Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Топографиялық картаның разграфкасы мен номенклатурасына сипаттама беріңіз



Топографиялық карта (Топографическая карта) — шартты белгілермен, барлық сызықтарын белгілі бір мөлшерде бірнеше есе кішірейту арқылы жергілікті жерді қағаз бетінде дәлме-дәл әрі жан-жакты бейнелеу. Топографиялық картада арнаулы шартты белгілермен жердің барлық бөлшектерінің (бедері мен заттардың) орналасуы мен өзара байланысы көрсетіледі. Топографиялық картаны командирлер мен барлық дөрежедегі штабтар ұрысты дайындау, ұйымдастыру, әр түрлі міндеттерді орындау барысында, сондай-ақ қарсыластар мен өз әскерлері туралық, кабылданған шешімдер мен жауынгерлік бүйрықтар туралы мөліметтер бейнеленген құжат ретінде кеңінен қолданады. Карта бойынша жергілікті жерді бағалауға, қозғалыс бағытын зерттеуге, қашықтықты, бұрышты, алаңдарды, биіктікті, кеңістікті анықтауға байланысты міндеттер орындалады, ұрыстағы нысаналар мен ракеталардың, артиллерияның, т.б. ұрыс тәртібі анықталады. Топографиялық карталар жалпы мемлекеттің, елдің қорғаныс қажеттілігін қамтамасыз ету үшін де, халық шаруашылығы үшін де қажет.Топографиялық карта көмегімен орындалатын міндеттердің сан алуандығы өр түрлі масштабтағы карталардың болуын керек етеді.

Топографиялық картаның беті солтүстік және оңтүстік жағынан параллельдермен, ал батыс және шығыс жағынан меридиандармен шектелген. Кескінделген заттар мен жергілікті жердің контурларының географиялық координаталарын анықтау мүмкіндігі болу үшін картада градус рамкасы болады, ол карта бетінің ішкі және сыртқы рамкаларының аралығында орналасқан. Градус рамкасы шығыс пен батыс қабырғаларындағы ендіктің минуты мен солтүстік пен оңтүстік қабырғаларындағы бойлықтың минуты кезектесіп отыратын қара және ақ шашкалармен белгіленген. Әр ендік пен бойлықтың минуты (шашка) алты тең бөлікке бөлінген. Осы белгіленген нүктелердің ара қашықтығы 10""-ке тең. Градус рамкасының жол-жол сызықтарын пайдаланып карта бетінде градус торын жүргізуге болады; олар картада нүктелердің географиялық координаталарын анықтауға мүмкіндік береді.



Картаға градус торынан басқа тікбұрышты зональды координаталар схемасының квадратты координаталар торы салынады. Осы торлардың квадратының қабырғасы әдетте километрлердің толық санымен белгіленеді, сондықтан да оны километрлік деп атайды.

Оңтүстіктен солтүстікке қарай жүргізілген километрлік тордың сызықтары зонаның осьтік меридианына параллель (яғни, Ох осіне), ал батыстан шығысқа қарай жүргізілген сызықтар экватордың жазықтықтағы проекциясының кескініне параллель (яғни, Оу осіне) болады. Горизонталь сызықтардың жазуы



экватордан километрмен берілген ара қашықтығына, ал верти­каль сызықтар олардың келтірілген ординаталарына (бірінші сан зонаның нөмірін көрсетеді, ал келесілері сызықтың ординатасына плюс 500 км-ге) сәйкес. Километрлік тордың көмегімен нүктелердің тікбұрышты координаталары (х, у) анықталады.

Карта бетінің градус рамкасының сыртында безендіру рам­касы сызылады. Осы рамканың сыртында орналасқан жазулар және графиктер шектік безендіруге жатады. Әрбір топографиялық картаның үстіңгі жағында беттің номенклатурасы көрсетіледі. Рамканың төменгі жағында мыналар орналасады: 1) осы карта бетіне тән магнит тілінің орташа бұрылуы және меридиандардың жақындасуы туралы мәліметтер; 2) сандық және сызықтық масштабтары; 3) жер бедері қимасының биіктігі туралы мәліметтер (тұтас горизонтальдардың қанша метр сайын жүргізілгендігі туралы); 4) табан графигі; 5) түсірілген және жаңартылған жылы; мұның өзі картадағы кескіннің дұрыстығы туралы тұжырым жасауға мүмкіндік береді.

Шектік безендіруге, тағы да көрші беттердің номенклатурасының жазуы жатады; олар градус және безендіру рамкаларының үзілген әр қабырғасының ортасында жазылады, сонымен қатар жиынтықтардағы беттердің орналасу схемасы мен басқа да түсіндірмелі жазулар кіреді.

Топографиялық карталар үлкен территорияларға жасалады, олар көптеген беттен тұрады. Картаның бетке бөлінуін жол-жол сызық, ал беттің белгісін картаның номенклатурасы деп атай­ды. Топографиялық картаның әрбір беті трапеция болып саналады, оған номенклатура беріледі. Карта бетінің иоменклатурасы рамканың солтүстік қабырғасының үстінде орналасқан. Номенклатураның жанында, одан басқа осы жерде, ең ірі болып саналатын елді мекеннің аты жазылады. Әрбір бетте тағы да қатар жатқан беттердің номенклатурасы көрсетіледі, мұның өзі карталарды жалғастырып жапсырған кезде оларды іріктеуді жеңілдетеді. Осы жазулар беттің рамкасының сыртындағы қабырғасының ортасында орналасады.

Карталардың номенклатурасы негізін 1:1000000 масштабтары карта құрады, оның рамкасының өлшемі бойлықта 6°, ал ендікте 4°.Осы масштаб бетінің номенклатурасы белдеуді білдіретін латын алфавитінің бас әрпінен және реттік нөмірін көрсететін цифрлардан тұрады.

Мысал ретінде М-41-60-Б-Г карта бетінің номенклатурасының 1:1000000 масштабтан бастап рет-ретімен құрастыруды қарастырамыз.

М-41 бет 1:100000 масштабтағы 144 бетке бөлінеді, олар 1, 2, 3, ..., 144 цифрларымен белгіленеді. Осы масштабтың 60-нөмірлі бетінің номенклатурасы М-41-60 болады.

1:100000 масштабтағы М-41-60 картасының бір беті 1:50000 масштабтағы картаның 4 бетіне сәйкес келеді: олар А, Б, В және Г әріптерімен белгіленеді. Осы масштабтың екінші бетінің но­менклатурасы М-41-60-Б болады.

Осы бетті 4-ке бөлуден 1:25000 масштабтағы картаның 4 бетін алады; бұл беттер а, б, в, г әріптерімен белгіленеді. Осы масштабтағы картаның ең соңғы бетінің номенклатурасы М-41--60-Б-г-4 болады.

1:5000 масштабтағы картаның номенклатурасының негізі болып 1:10000 масштабтағы картаның беті саналады, ал ол болса 1:5000 масштабтағы картаның 256 бетіне бөлінеді. 1:5000 масштабтағы картаның ең соңғы бетінің номенклатурасы М-41-60 (256) болады.

1:2000 масштабтағы картаның номенклатурасын алу үшін 1:5000 масштабтағы картаның беті 9 бөлікке бөлінеді; оларды орыс алфавитінің кіші әріптерімен белгілейді. Сонымен 1:2000 масштабтағы картаның ақырғы бетінің номенклатурасы М-41-60 (256-и) болады.

Топографиялык карталардың масштабына байланысты жеке беттерінің өлшемі туралы мәліметтер және номенклатура үлгілері 1-кестеде берілген.

1 - кесте

Карталардың номенклатурасы

Масштаб Беттің өлшемі Номенклатура үлгілері    
Ендікте Бойлықта
1:1000000 М-41
1: 500000 М-41-А
1: 200000 40' М-41-XXX
1: 100000 20' 30' М-41-60
1: 50000 10' 15' М-41-60-Б
1: 25000 5' 7'30" М-41-60-Б-г
1: 10000 2'30" 3'45" М-41-60-А-а-1
1: 5000 1'15" 1'52",5 М-41-60 (256)
1: 2000 25" 37",5 М-41-60 (256-и)

1 : 5000, 1 : 2000, 1 : 1000 және 1. 500 масштабтағы топографиялық пландарды жасаудың негізгі ережелеріне сәйкес ауданы 20 км2-тан аз учаскелердің планын жасау үшін тікбұрышты жол-жол сызық қолданылады.


Просмотров 2322

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!