Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Бүлінген жерлерді қалпына келтіру мәселелері



Өркениеттің үдемелеп дамуына байланысты ауыл шаруашылыққа қажетті көптеген жерлер басқа мақсаттарға пайдаланылып келеді. Мысалы, олар әр түрлі құрылыстар салуға, жол және электр тораптарын тартуға т.б. мақстаттарға жұмсалуда. Ал өндірісті қарыштатып дамыту үшін көптеген минералды заттарды, құрылыс материалдарды барлау, қазып алу және байыту кезіндегі жұмыстарды үлкен геологиялық жұмыстармен салыстыруға болады. Мәселен, 1970 жылдың басында жер бетіндегі әрбір тұрғынға шаққанда орта есеппен жыл сайын жер астынан 20 тонна әр түрлі минерал мен тау жынысын қопарса, қазіргі кезде әр адам үшін 30 тоннадай минерал мен тау жыныстарын шығарады (Василенво В.Н., 1991). Дегенмен жер қыртысынан шығарылған соншама көп заттардың тек 2%-ы ғана пайдалы мұқтаждыққа жұмсалады да, қалғаны табиғатқа «ұнамсыз», «сіңімсіз» түрде қайтарылады. Бұл жағдай табиғат "денсаулығына" көп нұқсан келтіреді. Көптеген пайдалы жерлерді басып қалып, пайдасыз етеді. Сондықтан мұндай жерлер көп ұзамай қайта қалпына келтіріліп, пайдаға асуы қажет. Себебі бүкіл әлемдегі сияқты біздің елімізде де жылдан-жылға халық саны үдемелеп өсуде. Адам қоғамының жерден өндіретін тамақтық, киімдік заттарға мұқтаждығы, талғамы жылдан-жылға аспаса, кемімейді. Жер-Ананы пайдалануға негізгі бағыт - әр гектар жерді тиімді пайдаланып, ғылым мен техниканың барлық жетістіктерін орынды пайдалана отырып, егістіктердің әр гектарынан түсетін өнімді арттыру, жерді талан-тараждықтан сақтау. Жерді тиімді пайдаланудың бір жолы - осы айтылған өзіміз бүлдірген жерлерді қайта қалпына келтіріп культивациялау (рекультивация), құнарландыру.



Баршаға мәлім, соңғы жылдары үкіметіміз біздің сарқылмас алтын қорымыз - жерді тиімді пайдалану, оның құнарын арттыру, оны дұрыс пайдаланбаған мекемелерге тиісті шаралар қолдану жөнінде заңдар қабылдады. 1991 жылы республикамыздың жер туралы жаңа заңы қабылданды. Бұл заңдарда айтылғандай, жерді жарақаттаған мекемелер, қазба- байлықтарды алып болған соң, көп ұзамай өз қаражатымен бұзылған жерлерді қайта культивациялап, қалпына келтіруі тиіс. Өкінішке орай, бұл мәселе Қазақстанда әлі жөнді қолға алынбай келеді.

Жерді қайта культивациялауда Украинада, Москва аймағында, Грузияда, Оралда, Сібірдің кейбір жерлерінде жақсы жетістіктері бар. Біздің республикамызда кезінде қазылып, қазір бос тасталған кен карьерлері, тау жыныстарының үйінділері, жылу электростанцияларынан шығарылған күлдер, тағы басқа әр түрлі қоқыс-қалдықтар, үйілген жарамсыз жиындылар көп-ақ. Бұл аймақтар табиғатқа адам қоғамының дамуымен енгізілген «жарақаттары». Бетінде шөп өспейтін болған соң, олар желге ұшып, суға ағып, аймақты былғайды. Мұндай жерлер Қазақстанның өндірісі мен құрылысы дамыған барлық облыстарында кездеседі. Соңғы есептеулерге қарағанда, Қазақстанда мұндай өндіріс бүлдірген жер көлемі 200 мың гектардай. Оның басым көпшілігі бұрынғы автомобиль жолдары, түсті металл, құрылыс т.б. министрліктерінің үлесіне тиеді. Ал бүкіл ТМД-да мұндай бұзылған жерлер көлемі 2 млн гектардан асады. Республикамызда осы күнге дейін «жарақат» жерлерді қайта культивациялап, қалпына келтіру әлі де жақсы жолға қойылған жоқ.



Қазақстанда жерді қайта культивациялау бағытында бүкіл республика көлемінде жөнді қолға алынбағанмен, бұл мәселені өз инициативаларымен қолға алып, шұғылдана бастаған мекемелер бар. Оның ішінде едәуір жетістіктерге жеткендердің бірі - Қарағанды көмір өндірушілері. Көмір шахталары бар алқаптарда террикондар - көмірдің үстіңгі бетін жауып жататын, көмір қалдықтары аралас бос жыныстардан тұратын үйінділер кездеседі. Бұлар қалаға жақын жатып, кейбіреулері тіпті жанып, желге ұшып, қаланың санитарлық жағдайын нашарлатады. Оның үстіне, құрылысқа, ауыл шаруашылығына қажетті қымбат жерлерді істен шығарады. Мұндай террикондар саны Қарағандыда соңғы жылдарға дейін жүзден астам болатын. Террикондар астындағы және санитарлық аймақты қоса есептегенде, 7000 гектардан астам жер пайдасыз жатқан. Кейінгі кездерде Қарағанды көміршілері бұл террикондарды құртуда жақсы нәтижелерге жетуде. Көптеген жылдар үйілген тау жыныстары қолдан жасалған ойпатты жерлерді немесе табиғи жағдайда кездесетін сай-саланы тегістеуге, жол құрылысында, жол деңгейлерін биіктетуге төселініп, пайдаға асуда. Тау жынысынан босап, тазаланған және қолдан тегістелген жерлерге топырақ қабаттары төгіліп, көк шөптер, гүлдер, ағаш пен бұталар егіліп, отырғызылып, ауа тазарып, қаланың сәні жақсаруда. Жүзден астам террикондардың жартысына жуығы қазірдің өзінде жойылды. Оларға Астана ауыл шаруашылығы институты топырақтану кафедрасының оқымыстылары ғылыми-әдістемелік көмек көрсетіп келеді.

Біздің республика - үлкен құрылыс алаңы. Оған көп құрылыс материалдары қажет. Сол құрылыс материалдарын іздеу, оны қазып алып, пайдалану кезінде жерге көп жарақаттар салынды, әсіресе әртүрлі заводтары зор зиян әкелді. Сондықтан мұндай «жарақаттарды» «емдеу» мәселесіне алғашқының бірі болып кіріскенде осы министрліктің мекемелері.

Құрылыс материалдарын өндіру министрлігінің жанында жерді қайта культивациялау жөнінде тәжірибе- әдістеме бөлімі біраз жылдан бері жемісті жұмыс істеген еді. Бұл бөлімнің жерді қайта культивациялау жөнінде алғаш жасаған жобалары жүзеге асты. Мәселен, Шымкент цемент заводы бүлдірген, көлемі 30 гектардай топырақ карьері қайта жақсартылып, бұрынғы иесі Сайрам ауданының ұжымшарына қайтарып берілді.

Бүлінген жерлерді қайта культивациялаудың дайын жобалары министрлікте баршылық, алайда іс жүзіне асуы баяу жүргізілуде. Себебі бұл жұмыс әлі де сыннан өтуді қажет етеді. Жерді қайта культивациялау дегеніміз жерді бұрынғы бүлінбеген жағдайына, яғни жердің құнарын кемітпей, бұрынғы қалпына келтіру деген сөз. Ол үшін қазылған, құнарсыз карьерлер тегістеліп болғаннан кейін оның бетіне құнарлы топырақ қабаттары төселінуі тиіс. Әңгіменің негізгі түйіні осы, бірақ төсейтін құнарлы топырақ қабаттары көпшілік жағдайда табыла бермейді. Мұның себебі қайта культивациялауға қажет карьерлердің көбісі ескі. Ал соңғы уақыттарға шейін карьерлер қазудан бұрын топырақ қабаттары алынып, оларды жерді қайта культивациялау мақсаты үшін арнайы сақталған емес. Табиғи жағдайда ғасырлар бойы түзіліп, пайда болатын топырақтың негізгі қарашіріндісі бар, ең құнарлы қабаттары кезінде өзіміздің қателік жасап, ескермеуімізден рәсуә болып, үйінділер астында қалған. Ал қазір керек кезінде оны табу өте қиын. Қазіргі жер туралы заңда жер қыртысын бұзушы мекемелер алдын ала құнарлы қабатты бөлек алып, жерді қайта культивациялауға дейін сақтау қажеттігі айтылған. Демек, бұдан былай қазылатын карьерлерді қайта культивациялау көп оңайға түседі.

Қазіргі кезде республикамызда бүлінген, «жарақаттанғанң жерлерді культивациялау негізінен топырақтың құнарлы қабаттары сақталмаған жағдайларда өткізілуде. Мұндай жағдайда құнары жоқ немесе құнары өте аз топырақтың төменгі қабаттарын немесе құнарлануға бейім ұнтақталған, таза тау жыныстарын жерді қайта культивациялауға пайдалануға тура келеді. Құнарсыз тау жынысында немесе құнары аз жер қыртысының төменгі қабаттарында ештеңе өсіп жарытпайтыны белгілі. Сондықтан оны ауыл шаруашылығымызға пайдалану үшін құнарын арттыру керек. Ол үшін бұл жерлерге әр түрлі тыңайтқыштар енгізіп, осындай жағдайға өсуге бейім өсімдіктерді таңдап өсіру керек. Бұған культивациялауға пайдаланылған тау жыныстарының құрамы, қасиеттері көп әсер етеді. Мәселен, тау алқаптарында тараған лесс және осыған тектес тау жыныстары көп жағдайда бұршақ тұқымдас өсімдіктер мен ағаштардың кейбір түрлерінің өсуіне жарамды. Ал кей реттерде топырақтың құнарлы қабаттары сақталып қалады, бірақ оның көлемі қайта культивациялауға қажетті жерлерге төселуге жетпейді. Бұл кезде топырақты жұқалау етіп төсесе, кейбір өсімдіктерге онша көп зиян келмеуі мүмкін. Осы мәселелердің барлығын өндіріске енгізбей тұрып, тәжірибе жүзінде алдын ала тексеріп алу пайдалы. Мұндай тәжірибе жұмыстары Украинада, Мәскеу төңірегінде жүргізілген. Қазақстанның өзінде жер, климат жағдайларының әр түрлілігінен бір жерде жүргізілген тәжірибе, екінші жерде ойдағыдай нәтиже бере қоймайды. Сондықтан Қазақстанның әр түрлі топырақ-климат жағдайларында бұл бағытта тәжірибе жұмыстары жүргізілуі тиіс. Мұндай дәлелді тәжірибе жұмыстарынсыз өндіріске жерді қайта культивациялау жобаларын енгізу, мемлекеттің көп қаржысын негізсіз жұмсауға әкеп соғады. Ондай жобалар іске асудан бұрын жоғарғы айтылған мәселелерді тәжірибе жүзінде шешіп, ғылыми түрде негіздеп, жобаға енгізу керек.

Бұл бағыттағы ғылыми-тәжірибе жұмыстары Қазақстандағы жерді қайта культивациялау жұмыстарының пионері болып отырған кезіндегі құрылыс материалдарын өндіру министрлігі мен ғалымдардың бірлескен істерімен басталды. Алматының тау алқабындағы суарылмайтын, бүлінген жерлерді қайта культивациялағанда егілетін егістерді сынау жұмыстарын Қазақ ауыл шаруашылық институты ғалымдары жүргізсе, Оңтүстік Қазақстан облысының тау етектеріндегі бүлінген жерлерді қайта культивациялағанда егуге қажетті дақылдарды сынау, әр түрлі тыңайтқыштар енгізу жұмыстары Топырақтану институтының ғалымдарына жүктелген болатын. Соңғы жылдары кезіндегі Түсті металдар министрлігінің өтініші бойынша мұндай жұмыстар республикамыздың шығысындағы кеңді Алтайда жүргізілді. Топырақтану институты мен Орталық ботаника бағының ғалымдары бұл салада көптеген игілікті істерді бірлесіп өткізуде.

Ауыл шаруашылығын ұтымды ұйымдастырмау, оның ішінде тың көтеру, егістікке жарамсыз жерлерді жырту, өзен арнасын өзгерту, адам әрекеттерінің жерге тигізетін әсерлері, сынақ және әскери полигондар, зымырандар ұшыру, тұздану және тақырлану салдарынан жер қорының едәуір бөлігінің сапасы нашарлаған. Толық емес мәліметтер бойынша 75 млн гектар жер сортаңданған, 77 млн гектар жер эрозияға ұшыраған, жайылымның 69 пайызы шөл және шөлейтті аймақта, олардың 60 пайызының жемдік қоры нашарлаған, 22 пайызын тікенек басқан, 15 пайызы эрозияға ұшыраған, егістіктің едәуір бөлігі қауіпті аймақта сумен қамтамасыз етілмеген. Суармалы жерлердің 23 пайызы сортаңданған, 3 пайызы батпаққа айналған және 5 пайызының құнары шайылып кеткен. Жер жыртудың, өзен арнасын өзгерту нәтижесінде табиғи шабындықтар 30 пайызға қысқарған.

Осы жағдайлар Оңтүстік Қазақстан облысында жер пайдалануды жақсартуды, ауыл шаруашылығын экологияландыруды талап етеді. Осындай талаптар негізінде облысымызда жер пайдалану ұстанымдары айқындалды. Олар: 1) ОҚО аумағының тұтастығы және бөлінбейтіндігі; 2) жерді табиғи ресурс, халықтың өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау; 3) жерді ұтымды пайдалану, топырақтың құнарлығын ұдайы қалпына келтіріп отыру; 4) экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; 5) жерді нысанды пайдалану; 6) ауыл шаруашылығына арналған жердің басымдылығы; 7) жердің жай – күйі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету; 8) жерді ұтымды пайдалану мен қорғау шараларын мемлекеттік қолдау; жерге залал болғызбау, оның зардаптарын жою; 10) жерді ақылы пайдалану.

Бүлінген жерлер Қазақстанның оңтүстік немесе шығыс облыстарында ғана емес, басқа да облыстарда да баршылық. Жерді «жарақаттайтынң тек құрылыс материалдарын өндіретін және түсті металл министрліктер мекемелері мен Қарағанды көміршілері ғана емес, ондайлар көптеп кездеседі. Бұл жағдайға бұдан әрі төзуге болмайды. Үкіметтің жер туралы арнайы қаулылары мен заңдарын бұлжытпай орындауға тиіс. Оңтүстік Қазақстан облысы ауылшаруашылық жер ресурсының құрамында айдалған жерлер бүкіл ауданның ауылшаруашылық жерлерінің 8,2% ғана алып жатыр, олар суарылған және богарная егістік жерлерін құрды. Облыс бойынша ең көп егістік жерлер келесі аудандарда: Сарыағаш ауданы, Қазығұрт ауданы, Төле би ауданы, Ордабасы жіне Бәйдібек би әкімшілік аудандары.

Қазіргі таңда облыста барлық егістік жерлерінің 52% жағымсыз белгілермен сапасы төмендеп бара жатыр олардың ішінде келесі аудандар алдыңғы қатарда: Сарыағаш, Қазығұрт, Төле би, Ордабасы және Байдібек би әкімшілік ауданы. Суармалы жерлердің деградацияға ұшырауының басты себептері тұздану мен су эрозиясы болып табылады. Бүлінген жерлердегі 53% егістік жерлер су эрозиясы әсерінен деградацияға ұшыраған. Оңтүстік Қазақстан облысындағы суарылатын жайылымдардың көлемі аз ғана олардың ауданы 442,3мың га немес 2,2 % ғана алып жатыр. Суарылатын массивтардың экологиялық жағдайлары ғанағаттандырылмайды. 65% астамы .

Суарылмалы жайылымдардың 65% астамы бүлінген,бұл құбылыстар олардың өнімділігіне әсер ететін тұздану, ылғалданып кету,шайылып кету сияқты құбылыстар. Атар кететін жайт бүлінген жерлердің 90% тұздану мен солонцовые үрдістердің салдарынан болып жатыр [12].

 

 

Қорытынды

Қорыта келгенде, Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы егіншілікті дамытудың тарихи жағдайының ғылыми талдауы, оның мың жылдық тәжірибесі барлығы да адамзат қызметінің бөлінбейтін бөлігі болатындығын, сонымен қатар ғылыми техникалық прооцесс деңгейімен тығыз байланыстылығын көрсетеді. Республикада ең ірі Оңтүстік Қазақстан ирригациялық мелиорация жүйесі .

Қазіргі жағдайда суару тасымалдарының үздіксіз байланысқан комплексін шешетін жоғарғы өнімді егіншілік. Тапсырмалар құрамына суды жинақтау, тасымалдау және топырақты игеру , өсімдіктердің жоғарғы өнімділігінің жаңа сорттарын игеру, ұтымды ауыспалы егісті, тыңайтқыштар жүйесі мен жоғарғы технологияларды қолдану т.б.

Суармалы егіншіліктің даму кезеңдерінің маңызды мәселесі болып жаңа ирригациялық жүйе құрылысы шығынының және қызмет істеп жатқан жүйелерді өңдеу мен қайта құру шығындарының , тәжірибеде суды тұтынудың ғылыми негізделген нормаларын жасап , қолдану қатынасында өзгерудің ғылыми негізі , сонымен қатар нормалар құрамындағы ластаушы заттар , суаруға керекті суды тауарлы – ақша процесіне тарту .

Республикалық емес нақты бюджеттен қаржыландыру арқылы негізгі суармалы алқаптарды немесе облыс көлеміндегі суармалы жерлерді түгендеуді мақсатқа сәйкес жүргізуді дұрыс деп есептейміз. Мұнан басқа егістікке жарамды жерлер туралы сенімді мәлімет алуға, олардың сапасы мен орналасқан орны туралы, жеке іске аспайтын жарамсыз жерлердің көлемінің жыл сайынғы ұлғаю себептеріне талдау жасау арқылы оларды ауыспалы егістікке қайта тарту жөніндегі алдын-ала іс шаралардың жобасын жасау үшін тыңайған және жарамсыз жерлерді түгендеу жұмыстарын жүргізу қажет. Суармалы жерлердің жағдайы,оны пайдалану тиімділігі, сонымен қатар суды жұмсау үнемділігі ауылшаруашылық дақылдарын суару тәсіліне тәуелді болады.

Оңтүстік Қазақстан облысы республиканың суармалы егіншілігімен айналысатын басты ауданы болғандықтан , оларды тиімді пайдалану , жаңа техника мен технологияларды пайдаланып, жақсы өнімдер алынуы қажет.

Суармалы жерлерде болашағы бар құрылымдар мемлекеттік емес кәсіпорындар: шаруашылық серіктестіктері, ұжымдық үлес меншігіне негізделген ұжымдық шаруашылық , жеке шаруа қожалықтары және шаруа кооперативтері . Олардың тиімді қызметі үшін ауылшаруашылық өнімдері нарығының қолайлы инфроқұрылымы мен агросервисті құруы қажет .

 

пайдаланылҒан Әдебиеттер

1. Расулов М «Оңтүстік Қазақстан облысындағы өсімдік шаруашылығын дамытудың кейбір ерекшеліктері» 2003 жыл

2. Сариев Б.С , Ортаев А.Қ «Оңтүстік Қазақстан тәлімі жер жағдайындағы күздік арпа селекциясы » Жаршы 2002 жыл

3. ТілеубековӘ«ОҚО Мақтарал ауданы Матадан мата шыққанда»Нұр-Астана 2006

4. Қапбарова А «Тоқыма кластері» /Оңтүстік Қазақстан 2006 5 қазан /Олегова Н «Сельскохозяйственное мелиораций »/ Южный Каз 2006г/

5. Мейірбеков «Нарықтық экономикаға өткеннен кейінгі Қазақстанның Оңтүстік өңірінің суармалы егіншілігінің экономикасы .1998ж

6. «Оңтүстік Қазақстан ұлттық энциклопедиясы » 2005 жыл

7. Бекжигитов А.« Сбереч хлопок от огня »/ Южный Казакстан 2006г/

8. Муравлев Г.Г. Охрана природы и воспроизводение естественных ресурсов. Учебное пособие. Алма-Ата. 1978. Изд.КазГУ. 108 стр.

9. Вронский В.А. Экология, словарь-справочник, Ростов на Дону. М. Зевс. 1997. 157 стр.

10. Циолковский К.Э. (1857-1935). Советский энциклопедический словарь. М., 1980. стр.1488.

11. Абуталипов Ж.А. Казахстан в мировой экономике. КазНИИНИ. Алма-Ата, 1992. 44 стр.

12. Оспанов Ө., Жамалбеков Е. Құнарлы жер - құтты мекен. Алматы, Ғылым, 1983. 132 б.

13. Чигаркин А.В. Геоэкология и охрана природы Казахстана. Алматы, Қазақ университеті. 2003. 235 с.

14. Әліпбай Сұңғат. Қуаң жерлер қайта қалпына келе ме? Егемен Қазақстан. 2004

Указания к проведению почвенного обследованию целинных и залежных земель, освойваемых под посев зерновых. Алма-Ата. МСХ. 1954.

15. Успанов У.У. Природные, природно-хозяйственные зоны и пахатноприродные земли Казахстана. Вестник АН КазССР. 1958. ғ4.

16. Успанов У.У. Географо-генетические исследования почв и качественный учет земель Казахстана. В книге успехи почвоведения в Казахстане. Н, Алма-А. 1975.

17. Боровский В.М., Зазуля М.Ш. Мелиоративное состояние в южном Казахстане и меры по его улучшению. Производительные силы южного Казахстана. Том 5. Сельское хозяйство. ''Наука'' Алма-Ата. 1967. Стр. 14-23

18. Жер учаскелері және меншікке берілген кезде, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын, сондай-ақ жер учаскелерін жалдау құқығына сату төлемақысының мөлшерін бекіту туралы. Егемен Қазақстан. 2003 ж. 5 қыркүйек.

19. Сұңғат Әліпбай. Жер кодексі жерге көзқарасымызды өзгертті. Егемен Қазақстан. 2004. 27 қазан.

20. Смаилов К. Қазақстан, ХХІ ғасыр. Егемен Қазақстан. 25.05.1996.

21. Оңтүстiк Қазақстан облысының статистикалық мәлiметтерi.

22. Оңтүстiк Қазақстан облысының әлеуметтiк –экономикалық даму көрсеткiштерi. Оңтүстiк Қазақстан- N8.,2001 жыл

23. Карта растительности Казахстана и Средней Азии М 1:2500000. С-П., 1995. 24. Соболев П.А. Кормовые ресурсы Казахстана, Алма-Ата, 1966.

25. Попов М.Г. Растительный покров Казахстана. М-Л, 1940.

26. Гельдыева Г.В., Веселова Л.К. Ландшафты Казахстана, Алма-Ата, Наука, 1992., 125с.

27. Статистический сборник Казахстана, Алматы 2005 г.

28 Сводный аналитический отчет о состоянии и использовании земель РК за 2004 год. Агентство РК по управлению земельными ресурсами. Астана, 2005.

29. Статистический ежегодник по сельскому хозяйству Южно-Казахстанской области за 2005 год. Агентство Республики Казахстан, Шымкент, 2006 год.

30. Вайперт Э., Вальтер Р., Ветцель Т. и др. Биоиндикация загрязнений наземных экосистем: Пер. с нем. – М.: Мир, 1988

31. www.kaz.stat.kz

32. www.ontustik.stat.kz

33. www.minagri.kz

34. http://agrozharshy.kz

35. www.agro-uko.gov.kz

36. www.ontustik.gov.kz

 


Просмотров 1938

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!