Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Йымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар



 

118. Жұқтыру материалымен жұмыс істеу және жеке қауіпсіздік шаралары жөніндегі нұсқамадан өтпеген адамдар серологиялық оң реакциясы бар жануарларды және листериозбен ауыратын жануарларды қабылдауға, тасымалдауға және союға, тұтас етті бөлуге және олардан алатын шикізаттарды қайта өңдеуге жіберілмейді.

119. 18 жасқа толмаған адамдардың, жүкті әйелдердің, бала емізетін әйелдердің, маусымдық жұмысшылардың жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді.

120. Шаруашылық субъектілерінің қызметкерлері, оның ішінде уақытша тартылған адамдар жеке гигиена және жеке қорғаныш (халат, резеңке қолғап, жеңқап, клеенка алжапқыштары, тиісті аяқ киім) құралдарынсыз жұмысқа жіберілмейді.

121. Шаруашылық субъектілерінің қызметкерлеріне профилактикалық медициналық тексерулер жаппай мал төлдегеннен кейін 1-2 айдан соң, малдан алынатын шикізат пен өнімдерді өндіру кәсіпорындарының қызметкерлеріне жаппай мал сойылғаннан кейін 1-2 айдан кейін профилактикалық медициналық тексеру жүргізіледі.

122. Листериозға профилактикалық зертханалық тексерілуге мыналар жатады:

1) жануарларды күтуге және мал шаруашылығы шикізаты мен өнімдерін қайта өңдеуге уақытша тартылатын адамдар (маусымдық жұмыстан кейін 1-2 айдан соң);

2) бала көтеретін жастағы әйелдер: қайталанған баспа, аналық бездің, жатыр мойнының асқынуы кезінде;

3) асқынған акушерлік анамнезімен, жүктіліктің патологиялық (тұмау тәріздес ауру, токсикоз, ангина) және/немесе босану ағымымен жүкті әйел және жас босанған әйел;



4) листериозға күдік келтірілген жаңа туған нәресте;

5) өлі туылған немесе өмірінің алғашқы күндерінде шетінеген баланың мәйіті.

123. Адамдардың, ауыл шаруашылығы және басқа да жануарлардың арасында листериозбен ауруы анықталғанда эпизоотиялық ошақты эпидемиолог-дәрігер мен ветеринариялық маман бірлесіп тексеру жүргізеді.

124. Листериозбен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдар, сондай-ақ үй жануарлары листериозға тексеріледі.

125. Листериозбен ауыратын науқастарды, листерионы тасымалдаушыларды емге жатқызу клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.

126. Реконвалесценттер клиникалық сауыққаннан кейін және бактериологиялық зерттеудің бір реттік теріс нәтижесінен соң стационардан шығарылады.

127. Листериозбен ауырып жазылған адамдарды диспансеризациялау 1 жыл бойы міндетті түрде тоқсан сайын арнайы зертханалық тексерулер өткізіле отырып жүргізіледі.

128. Жүкті әйелдерді диспансеризациялау жүктіліктің алғашқы сатыларында міндетті түрде серологиялық зерттеп, ал оң серологиялық тест жағдайында – бактериологиялық зерттей отырып жүргізіледі. Листерияға оң бактериологиялық зерттеу жағдайында тиісті антибактериалды және патогенетикалық емдеу жүргізіледі.



129. Листериозбен ауырып жазылған адамдардың жұмыс істеуіне және ұйымдастырылған ұжымда жұмыс істеуіне рұқсат ету шектеусіз, клиникалық сауыққаннан кейін және теріс бактериологиялық тексеруден кейін жүргізіледі.

130. Жануарларды сатып алу, сату, союға өткізу, басқа орындарға ауыстыру және жаңадан топтастыру ілеспе құжаттар (ветеринариялық куәліктер, ветеринариялық сертификаттар және анықтамалар) болған кезде жүргізіледі, малдан алынатын өнімдер мен шикізаттарды өткізу ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізгеннен кейін жүргізіледі.

131. Жануарлар саны листериоз бойынша қолайлы шаруашылық субъектілерінің жануарларымен толықтырылады.

132. Листериозды уақтылы анықтау мақсатында комлементтің байланыс реакциясына (бұдан әрі – КБР) жануарлардың қан сарысуын зерттеу жүргізіледі:

1) листериозға күдіктенуде барлық жағдайларда;

2) асыл тұқымды мал өсіретін кәсіпорындарда, жасанды ұрықтандыру станцияларында (пункттерінде) барлық өндірушілерді (өгіздер, қабандар, қойлар) жылына екі рет;

3) шошқаларды, ірі қара және ұсақ малдарды – асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықта әрқайсысын жылына 1 рет.

133. Жаңадан келген малдарды 30 күн бойы профилактикалық карантинде ұстамай, жалпы табынға қосуға жол берілмейді.

134. Профилактикалық карантин кезінде және шаруашылық субъектілерде жаңа топ құрастырғанда жануарларға клиникалық тексеру жүргізіледі және қажет болғанда (жүйке жүйесінің бұзылу белгілерінің көрінуі, іш тастау, дене қызуының көтерілуі) – листериозға бактериологиялық және серологиялық тексеру жүргізіледі.

135. Жануарлардың иелері барлық ауру жағдайлары, листериозға күдіктену, іш тастауы, өлі туу және жануарлардың қырылуы туралы ветеринариялық қызметке хабарлайды және ветеринариялық инспекторлардың талаптары бойынша жануарларды сатып алу туралы барлық қажетті мәліметтерді беруі, олардың тексеруіне, зерттеуіне және өңдеу жүргізуіне жағдай жасайды.

136. Ветеринариялық мамандар және/немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринариялық инспекторы жануарлардың іш тастау, өлі туу және қырылуы жағдайларының барлығын есепке алуды жүргізеді және ветеринариялық зертханаға тексеруге патологиялық материал жібереді.

137. Барлық жем, оның ішінде сүрленген шөп пен құрама жемді жемдеу алдында листерияны жұқтыруына зерттеу қажет және бұл жемдерді зерттеу нәтижелері теріс болған кезде ғана мал рационына қосу қажет.

138. Сүтпен және сүт өнімдерімен (қаймағы айырылған сүт, сүт сарысуы, тағы басқа) қоректендіру үшін қолданылатын астаулар жуылуы және дезинфекциялануы тиіс.

139. Жануарлардың маститі кезінде сүтке бактериологиялық зерттеу жүргізіледі.

140. Листериозға оң әсер берген және онымен ауыратын ауру жануарларды қабылдау және сою ет өндіретін объектілерде және сою пункттерінде (бұдан әрі – объектілер) жүргізіледі.

141. Объектілерге келіп түскен ауру жануарларды арнайы бөлінген ашық қораларда (изоляторларда) сау жануарлардан оқшау ұстайды. Оларды союға ауысым соңында немесе бөлек ауысымда жалпы сою цехында жол беріледі.

142. Жануарларды сою алдында ұстайтын базалардың (ашық қоралардың) едендерінің қатты жабыны болады, сұйықтық науалар мен сұйықтық қабылдағыштармен және сарқынды суларды зарасыздандыруға арналған құрылғылармен жабдықталады.

143. Сою аяқталғаннан кейін санитариялық қасапхананың, сою цехының үй-жайы, сою алдында ұстайтын база, сойылған өнімдерді қайта өңдеу бойынша өндірістік үй-жайлар, технологиялық жабдық, мүкаммал, санитариялық және арнайы киім, аяқ киімдер, көлік құралдары және өндірістік ағындар механикалық тазартылуы және дезинфекциялануы тиіс.

144. Объектілерде малдарда листериоздың болуына немесе болмауына қарамастан, оларды бордақылауға және өсіруге, сондай-ақ сиырларды, қойлар мен ешкілерді саууға жол берілмейді.

145. Субөнімдерді жинау үшін «Листериоз» деген таңбасы бар, су өткізбейтін, санитариялық өңдеуге жатқызылатын ыдыс, ал конфискаттар үшін «Конфискаттар» деген таңбасы бар, жабылатын, су өткізбейтін ыдыс бөлінеді.

146. Листериозға зерттеу үшін зертханаға:

1) ұсақ жануарлардың тұтас өлексесін немесе басын (бас миын), бауырды, көкбауырды, бүйректі, лимфатүйіндерді, өкпенің зақымданған бөлігін, іш тасталған ұрықты немесе оның қабығын жіберу қажет. Жаз мезгілінде патологиялық материал глицериннің 40%-дық стерильденген сулы ерітіндісімен консервирленеді;

2) тірі кездегі диагностика үшін – іш тасталған жатырдан бөлінген жыныс мүшелерінің ағындысын, ауру жануардың және ауруға күдікті жануардың қанын немесе сарысуын, малдың сүтін жіберу қажет.

147. «Листериоз» диагнозы эпизоотологиялық деректер кешені мен зертханалық зерттеулер нәтижелері негізінде қойылады. Шешуші кезеңге бактериологиялық зерттеу – литерия өсірінділерінің бөлінуі жатады.

148. Жануарға листериоз диагнозы қойылған кезде шаруашылық субъектісіне қызмет көрсететін ветеринариялық маман бұл туралы шаруашылық субъектісінің басшысына, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторына және аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органына тез арада хабарлайды және эпизоотиялық ошақта эпизоотологиялық тексеру жүргізеді.

149. Шектеу іс-шараларының шарттары бойынша мыналарға жол берілмейді:

1) сою үшін оларды сыртқа шығаруды қоспағанда жануарларды шығару (әкету);

2) жануарды ет өңдейтін объектілерге апаруды қоспағанда, мәжбүрлеп сойылған листериозбен ауырған жануардың етін шикі күйінде шығаруға. Қолайсыз пункттердегі және ет өңдейтін объектілердегі жануардың етіне «Ветеринария туралы» Заңға сәйкес ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізілуі тиіс;

3) науқас жануар жеген және листерияларны жұқтыруына күдіктену кезінде жемді сыртқа шығаруға;

4) ветеринариялық дәрігердің рұқсатынсыз шаруашылық субъектісінің ішінде жануарды қайта топтастыруға (ауыстыру);

5) басқа шаруашылық субъектілеріне және аудандарға шығару үшін қауіпті пункттерде асыл тұқымды және асыл тұқымды емес малды өсіретін қолайсыз пункттерде, шөпті, сабанды және басқа да қатты жемді дайындауға, сондай-ақ жануарлардың (құстарды қосқанда), терісі бағалы аңдардың, иттердің, мысықтардың жәрмеңкелерін, базарларын және көрмелерін өткізуге;

6) науқас жануарларды өсіру және бордақылау үшін халыққа сатуға;

7) ауру мал мен қолайсыз табындардың мал басының сау малмен бірге жайылуы, су ішуі және басқа да байланыста болуына, сондай-ақ, малды алыс жерлердегі жайылымдарға айдауға және тасуға.

150. Листериоз бойынша қолайсыз деп жарияланған шаруашылық субъектісінде мынадай іс-шаралар жүргізіледі:

1) жануарды таңдамалы түрде температурасын өлшей отырып, басты клиникалық тексеру және жарамсызын айыру;

2) клиникалық белгілері жоқ ауру мал мен листерия тасымалдаушыларды анықтау үшін серологиялық зерттеу жүргізіледі;

3) орталық жүйке жүйесінің зақымдалуының клиникалық белгілері бар ауру малдар союға жіберіледі;

4) ауруы күдікті жануарлар және оң серологиялық реакциясы бар жануарлар оқшауланады және антибиотиктермен емделуі тиіс немесе союға жіберіледі;

5) клиникалық белгілері жоқ және теріс серологиялық реакциясы бар жануарлар иммундалады және профилактикалық мақсатта антибиотиктер қабылдайды;

6) жануарлардан алынған сүт серологиялық зерттеуден өтуі және оң нәтиже көрсетілген кезде кейіннен шаруашылық ішінде жануарларға беру үшін немесе тоң май жасау үшін 15 минут қайнатылуы тиіс. Сауыққан жануарлардың сүті шаруашылық субъектісінде екі ай өткенге дейін пастерленеді, осыдан кейін оның сыртқа шығарылуына жол беріледі;

7) қолдан ұрықтандыру листериозға алдын ала тексерілген сау аталық жануардың шәуетін қолданып жүргізіледі;

8) мал қора-жайларындағы қи күнделікті қи сақтайтын қоймаларға немесе жеке учаскелердегі үйінділерге жиналады. Оны 2-3 ай ішінде биотермиялық зарарсыздандырудан кейін тыңайтқыш ретінде қолдауға жол беріледі.

151. Дезинфекциялау мынадай іс-шараларды қамтиды:

1) мал қора-жайларында және оған іргелес аумақтарда ауру жануарлардың анықталған әрбір жағдайына дезинфекциялау, содан соң барлық кезек ішінде әрбір 14 күн сайын шектеу жүргізіледі. Ауру мал, ауруға күдікті жануарлар ұсталатын қоралардың кіреберісі аяқ киімді өңдеуге арналған дезинфекциялау кедергілерімен (кілемшелер) жабдықталады;

2) листериоз қоздырғышы бар жайылу алаңдары, аулалар, базалар, мал қоралары, су қоймаларына жақын жерлер және басқа да учаскелер мен аумақтар ауру тоқтағаннан кейін қоқыстан, қидан тазартылады. Қи мен қатты қалдықтар (шөп және басқалар) шығарылады және (биотермиялық әдіспен, химиялық құралдармен және басқалармен) зарарсыздандырылуы тиіс. Үй-жайларда және оларға жақын аумақтарда дератизациялау жүргізіледі, кеміргіштердің өлекселері жиналады және өртеледі;

3) шөмелелер, пішен, сүрлем шөмелелері, құрама жем кеміргіштердің мекендеуі тексеріледі. Кеміргіштер анықталған жағдайда, уақтылы дератизациялау жүргізіледі;

4) траншеяларда және үйінділерде сақталатын сүрлемде листериоз қоздырғышы болған жағдайда, барлық листериоз қоздырғышымен зақымдалған сүрлем биотермиялық әдіспен зарарсыздандырылуы тиіс;

5) листериозбен ауыратын ауру жануарлардан алынған терілік шикізатты зарарсыздандырады.

152. Мал қоралар мен мал күтуге қолданылатын заттарды дезинфекциялау үшін Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау препараттары пайдаланылады.

153. Малдың іш тасталған ұрығы, өлекселері тез арада кәдеге жаратылуы тиіс.

154. Шаруашылық субъектісінде клиникалық ауру жануарлар анықталған соңғы жағдайдан кейін, серологиялық тексерудің теріс нәтижесін алғаннан кейін, шаруашылық субъектінің үй-жайлары мен аумағына қорытынды механикалық тазалау және дезинфекциялау жүргізгеннен кейін екі айдан соң листериоз бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылады.

155. Шаруашылық субъектісінің листериоздан сауығуынан кейін екі жыл ішінде асыл тұқымды және асыл тұқымды емес жануарды өсіруге жануардың қан сарысуын серологиялық зерттеудің теріс нәтижелері алынғаннан кейін жол беріледі. Бір жыл ішінде жануардың басқа түрлерін өсіру аталған жағдайларда жүзеге асырылады.

156. Листериоз бойынша бұрын қолайсыз болған шаруашылық субъектілерінде оң реакциялары жойылғанға дейін жануарларды қоралаудың алдында жылына 1 рет серологиялық тексеру жүргізіледі. Оң реакция байқалатын жануарлар оқшауланады, емделуі тиіс немесе союға жіберіледі. Жануарларды әкету кезінде ілеспе ветеринариялық құжаттарда листериозға зертханалық зерттеулер нәтижелері көрсетіледі.

 

8. Лептоспироздың алдын алу бойынша санитариялық-


Просмотров 440

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!