Главная Обратная связь Поможем написать вашу работу!

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Жердің пішіні мен көлемі жайында түсінік беріңіз



Жердің пішіні мен көлемін зерттеу жер бетін картада дұрыс кескіндеуге мүмкіндік туғызады және ол ғылым мен техниканың көптеген міндеттерін шешу (жасанды серіктерді және ғарыш кемелерін ұшыру, теңізде жүзу, авиация, радиобайланыс және т.б.) үшін қажет.

Жердің физикалык бетінің жалпы ауданы 510 млн км2-қа тең. және геометрия жағынан алғанда пішіні күрделі. Орасан кеңістікті (жер бетінің 71%-ін) мұхиттар мен теңіз шұңқырлары альш жатыр, олардың тереңдігі 11 000 м-ге дейін жетеді. Дүниежүзілік мұхиттың орташа терендігі – 3800 м-ге жуық. Құрлықта тау жоталары, шатқалдар, жазықтар, өзен алқаптары және жыра-сайлар бар. Кейбір таулардың, мәселен, Эверестің (Джомолунгма) биіктігі 9 000 м-ге жуық. Құрлықтың теңіз деңгейінен орташа биіктігі 875 м-ге тең. Сонымен, құрлықтың көлемі дүниежүзілік мұхитқа карағанда аз ауданды алып жатқандықтан, сондай-ақ кұрлықтың мұхит тереңіндегі қыраттармен салыстырғанда онша биік болмайтындықтан, мұхит деңгейін жердің фигурасы ретінде кабылдауымыз қажет.

Егер де бүкіл планета материктер астымен үздіксіз жалғасып жататын дүниежүзілік мұхит бетінің тынық кезіндегі жағдайымен шектелген десек, тұтас алғанда жердің пішіні туралы түсінік алуға болады. Осындай тұйық бет өзінің әрбір нүктесінде вертикаль бағытқа, яғни ауырлық күшінің бағытына перпендикуляр болады, ал ол деңгейлік бет деп аталады. Осы деңгейлік бетпен шектелген денені геоид дейді. Геоид – толқын мен ағынның жоқ кезінде мұхиттардағы судың орта деңгейі мен материктегі мухитпен жалғасқан шартты түрде алынатын су деңгейінің фигурасы. Салмақ күші деңгей бетінің потенциалы болып табылатын геоид жер фигурасы деп есептелінеді. Геоид пішіні күрделі, дегенмен осы фигура жалпы сфероидқа, (1-сурет) эллипстің кіші осі РР1 төңірегінде айналуынан шығатын айналу эллипсоидына жақын. Сфероид бетін РР1 айналу осі аркылы өтетін жазықтықтармен киғанда меридиандар деп аталатын эллипстер (РКР1К1) пайда болады. РР1 айналу осіне перпендикуляр жазықтық қималар параллель шеңберлерін түзеді. Сфероидтың центрі'(0) арқылы өтетін жазықтық параллель экватор деп аталады. Экватордың 0А1 = а радиусы және ОР = Ь кесіндісі сфероидтың үлкен және кіші жартылай осьтерін құрайды. а = (а–b)/а шамасы сфероидтың сығылушылығы деп аталады. а, Ь шамаларын градустық өлшеулер аркылы анықтауға болады, ол үшін меридиан доғасының ұзындығын әрбір 1° сайын өлшеу керек. Меридианның әр түрлі жеріндегі градустың ұзындығын біле отырып, жердің пішіні мен мөлшерін анықтауға болады.



Жердің фигурасына мейлінше жақын келетін эллипсоидты жер эллипсоиды деп атайды. Жер эллипсоидының мөлшерін анықтау үшін жер бетінің барлық жерінде геодезиялық өлшеулер жүргізілуі тиіс. Әзірше мұндай өлшеулер толық жүргізілмегендіктен, жер эллипсоидының дәл параметрлерін анықтауға мүмкіндік болмай отыр. Осы орайда кейбір елдерде геодезиялық өлшеулерді өңдеу барысында геодезиялық жұмыстардың нәтижелері бойынша шығарылған өз эллипсоидтары колданылады; олар сол елдің немесе бірнеше елдің территориясын толық, не ішінара қамтиды. Осындай эллипсоид референц-эллипсоид деп аталады. Референц-эллипсоид дегеніміз нақты бір елде геодезиялық өлшеулерді өңдеу үшін қолданылатын, жер денесінде белгілі түрде бағдарланған, нақты көлемі анықталған эллипсоид.



Жер эллипсоидының мөлшерін әлденеше рет әр түрлі елдердің ғалымдары анықтады. 1946 жылға дейін ТМД-да 1841 жылы неміс ғалымы Ф. В. Бессель есептеп шығарған жер эллипсоидының мөлшері қолданылды (а=6 377397 м, Ь = 6356079 м, а=1299,2).

1945 жылдан бастап геодезиялык, және картографиялық жұмыстар үшін Ф. Н. Красовскийдің референц-эллипсоидының. мынадай мөлшері бекітілді: а=6378245 м, 6 = 6356863 м, а = 1 298,3.

Алынған бұл өлшемдер, 1946 жылы Кеңес Үкіметінің қаулысы бойынша,еліміздің барлық геодезиялық және картографиялық жұмыстары үшін қабылданып алынып, Красовский эллипсоиды деп аталатын болды.Осы орайда айта кететін бір жай, кейбір елдерде геодезиялық өлшеулер нәтижесінде шығарылған өз эллипсоидтары қолданылады.Олар осы немесе бірнеше елдің территориясын толық не ішінара қамтиды.Мұндай эллипсоид референц эллипсоид деп аталады.Сонымен,референц эллипсоид дегеніміз нақты бір елдегі геодезиялық өлшеулерді өңдеу үшін қолданылатын, жер денесінде белгілі түрде бағдарланған, нақты көлемі анықталған эллипсоид.



Қазіргі кезде Красовскийдің референц эллипсоиды тек Ресейде ғана емес,бүкіл ТМД ж/е Батыс Еуропаның бірнеше елдерінде қолданылады.Бұрынғы Кеңестер Одағы,Батыс Еуропа мен АҚШ тың грвиметриялық және астрономиялық өлшеулері нәтижесінде алынған жер эллипсоидының көлемі,басқа елдердегі анықтамаларға қарағанда,қолданылған материалдардың аумағы жағынан да, оларды өңдеудің дәлдігі жағынан да әлдеқайда нақты.

Жер пішінінің көлемі өте жоғары дәлдікті қажет ететін геодезиялық тірек торларын құруда толық ескеріледі.Ал жер бетінің шағын учаскелерінде геодезиялық жұмыстармен қатар,көптеген инженерлік есептерді шығаруда эллипсоид сығылушылығының мардымсыз болғандығынан,жердің пішіні үшін шарды қолдануға болады.


 

3. Топографиялық карталар мен пландарға қойылатын талаптарға түсініктеме беріңіз және олардың жіктелуін көрсетіңіз.

Карта дегеніміз жер бетінің едәуір территориясының Жердің қисықтығын ескере отырып картографиялық проекцияда салынған жазықтықтағы кішірейген кескіні. Карта аркылы шешілетін міндеттердің сан алуандығы мазмұны жағынан да, олардың масштабтары жағынан да әр түрлі карталардың қажеттілігін тудырады. Мазмұны жағынан географиялық карталар жалпы географиялық және такырыптық болып бөлінеді.

Жалпы географиялық карталарда жер беті туралы физикалық-географиялық мәліметтер (бедер, топырақ, өсімдік, гидрография және т. б.) және адам қызметімен байланысты объектілер (елді мекендер, өнеркәсіптік кәсіпорындар, жол торабы және т. т.) кескінделеді. 1:10 000 – 1:1000000 масштабтағы жалпы географиялық карталар топографиялық карталар деп аталады. Олар ірі масштабты – 1:500, 1:1 000, 1:2 000, 1:5 000, 1:10 000, 1:25 000, 1:50000, орта масштабты – 1: 100 000, 1:200 000, ұсак масштабты – 1:500 000, 1: 1 000 000 болып бөлінеді. 1:500, 1:1 000, 1:2000 және 1:5000 масштабтағы топографиялық карталар топографиялық пландар деп аталады. Жер бетінің шектеулі учаскесі бедерінің контурлары мен пішіндерін горизонталь проекцияда қағаз бетінде кішірейтіп және осы сияқты кескіндеуді (жер қисықтығы ескерілмейді) топографиялық план деп атайды.

План мен картаның негізгі ерекшеліктері:

1. Планда жердің шағын аймақтары үлкен (1:500, 1:1000, 1:2000, 1:5000) масштабпен алынса, карталарда үлкен аймақтар ұсақ масштабпен (1:50000, 1:100000) алынады.

2. Картада меридиандар мен параллельдер міндетті түрде сызылады,ал план бетінде тік бұрышты координаталық тордың кескіні ғана болады.

3. Планда жердің дөңестігі ескерілмейді.Кескіндеу масштабы планның барлық бағытында тұрақты болса, картада ол тек меридиандар мен параллельдер бағытында ғана сақталады.

Ұсақ масштабты карталар халық шаруашылығының дамуын негізгі жобалау кезінде жерді жалпы зерттеуге, су кеңістігінің және жер бетінің қорларын есепке алуға, күрделі инженерлік объектілерді алдын ала жобалауға, еліміздің қорғаныс мүддесіне арналған.

Орта масштабты карталар егжей-тегжейлі мазмұнға және неғұрлым жоғары дәлдікке ие болады; олар ауыл шаруашылығында егжей-тегжейлі жобалауға, жолдарды, трассаларды, электр жеткізу желісін жобалауға селолық елді мекендерді алдын ала жоспарлау және салуға, пайдалы қазбалардың қорын барлау және іздестіруге арналған.

Ірі масштабты карталар мен пландар әр алуан жұмыстарды неғұрлым дәл егжей-тегжейлі жобалау (суландыру, құрғату, көгалдандыру, қалалардың басты жоспарларын жасау, инженерлік тораптарды және коммуникацияларды жобалау) үшін жасалады.

Тақырыптық арнайы карталар жалпы географиялық карталардың негізінде жасалынады, бірақ олардың элементтерінің бірі ғана барынша толық ашылады (топырақ карталары, орман, сортаңдану, дымқылдану, геологиялық карталар және т. б.).

Қазіргі уақытта пайдалы қазбалар кенін барлау және игеру кезінде жердің үлкен ауданын мелиорациялау және игеру жөніндегі шараларды жүзеге асыруда, жолды салуда, айналадағы ортаны қорғауда және халық шаруашылығының баска мақсаттарында арнайы салалық карталар жасалынады.

 


 


Просмотров 3057

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.ru - 2021 год. Все права принадлежат их авторам!