүргізілетін фисқалдық монито- рингке қатысты;

2) мемлекеттің салықтық құрылымы мен салық жүйесін қалыптастыруға және олардын тиісінше жұмыс істеуін атқаруларын қамтамасыз етуге байланысты;

3) материалдық салықтық қатынастардың ойдағьщай қалып- тасып, дамуын қамтамасыз етуге байланысты;

4) салықтық қызмет процедураларын белгілеуге және қол- дануға байланысты;

5) мемлекет пен салық органдарының, салық органдары мен басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардын және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының арасындағы вертикальдық және горизонталдық байланыстарға қатысты;

6) мемлекеттік стратегиялық салықтық жоспарлау мен бол- жамдау процестеріне қатысты және т.б. материалдық салықтық қатынастардың тиімаілігін көздейтін қатынастарға байланысты туындайды.

Салықтық құқық аталған қоғамдық қатынастардың өзінің құқықтық реттеу аясындағы ерекше саласын камтиды. Бұл қатынастардын ерекшелігі салықтық қызметті жүзеге асыруы барысында мемлекеттіңсалықтарсиякты экономикалық тұтка- ны қолдануы барысында байланысты туындап отыр. Бүгінде салықтық қатынастарды құқықтық реттеу мәселелері еліміздің әлеуметтік-экономикалық өмірінен өте маңызды және елеулі орын алуда. Нарыктық қатынастарға байланысты Кдзақстан экономикасында пайда болған жаңаша түрлендірулер еліміздің халық шаруашылығын басқару-реттеу жолында қаржылық және салықтықмеханизмдерді қолдану процестерінебаса назарауда- руды кажет етуде.

Сонымен, салықтық құқық мемлекеттін салықтық кызме- тінің процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.

Салықтық құқық мемлекеттің салық жүйесінің фисқалдық нысандарын экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан негіздей отырып белгілеуге ат салысады.

Салықтық құқықтың манызы мен рөлін мынадай жәйттерден байқауға болады:

1) мемлекеттің болмысы мен өзіне тән функцияларын ақша каражаттарымен қамтамасыз етудің заңи негізі болып табылады;

2) мемлекеттін салық саясатын іске асырудын негізгі құралы болып табылады;

3) салықтар мен бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер мемлекеттің салықтық құқығының негізінде белгіленеді;

4) халықтын өмір сүру ортасына және әлеуметтік ахуалда- рының деңгейіне тікелей ықпал етеді;

5) салықтардың болмысының заңи негізі болып табылады;

6) қоғам болмысының әлеуметтік-экономикалық әл-аукатын арттырудың берік ірге тасы және қоғам өркениеттілігі мен мәдениетінің елеулі элементі болып саналады;

7) материалдық бюджеттік құқықтық қатынастардағы мем- лекеттің салық жүйесінің трансферттік кабілетін белгілі бір дәрежеге көтеруі аркылы салықтық кірістерді қамтамасыз етеді.

Салықтық-құқықтық реттеу әдістері салықсалу саласы мен тиісті салықтық қатынастар аясындағы салықтық іс-қимылдар мен окиғаларға қатысты, сондай-ақ белгіленген тәртіптер мен негіздерге байланысты мемлекеттік өктем билік-императивтік өдіс және келісімді, шартты-диспозитивтік әдіс түрінде қолда- нылады.

Мемлекеттің салық жүйесінің ұйымдастырылу құрылымы императивтік сипатта болатындықтан салықтық құқық аясын- да көбінесе императивтік әдіс пайдаланылады.

Осы императивтік салықтық-құқықтық реттеу әдістері мына:

1) салық салу саласындағы салық төлеушілер мен өзге де қатысушылардын мінез-қүлықтары мен кажетті іс-әрекеттері мемлекет тарапынан (әдетте уәкілетті мемлекеттік органдар) кабылданған нормативтік және жекелей салықтық-құқықтық актілердіңәмірлі-биліктік нұскамаларымен шартталынған;

2) салық төлеушілер мен салық органдарының және өзге де қатысушылардың нормативтік құқықтық актілерде көріністап- қан мемлекеттің биліктік нұскамасын орындаудан бас тартуға хақылары жоқ;

3) салықтық қатынаска қатысушы салық төлеушілер мен салық органдарының өзара құқықтары мен міндеттері мемле- кеттіңбиліктік нұскамасының және тиісті нормативтік құқық- тықактінің негізінде нақты әрі мұкиятбелгіленген;

4) мемлекеттің биліктік нұскамасы мен өзге де салықтық міндеттерін орындау мәжбүрлеу механизмімен қамтамасыз етілуіне орай тиісті салықтық міндеттемелерді мәжбүрлеп орын- дату уәкілетті мемлекеттік орган тарапынан біржақты өмірлі түрде не болмаса сот аркылы жүзеге асырылады.

Міне, мемлекет тарапынан салықтарды белгілеу және оларды мәжбүрлеу аркылы кайтарымсыз-баламасыз алу барысында қолданылатын императивтік әдіс осы салықтық құқықаясында таза түрінде көрініс табады. Салықтарды келісімсіз, кайтарым- сыз-баламасыз, мәжбүрлеп алу салықтөлеушілердің материалдық жай-күйлері мен мүдделеріне нұқсан келтіргенімен бұл ретте императивтік әдістен басқа әдісті қолдану мүмкіндігі бол- майды.

Алайда, мемлекеттін салықтық қызметінің аясында әлсін- әлі пайдаланылатын (пайдаланылуы ыктимал) диспозитивтік (келісімді) әдістің бар екенің жоқка шығара алмаймыз.

Осы диспозитивтік құқықтық реттеу әдісінің мынадай өзіне төн белгілері болады:

1) салықтық қатынастағы тараптардың құқықтары мен міндеттері осы қатынастарды реттейтін салықтық заңнамалық актілерінің және жазбаша шарт нысаныңда ресімделген екі жақтың келісімінің негізінде қалыптасады;

і 2) осыған орай салықтық қатынастар шартты сипатта болады және тараптардың екіжақтық міндеттемелерін білдіреді;

3) мемлекеттің салық төлеушіге тигізетін реттеуші ықпалы тек біржақты-өктем мәжбүрлеу нысаныңда ғана емес, сонымен катар экономикалық стимулдар мен материалдық мүдделеу ар- кылы кызыктыру (ынталандыру) нысаныңда көрініс табады;

4) диспозитивтік құқықтық реттеу әдісінің көмегімен ретте- лінетін салықтық қатынастардын заңи нысаны болып табыла- тын салықтық шарт екі тараптың өзара құқықтары мен міндеттерін туындатады;

5) салық органдары мен салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттері аздап болса да теңестірілген және шарт сипатындағы жауапкершілікпен толықтырылуы мүмкін.

Мәселен, осы айткандарымызға байланысты жер қойнауын пайдаланушылардың мемлекетке төлейтін бонустарын алсак. Қол қойылатын бонус және коммерииялықтабу бонусы болып бөлінетін бұл арнаулы төлемдердің ставкалары мен түпкілікті мөлшерлері және төлеу мерзімдері мен тәртібі тек келісім-шарт негізінде айқындалып, белгіленеді.

Диспозитивтік әдіске қатысты тағы бір жәйтті мысал ретінде айтуғаболады. Белгілі бірсалықтөлеуші мен салық органдарының (басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуы мүмкін) арасында жасалған инвестициялық салықтық келісімшарттың талаптарына сай және инвестициялық жобалар (бағдарламалар) шеңберінде жаңа өндірістер құрған, жұмыс істеп тұрғандарын ұлғайтып, жаңарткан және басқа да тіркелген активтерді жаңадан пайдалануға енгізген (енгізетін) салық төлеушілерге сол келісім-шартқа сәйкес инвестициялықсалық преференциялары (әдетте қорпорациялық табыс салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша) беріледі.

Сонымен, салықтық қатынастарды құқықтық реттеу салық- тық құқық субъектілерінің құқықтық мәртебелерін айқындауды, салықтық заңи фактілерге байланысты салықтық құқықтық қатынастардың туындауын, сондай-ақ салықтық қатынастарды кұқыктық реттеу негізінде жаткан салық заңдарының импера- тивтік, ұйымдастыру-құрылыстық және диспозитивтік нормаларын қолдануды қамтамасыз ету жөніңдегі мемлекеттің және оның уәкілетті органдарының ұйымдастыру қызметтері болып табылады.

Осы диспозитивтік және императивтік салықтық құқықтық нормалар мемлекеттің кірісін (бюджеттерін) қалыптастыратын салықтар мен өзге де бюджетке төленетін міндетті төлемдерді белгілеу және алу, сондай-ақ салықтық міндеттемелердің тиі- сінше орындалуына мемлекеттік салықтық бақылау жүргізуге атсалысады.

Бұл ретте басты көрініс салықтық құқықтық қатынастардың материалдық объектісі тиісті бюджеттің салықтық кірісін калып- тастыратын ақшалай нысандағы (кейде заттай нысандағы) салық төлемінің сомасы екеніңе көзіміз жетіп отыр. Демек, материалдық салықтық қатынастар ауқымындағы салықтық нысандардың ақша каражаттары транзиттік сипатта мемлекеттік бюджет кірісіне келіп түседі. Сондықтан, салықтық құқықты бюджеттік құқықтың, оның ішінде ерекше бөлімінің айтулы «Бюджеттің кірістерін құқықтық реттеу» атты институтына баға жетпес кыз- мет көрсететін бюджеттік құқықтың ерекшеленген институты деп те тұжырымдауымызға болады.

Салықтық құқықтың жүйесі - мемлекеттің салықтық кыз- меті барысында туындайтын салықтық қатынастарды реттеуге атсалысатын салықтық құқықтық нормалардың өзара карым- қатынаста бола отырып жүйеленуін және бірігуін, сондай-ақ кыйсынды түрде белгіленген тәртіппен орналасуын көрсетеді. Біз ұстанған көзқарас бойынша салықтық құқық жүйесінің құрылымы бюджеттік құқық жүйесінің құрылымынан тым алшақ кетпеуге тиіс. Сонымен, құқықтық құрылым ретінде салықтық құқықтың жүйесі жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады.

Жалпы бөлімге мемлекеттін салық жүйесінің ұйымдасты- ру құрылысын және оның құрылу принциптерін, салықтар жүйесінің топтастырылуын, салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттерін, салық органдарының өкілеттіктерін, салық заңдарын бұзғаны үшін мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын, салықсалу саласындағы басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті органдардың қызмет бағыты мен кұзыреттерін, салық әкімші- лігін жүргізу тәртібін, мемлекет тарапынан жүзеге асырыла- тын салықтық жоспарлауды, мемлекеттік салықтық бақылауды жүзеге асыратын кұзыретті органдарды, салықтық бақылау нысандары мен түрлерін белгілейтін және салықтық тексеру- лерді жүргізу тәртібі мен тәсілдерін айқындайтын салықтық құқықтық нормалар жатады.

Салықтық кұқықтың жалпы бөлімі мына:

1. Салықтар, салық салу және мемлекеттің салық жүйесі;

2. Мемлекеттің салықтық қызметі;

3. Салықтық. құқық құқықтық құрылым ретінде;

4. Салықтық құқықтық нормалар жөне салықтық кұқықтық қатынастар;

5. Салықтық міндеттемелер;

6. Шағын кәсіпкерлікке арналған арнаулы салық режимі;

7. Салық салу аясындағы салықтық ынталандыру және мемлекеттік мәжбүрлеу;

8. Мемлекеттің салықтық құрылысы;

9. Салық салу саласындағы мемлекеттік басқару;

10. Мемлекеттік салықтық жоспарлау;

11. Мемлекеттік салықтық бақылау төрізді институттардан құралады.

Ал ерекше бөлімнің құрылымы әдетте Салық кодексінде белгіленген және айқындалған салықтар жүйесі арқылы көрініс табады. Реті келгенде айта кету кажет, осы салықтар жүйесі мемлекеттін салық жүйесінің ең негізгі құрылымдық элементі болып табылады. Бұл ретте тағы бір ескеретін жәйт, салық- тық құкык жүйесінің ерекше бөлімін қалыптастыру К.Р Бюд- жет кодексіне тікелей байланысты болады.

Демек ерекше бөлім мынадай тәртіппен орналасқан:

1) Мемлекеттік деңгейдегі бюджетке алынатын салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді құқықтық реттеу;

2) Жергілікті денгейдегі бюджетке алынатын салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді құқықтық реттеу тәрізді инсти- туттардан тұрады.

Салықтық құқық жүйесі институттарының белгілі кыйсындылық тұрғысынан орналасуы оның бюджеттік құкыктың айрықша институты деген тұжырымды дәлелдейді.

Аталған салықтық құқық жүйесі институттарының тиісті нормативтік құқықтық актілерге және экономикалық-қаржылық қыйсындылық тәртібіне сай орналасуы, мемлекеттің салық жүйесінің бюджет жүйесіне көрсететін фисқалдық қызметі салықтық кұқыктын бюджеттік құқықтың ерекше бөліміндегі барлық институттарға тікелей қатысы бар біршама айрықша құқықтық құрылым деген көзқарасты дәлелдеп отыр.

Салықтық құқықтың дерек көздеріне құзыретті әрі уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан салық жүйесіне және салық салуға байланысты шығарылған (қабылданған), құрамдарында салықтық құқық нормалары бар заңнамлық актілер мен заңға тәуелді нормативтік құқықтықактілержатады.

Бүгінде, салықтық құқықтың дерек көздері, иерархияны сақ- тай отырып мынадай: Қазақстан Республикасының Конститу- циясы, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексі (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының Президенті, Парламенті және Үкіметі кабылдайтын сальіқ салу мәселелері жөніңдегі нормативтік-күқыктық актілер, Қаржы министрлігі Салық комитетінің нүскаулық және өзге нормативтік-құкыктық актілері, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының жергілікті салықсалуға қатысты нормативтік-қүкыктықактілері, халықа- ралық салық салуға байланысты келісім-шарттар — салық кон- венциялары түрінде көрініс табады.

Салықтық заңдар (казіргі кезде «заңнама» деп айтылып жүр) мемлекеттін салық салу саласында туындайтын қоғамдық катынастарды реттейтін нормативтік салықтық күқыктықактілердің жиынтығы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Салық кодексі салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгі- зу, есептеу және төлеу тәртібі жөніңдегі билік қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салықтық міндеттемелерді орындауға байланысты қатынастарды, яғни салық салу саласында туындайтын біртектес, бірақ өздеріне тән экономикалық және құқықтық мән-жайларына карай ерекше- ленетін қоғамдық қатынастарды айтарлықтай толықәрі жүйелі түрде реттеуді қамтамасыз ететін, бірыңғай, жинакталған және қыйсындылық тұрғысынан іштей үйлестірілген кодификация- ланған нормативтік кұқыктық акт ретінде Қазақстан Респуб- ликасы салық жүйесінің толықканды (тиімді) жұмыс істеуінің бірден бір құқықтық негізі болғандықтан өтпелі кезең жағдай- ында өркениетті және үтымды көрініс тапқан.

Пысықтау сауалдары:

1. Салықтық құқықтың пәнің қалай түсіндіңіз? Оны құрайтын материалдық-салықтық және ұйымдастыру салықтық қатынаста- рының ерекше белгілеріне сипаттама беріңіз.

2. Салықтық құқықтың ұғымын, әлеуметтік-экономикалық про- цестерге тигізетін ықпалын, мемлекеттік бюджетті қалыптастыру жөніңдегі рөлін баяндап беріңіз.

3. Салықтық құқықтың құқықтық реттеу әдістері ретінде көрініс

табатын императивтік және диспозитивтік әдістердің мемлекеттің салық салу аясында қолданылу ерекшеліктері мен өздеріне тән белгілерін сипаттап көрсетіңіз. '

4. Салықтық құқықтын құқық жүйесінде алатын орны және оның шектес жаткан конституциялық, әкімшілік құқық, «міңдеттемелік құқық» бойынша азаматтық құқық салаларымен, әсіресе қаржылық құқық саласымен арақатынасын түсіндіріп беріңіз.

5. «Салықтық құқық» және «салықтар заңдар» ұғымыныңаракатынасын қалайша сипаттауға болады?

6. Салықтық құқық жүйесінің ұғымын, құрылымын және оның құрамындагы институттарды жаңа Салық кодексінің кабылдануына байланысты жаңаша қалыптастыру жолдары мен тәсілдерін атап көрсетіңіз.

Салықтық құқықтың дерек көздерінің ұғымы, аясы және ерекше- ліктері жөніңде не білесіз. Салықтық құқық болмысының нысаны - салықтық заңдарға (заңнамаға) сипаттама беріңіз.


Просмотров 2873

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!