Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Геодезиялық тіреу пункттер торына түсінік беріңіз және оларды құрастыру әдістерін келтіріңіз



Геодезиялық түсірістердің қай түрі болсын, олар алдын ала жергілікті жерге бекітілген ж/е өте жоғары дәлдікпен пландық координаталары (х, у) ж/е биіктік координатасы (Н) анықталған нүктелерге сүйенеді. Мұндай пункттерді тірек пункттері дейді. Координаталары геодезиялық тәсілмен біртұтас координаталар жүйесінде анықталған тірек тораптары геодезиялық тірек тораптары д.а.

Мемлекетіміздегі барлық тірек тораптары бірнеше класқа бөлінеді.

Оларды құру жұмыстары ең жоғарғы кластан төменгі, күрделі ж/е дәл геометриялық құрылымдардан ұсақ, дәлдігі төмендеу кластраға қарай ауысады. Жоғарғы класты пункттер бір-бірінен әжептәуір үлкен (бірнеше ондаған километр) арақашықтықта орналасады. Одан кейін олардың араларында төмен класты тораптар құрылып, нүктелердің арақашықтығы жақындайды. Геод.жұмыстарды осындай ұстаныммен жүргізу қысқа мерзім ішінде үлкен территорияы біртұтас координаталық жүйемен қамтамасыз ете алады.

Геод.тірек тораптары пландық ж/е биіктік тораптары болып бөлінеді. Пландық торапта тірек пунктерінің тік бұрышты координаталары (х,у) жалпы мемлекетаралық жүйе б.ша анықталады, ал нүктелердің биіктіктері (Н) Балтық теңізінің биіктік жүйесімен есептеледі.

Геод.тораптар мемлекеттік, жиілету ж/е түсіріс тораптары болып бөлінеді, ал олардың өзі дәлдігіне қарай кластарға бөлінеді.

Геод.жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру үшін түсіріс жүргізер алдында күні бұрын керекті өлшеу дәлдігімен тапсырма беріледі, одан соң жұмысты жүргізу әдістері мен тиісті аспаптар таңдалып алынады. (Суреттер осы сурактын жалғасы)




 


 







 

Теодолиттік жүрістердің мақсаты мен түрлерін түсіндіріңіз. Теодолиттік жүрістерді орындау бойынша дала және камералдық жұмыстардың құрамы.

Теодолиттік жүрістер дептұйықталған не тұйықталмаған сынық сызықтар жүйесінен тұратын полигондарды айтады. Теодолиттік жүрістердің бірнеше түрлері бар:

1) Тұйықталмаған жүрістің басы мен аяғы геодезиялық пунктерге жанасады.

2) Тұйық жүріс (полигон) геодезиялық негізгі пунктке байланыстырылған тұйықталған көпбұрыш.

3) Бір жағы байланыстырылған аспалы жүрісте сынық сызықтардың бір жағы тірек пунктіне жанасып, екінші жағы бос болып келеді. Теодолитік жүріс түрлері түсірілетін жер бетінің өзгешелігіне байланысты. Қажет болған жағдайда полигонның ішіне диагональдық жүрістер де жүргізіледі.

Теодолиттік жүрістерде горизонталь бұрыштар Т15, ТЗО. 2ТЗО т.б. теодолиттер тәсілімен, толық есеп алу тәсілімен (КП және КЛ) өлшенеді.



Теодолиттік жүрістегі арақашықтықтар 20м-лік өлшеуіш таспа н/е рулеткамен тура және кері бағытта өлшенеді; өлшеудің екі нәтижесін және олардың орта мәнін арнайы дайындалған журналға жазады. Әрбір қабырғаның екі рет өлшенген ұзындығының арасындағы айырмашылығы 1-разрядты жүрістерде 1:2000-нан, ал 2-разрядты жүрістерде 1:1000-нан аспауы керек.

Теодеолиттік түсіріс – бұрыш өлшегіш аспап – теодолит және болаттан жасалған қашықтық өлшеуіш лента немесе оптикалық қашықтық өлшеуіш көмегімен орындалатын, жергілікті жердегі горизонтальды түсірісті айтады. Бұл түсірістерді орындау кезінде гроизонталь бұрыш және арақашықтық өлшенеді. Түсіріс нәтижесінде жергілікті жердің контур көрінісі және онда орналасқан заттардың ситуациялық планын алады.

Теодолиттік түсірістер жазық жер бетінде, елді мекенді аймақтарда, құрылыс, тау­кен өндіріс алаңдарында, теміржол тораптары, т.б. жерлерде пландар жасау үшін жүргізіледі. Теодолиттік түсіріс үшін тірек жүйесі, әдетте теодолиттік жүрістер түрінде құрылады да, олардың нүктелерінен ситуацияны түсіре отырып, қажетті нүктелердің орнын полярлық әдіспен, перпендикулярлар және жарма әдістермен, сонымен қатар әр түрлі бұрыштық және ұзындық қиылыстырулар көмегімен анықтайды.

Теодолиттік түсіріс дайындық, далалық және өңдеу жұмыстарынан тұрады. Далалық өлщеулерде теодолиттік жүрісті жерге салу, теодолиттік жүрістің төбелерін геодезиялық тірек пункттерімен байланыстыру, ситуацияны түсіру жұмыстары орындалады.

Өңдеу жұмыстарының мазмұны: теодолиттік жүріс төбелерінің координаталарын есептеу және теодолиттік түсірістің планын салу.

Дайындық жұмыстары кезінде жергілікті жердің жай­жапсарын түсіру дәлдігіне байланысты түсірістің масштабын таңдайды. Қолда бар барлық картографиялық құжаттарды, яғни планды, картаны, профильді мұқият қайта қарап зерттейді. Егер түсіріс жүргізілетін ауданда геодезиялық тірек жүйесінің пункттері болса, онда олардың орналасқан жерінің схемасын жасап, каталогтан координаталарын жазып алады. Теодолиттік жүріс тұйық немесе ашық болуы мүмкін. Елді­мекенді жерлерде немесе құрылыс орындарында тұйық теодолиттік жүріс жүргізіледі. Трассаның бойындағы жердің планын алу үшін ашық жүрістер жүргізіледі.

Далалық жұмыстарға:

1) жергілікті жерді рекогносцировкалау (байқап қарау) және пункттерді бекіту;

2) бұрыштар мен ұзындықтарды өлшеу;

3) жердегі заттарды, контурларды түсіру;

4) жүріс пункттерін жергілікті жердегі тірек пункттеріне байланыстыру.

Рекогносцировка негізінде геодезиялық тірек жүйесінің пункттерін іздеп тауып, теодолиттік жүрістің неғұрлыс қолайлы (ашық жерде орналасқан) орындарын белгілейді.

 


Просмотров 2319

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!