Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Теодолиттердің жіктелуін көрсетіңіз және техникалық теодолиттің негізгі бөліктеріне сипаттама беріңіз



Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу үшін қолданылатын, құрылысында екі жазықтық (дөңгелек) бар аспап теодолит д.а.

Қолданылып жүрген теодолиттер дәлдігі, есептеу құрылғыларының түрі, горизонталь дөңгелегінің вертикаль осьтері жүйесінің конструкциясы және атқаратын міндеті жағынан әр түрлі болып бөлінеді.

Теодолиттерді горизонталь бұрыштарды өлшеу дәлдігіне байланысты 3 түрге бөлуге болады:

1. 1-және 2-класты триангуляция мен полигонометриядағы бұрыштарды өлшеуге арналған жоғары дәлдікті Т1 теодолиті.

2. Дәл тсодолит Т2–3-және 4-класты триангуляция мен полигонометриядағы бұрыштарды өлшеуге арналған; Т5 – 1-және 2-разрядтық триангуляциялық жүйелер мен полигонометриядағы бұрыштарды өлшеу және жер бетіндегі маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу үшін қолданылады.

3. Техникалық Т15, ТЗО және Т60 – теодолиттік және тахеометриялық жүрістерде және түсіргі жүйелерінде, сондай-ақ жер бетіндегі және жерасты қазбаларындағы маркшейдерлік жұмыстарды атқару кезіндегі бұрыштарды өлшеуге арналған.

Теодолиттердің шартты белгілеріндегі цифр горизонталь бұрышты бір тәсілмен өлшеудің секундтық орташа квадраттық қателігін білдіреді; Т5 теодолиті үшін mb=5", Т30 үшін mb=. 30" және т. с. с.

Дөңгелегінің жасалу және есептеу құрылғысының құрылысы жағынан теодолиттер екі топқа бөлінеді: металл және шыны лимбілілер (оптикалық теодолиттер).

Вертикаль дөңгелегі, ара қашықтық өлшеуге арналған құрылғысы және буссолі бар теодолит тахеометр деп аталады. Қазіргі уақытта шығарылатын техникалық теодолиттер тахеометрлер болып табылады.



Теодолиттің лимб деп аталатын металл немесе шыны дөңгелегі бар, оның қиғаш шетіне 0°-тан 360°-қа дейінгі бөліктер түсірілген. Бөліктерді есептеу сағат тілінің бағыты бойымен дәл келеді. Лимбінің центрі өлшенілетін бұрыштың төбесі арқылы өтетін тік сызыққа орналастырылады. Лимбінің жазықтығына өлшенілетін бұрыштың жақтары проекцияланады. Бұл кезде лимб жылжымайтын әрі горизонталь болуы тиіс.

Лимбінің үстінде тік сызықтың төңірегінде айналатын теодолиттің жоғары бөлігі орналастырылған, бұл бөліктің ішінде алидада және дүрбі бар. Дүрбі тұғырыққа горизонталь болатын НН1 осінің төңірегінде айналғанда, онда коллимациялық деп аталатын жазықтықтары түсіріледі. Лимб пен алидаданың осьтері сәйкес келуі керек, бұл арада алидаданың FF1 айналу осі аспаптың негізгі немесе вертикаль осі деп аталады.



Алидада да көрсеткіш бар, ол алидаданың лимб шкаласындағы орнын белгілеуге мүмкіндік береді және санаудың дәлдігін арттыру үшін арнайы есептеу құрылғысымен қосақтала жасалған. Лимб пен алидада алидадаға бекітілген металл қаптамамен жабылған.

Теодолиттің негізгі осі цилиндрлік деңгей арқылы үш көтеру винттерінің көмегімен вертикаль жағдайға келтіріледі. Теодолиттің дүрбісі горизонталь осі маңайында 180°-қа айналдырылуы, яғни зенит арқылы ауыстырылуы мүмкін. Дүрбінің айналу осінің бір жағында вертикаль дөңгелек бекітілген, ол осьпен берік жалғанған, әрі онымен бірге айналады.

Негізінде вертикаль дөңгелек горизонталь дөңгелек тәрізді жасалған; ол вертикаль бұрыштарды (көлбеу бұрыштарды) өлшеуге арналған. Егер теодолитке окуляр жағынан қарасақ вертикаль дөңгелек дүрбінің оң немесе сол жағында орналасуы мүмкін. Бірінші орны «оң дөңгелек» (ОО), екіншісі – «сол дөңгелек» (СО) деп аталады.

Теодолит буссоль, штатив және тіктеуіштен тұрады. Буссоль магниттік азимутты өлшеу үшін қолданылады. Үш аяқты штативтің бас жағы металдан жасалады. Теодолит штативтің басына винттің көмегімен бекітіледі. Тіктеуіш теодолитті нүктенің үстіне центрлеу үшін, яғни лимбінің центрін өлшенілетін бұрыштың төбесіне орналастыру үшін қолданылады.

Теодолиттің айналатын бөліктерін қозғалмайтын жағдайға келтіру қысу-винттерімен, ал бірқалыпты немесе баяу айналдыру микрометрлік (жетекші) винттермен жасалады.

Тедолиттің құрылысы

Қазіргі уақытта қолданылып жүрген теодолиттердің ішінен ТЗ0 және ТІ5 техникалық теодолиттерінің құрылыстарын қарастырып көрелік.

Теодолит ТЗ0 – цилиндрлі вертикаль осі бар шағын көлемді оптикалық қайталауыш теодолит. Теодолиттің табаны қораптың түбінің. қызметін атқарады, ол тұғырықпен жалғанған. Бұл жағдай аспаптың массасын азайтып қана қоймай, сонымен қатар пайдаланған кезде қосымша қолайлылық туғызады, себебі бір нүктеден екінші нүктеге көшкенде теодолитті штативтен шығармай-ақ қорабымен жабуға мүмкіндік береді.

Дүрбі бақылайтын нүктені жуықтап нысаналау үшін оптикалық визирмен жабдықталған. Дүрбіні фокустау кремальераны айналдыру арқылы жүзеге асырылады. Диоптриялық сақинаның көмегімен дүрбіні көзге сәйкестендіріп қоюға болады.

ТЗ0 теодолитінің вертикаль дөңгелегінің деңгейі жоқ. Оның орнына дүрбінің айналу осіне перпендикуляр орналасқан горизонталь дөңгелегіндегі деңгей қызмет етеді.

Теодолитті центрлеуге дүрбіні қолдануға да болады, ол үшін оны вертикаль (объективін төмен) қояды да саңылау арқылы бұрыштың ұшына бекітілген белгіні нысаналайды. Дүрбіні зенит арқылы екі жағымен де ауыстыруға болады. Есептеу құрылғысына жарық түсіру үшін жарықтауыштың айнасын қолданады. Есептеу тетігінің оптикалық схемасы есептеу құрылғысының көз жетер жерінде вертикаль және горизонталь дөңгелектердің шыныдан жасалған штрихтарының кескіні бір мезгілде көрініп тұратындай болып құрастырылған.

ТЗ0 теодолитінде бұрыш өлшеуіш дөңгелек бөліктерінің үлесін бағалау козғалмайтын индекспен шығарылады. Осылай есептеу әдісі неғұрлым қарапайым болып табылады және мейлінше кіші аралықтың ондық үлестерін бағалауға мүмкіндік береді.

Есептеу құрылғысының микроскоп бағалаушысы окулярмен қатар орналасқан. Микроскоптың көз жетер жерінде вертикаль (үстінде В әрпімен) және горизонталь (астында Г әрпімен) дөңгелектердің кескіні көрініп тұрады. Екі дөңгелектің де бағалау бөліктері 10'-қа тең. Есептеулерді қозғалмайтын индекс арқылы бөліктердің ондық үлесін көзбен бағалау арқылы жүргізеді. Вертикаль дөңгелектегі есеп 358°48'-қа, ал горизонталь дөңгелектегі есеп 70°05'-қа тең.

Қазіргі уақытта ТЗО теодолиті жаңа модельді 2ТЗО теодолитімен ауыстырылған ол негізгі теодолиттен горизонталь және вертикаль дөнгелектер шкаласының бағалау бөлігі 5'-тік шкалалық микроскоптың қолданылуымен ерекшеленеді. Есептеулер бұл кезде шкала бөлігінің ондық үлесіне дейінгі дәлдікпен, 0,5'-қа дейін жүргізіледі. 42-суретте горизонталь дөнгелектегі ; есеп 8°+0,7-5 = 8°03,5'-қа, ал 43-суретте – 111°35'+0,5-6= | = 111 37,5'-қатең. Вертикаль дөңгелек шкаласының таңбалары «+» және «-» екі қатар цифрлары болады. Шкаланы таңбасы «+» лимбінің штрихы қиып өткен жағдайда шкаланың жазулары солдан оңға карай өседі. 43-суретте вертикаль дөңгелек бойынша есеп 1°35'+0,3-5= 1°36,5'-қа тең. Егер лимб штрихының таңбасы «–» болса, онда шкаланың төменгі жазулары оңнан солға қарай өсетін цифрлар қолданылады. Осылайша вертикаль дөңгелек бойынша (43-сурет) есеп 0°40'+0,05-5=' 0°42,5'-қа тең болады.

Т15 теодолиті оптикалық шкалалық теодолит болып табылады. Бұрыш өлшеуіш дөңгелектер бойынша есептеу микроскоптың көмегімен бұрыш өлшеуіш дөңгелектің бір жағынан жүргізіледі. Горизонталь бұрыштарды бір тәсілмен өлшеудің орташа квадраттық қателігі 15" болса, ал вертикаль бұрыштардікі 20" болады. Микроскоптың көз жетер жерінде екі бұрыш өлшеуіш дөңгелектердің кескіні бір мезгілде көрініп тұрады. Бұрыш өлшеуіш дөңгелектер 1° арқылы бөлінген, онда әрбір штрих цифрланған. Микроскоптың көз жетер жерінің жоғарғы және төменгі жартыларында 60 негізгі және 2 қосымша бөліктері бар екі шкала болады. Шкаланың әрбір бөлігі 10-қа сәйкес келеді. Бөліктің үлесі көзбен бағаланады. Шкаламен санаудын қателігі 0,11-қа жуық болады. Т15 теодолитінің негізінде Т15К теодолиті жасап шығарылды, ол алидада кезінде деңгейдің орнын басқан өзін-өзі қалыпқа келтіретін оп тикалық компенсатордың, дүрбідегі тікелей кескінделу және вертикаль дөңгелектің секторлық цифрланғанының арқасында неғұрлым өнімді аспап болып табылады. Секторлық цифрлау шкаладан қосымша есептеулер қолданбай-ақ өлшенілетін көлбеу бұрышқа сәйкес есепті алуға мүмкіндік береді.


Просмотров 3153

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!