Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Йымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар



 

94. Құтырманың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар жеке және заңды тұлғалардың (жануарлардың иелерінің) мынадай шараларды сақтауы болып табылады:

1) иелігіндегі иттер мен мысықтарды ауданның (қаланың) бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынымы бойынша клиникалық тексеру және антирабиялық вакцинамен сақтандыру екпелер үшін ветеринариялық емдік-профилактикалық ұйымдарға жеткізу;

2) құтырмаға қарсы егілмеген иттерді жеке аулаларға, фермаларға, үйірлерге, отарларға және табындарға жіберуді шектеу;

3) ауыл шаруашылығы және үй жануарларын жабайы жыртқыштар, иттер немесе мысықтар тістеген жағдайда, ауруға күдікті немесе тістелген жануарларды оқшаулауға қажетті шаралар қабылдау.

95. Адамдарды немесе малды тістеген иттер, мысықтар және басқа да жануарлардың (құтырманың айқын белгілер бар жануарлардан басқа) иелері немесе қараусыз қалған иттер мен мысықтарды ұстайтын арнайы бригада оларды ветеринария мамандары 10 күн ішінде оқшаулауы мен бақылауы үшін тез арада жақын ветеринариялық емдеу ұйымына жеткізуі тиіс.

96. Жеке және заңды тұлғалар өз жануарларын құтырмаға қарсы уақтылы вакцинацияны және диагностикалауды қамтамасыз етуі тиіс. Профилактикалық егулерді жүргізу туралы актіге олардың иелерінің деректерін (аты-жөні, мекенжайы) көрсете отырып, вакцинацияланған иттер мен мысықтардың тізімі міндетті түрде қоса беріледі. Жануардың паспортына тиісті белгілер қойылады.



97. Құтырма бойынша эпизоотологиялық қолайсыз аймақтарда ауылшаруашылығы малдарын (ірі қара мал, ұсақ мал, жылқы, түйе), иттер мен мысықтарды құтырмаға қарсы жоспарлы профилактикалық иммунизациялау жүргізіледі.

98. Жекеленген жағдайларда, ветеринариялық емдеу ұйымының рұқсаты бойынша адамдарды немесе малдарды тістеген жануар оны 10 күн ішінде оқшауланған үй-жайда ұстауға және оны ветеринариялық дәрігерге тексеруге ұсынуға жазбаша міндеттеме берген иесінде қалдырылады.

99. Оқшауланған жануарларды бақылау нәтижелерін осы аумаққа қызмет көрсететін ветеринария дәрігері ­­­арнайы журналда тіркейді және зардап шеккен адамға егу жүргізетін ұйымға және зардап шегушінің тұрғылықты мекенжайы бойынша аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органына хабарлайды.

100. Оқшаулау мерзімі аяқталғаннан кейін клиникалық сау малдар алдын ала вакцинациялағаннан кейін оларды 30 күн бойы оқшаулап ұстау шартымен иелеріне қайтарылады. Құтырмамен ауыратын жануарларды жояды.



101. Жабайы жануарлардың құтырмасын уақтылы анықтау және оның таралуының алдын алу мақсатында орман шаруашылығы, табиғатты қорғау, аңшылық шаруашылығы органдарының, қорықтар мен қаумалдардың қызметкерлері:

1) жабайы жануарлардың құтырма жағдайлары (құтырмаға күдіктену) немесе олардың әдеттен тыс әрекеттеріне (адамнан қорықпау, адамдар мен жануарларға әдейілеп шабуылдау) туралы ветеринарлық маманға тез арада хабарлайды;

2) аңшылық алқабында, қорықтар, қаумалдар аумақтарында, ірі елді мекендердің жасыл аймақтарында табылған жабайы жыртқыштардың (түлкі, жанат тәрізді ит, ақ түлкі, қасқыр, қарсақ, шибөрілер) өлекселерінде құтырманың бар-жоғын зерттеу үшін ветеринариялық зертханаға жібереді;

3) аңшылардың жолдамаларын және аңшылық билеттерін тексеру кезінде табиғатты қорғайтын аңшылық инспекция және қорықшылық қызметі құтырмаға қарсы егілгенін куәландыратын иттердің тіркелу куәліктерін тексереді. Вакцинацияланбаған иттер аңға жіберілмейді.

102. Құтырма бойынша эпизоотиялық қолайсыз аймақтарда жергілікті атқарушы органдар (селолық округтердің, аудандардың, қалалардың, облыстардың әкімдері) жабайы жануарларды, иттер мен мысықтарды аулау және ату бойынша шаралар жүргізеді.

103. Құтырмаға зерттеу жүргізу үшін зертханаға ұсақ малдан – жаңадан өлген өлексені немесе басын, ал ірі малдан – жаңа өлген өлексе басын жібереді.

104. Зерттеу нәтижелері туралы зертханаға патологиялық материалды жіберген ветеринариялық маманға және ауданның (қаланың), облыстың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторына хабарлайды.

105. Ауданның (қаланың), облыстың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы малдарда құтырма жағдайы анықталғаны туралы ақпарат алған кезде:

1) аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органына, көрші аудандардың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторларына және жоғарыда тұрған ветеринариялық органға тез арада хабарлайды;

2) аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау өкілімен бірлесіп, сол жерге барады, эпизоотиялық ошаққа және қолайсыз пунктке эпизоотологиялық-эпидемиологиялық тексеру жүргізеді, қауіпті аймақтың шекарасын айқындайды және эпизоотиялық ошақты оқшаулау және жою бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді, сондай-ақ адамдар мен ауыл шаруашылығы малдары арасында аурудың жаңа оқиғаларын болдырмау бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізеді;

3) жергілікті атқарушы органда бекіту үшін шектеу іс-шараларын белгілеу бойынша материалдарды ресімдейді.

106. Құтырма бойынша қолайсыз елдімекендерде иттер мен мысықтардың көрмесін өткізуге, иттерді шығарып баулуға жол берілмейді. Үй жануарларын сату тоқтатылады, иттер мен мысықтарды қолайсыз пункттен тыс әкетуге және шектеу қойылған аумақ пен қауіпті аймақта жабайы жануарларды аулауға (хайуанаттар паркіне апару үшін, басқа аудандарға орналастыру мақсатында) тыйым салынады.

107. Ветеринариялық және санитариялық қызмет мамандары құтырма бойынша қолайсыз пункттерде мынандай іс-шараларды ұйымдастырады:

1) тұрғындар арасында құтырма ауруының қауіптілігі және оның алдын алу шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

2) қолайсыз пунктті құтырмаға қарсы егулерді қажет ететін адамдарды анықтау үшін үй-үйді (пәтерлерді) аралау, ит, мысық және басқа да жануарларды ұстау жағдайын тексеру, құтырмамен ауыратын науқастарды, ауруға күдіктілерді және құтырманы жұқтыруға күдікті жануарларды анықтау;

3) адамдар мен жануарларды тістеген, оқшауланатын және бақылауда ұсталатын жануарлардан басқа құтырмамен ауыратыны анықталған иттерді, мысықтарды және басқа жануарларды өлтіріп кейіннен өртеу;

4) жабайы жануарлардың құтырма жағдайлары анықталған кезде, (селолық округтердің, аудандардың, қалалардың, облыстардың әкімдері) жабайы жануарларды, иттер мен мысықтарды аулау және ату бойынша іс-шараларды жүргізеді.

108. Құтырманың эпизоотиялық ошағында науқастар немесе құтырма ауруына күдікті малдар бөлініп алынған жануарлардың тобына (ферма, үйір, мал тобы, отар, табын) тұрақты бақылау орнатылады. Бұл малдарды күніне кемінде үш рет қарайды және антирабиялық вакцинаны қолдану нұсқаулығына сәйкес антирабиялық вакцинаның профилактикалық егулері жүргізіледі. Егулерден кейін малдарды міндетті 60 күндік оқшаулау қажет.

109. Жабайы жыртқыш аңдар немесе иттер тістеген клиникалық сау малдарды, құтырмаға қарсы егулерге және тұқымдастығына қарамастан,өлтіріп, кейіннен өртейді.

110. Ауыл шаруашылығы малдарын сою құтырмамен ауыру жағдайы тіркелген орында жүргізіледі.

111. Құтырма бойынша қолайсыз ферманың (мал тобы, үйір, отар, табын) клиникалық сау малдардың сүтін құтырмаға қарсы егулер жүргізілгеніне қарамастан, 30 минут бойы 80°-85° С температурада пастерлегеннен кейін немесе 5 минут бойы қайнатқан соң адамдарға тамаққа пайдалануға немесе малдарға азық ретінде беруге рұқсат етіледі.

112. Құтырма бойынша қолайсыз топтың клиникалық сау малынан алынған жүнді ветеринариялық куәлікте ол дезинфекциялауға жататыны туралы көрсете отырып, қожалықтан тығыз матадан жасалған ыдыспен қайта өңдеу кәсіпорындарына апарады.

113. Құтырма ауруымен ауырған малдар мен оларға күдікті малдардың болған орындары, күту заттары, сілекейлермен және басқа бөлінділермен ластанған киім мен басқа заттар дезинфекциялануы тиіс.

114. Құтырма вирусын жұқтыру қатеріне ұшыраған адамдарды анықтаған медицина қызметкерлері олар туралы аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органына және ветеринарлық қызметке хабарлайды.

115. Аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органы құтырма вирусын жұқтыру қаупі бойынша өтініштің әрбір жағдайы туралы:

1) тіркейді;

2) эпизоотологиялық-эпидемиологиялық тексеруді тез арада жүргізеді;

3) ауданның (қаланың) бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторына жануарларды оқшаулау және оларға ветеринариялық бақылау орнату мақсатында зақым салғаны белгілі жануарлар туралы хабарлайды;

4) құтырма вирусын жұқтыру қаупіне ұшырайтын және емдеу-профилактикалық иммундауды қажет ететін адамдардың тобын анықтайды және оларды травматологиялық бөлмеге (кабинетке), ал соңғысы болмаған жағдайда – хирургиялық кабинетке жібереді.

116. Емдеу-профилактикалық иммундау курсы құтырма вирусын жұқтыру қаупіне ұшыраған адамдарға жүргізіледі.

117. Құтырмаға күдікті адамдар жұқпалы стационарлардың жеке бокстарына емге жатқызылады.

7. Листериоздың алдын алу бойынша санитариялық-


Просмотров 552

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!