Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






йымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар



157. Лептоспироздың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарлептоспирозбен ауыратын ауру туралы емдеу-профилактикалық ұйымдардан хабарлама алған кезде немесе лептоспироз жағдайына күдіктену кезінде тиісті аумақтардағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының мынадай шараларды сақтауы болып табылады:

1) барлық күдікті жағдайларда материалды міндетті зертханалық зерттей отырып, липтоспирозбен ауыратын науқастарды анықтау үшін адамдардың ауру жұқтырғаны анықталған немесе жұқтыруы ықтимал орындарда тұрғындарды эпидемиологиялық тексеру;

2) лептоспироздың әрбір жағдайын эпидемиологиялық тексеру, қоздырғыштың берілу жолдары мен жұқтыру көздерін анықтау;

3) ошақтарда дезинфекциялау, объектілерде және аумақтарда шұғыл дератизациялау жүргізу;

4) тұрғындар арасындағы санитариялық-ағарту жұмысы.

158. Емдеу-профилактикалық ұйымның медицина қызметкері лептоспироз ауруымен ауырған әрбір науқас және оған күдікті жағдай туралы тиісті аумақтардағы мемлекеттік санитариялық-эпиедмиологиялық қызмет органдарына шұғыл хабарлама жібереді.

159. Лептоспироздың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарлептоспироз ошақтарында денсаулық сақтау ұйымдарының мынадай шараларды сақтауы болып табылады:



1) қоздырғыштардың серологиялық тобын көрсете отырып, барлық науқастарды және бактерия тасымалдаушыларды тіркеу (клиникасы айқындалмаған қанның оң бактериоскопиясы және серологиялық зерттеудің теріс нәтижесі);

2) науқастарды жұқпалы ауру бөлімшесіне емге жатқызу және тасымалдаушыларды амбулаториялық емдеу;

3) екі апта ішінде қызбасы бар науқастардың клиникалық және зертханалық мониторингі (қызбаның екі толқынды түрі – өте төмен деңгейде болуымен қызба бір аптаға жуық созылады және температурасының жоғарылауы 3-4 күн тексеріледі);

4) ауырып жазылған аурудан кейін алғашқы айда көз дәрігері, невропатолог және терапевт міндетті клиникалық тексере отырып, 6 айдың ішінде реконвалесценттерді диспансерлеу;

5) жас босанған әйелдерді бактериоскопиялық және серологиялық тексеру (көрсеткіштер бойынша);

6) донорлық қанды бактериоскопиялық және серологиялық зерттеу (қан алған кезде).

160. Тиісті аумақтардағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары жүргізетін профилактикалық іс-шаралар мыналарды қамтиды:



1) ошақтардың болуын және типін анықтау;

2) ошақтың эпизоотикалық белсенділігін тұрақты бақылау;

3) синантропты кеміргіштер саны динамикасына мониторингі;

4) лептоспир тасымалдаушыларының түрлік құрамын зерделеу;

5) лептоспирдің серологиялық құрылымын анықтау;

6) эпидемиологиялық маңызы бар объектілері болатын липтоспироз ошақтарының өзара байланысын анықтау (демалыс аймағы, мал шаруашылығы фермасы, ауыл шаруашылық, гидромелиоративті жұмыстарды жүргізу аудандары, қоғамдық тамақтану, сауда және басқалар);

7) эпидемиологиялық жағдайдың өзгерістерін жедел талдау, олардың эпидемиологиялық қауіптілігі дәрежесін бағалау;

8) оқиғалардың одан әрі дамуын болжау және профилактикалық іс-шараларды жүргізу.

161. Лептоспироздың табиғи ошақтарына тиісті аумақтардағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары емдеу-профилактикалық ұйымдармен бірлесе отырып, мынадай профилактикалық іс-шаралар кешенін орындайды, олар мыналарды қамтиды:

1) адамдарды вакцинациялауды;

2) кәсіби сырқаттанушылықтың алдын алуды;

3) жас босанған әйелдерді зертханалық тексеруді (көрсеткіштер бойынша);

4) донорлық қанға зертханалық бақылауды;

5) ет және сүт өнімдерін санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды;

6) аумақтың, ашық су қоймаларының және сумен жабдықтау көздерінің санитариялық жағдайының мониторингін;

7) санитариялық-ағарту жұмыстарын;

8) қауіп төнетін учаскелерді дератизациялауды.

162. Халықты вакцинациялау лептоспироздың табиғи ошақтарымен олар байланыста болғанға дейін жыл сайын 1-2 ай бұрын жүргізіледі.

163. Жоспарлы вакцинациялауға патогенді лептоспириялармен жұмыс істейтін зертханалардың қызметкерлері, зақымдану қаупі жоғары адамдар – ветеринария қызметкерлері, мал шаруашылығының, балық шаруашылығының жұмыскерлері, күрішшілер, мелиораторлар, тазарту кәріз құрылыстары жұмыскерлері, кеншілер, лептоспироз бойынша қолайсыз немесе мал шаруашылығымен айналысатын елді мекендердегі балалар жатқызылады.

164. Лептоспироздың табиғи ошақтарында және антропургиялық ошақтарында тұрғындар ауыз су қажеттілігі үшін қайнаған суды пайдалануы, жеке профилактика шараларын сақтауы қажет.

165. Лептоспироз бойынша қауіп төндіретін аумақтарда санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) және эпизоотияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар ветеринария саласындағы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің мынадай шараларды сақтауы болып табылады:

1) малдардың клиникалық жағдайларын бақылау, іш тастаулар санын есепке алу;

2) асыл тұқымды мал өсіру шаруашылығын, кәсіпорындарды, лептоспироз бойынша қолайсыз шаруашылықтың жасанды ұрықтандыру станцияларын толықтыру;

3) шаруашылыққа келіп түсетін барлық малдарды 30 күндік карантин ішінде лептоспирозға зерттеу;

4) бордақылау шаруашылықтарын лептоспирозға тексермей-ақ, бірақ карантиндеу кезеңінде оларды лептоспирозға қарсы міндетті түрде вакцинациялай отырып, клиникалық сау малдармен толықтыру;

5) жануарлардың лептоспироз бойынша қолайсыз шаруашылықтардың (фермалардың) елдімекендердің малымен жайылымда, суғару орындарында бірге болуына жол бермеу, вакцинацияланбаған малдарды лептоспироздың табиғи ошақтарының аумағында жаймау;

6) ашық су қоймаларының жағасына малдарға арналған жазғы жайлауды орнатуға жол бермеу;

7) мал шауашылығы үй-жайларында, фермалардың аумағында, жемдерді сақтау орындарында кеміргіштерді жүйелі түрде жою.

166. Жануарларда лептоспирозға күдіктенудің барлық жағдайларында қан сарысуы және басқа патологиялық материал (ағзалардағы тіндер, сұйықтықтар, ұрық айналасының суы, ұрық қанының сары суы, іш тастау материалы) зертханалық зерттеуге алынады.

167. Зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша шаруашылық (ферма, гурт) мына жағдайлардың бірінде лептоспироз бойынша қолайсыз деп саналады:

1) лептоспирлер патологиялық материалды микроскопиялық зерттеу кезінде анықталғанда;

2) антидене тексерілген жануарлардың 20 пайызынан астамында қан сарысуында (зәрінде) анықталғанда;

3) патологиялық материалдан лептоспир өсіріндісі бөлінгенде.

168. Жануарларда қан сарысуында спецификалық антидене немесе зәрінде бөлінетін лептоспир анықталған кезде лептоспироз бойынша қолайсыз шарауашылық үшін көзделген іс-шаралар жүргізіледі.

169. Импорт бойынша келіп түсетін жануарлар карантин үй-жайында ұсталады және оларды экспорттаушы елде тіркелетін қоздырғышқа антиденеге реакцияға қан сарысуы зерттеледі.

170. Жануарлардың лептоспироз диагнозы расталған кезде шауашылық субъектісінің аумағына шектеу қойылады.

171. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы бұл туралы жоғарыда тұрған ветеринариялық органға және аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органына бір мезетте хабарлайды.

172. Сауықтыру іс-шараларының жоспарында жануарларды қажетті диагностикалық зерттеу, жүргізу мерзімдерін және жауапты адамдарды көрсете отырып, шектеу, ветеринариялық, санитариялық, ұйымдастыру-шаруашылық іс-шаралары көзделеді.

173. Шектеу шаралары бойынша:

1) өндіру мақсатында жануарларды әкетуге (әкелуге), жануарларды халыққа сатуға;

2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының рұқсатынсыз жануарларды қайта жинақтауды жүзеге асыруға;

3) жануарларды ашық су қоймаларына жіберуге және оны жануарларға ішкізу және суға түсіру үшін пайдалануға;

4) вакцинацияланбаған жануарларды лептоспирозбен ауырған жануарлар жайылған жайылымға немесе лептоспироздың табиғи ошағы аумағына жаюға;

5) вакцинацияланбаған жануарларды лептоспирозды жұқтырған кеміргіштер анықталған жеммен қоректендіруге жол берілмейді.

174. Лептоспироз бойынша қолайсыз шаруашылықта (фермада, отарда, шошқа қорада) клиникалық тексеру және ауруы күдікті жануарлардың дене қызуын өлшеу жүргізіледі.

175. Ауру және ауруы күдікті жануарларды оқшаулайды, оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген дозаларда гипериммундық сарысумен және антибиотиктермен емдейді. Осындай жануарларды сою санитариялық қасапханада, ал ол болмаған жағдайда, жеке профилактика шаралары сақтала отырып, сойылған сау жануарлардың өнімдері шығарылғаннан кейін, ауысымның соңында ет комбинатының мал сою цехында жүргізіледі. Осындай жануарларды сойғаннан кейін үй-жай және жабдықтарды Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген препараттармен дезинфекциялайды.

176. Шаруашылықтың барлық малын, меншік нысанына қарамастан, лептоспироз бойынша қолайсыз және арзан малдарды асыл тұқымды мал өсіру және тұтыну шаруашылықтарында бағады және мал союға тапсырады.

177. Лептоспирозбен ауыратын жануарлардан алынған сүтті қайнағанға дейін қыздырады және жем үшін пайдаланады.

178. Шығару үшін сақталуы қажет аналық бастарды, өндірушілерді және жас төлдерді вакцинациядан кейін лептоспироцидтік препарттармен өңдейді және дезинфекциялау үй-жайына ауыстырады.

179. Өңдеу тиімділігін зәрді микроскоптау жолымен 10-15 күннен кейін тексереді.

180. Іс-шаралар жүргізгеннен кейін алынған жас төл бөлек өсіріледі, лептоспирозға қарсы вакциналарды қолдану жөніндегі нұсқаулықта көзделген мерзімде вакцинациялайды және шектеуді алып тастағаннан кейін жалпы негізде өткізеді.

181. Лептоспироз бойынша бұрын қолайсыз кәсіпорында (станцияларда) барлық өндірушілердің зәрін микроскоптау және реакцияға қан сарысынуын қайта тексеру 3 айдан соң және теріс нәтижелер алған кезде одан әрі әрбір 6 айда жүргізеді.

182. Лептоспирозға сезімтал клиникалық сау жануарлардың барлық түрлерін және жас ерекшелік топтарын вакцинациялайды. Емдеудегі жануарларды сауыққаннан кейін 5-7 күн сайын вакцинациялайды.

183. Жекелеген жануарлардың қанында антиденелер немесе зәрде лептоспир анықталған жағдайда барлық топты шаруашылықта қалдырады және оның лептоспироз бойынша қолайлылығы туралы мәселені шешу үшін қосымша зерттеулер жүргізеді.

184. Бордақылау үшін жануарларды шығару ауру жануар сауыққан соңғы жағдайдан, вакцинация және қорытынды ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізілгеннен кейін бір айдан соң облыс аумағында рұқсат етіледі.

185. Шаруашылық барлық тексерілген жануарларда зерттеулердің теріс нәтижелері алынған кезде сауыққан болып саналады.

186. Лептоспироз бойынша қолайсыз шаруашылықтарда шектеу мынадай тәртіппен алып тасталады:

1) бордақылау шаруашылықтарында – мал басын союға бергеннен және қорытынды ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізілгеннен кейін;

2) асыл тұқымды мал өсіру және тұтыну шаруашылықтарында – зертханалық зерттеу әдістерімен лептоспироз бойынша олардың қолайлылығын анықтағаннан кейін. Бұрын лептоспироз бойынша қолайсыз шаруашылықтарда қайта зерттеу шектеу алынып тасталғаннан кейін 6 айдан соң жүргізіледі.

187. Сатуға арналған жануарлар карантинде ұсталады және лептоспирозға қан сарысуы, шошқаларда одан басқа зәрі лептоспирдің болуына зерттеледі.

188. Шаруашылықтардан әкелінетін асыл тұқымды және тұтынатын жануарларды ветеринариялық өңдеу тәртібі: асыл тұқымды немесе тұтынатын мақсаттағы жануарларды әкету (шығару) лептоспироз бойынша қолайлы шаруашылық субъектілерінен ғана рұқсат етіледі.

189. Барлық сезімтал жануарларды мынадай жағдайларда:

1) лептоспироз бойынша қолайсыз шаруашылықтарда;

2) мал басын лептоспирозға тексерместен жинақтайтын бордақылау шаруашылықтарында;

3) лептоспироздың табиғи ошақтары аймақтарында малды жайғанда;

4) шаруашылықта қан сарысуы оң реакция беретін малдар анықталғанда;

5) отарлы мал шаруашылығы бар аудандарда лептоспирозға қарсы вакцинациялайды.

190. Қызметтік ит ұстау орындарында клиникалық ауру иттерді және оған күдікті иттерді оқшаулайды, гипериммундық сарысумен және антибиотиктермен емдейді. Барлық жас ерекшелік топтарының клиникалық сау иттерін лептоспирозға қарсы вакцинациялайды.

191. Лептоспироз бойынша қолайсыз ит ұстау орнының иттерін сатуға жол берілмейді.

192. Жануарларды әкету (шығару) барлық топтар бойынша зерттеулердің теріс нәтижелері кезінде шектеусіз рұқсат етіледі.

 

_________________________

 

 

­­


Просмотров 483

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!