Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Картаның масштабына анықтама беріңіз және масштаб түрлеріне сипаттама беріңіз



Масштабтар мен олардың дәлдігі.

Жер беті мен оның шағын аймақтары қағаз бетіне белгілі бір масштаб аркылы кішірейтіліп кескінделеді. Масштаб дегеніміз пландағы, картадағы сызықтың (кесіндінің) өзіне сәйкес жер бетіндегі ұзындыгының горизонталь проекциясына қатынасы. Масштаб сандық, сызықтық және көлденең болып бірнеше түрге бөлінеді.

Егер план 1:1000 масштабында жасалса, онда жер бетіндегі ұзындығы 1000 см-лік аракашықтық планға 1 см-лік кесінде түрінде кескінделген болады. Мұндай масштаб сандық масштаб делінеді. Мына төмендегі бірнеше сандық масштабтар 1:1000; 1:2000; 1:5000; 1:10000, т.б. ірісінен үсақтарына қарай қатармен жазылады. Масштаб ірі болса, ол планда арнаулы деректер толық көрсетіледі. Әр планның мақсатына лайықты өзіне сәйкес масштабы болады. Егер сандык масштаб белгілі болса, сызықтың ұзындығын қағаз бетіне не керісінше, пландағы кесінді арқылы оның жер бетіндегі ұзындығын анықтауға болады. Бірінші мысал: жер бетіндегі сызықтық проекциясы 275 м-ге тең делік. 1:5000 сандық масштабта бұл қашықтық планға 275 : 5000,00. 055м5, 5 см-ге тең кесінді болып кескінделеді. Екінші мысал: 1: 2000 масштабы пландағы кесінді ұзындығы 6,5 см болса, онда жер бетіндегі ұзындығы 6,5 х 2000 1 3000 см 130м. Іс жүзінде бұл есептерді қолдану ыңғайсыз болғандықтан, сандық масштабтың орнына сызықтық, көбінесе көлденең масштаб қолданалады. Сандық масштабтың қағаз бетінде график түрінде бейнелеуін-сызықтық масштаб дейді.



Сызықтық масштаб бір түзудің бойын масштаб негізі деп аталатын біріне-бірі тең бірнеше кесінділерге бөлгеннен шығады. Масштаб негізгі әдетте 1 см-ге тең болып келеді . Сол жақтағы шеткі негіз тең 10 бөлікке бөлінеді де, оның оң жақ үшы 0- деп белгіленеді. Сандық масштабтың да кемшілігі бар, ол сызықтық масштабпен пайдаланғанда, оның 0-ден сол жақтағы негізінің үсақ бөлшектерінің аралығын көз мөлшермен бағалаудан тұрады. Сондықтан өте үлкен дәлдікті қажет ететін өлшеулер үшін көбіне көлденең масштаб қолданылады. 1:5000 масштабына сэйкес келетін көлденең масштаб 11 -суретте көрсетілген.

Түзу сызық жоғарыдағыдай «масштаб негізін» 2см-ге тең етіліп, бірнеше бөліктерге бөлінеді. Оң жақтағы 0, 2, 4, 6, 8 нүктелерінен перпендикуляр тұрғызылып, олар төменге түзу сызықтан бастап, әрқайсысы 2 не 3 мм-ге тең 10 бөлікке бөлінеді. Бөлінген нүктелер арқылы бастапқы түзу сызыққа параллель сызықтар жүргізіледі. Сол жақтағы масштаб негізінің төменгі және жоғарғы қабырғалары «10- ға бөлініп, масштабтың кіші негізі» алынады. Олар суреттегідей қиғаш сызыкгармен қосылады. Осылай сызылған көлденең масштабтың ең кіші бөлігі «bо» кесіндісі «ВО'» -ның 1/10 не, яғни 0,2 мм-ге тең. 0,2 мм-ге сәйкес келетін жер бетіндегі горизонталь ұзындықты көлденең масштабтың дәлдігі дейді. Масштаб дәлдігі мына формуламен анықталады:



t = cb =А' О=a/m*n

мұндағы а-масштаб негізі 2см; «-масштаб негізі бөліктерінің саны; m-масштаб биіктігі бөліктерінің саны. Мысалы: 1:1000; 1:2000; 1:5000 масштабтарының графиктік дәлдіктері 0,2; 0,4; 1,0 м тең болып келеді. Мұндай көлденең масштабтар топографиялық транспортирлер мен металдан жасалған сызғыштарға қондырылады. Оларды масштабтық сызғыштар дейді.

 


 

Географиялық азимут, магниттік азимут, дирекциондық бұрыш түсініктеріне анықтама беріңіз және олардың арасындағы байланыстарды түсіндіріңіз.

Геодезиялық барлау жұмыстарын атқарған кезеңде көбіне жүру маршрутын, яғни жер бетіндегі түсіру жұмыстарының бағытын бағдарлауға тура келеді. Жердегі сызықты бағдарлау дегеніміз оның бағытын бастапқы бағыт арқылы табу. Геодезияда бастапқы бағыт ретінде меридиан пайдаланылады.

Сызықтың бағытын анықтайтын бұрыштар ретінде шын ази­муттар, магниттік азимуттар және дирекциондық бұрыштар қызмет етеді. Осы бұрыштар бастапқы бағыттан бастап сағат тілінің бағыты бойымен 0°-тан З60°-қа дейін өлшенеді.

Шын азимут деп (1-сурет), сағат тілінің бағыты бойымен бастапқы (географиялық) меридианның солтүстік бағытынан осы белгілі бір алынған бағытқа дейінгі есептелетін горизон­таль бұрышты атайды. Қандай да бір АВ сызығынын А нүктесінде анықталатын азимут тура азимутдеп, ал В нүктесінде анықталған азимут кері азимутдеп аталады. Тура және кері азимуттар арасындағы байланыс мына формула мен өрнектеледі:

АКТ+180°+γ

мұндағы γ — меридиандардың жақындасуы, яғни меридиан мен абсцисса осіне немесе осьтік меридианға параллель сызық арасында берілген нүктедегі бұрыш. Бұл бұрыштың мәні берілген нүктедегі әр зонаның осьтік меридианынан қашықтауына байланысты болады, әрі 0°-тан ±3°-қа дейін ауытқуы мүмкін.

 

 

 

1 - сурет

Меридиандардың жақындасуын мына формула бойынша анықтауға болады:

γ = l sin φ

мұндағы l — нүктелер арқылы өтетін меридиандар бойлығының айырмашылығы; φ — сызықтың орташа геодезиялық ендігі.

Сызық азимут бойынша бағдарлау кезінде меридиандар жақындасуын есепке алу қажеттілігі даладағы өлшеулерді өңдеуді қиындатады, сондықтан азимуттар көбінесе жоғары геодезияда қолданылады.

Магниттік азимут деп, сағат тілінің бағыты бойымен магниттік меридианның солтүстік бағытынан (магнит тілінің солтүстік шетінен) белгілі бір алынған бағытқа дейін есептелетін горизонталь бұрышты атайды. Магниттік азимуттар компаспен немесе буссольмен өлшенеді.

Магниттік азимуттан шын азимутқа көшу үшін магнит тілінің бұрылуының шамасын және атын (шығыс немесе батыс) білу қажет. Магниттік азимутты Ам

(2-сурет) анықтап және магниттік бұрылуды δ, яғни шын және магниттік меридиандар арасындағы бұрышты біле отырып шын азимутты (А) мына формуланы пайдаланып табуға болады:

А=Ам+ δ ш; А=А'м- δб,

мұндағы δ ш, δб - магнит тілінің сәйкесінше шығыс және батыс бұрылулары.

Егер шығыс бұрылуды оң деп, ал батыс бұрылуды теріс деп қабылдасақ, онда екі жағдайда да мынаны шығарып аламыз:

А м+ δ

яғни шын азимут магниттік азимут пен магнит тілінің бұрылуының қосындысына тең.

 

 

2 - сурет

Жер бетінің әрбір нүктесінде магниттік бұрылудың шамасы әр түрлі және 500 жылға жуық кезең ішінде магнит тілі өзінің орнынан шамамен 22,5°-қа екі жаққа ауытқиды. Демек, сызықты магниттік меридиан бойынша бағдарлау тек қана жер бетінің шағын учаскелерінің пландарын жасаған кезде ғана қолданылады.

Карталар мен пландарды координаталардың зоналық жүйесінде жасаумен байланысты, геодезияда дирекциондык бұрыш жиі қолданылады. Егер М2 нүктесінде (3-сурет) сызықтың бағыты А2 азимутымен емес α горизонталь бұрышымен анықталса және ол азимут сияқты сағат тілінің бағыты бойымен, бірақ нақты бір М2 нүкте меридианынан емес, дұрысында меридианға параллель бағыттан кез келген нүктеде, мәселен М1 нүктесінде есептелсе, онда мұндай бұрыш дирекциондық бұрыш деп аталады.

 

 

3 - сурет

Осыдан келіп, дирекциондық бұрыш (α) дегеніміз осьтік ме­ридианның солтүстік бағытынан немесе абсцисса осінің оң бағытынан сағат тілінің бағыты бойымен осы бағытқа дейін есептелетін горизонталь бұрыш екендігі шығады. Егер М1 нүктесіндегі С101 сызығын тең бұрышты көлденең цилиндрлі проекциясында осьтік меридиан десек, ал С202 сызығын М2 нүктесіндегі шын меридиан, Ох сызығын километрлік тордың вертикаль сызығының бірі деп қабылдасқ, онда А2 шын азимутты, ал α дегеніміз М1М2 сызығының М2 нүктесіндегі дирекциондық бұрышты көрсетеді, оның үстіне

А2 - α = γ,

яғни нақты бір нүктедегі кез келген сызықтың шын азимуты мен дирекциондық бұрышының арасындағы айырмашылық осы нүктедегі шын меридиан­ның зонаның осьтік меридианымен жақындасуына тең.

Мына формуладан шын азимут А2-ні табамыз:

А2= α + γ.

Осьтік меридианнан батысқа қарай орналасқан нүктелер үшін меридиан-дардың жақындасуы теріс санмен көрсетіледі.

Әрбір сызықтың түрлі нүктелеріндегі дирекциондық бұрыш А азимутпен салыстырғанда тұрақты болып қалады. АВ бағытының α дирекциондық бұрышы тура, ал ВА бағытының дирекциондық бұрышы кері бұрыш деп аталады

(4-суреттен).

α1 = α +180°

яғни кері дирекциондық бұрыш тура дирекциондық бұрыш пен 180° - тың қосындысына тең дирекциондық бұрышты мына анықтаған қолайлы

α1 = α - 180°

Мысалы, а =310°40/ болса, онда α1 = 310о40/+180о=490°40/, немесе α1 = 490°40' -360°=130°40/, себебі дирекциондық бұрыштың 360°-қа өзгеруі сызықтың бағытын өзгертпейді. Ал (12) формуланы пайдаланатын болсақ, онда да α1 = 310°40/—180°= = 130°40' тең болатынын көреміз.

 

 

4 - сурет

5 - сурет

Мысалы, дирекциондық бұрыш α =230°10' делік. Алдымен осы бағыттың қай ширекте жатқанын анықтаймыз, яғни III ши­рек (ОБ). Содан кейін румбаны табамыз: г =230°10/ - 180° = 50°10/.

Егер 1—2 сызықтың дирекциондық бұрышы (α1-2) белгілі және жүрістің сол жағында жатқан горизонталь бұрышы βс өлшенген болса, онда теодолит жүрісінің келесі 2—3 қабырғасының α2-3 дирекциондық бұрышы былай анықталады (6-суреттен). .

α2-3 = α1-2 + φ

мұндағы φ = βс - 180°. Ендеше

α2-3 = α1-2 - 180°+ βс

 

 

6 – сурет

Егер полигондағы жүрістің оң жағындағы жатқан горизон­таль бұрыш (βо) белгілі болса, онда α2-3 дирекциондық бұрышы былай табылады:

α2-3 = α1-2 + φ

мұндағы φ =180°- βо. Енді φ мәнін тендікке қойып, мынаны табамыз:

α2-3 = α1-2 +180°- βо

Полигонның кез келген келесі қабырғасының дирекциондық бұрышын анықтау үшін табылған және формулаларын пайдаланып, былай жазуға болады:

αп-1 = αп +180°- βо,

α п-1 = αп - 180°+ βс.

Берілген сызықтың дирекциондық бұрышын (а) өлшеу үшін оның бастапқы нүктесі арқылы абсцисса осіне параллель түзу жүргізіледі. 0°-тан 180°-қа дейінгі дирекциондық бұрышты өлшегенде транспортирдің нөлдік градусы километрлік тордың солтүстік вертикаль бағытымен сәйкестендіріледі (7-сурет). Ал 180°-тан артық болса, онда оңтүстік бағытпен сәйкестендіріледі де, бұл кезде алынған санға 180°-ты қосады.

7 - сурет

Картада өлшенген дирекциондық бұрыштың мәнін біле отырып шын азимутты (А) есептеп шығару үшін мына формула пайдаланылады:

А ш = α + γ,

мұндағы α— бағыттың дирекциондық бұрышының табылған мәні, градус;

γ— берілген карта бетіне меридиандар жақындасуының орташа мәні, ол картаның оңтүстік рамкасының астында схема түрінде берірген, градус.

Сызықтың магниттік азимутын анықтау үшін магниттік бұрылу шамасын, яғни шын меридиан мен магниттік меридиан арасындағы бұрышты білу қажет.

Магнит тілінің бұрылуы шығыстық және батыстық болуы мүмкін. Магниттік азимут Ам = АШ - δш немесе Амш6 , .мұндағы δ — магнит тілінің бұрылуы, оның мәні картаның оңтүстік рамкасының астындағы схемада көрсетілген.

Топографиялык карталар мен пландар жоспарлармен, барлау және құрылыс жұмыстарымен байланысты бірсыпыра есептерді шешуге мүмкіндік береді. Оларға мына есептер жатады: 1) нүктелердің биіктігін анықтау; 2) беткейдің құлама тіктігін анықтау және сызықтың көлбеулігін анықтау; 3) карта бойынша жердің профилін жасау; 4) трассаны берілген еңістікпен жобалау; 5) су жиналу ауданының шегін анықтау; 6) су жайылу шегін анықтау; 7) нүктелер арасындағы көріну мүмкіндігін анықтау; 8) шартты белгілерді оқып-білу т. с. с.


10. Румб деген нені білдіреді және оның анықтау формулаларын көрсетіңіз

Геодезиялық өлшеулерді өңдеу кезінде сызықтардың бағытын сүйір бұрыш арқылы анықтауға тура келеді. Бұл жағдайда румбалар қолданылады. Осьтік меридианның жақын бағытынан екі жаққа қарай бір нақты сызыққа дейін есептелетін сүйір бұрыш румба деп аталады.

Румбалар 0°-тан 90°-қа дейін өзгереді және әрбір ширектегі шамасы бірдей болуы мүмкін. Бағытты бір мәнде анықтау үшін румбаның сандық мәнінің алдында ширектің аты көрсетіледі. Мысалы: СШ (солтүстік-шығыс), ОШ (оңтүстік-шығыс), ОБ (оңтүстік-батыс), СБ (солтүстік-батыс).

5-суреттен әрбір ширекте румбалар мен дирекциондық бұрыштар арасында мынадай байланыс болатынын көреміз:

I ширек (СШ) г= α1;

II ширек (ОШ) г2=180°- α2;

III ширек (ОБ) r3= α3 - 180°;

IV ширек (СБ) r4=360°— α4.

 

 


 


Просмотров 3148

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!