Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Ырым-Конго геморрагиялық қызбасының алдын алу бойынша



санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 

62. Қырым-Конго геморрагиялық қызбасының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар Қырым-Конго геморрагиялық қызбасы (бұдан әрі – ҚКГҚ) бойынша эндемиялық аумақта шағын топтардың жылына кемінде екі рет (сәуірде-маусымда және қыркүйекте-қазанда) зоологиялық-паразитологиялық тексеру жүргізу болып табылады; ерте және жылы көктем болатын жылдары тексеру наурызда басталады.

63. Шағын зоологиялық-паразитологиялық топтар санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары мен органдарының және обаға қарсы күрес ұйымдарының бейінді мамандарынан құралады.

64. Шағын зоологиялық-паразитологиялық топтар:

1) түрлері және биотоптары бойынша кенелер санын есепке алуды (көп болу, басымдылық және кездесу-кездеспеу индексін анықтау);

2) бақылау табындарында 5-10 мал басын тексеру жолымен олардың жұқтыру деңгейін бағалау үшін ауыл шаруашылығы жануарларынан кенелерді жинауды;

3) кенелердің түрлік құрамын анықтауды;

4) кенелердің әртүрлі даму кезеңдерінде олардың негізгі және жанама қоректендірушілерін айқындауды;

5) кенелер популяциясының санына табиғи, антропогенді және шаруашылық факторларының әсерін талдауды;

6) кенелердің тіршілік әрекеті цикліне фенологиялық бақылауды;



7) зертханалық зерттеу үшін ашық жерлерде және көбейетін орындарда (үй-жайлар, індер) кенелердің әртүрлі даму кезеңдерінде оларды жинауды;

8) кенелердің өте көп пайда болуы және олардың адамдарға белсенді шабуылы кезінде үй-жайларды тексеруді;

9) ҚКГҚ-мен ауыратын науқастар тіркелген кезде елді мекендерді тексеруді;

10) жаздық жайылымға көшкен кезде мал шаруашылығы үй-жайларын, ашық қораларды және уақытша орындарда кенелердің бар-жоғын тексеруді (айына кемінде 1 рет);

11) кенелерге қарсы іс-шаралар жүргізілгеннен кейін табиғи ошақ аумағында сауықтыру дәрежесін бағалауды жүзеге асырады.

65. ҚКГҚ-ның табиғи ошақ аймағындағы жергілікті атқарушы органдар жыл сайын:

1) кенелерге қарсы дәрілеу іс-шараларын жүргізу үшін дезинсекциялық құралдарды (препараттарды) қаңтардан кешіктірмей сатып алуды;

2) денсаулық сақтау, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау, ветеринариялық-санитариялық бақылау органдарының және өзге де ұйымдардың кенелерге қарсы іс-шараларды жүргізуін үйлестіруді;



3) мал шаруашылығы үй-жайларын, ҚКГҚ табиғи ошағы аймағында орналасқан елді мекендердегі жеке үй-жайларды тазалауды (қидан, қоқыстан) ұйымдастыруды;

4) малдарды жаздық жайылымға айдаған кезде уақытша орындарды, ашық қораларды және қоршаған аумақты тазалауды ұйымдастыруды жүзеге асырады.

66. ҚКГҚ бойынша эндемиялық аумаққа жыл сайын кемінде екі рет (көктем, күз) кенеге қарсы жоспарлы іс-шаралар жүргізіледі.

67. Кенелерге қарсы іс-шаралар алдын ала немесе шұғыл профилактика типі бойынша жүргізіледі.

68. Алдын ала профилактикалық жұмыстар алдыңғы өңдеу жылына алдын ала белгіленеді және жоспарлы тәртіппен орындалады; науқастар тіркелген жерлерде соңғы сырқаттану тіркелген кезден бастап кемінде екі жыл жүргізіледі.

69. Шұғыл алдын алу типі бойынша іс-шаралар өңдеу жоспарланбаған учаскелерде:

1) адамның ҚКГҚ-мен сырқаттануы тіркелген жағдайларда;

2) ҚКГҚ вирусының болуына кенелерді зерттеудің оң нәтижелері кезінде;

3) кенелердің саны көп болған кезде жүргізіледі.

70. Кенелерге қарсы іс-шаралар мына бағыттарда жүргізіледі:

1) ауыл шаруашылығы малдарындағы энзоотикалық ауруларды тасымалдаушы кенелерді және мал шаруашылығы қора үй-жайларындағы кенелерді жою – ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның бөлімшелері ұйымдастырады;

2) аула құрылыстарына кенеге қарсы өңдеу жүргізуді қоса алғанда, елді мекендердің жеке үйлеріндегі және мұнда ұсталатын малдардағы, оның ішінде үй құстарындағы кенелерді жою – үй және мал иелері жүргізеді;

3) кеміргіштерді терең дустациялау немесе аэрозоляциялау әдісімен кедергілік өңдеу (тұрақты немесе уақытша елді мекен айналасына қорғаныш аймағын құру) – аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау ұйымдары мен обаға қарсы күрес ұйымдары жүргізеді;

4) тұрақты немесе уақытша елді мекендерде үй жануарлары болатын бұталарды, суаттарды және басқа жерлерді инсектоакарицидті препараттармен өңдеу – жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті атқарушы органның ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері ұйымдастырады;

5) агротехникалық және жалпы санитариялық іс-шаралар (үй-жайларды және аумақтарды қи мен қоқыстан, бұталардан механикалық тазарту, жарықтарды жөндеу, ойықтарды, індерді алдын ала мазутпен, автолмен, керолинмен және көрсетілген заттар сіңірілген балшық құя отырып) - үй иелері мен шаруашылық субъектілері жүзеге асырады.

Барлық көрсетілген іс-шаралар бір уақытта жүргізіледі.

71. Кенелерге қарсы іс-шараларды жүргізу үшін Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген инсектоакарицидті құралдар пайдаланылады.

72. Қолдану түрі препараттарды тиімді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге тиіс.

73. Hyalomma asiaticum asiaticum кенелері басым аудандарда кенелерге қарсы іс-шаралар наурыз-шілдеде және қыркүйек-қазанда, Hyalomma anatolicum кенелері басым орындарда шілде-тамызда жүргізіледі. Ошақтың паразиттік жүйесінде аталған түрлерден басқа Dermacentor niveus кенелері болған кезде кенелерге қарсы іс-шаралар жылдың барлық жылы мезгілде жүргізіледі.

74. Кенелердің ерте белсенділігі кезінде кенелерге қарсы іс-шараларды бастау бір айға жылжытылады: кенелерге қарсы іс-шаралардың бірінші туры наурызда басталады және сәуірдің басынан кешіктірмей аяқталады. Өңдеулердің біреуін мал қырқу алдында 1-2 апта бұрын жүргізеді.

75. Өңдеулер еселігі қолданылатын акарицидтердің қалдық әсерінің ұзақтығына байланысты айқындалады; осыған байланысты өңдеулердің жиілігі жылдың барлық жылы мезгілінде айына 2-3-тен 2-3-ке дейін өзгеруі мүмкін.

76. Hyalomma тұқымдас кенелермен күресу үшін кез келген инсектоакаридті заттарды жұмсау нормасын Ixodes тұқымдас кенелерге ұсынылғанмен салыстырғанда 2,5-3 есе көбейтіледі.

77. Жайылымдарды инсектоакарицидті заттармен өңдеуді мал көп жайылатын жерлерде жүргізуге болмайды. Эндемиялық аймақта олар ретті (КҚГҚ қоздырғышы анықталған жылдан кейінгі келесі 1-2 жылға ошақтық учаскелерді айналымнан алып тастау) пайдаланылады.

78. Науқас адамдарды анықтауды ведомстволық тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері, сондай-ақ жеке практикамен айналысатын медицина қызметкерлері жүзеге асырады.

79. КҚГҚ-ның белгілері бар адам медициналық көмекке жүгінген кезде медицина қызметкерлері биологиялық қауіпсіздік (медицина қызметкерінің өзіне, науқасқа және барлық айналасында адамдарға қатысты) қағидаларын сақтай отырып, науқасты тез арада инфекциялық бөлімшеге емге жатқызады және эпидемиологиялық анамнез жинайды.

80. Этиологиясы белгісіз қызбаға байланысты амбулаториялық емделіп жүрген науқастар геморрагиялық синдром қосылған жағдайда, алғашқы тексеру кезіндегі аурудың ауырлық дәрежесіне қарамастан, биологиялық қауіпсіздік қағидаларын сақтай отырып, инфекциялық бөлімшеге шұғыл емге жатқызылады.

81. КҚГҚ-ге күдіктену немесе онымен ауыратын науқас анықталған кезде медициналық ұйым 3 сағат ішінде аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органына шұғыл хабарлама жібереді.

82. Сырттан келген адам КҚГҚ-мен сырқаттанған жағдайда, науқастың тіркелген орны бойынша аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органы 3 сағат ішінде оның тұрып жатқан орны бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органына хабарлайды.

83. Эндемиялық аумақта жоқ дегенде бір науқас бар бүкіл елді мекен КҚГҚ эндемиялық ошағы болып есептеледі; эндемиялық аймақтан тыс орналасқан қалаларда және кенттерде науқастың болған орны (бөлек үй, пәтер немесе медициналық мекеме) эндемиялық ошақ болып есептеледі.

84. КҚГҚ ошағындағы барлық жұмыстар арнайы қорғаныш костюмінде (бұдан әрі – қорғаныш костюмі), арнайы аяқ киіммен (етік немесе қонышы ұзын бәтеңке) және резеңке қолғаптармен жүргізіледі.

85. Қорғаныш костюмдері болмаған жағдайда, комбинезон немесе басқа да қорғаныш киім пайдаланылады; бұл ретте оның жоғарғы бөлігін шалбарға, ал шалбарды шұлыққа салады.

86. КҚГҚ ошақтарындағы жұмыс кезінде әр сағат сайын киімге түскен кенелерді уақытында анықтау үшін өзін-өзі тексеруді және бірін-бірі тексеруді жүргізу қажет.

87. Шағын зоологиялық-паразитологиялық топтардың персоналы қорғаныш киімінің импрегнациясы үшін аэрозольды акарорепелленттерді немесе ұнтақ тәрізді инсектоакарицидті заттарды пайдаланады. Импрегнация аптасына кемінде бір рет және әрбір кір жуған сайын жүргізіледі.

88. Ауыл шаруашылығы малдарын қырқу және жүндерді өңдеу қорғаныш киімі мен қолғаптарды киіп орындалады.

 

 

5. Бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызбаның алдын

алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық)

іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 

89. Бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызбаның (бұдан әрі - БСГҚ) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар жергілікті атқарушы органдар үшін БСГҚ бойынша қолайсыз аумақтарда мынадай шараларды сақтау болып табылады:

1) орман және орманды-паркті алқаптарды, елді мекендердің шегіндегі және оған іргелес аумақтардағы бақтарды тазалау;

2) күз мезгілінде (қазан-желтоқсан) БСГҚ-ның белсенді табиғи ошақтарында орналасқан елді мекендерде, рекреациялық аймақтарда және дәнді-дақыл шаруашылығы аймақтарында жаппай кенттік дератизациялауды ұйымдастыру;

3) БСГҚ бойынша энзоотиялық жердегі саяжай учаскелеріне, кәсіпорындардың құрылысына, сауықтыру және балалар мекемелеріне берілетін аумақтарға жаппай дератизациялау жүргізу.

90. Аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары мен ұйымдары және обаға қарсы күрес ұйымдары БСГҚ бойынша ошағы табылған аумақта жылына екі рет мыналарды қамтитын эпизоотологиялық тексеруді жүргізеді:

1) кеміргіштердің санын есепке алу (сәуір-мамыр айларының аяғында және қазанда);

2) кеміргіштердің көбею қарқындылығын бағалау және олардың санының өзгеруін қысқа мерзімді болжау;

3) хантавирустық антигеннің болуына зертханалық зерттеу үшін кеміргіштерді аулау;

4) ұсақ сүт қоректілер – вирусты тасымалдаушылардың хантавирусты жұқтыру деңгейін және адамдарға жұқтыру көзін анықтау;

5) ошақтық аумақты ландшафтылы-географиялық аудандастыру және БСГҚ белсенді табиғи ошақтарын анықтау.

91. Аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары мыналарды жүргізеді:

1) сырқаттанушылықтың динамикасын ретроспективті және жедел талдау;

2) БСГҚ-мен ауыратын науқастарды ерте анықтау және оларды тексерудің әдістемелік дұрыстығын бақылау;

3) тұрғындардың табиғи иммунитетінің деңгейін оқып зерделеу;

4) БСГҚ-ны жұқтыру қаупінің жоғарғы тобын анықтау;

5) БСГҚ-мен сырқаттанушылықтың көтерілуін және төмендеуін қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжау;

6) БСГҚ эпидемиологиясы және алдын алу мәселелері бойынша медицина қызметкерлерін даярлау.

92. БСГҚ эпизоотологиялық үдеріс өршіген және онымен сырқаттанушылық өскен жағдайда аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органы:

1) денсаулық сақтау ұйымдарының, ветеринариялық және коммуналдық қызметтердің, орман шаруашылығының, сауда, қоғамдық тамақтану, сауықтыру ұйымдарының БСГҚ-ның алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүргізуін үйлестіреді;

2) БСГҚ ошақтарының өршіген орындарына эпизоотологиялық тексеру жүргізу;

3) елдімекендердің, сауықтыру, балалар, сауда және басқа да ұйымдардың санитариялық жағдайын рейдтік тексеруді ұйымдастыру;

4) адамдардың жұқтырған орындарын және жағдайларын анықтай отырып, аурулардың көп болуы жағдайларын эпизоотологиялық-эпидемиологиялық зерттеу;

5) елдімекендерге және басқа да тұрғындардың шоғырланған орындарына жалғасқан орманды алқаптардың бес жүз метрлік жолағына кедергілік дератизациялау жүргізу;

6) БСГҚ-мен ауыратын науқастарды және соларға ұқсас жағдайда болған адамдарды анықтау мақсатында үй-үйлерді аралауды ұйымдастыру;

7) БСГҚ бойынша қолайсыз аумақтардағы амбулаториялық-емханалық мекемелерге, стационарларға, фельдшерлік-акушерлік пункттерге хантавирустық инфекцияның болуын айғақтайтын диагноздары бар науқастардың (соңғы 1-2 айда) келуін талдау;

8) санитариялық-ағарту жұмысын күшейту.

93. БСГҚ-ның табиғи ошақтарының аймағында орналасқан жазғы сауықтыру ұйымдарында оларды ашпас бұрын мынадай талаптарды орындау қажет:

1) орман алаптарын бес жүз метрлік аймақта қоқыстан, шөпшектерден, қураған ағаштардан, қалың бұталардан тазарту;

2) кеміргіштердің шаруашылық құрылыстарға және тұрғын үй-жайларына кіре алмауын қамтамасыз ету;

3) аумақта және құрылыстарда тышқан тәрізді кеміргіштерді жою бойынша іс-шаралар жүргізу;

4) бес жүз метрлік аймақта уланған жемдерді жасырын бере отырып, кедергілік дератизациялауды ұйымдастыру;

5) төсек-орын жабдықтарын 6-8 сағат бойы күнге желдетіп, кептіру және төсек-орын жабдықтарын камералық өңдеу жүргізу;

6) сауықтыру маусымы басталар алдында, одан кейін әрбір ауысым басталар алдында үй-жайларда ылғалды дезинфекциялау жүргізу;

7) БСГҚ профилактикалық шаралар бойынша персоналға нұсқама жүргізу;

8) Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген ұзақ әсер ететін родентицидті заттарды қолдана отырып, жаздық маусымдық сауықтыру мекемелерін қыс мезгіліне консервациялауды жүргізу.

 

 

6. Құтырманың алдын алу бойынша санитариялық-


Просмотров 1027

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!