Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Жергілікті жерде горизонтальдық және вертикальдық бұрыштарды оптикалық теодолитпен өлшеу принциптерін түсіндіріңіз



Теодолиттің горизонталь дөңгелегі арқылы гориз.бұрыштар өлшенеді ж/е ол лимб пен алидадан тұрады. Лимб-бұрыш өлшегіш шыныдан жасалған шеңбер ж/е ол градусты шкалаларға бөлінген. Техникалық теодолит штрихтары 5 , 10 , 20 ж/е 10 сайын бөлініп, цифрлары әр градус сайын сағат тілінің бағытына сәйкес жазылған. Лимбтің доғасының жақын екі штрихына сәйкес шамасы лимб бөліктерінің дәлдігі (бағасы) дейді.

Осы күні теодолиттерде алидаданың қызметін арнайы есеп алу жүйелері атқарады. Алидада өз осіің айналасында, лимб қозғалмай тұрған кезде, теодолиттің жоғарғы жағымен (дүрбімен) бірге айналса, онда горизонталь дөңгелектегі есеп өзгереді. Егер алидада өз осінде лимбпен бірге айналса (алидаданың бекіткіш бұрамасы жабық, ал лимбтікі ашық), онда горизонталь дөңгелектегі есеп өзгермейді.

Теодолиттің вертикаль дөңгелегі де лимб пен алидадан тұрады. Вертикаль дөңгелектің лимбі айналу осіне бекітілген ж/е онымен бірге айналады. Лимбтің нөлдік диаметрі визирлік (көздеу) осіне паралель болып келеді.

Вертикаль дөңгелектің алидадасында цилиндрлік деңгей орнатылған.

Теодолиттен есеп алу дегеніміз-лимбтің нөлдік штрихы мен есептеу индексі арасындағы доғаның мәнін анықтау. Есеп индекстері микроскоп ішіндегі шыны пластинкаларға сызылған.

Теодолит микроскобының окулярында вертикаль (үстінде В әрпімен) ж/е горизонталь (астында Г әрпімен) дөңгелектердің кескіндері көрініп тұрады. Екі дөңгелектің де бағалау бөліктері 10 -қа тең. Есептеулерді қозғалмайтын индекс арқылы, бөліктердің ондық үлесін көзбен бағалау арқ.жүргізіледі.



Вертикаль дөңгелек шкаласының таңбалары «+» ж/е «-», екі қатар цифрлары болады. Шкаланың таңбасы «+» лимб шрихын қиып өтсе, шкала жазулары солдан оңға өседі. Егер лимб штрихының таңбасы «-» болса, онда шкаланың төменгі жазулары оңнан солға қарай өсетін цифрлар қолданылады.


 

19. Өлшеу жұмыстардың қателіктер түрлеріне баяндама беріңіз және олардың жіктелуін келтіріңіз.

Геодезиялық өлшеу деп өлшенетін шаманы бастапқы бірлік ретінде қабылданатын басқа бір шамамен салыстыру процесін айтады. Геодезиялық өлшеулерді негізінен үш түрге бөлуге болады:

- Сызықтық – жер батіндегі нүктелердің арақашықтықтарын анықтау;

- Бұрыштық – горизонталь және вертикаль және вертикаль бұрыштардың мәндерін анықтау;

- Биіктік (нивелирлеу) – жекелеген нүктелер арасындағы биіктік айырымдарын анықтау.

Сызықтық және биіктік өлшеулерде (арақашықтық, биіктік, биік айырым) ұзындық өлшеу бірлігі ретінде метр (м) алынады. Метрдің ұзындығына шамамен Париж арқылы өтетін меридиан ұзындығының 1:40000000 бөлігі алынған.



Геодазиялық өлшеулер тура және жанама болып келеді. Егер шама аспаптың көмегімен тікелей анықталса, оны тура өлшеу д.а. Егер шама есептеулер арқылы анықталса, онда ол өлшемдердің жанама тәсілі болып есептеледі.

Геодезиялық жұмыстар далалық және өңдеу жұмыстары болып бөлінеді. Далалық жұмыстарды әр түрлі өлшеулер жүргізіледі, ал өңдеу жұмыстары есептеу мен графикалық процестерден тұрады.

Далалық өлшеулерге пландар мен карталар жасауда немесе арнайы мақсаттарда барлау траншеялары мен құрылыстарын бөлу, трассалар салуда жер бетінде жүргізілетін геодезиялық өлшеулер жатады. Өлшеулер кезінде қолданылатын аспаптарға:

- Арақашықтықтарды өлшеуге арналған өлшеу таспалары, сымдар, рулеткалар, оптикалық қашақтақ өлшеуіштер, жарық сәулелі қашақтық өлшеуіштер, т.б.;

- Бұрыштарды өлшеуге арналған теодалиттер, буссольдар, гониометрлер және т.б.;

- Тік биіктіктерді өлшеуге арналған теодалиттер, рейкалар, барометр-анероид, т.б. жатады.

Геодезиялық жұмыстардың нәтижелері арнайы журналдарға жазылады да, дала жағдайында тексеріліп, түсірілетін объектінің схемалық сызбалары жасалынады. Ол сызбаларды сұлба (абрис) деп атайда.

Жер бетінің әрқилы физика-географиялық жағдайлары жүргізілетін геодезиялық өлшеулер дәлдігіне әсерін тигізеді. Сондықтан да қоршаған ортаның зиянды әсерін жою немесе азайту өлшеу жұмыстары кезінде пайдаланатын аспаптарды азайту өлшеу жұмыстары кезінде пайдаланатын аспаптарды, өлшеу әдістерін және жұмыс жүргізу тәртібін дұрыс таңдауга тікелей байланысты.

 


20. Техникалық теодалитті тексеру мен жөндеулер ретіне баяндама беріңіз.



 


21. Тура және кері геодезиялық есептерге түсіндерме беріңіз. Оларды шешуге арналған формулаларды келтіріңіз.

Геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстарды пункттердің координаталары, олардың арақашықтықтары мен дирекциялық бұрыштары тікелей немесекері геодезиялық есептерді шешу арқылы анықталады. Тура геодезиялық есеп.Егер координаталары белгілі А пунктінен екінші В пунктіне дейінгі арақашықтық d және дирекциялық бұрыш αАВ белгілі болса, онда В пунктінің координаталарын табуға болады. Координаталардың бір пункттер осылайша берілуін тура геодезиялық есеп деп атайды. АВ полигонның бір қабырғасы, оның жазықтағы проекциясы d, ал дирекциялықбұрышы ВА делік.


 


 


22. Нивелирлердің түрлерін атаңыз және оның негізгі бөліктеріне сипаттама беріңіз. Нивелирдің жіктелуін сапаттаңыз.

Нивелир- жер беті нүктелерінің биіктік айырмасын, өсімшесін өлшеуге қолданылытын аспап. Нивелир өлшеу дәлдігіне қарай үш түрге бөлінеді.

1) Н-05 дәлдігі жоғары нивелир, 1км-лік қос жүрістегі өсімшемен анықтаудың орташа дәлдігі 0,5 мм-ге тең.

2) Н-3 дәл нивелир. Орташа квадраттық дәлдігі – 3 мм.

3) Н-10 техникалық нивелир. Өсімше анықтау дәлдігі 10 мм-ден аспайтын нивелир түрі.

Енді геоден зиялық жұмыстарда кеңінен қолданылып жүрген нивелирлер Н-3 пен Н-10-ның құрылыстарына тоқталамыз.

1. Н-3 ниверлирі 3, 4 –кластық және техникалық нивелирлеу үшін қолданылады.. Оның негізгі бөлшектеріне:цилиндрлік деңгей, қондырылған дүрбі, көтергіш бұрамалар бар қондырғы, штатив бекіту үшін жасалған бұрама оймасы бар серіппелі пластинка жатады.

Цилиндрлік деңгеймен бір қорапта орналасқан призмалы құрылғы деңгей үлбіреуігінің бейнесін көз алдына келтіреді.

Нивелирге қойылатын басты талап – нысаналау сәулесінің горизонталь орналасуы. Оны горизонталь жағдайға дәл келтіру элевациондық бұранда арқылы жүргізіледі, яғни деңгей үлбіреуігінің ең шетін ұштастыру арқылы.

Цилиндрлік деңгейдің сыртқы жабық төрт түзетпе бұрандалары бар. Нивелирдің вертикаль осін алдын ала тік және оның үш түзетпе бұрамасы бар.

Ең алдымен дүрбінің көздегіші мен бекітпе арқылы бағыттап, одан кейін жетекші бұрама көмегімен дәл көзделеді. Дүрбідегі жіптер торының анық көруін қамтамасыз ететін кремальера бар.

Элевациондық бұрандамамен деңгей үлбіреуігінің екі шеті ұштастырылғаннан кейін, жіптер торының ортаңғысы арқылы рейкадан есеп алынады. Есеп қашанда төрт таңбалы сан болып келеді.


23. Нивелирлеу дегеніміз не және оның түрлері мен тәсілдеріне сипаттама беріңіз.

Мемлекеттік нивелирлеу жүйесі. Мемлекеттік нивелирлеу жүйесінің пункттерінің биіктіктерін геометриялық нивелирлеу әдісімен анықтайды. 1- класты нивелирлеу жүйесі периметрі 2000 км-ге жуық тұтас полигонды құрайтын жүрістерден тұрады. 1- класты нивелирлеу мейлінше жоғары дәлдікпен жүргізіледі, оған барынша жетілдірілген аспаптар мен бакылау әдістерін қолдану арқылы жетуге болады. Салыстырмалы биіктікті анықтаудың орташа квадраттык кездейсоқ қателігі 1 км жүрісте mh 0,5 мм болады. И класты нивелирлеу сызығы 1- класты нивелирлеу пункттерінің арасында периметрі 500-600 км полигондар түрінде салынады. 2- класты нивелирлеу жүрісінде салыстырмалы биіктікті анықтаудың орташа квадраттык кателігі 1 км жүрісте mh =0,8 мм-ден аспауы керек. 3- класты нивелирлеу жүйесі 1- және 2- класты нивелирлеу полигонының ішінде жүйе немесе 2- кластык полигонды периметрі 150-200-ден 6-9 полигонға бөлетін жеке жүрістер түрінде жасалынады (1км жүрісте mh=1,6 мм-ден аспауы керек). 3- класты нивелирлеу жүйесін одан ары жиілендіру 4- класты нивелирлік жүрістер жүйелерін құру аркылы орындалады. Олар топографиялық түсірулердің тікелей биіктік негізі болып табылады. Оларды салу жиілігі түсіру масштабымен және жергілікті жердің жер бедерінің сипатымен сабақтас болады. Барлық кластағы нивелирлеу жүрістері жергілікті жерде орташа есеппен алғанда 5 км сайын тұракты реперлер және таңбалармен бекітіледі.

 


24. Оптикалық нивелирді тексеру мен жөндеулер ретіне баяндама беріңіз.

Нивелир-жер беті нүктелерінің биіктік айырмасын, өсімшесін өлшеуге қолданылатын аспап. Өндірісте нивелирдің мынадай түрлері жасалып шығарылады:

Н-05 – оптикалық микрометрлік жоғары дәлдікті нивелир, салыстырмалы биіктікті 1 км-лік екі мәрте жүрісте 0,5 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған. Н-3, Н-ЗК, Н-ЗЛ нивелирлері – дәл, 1 км екі мәрте жүрісте салыстырмалы биіктікті 3 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған дәл аспаптар. Инженерлік-геодезиялық зерттеулерде және III және IV кластық нивелирлеу кезінде қолданылады.

Н-10, 2Н-10Л, Н-І0К, Н-10КЛ нивелирлері – техникалық, 1 км-лік екі мәрте жүрісте салыстырмалы биіктікті 10 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған техникалық нивелирлер. Олар кұрылыста, инженерлік-геодезиялық зерттеулерде және топографиялық түсірістерде биіктік шама негіздерімен қамтамасыз ету үшін қолданылады.

Оптикалық нивелирдің негізгі құрам бөліктері: нысаналау дүрбісі, цилиндрлік деңгей, трегер, элевациялық винт.

Нысаналау дүрбісі-оптикалық жабдық, түсіру обьектіге нысаналау жүйесіне жауап береді.

Цилиндрлік деңгей - аспаптың құралы бағыттау дәлдігін көрсетеді. Нивелирге қойылатын басты талап нысаналау сәулесінің горизонталь болып орналасуы. Оны горизонталь жағдайда дәл келтіру элевациялық винт арқылы жүргізеді, яғни деңгей үлбіреуігінің ең шетін ұштастыру арқылы.

Цилиндрлік деңгейдің сыртқы жабық төрт түзетпе бұрандалары бар. Нивелирдің вертикаль осін алдын ала тік бағытқа келтіру үшін, дөңгелек деңгей орнатылған ж\е оның үш түзетпе бұрандалары бар.

Ең алдымен дүрбі көздегіші мен бекітпе арқылы бағыттап, одан кейін жетекші винт көмегімен дәл көзделеді. Дүрбідегі жіптер торының анық көрінуін қамтамасыз ететін кремальера бар.

Элевациялық винтпен деңгей үлбіреуігінің екі шеті ұштастырылғаннан кейін, жіптер торының ортаңғысы арқылы рейкадан есеп алынады. Есеп әрқашанда төрт таңбалы сан болып келеді.

Трегер-көтеру үш винті бар тұғыр.

 


 


Просмотров 2926

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!