Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Жерге орналастыру және кадастр жұмыстарындағы геодезияның орны



Геодезия

 

1. Жерге орналастыру және кадастр жұмыстарындағы геодезияның орны.

2. Жердің пішіні мен көлемі жайында түсінік беріңіз.

3. Топографиялық карталар мен пландарға қойылатын талаптарға түсініктеме беріңіз және олардың жіктелуін көрсетіңіз.

4. Топографиялық картаның географиялық және тік бұрышты координаталар торларының мағынасын түсіндіріңіз.

5. Топографиялық картада жер бедері пішіндерін бейнелеу тәсілдерін түсіндіріңіз.

6. Геодезияда қолданылатын координаталар жүйелеріне сипаттама беріңіз.

7. Топографиялық картаның разграфкасы мен номенклатурасына сипаттама беріңіз.

8. Картаның масштабына анықтама беріңіз және масштаб түрлеріне сипаттама беріңіз.

9. Географиялық азимут, магниттік азимут, дирекциондық бұрыш түсініктеріне анықтама беріңіз және олардың арасындағы байланыстарды түсіндіріңіз.

10. Румб деген нені білдіреді және оның анықтау формулаларын көрсетіңіз

11. Географиялық картаның шартты белгілері жайында түсінік беріңіз. Шартты белгілердің мысалдарын келтіріңіз.

12. Карта және план бойынша ауданды анықтау тәсілдерін көрсетіңіз және олардың мәні мен дәлдігі.

13. Геодезиялық тіреу пункттер торына түсінік беріңіз және оларды құрастыру әдістерін келтіріңіз.

14. Гаусс- Крюгер проекцияцының мәнің түсіндіріңіз

15. Теодолиттік жүрістердің мақсаты мен түрлерін түсіндіріңіз. Теодолиттік жүрістерді орындау бойынша дала және камералдық жұмыстардың құрамы.



16. Теодолиттердің жіктелуін көрсетіңіз және техникалық теодолиттің негізгі бөліктеріне сипаттама беріңіз.

17. Теодолитті түсіріс жұмыстарына дайындау ретіне баяндама беріңіз.

18. Жергілікті жерде горизонтальдық және вертикальдық бұрыштарды оптикалық теодолитпен өлшеу принциптерін түсіндіріңіз.

19. Өлшеу жұмыстардың қателіктер түрлеріне баяндама беріңіз және олардың жіктелуін келтіріңіз.

20. Техникалық теодолитті тексеру мен жөндеулер ретіне баяндама беріңіз.

21. Тура және кері геодезиялық есептерге түсіндірме беріңіз. Оларды шешуге арналған формулаларды келтіріңіз.

22. Нивелирлердің түрлерін атаңыз және оның негізгі бөліктеріне сипаттама беріңіз. Нивелирлердің жіктелуін сипаттаңыз.

23. Нивелирлеу дегеніміз не және оның түрлері мен тәсілдеріне сипаттама беріңіз.

24. Оптикалық нивелирді тексеру мен жөндеулер ретіне баяндама беріңіз.

25. Тахеометриялық түсіріс туралы түсінік беріңіз.

26. Тедолиттік түсіріс туралы түсінік беріңіз.

27. Аэрофототүсіріс туралы толық түсінік беріңіз.



28. Теодолиттік түсірісте түсіру тәсілдерін көрсетіңіз.

29. Теодолиттік түсіріс нәтижелерін камералдық өңдеудегі жұмыстардың ретін келтіріңіз.

30. Нивелирлеу нәтижелерін камералдық өңдеудегі жұмыстардың ретін көрсетіңіз


 

Жерге орналастыру және кадастр жұмыстарындағы геодезияның орны

Кадастрда геодезиялық жұмыстардың алатын орны өте маңызды.Ол кадастрдың атқаратын міндетіне және автоматтандырылған дәрежесіне байланысты.Геодезиялық жұмыстар әдетте мына тәртіп бойынша жүргізіледі.

1. Геодезиялық дайындық жұмыстары.Дайындық жұмыстары кезінде келесі мәліметтер жинастырылады және талданады:

· Жерге орналастырудың жобасы;

· Жер учаскелерін бөлу жайындағы әкімшіліктің қаулысы;

· Жер учаскелерін сату сатып алу немесе жалға беру туралы келісімшарттар;

· Жер учаскесін тіркеу кітабынан көшірме;

· Жер учаскелері шекараларының сызбасы н/е топографиялық планы;

· Мемлекеттік тірек пункттері координаталарының тізімі мен схемасы;

· Жерді пайдаланғандағы туралы мәлімет

2. Геодезия тірек торабының пункттерін далалық тексеру.бұл жұмысты жергілікті жердегі пункттердің сақталғандығын білу және геодезиялық бөлу жұмыстарын жүргізудің ең қолайлы технологиясын таңдау үшін жүргізеді

3. Техникалық жобаны құру. Геодезиялық жұмыстарды алдын ала құрылған технкалық жоба бойынша орындайды,оған мәтіндік бөлімі,графикалық сызбалары және шығын сметасы кіреді

4. Кадастрлық түсірістер.Бұл түсірістер кадастрдың атқаратын міндетіне қарай,топографиялық пландардың дәлдігіне сәйкес тәсілмен орындалады.Кадатрлық түсірістерде 1:500 масштабты план базалық (негізгі) болып есептеледі,ең жиі қолданылатыны 1:2000 масштабтағы пландар, ал 1:1000 масштабтағы план анықтамалық шолу үшін қажет.Кадастр план мен карталарды қосымша жер учаскесінің,жер иеліктерінің,ауылшаруашылық және басқа да алқаптардың шекаралары бейнеленеді,сонымен қатар онда кадастрлық нөмерлері және жер учаскесінің аттары жазылады.Кадастрлық пландарда жердің бедері туралы мәлімет болмайды.

5. Жергілікті жер учаскелерінің шекарасын белгілеу және келісу.Жер шекарасы айрықша нүктелердің координаталары бойынша геодезиялық пункттерден бастап белгіленеді.Құрылған жер учаскесінің шекарасын бекіту жұмысы мемлекеттік орган өкілінің қатысуымен жүргізіледі.

6. Жер учаскелерінің аудандарын анықтау.Жер жобаларының аудандарын бөлу белгілерінің координаталарын пайдалан отырып,аналитикалық әдіспен анықтайды.Жекелеген жағдайларда картографиялық мәліметтер пайдаланылады.

7. Жер учаскелері шекараларының сызбаларын жасау.Жер учаскелері шекараларының сызбаларын жасау.Жер учаскелерінің сызбалары негізгі кадастрлық план масштабында (немесе ірі масштабта) жергілікті жерде белгіленген және келісілген нәтижелер бойынша жасалынады.

8. Кадастрлық жұмыстардың нәтижелерін тексеру және тіркеу.Кадастрлық жұмыстардың нәтижелері міндетті түрде далада тексерілуге тиісті,себебі түсірістер кезінде кеткен қателіктер мен келіспеушіліктер түзетілуі тиіс.Сонымен қатар,техникалық тапсырыс пен топографиялық геодезиялық жұмыстарды жүргізудің тиісті нұсқаулары талаптарының орындалуы қадағаланады.Кадастрлық жұмыстар нәтижесінде алынған мәлімет арнайы кітапшаға түсіріледі және кадастрлық пландар мен карталарда бейнеленеді.

9. Кадастрлық түсірістер.Мәліметтер қорын жасау.көлемі ауқымды мәтінді және графиктік жер кадастрының ақпараттарын жүйелеу және басқару үшін мәліметтер қоры жасалынады және жүргізіліп отырылады.Мәліметтер қоры тек ақпараттарды сақтап қою үшін емес,оны қажет болған жағдайда жер пайдаланушыға жедел түрде беріп отыру үшін қажет.Геодезистер жоғарыда аталған жұмыстардан басқа,жерді пайдалануды жоспарлауға,жерді бағалауға,пайда болған талас тартыстарды шешуге қатысып отырады.

Жерге орналастыруда алатын орны.Шекараны жер бетіне көшірудегі геодезиялық жұмыстарды,құрылыстарды,ғимраттарды және басқа да нысандарды жобадан жергілікті жерге көшірудегі бөлу жұмыстарын жүргізудің негізі болып жоба есептеледі.Жерді пайдаланудағы негізгі жобалау нысандарына аудан,қалалардың,қала типтес мекендердің,ауылдық мекендердің,жеке жер иеліктерінің,бау бақшалар, саябақтар,жалға берілген және басқа да жер учаскелерінің шекаралары жатады.

Жер учаскелерінің шекаралары әкімшілік шешімдеріне,шаруашылық бағасына және алып жатқан ауданына байланысты геодезиялық өлшеулер жүргізіліп немесе әр түрлі масштабтағы топографиялық құжаттарды,оның ішінде электронды (цифрлы) карталарды пайдаланып анықталады.

Жерге орналастыру жобасының мәліметтері бойынша геодезиялық жоблау жұмыстары орындалады.Геодезиялық жобалауға жер бетіне көшірудің аналитикалық дайындықтар,яғни жер бетіне көшірудің аналитикалық дайындықтар,яғни жер бетіне көшірілетін нүктелердің координаталарын анықтау жатады.

Жобадағы жердің шекарасы белгілі бөлу тәсілдері арқылы,яғни бұрыштық,сызықтық,қиылыстырулар,жармалар,полярлық және тік бұрыштық координаталар,перпендикуляр тәсілдерімен жүргізіледі.

Жер бетіне көшірілген нүктелер арнайы межелік белгілермен бекітіледі және олардың координаталары геодезиялық өлшеулер арқылы анықталады.


 


Просмотров 2040

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!