Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Геодезияда қолданылатын координаталар жүйелеріне сипаттама беріңіз



Жер бетіндегі нүктелердің орындары координаталармен, яғни координаталар жүйесін анықтайтын бастапқы жазықтықтар мен сызықтарға қатысты ізделіп отырған нүктелердің орнын сипаттайтын шамалармен анықталады. Көпшілікке танылған бір-тұтас жүйе координаталардың географиялық жүйесі болып табылады. Қоординаталардың географиялық жүйесінің элементтеріне мыналар жатады (2-сурет): ЕЕ1 –экватор жазықтығы; РР\–экваторға перпендикуляр жердің айналу осі; РГГ0РІ – бастапқы меридианның жазықтығы.

2 сурет
Халықаралық келісім бойынша, бастапқы меридиан ретінде қазіргі кезде Лондон қаласы жанындағы Гринвич меридианы қабылданған. А нүктесінің эллипсоид бетіндегі проекцияларының орны мынадай координаталармен: ср – геодезиялық ендікпен (φ) және геодезиялық бойлықпен(λ) анықталады. Геодезиялық ендік (φ) экватор жазықтығы мен берілген нүктедегі тік түзу арасындағы бұрыш. Ендік экватордан берілген нүктеге дейінгі АоА геодезиялық меридианның доғасымен өлшенеді және жарты шарға байланысты солтүстік ендік (+) немесе оңтүстік ендік (-) болуы мүмкін. Геодезиялық ендіктің шамасы экватордан (0°-тан) басталып оңтүстік және солтүстік полюстерге қарай (90°-қа дейін) өзгеріп отырады. Геодезиялық бойлық (λ) бастапқы меридианның жазықтығы мен берілген нүкте арқылы өтетін меридиан жазықтығы арасындағы бұрыш болып есептеледі. Бойлық бастапқы меридианнан батысқа (батыс бойлық) және шығысқа (шығыс бойлық) қарай саналады (0°-тан 180°-қа дейін)



Географиялық координаталар жүйесі бүкіл жер шарына ортақ және олар астрономия,сфералық геометрия,картография,ғарыш мәселелерін шешуде жиі қолданылады.

Жазықтықтағы координаталар жүйелері ішінде геодезияда кеңінен тарағандары тік бұрышты және полярлық координата жүйелері.

Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі.Шағын аймақтары біршама қысқа арақашықтықтарға байланысты есептерді шешкенде,жазықтықтағы Х ж/е У осьтерінен тұратын тік бұрышты координаталар жүйесі пайдаланылады.Бұл жүйеде координаталар басы шартты түрде алынады,яғни еркін бір нүктеден басталады.Тік бұрышты координаталар жүйесінде Х осі абцисса,ал У ордината осьтері болып белгіленеді. Математикада қолданылатын декарттық тік бұрышты жүйеден геодезиядағы бұл жүйенің айырмашылығы ширектер оң жаққа қарай нөмрленеді,яғни солтүстік шығыс ширектен басталып,сағат тілінің бағытымен есептеледі.Әлбетте, мұның өзі геодезиялық есептеулер кезінде тригонометриялық формулаларды ешбір өзгеріссіз пайдалануға мүмкіндік береді.



Мына суретте көресетілгендей,кез келген нүктенің орны,мәселен А нүктенің орны координаталар басынан осы нүктелердің Х,У осьтеріндегі проекциялары (ОХ,ОУ),яғни ХАА координаталарымен анықталады.Ал осы Х пен У осьтеріндегі АВ сызығының проекцияларын координата өсімшелері деп атап,оларды Dх пен Dу деп белгілейміз.Координата өсімшелерінің белгілері де ширектің орнына байланысты,егер өсімшелердің бағыттары,яғни тік бұрышты үшбұрыштардың қажеттері координаталық осьтердің оң бағытымен сәйкес келсе,онда координата өсімшелері оң,ал сәйкес келмесе теріс болады.

Жазықтықтағы зоналық Тік бұрышты координата жүйелері. Жер бетінің едәуір территориясын планға,картаға түсіру үшін жер бетіндегі нүктелерді эллипсоид бетінен жазықтыққа кескіндеу қажет болады.Міне,осындай кескіндеу кезінде мына төменгі шарттар сақталуы керек:

1. Жер бетіндегі арақашықтық өзгерістерінің ауытқу мөлшерінің шамалы болуы;

2. Жер бетіндегі бұрыштың проекцияға ешқандай өзгеріссіз түсірілуі;

3. Географиялық координаталардан тік бұрышты координаталар жүйесіне көшу мүмкіндігі.

Осы жоғарыда айтылған шарттарға неміс ғалымы Гаусс ұсынған көлденең цилиндрлік деп аталатын проекция тәсілі сәйкес келеді.Бұл проекцияда Жер эллипсиодының беті зоналарға бөлінген.Ол зоналар (а сурет) шығысы мен батысында меридиандармен шектеліп,оңтүстік полюстен солтүстік полюске қарай созылып жатыр.

Сурет: ЗОНАЛЫҚ КООРДИНАТАЛАР ЖҮЙЕСІ

Зоналық бойлықтағы ені 60 –тық болып келеді,нөмерлері Гринвич меридианынан шығысқа қарай белгіленеді.

Қазақстанның кең байтақ территориясы 60 –тық зоналар бойынша есептегенде, 8-ден 15-ші зонаға дейінгі аралықты алып жатыр.Гаусс проекциясында зоналардың орталық (осьтік) мерилианы жазықтыққа ешқандай өзгеріссіз проекцияланады,ал осьтік меридианнан алыстаған сайын, қашықтықтар аздаған өзгеріске ұшырайды.

Кейде үлкен дәлдікті қажет ететін жұмыстарда жер шарының бетін жазықтыққа 30 –тық зоналар арқылы проекциялайды.Зоналардың осьтік меридианы (х осі) мен (у) жазықтықта өзара перпендикуляр түзу сызықтармен кескінделеді,олардың қиысу нүктесі координаталар басы болады.(б сурет). Қазақстан Солтүстік жарты шарда жатқандықтан, барлық нүктелердің абсциссалары (Х) оң болып, ал ординаталары У әр зонаның осьтік меридианының шығыс жағынан оң,ал батысында теріс болып келеді.Кейде теріс ординаталармен жұмыс істеудің қолайсыздығынан У осінің басын батысқа қарай 500 км –ге шегеруге келісілген,демек зоналардың ординаталары қайталанып отырады.Сондықтан нүктенің қай зонада орналасқанын білу үшін У мағынасының алдына сол зонаның нөмері жазылады.Әр зона осьтік меридиан мен экваторға параллель етіп жүргізілген кереге көз сызықтарға бөлініп,олар тік бұрышты координаталар торы не километрлік тор деп аталынады.

Жазықтықтағы полярлық координаталар жүйесі.Геодезиялық жұмыстарды жүргізген кезде,көптеген нүктелердің орындары бастапқы бағыт немесе бағдар ретінде қабылданған белгілі бір нысанадан анықталатын жазықтықтағы полярлық координаталар жүйесі қолданылады.Осы координаталар жүйесінің элементтері суретте көрсетілген:

1. Бастапқы бағыт,полярлық осі ОХ; ОХ осінен кез келген жаққа бағыттауға болады,мысалы, А және В нүктелеріне;

2. О нүктесі координаталар басы (полюс),түсірістер кезінде,полюс ретінде теодолиттік жүрістер нүктесі қабылданады.Жазықтықтағы полярлық координаталар жүйесінде нүкте екі координата арқылы анықталады:полярлық осьтен нүктеге дейін бағыт аралығындағы горизонталь бұрыш β; полюстен бастап анықталатын нүктеге дейінгі арақашықтық- d.Мысалы, А нүктесінің координаталары β1 , d1, ал В нүктесінің координаталары β2, d2, болып келеді.

Полярлық бұрыштар полярлық осьте сағат тілінің бойымен 00 пен 3600 аралығында өлшенеді.Жазықтықтағы полярлық координаталар жүйесі теодолиттік түсірістер мен жобадан жергілікті жерге құрылыс объектілерінің нүктелерін көшіргенде қолданылады.


Просмотров 3058

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!