Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды



Санитариялық қағидалары

 

 

Жалпы ережелер

1. Осы «Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалар (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алуға бағытталған санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.

2. Осы Санитариялық қағидалардың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау және ветеринариялық-санитариялық бақылау органдары өз құзыреті шегінде жүзеге асырады. 3. Осы Санитариялық қағидадалар мынадай ұғымдар пайдаланылды:1) аса қауіпті инфекциялар – халық арасында өлім-жітімді көбейтіп, жаппай белең алатын, үлкен аумақтарға тез таралатын және адамдардың көпшілігін зақымдайтын, адамнан адамға берілуге қабілетті аурулар (эпидемиялық белең алулар мен эпидемиялар);2) мәжбүрлеп сою – қырылуды болдырмау мақсатында немесе емдеудің экономикалық жағынан тиімсіздігіне байланысты ауру малды сою;

3) инфекциялық ауру қоздырғышының резервуары – патогенді микроорганизмдердің биологиялық иелері;

4) инфекция тасымалдаушылар – табиғатта ауру қоздырғыштары болып табылатын жылы қанды жануарлар, ең алдымен кеміргіштер және басқа да ұсақ сүт қоректілер (сирек жағдайда құстар);



5) инфекция таратушылар – негізінен салқын қанды омыртқасыз жануарлар, атап айтқанда қан соратын жәндіктер, кенелер;

6) инсектоакарицидтік қасиет – құралдың (препараттың) жәндіктерді ғана емес, кенелерді де жоятын қасиеті;

7) импрегнация – адамға қан сорушыларды жақындатпау мақсатында сыртқы киімді инсектицидтермен немесе репеллентермен өңдеу;

8) контаминация (жанасу) – қоршаған ортадағы заттарда микроорганизмдердің табылуы;

9) қауіп төндіретін аумақ – күйдіргі бойынша қолайсыз елді мекенмен тікелей шекараласатын аумақ немесе адамдар мен жануарлардың ауруға шалдығу қаупі бар аумақ;

10) қорғаныш аймағы – инфекция тасымалдаушылары және/немесе таратушылары жойылған елді мекеннің айналасындағы аумақ;

11) резистенттілік– пестицидтердің, улы химикаттардың және басқа да агенттердің әсеріне шыдамдылық;

12) күйдіргі бойынша стационарлық-қолайсыз пункт (СҚП) – топырақты ошақ немесе адамның немесе жануардың күйдіргіге шалдығу жағдайы тіркелген аумақтағы пункт;



13) табиғи ошақ – белгісіз ұзақ уақыт бойы сырттан әкелместен ауру қоздырғышының айналымы жүзеге асырылатын жер бетінің учаскесі;

14) топырақты ошақтар – күйдіргіден қырылған малдың өлген, сойылған, мүшеленген және өлекселерінің заңсыз көмілген жерлері;

15) физикалық күресу әдісі – пестицидтерді (улы химикаттарды) қолданбастан, кеміргіштерді немесе буын аяқтыларды жоюдың агротехникалық іс-шараларын, механикалық құрылғыларды, жабысқақ массаларды және басқа да әдістерді қолдану;

16) химиялық күресу әдісі – инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын таратушыларды және тасымалдаушыларды пестицидтер мен улы химикаттарды пайдалана отырып жою;

17) эпидемиялық ошақ – науқас адамның тұратын жері;

18) эпизоотиялық ошақ – инфекция қоздырғышының көзі, берілу факторлары және сезімтал жануарлар орналасқан, шектелген орын.

Күйдіргінің алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

4. СҚП-да және күйдіргі бойынша қауіп төндіретін аумақтарда санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) және эпизоотияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар ветеринария саласындағы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің мынадай шараларды сақтауы болып табылады:

1) күйдіргінің эпизоотиялық ошақтарын, күйдіргінің топырақты ошақтарының координаттары мен шекараларын белгілеу арқылы СҚП анықтау және тіркеу;

2) топырақты ошақтарды бүкіл периметрі бойынша ормен және қоршаулармен қоршау, «күйдіргі» деген жазуы бар тақтайшаларды ілу;

3) ішкі сауда, малдан алынатын шикізат пен өнімді дайындау, сақтау және өңдеу объектілерінде мал топтасатын жерлердің ветеринариялық-санитариялық жағдайын бақылау;

4) мал қорымдарының, мал айдайтын трассалардың, мал шаруашылығы объектілерінің жағдайын бақылау;

5) СҚП-да, мал шаруашылығы қожалықтарында, мал сою пункттерінде, малдан алынатын шикізат пен өнімді дайындайтын және сақтайтын жерлерде, мал таситын барлық көлік құралдарында, мал өнімін қайта өңдейтін кәсіпорындардағы өндірістік үй-жайларда профилактикалық дезинфекция жүргізу.

5. СҚП-да және күйдіргі бойынша қауіп төндіретін аумақтарда санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері мынадай талаптарды сақтауы қажет:

1) күйдіргінің эпидемиялық ошақтарын анықтау және тіркеу, күйдіргінің топырақты ошақтарының координаттары мен шекараларын белгілей отырып СҚП-ны картаға түсіру;

2) халықпен, сондай-ақ күйдіргінің инфекция көздерін, факторларын және оның таралу жолдары мен профилактика шараларын көрсете отырып, малдан алынатын шикізатты дайындау, жинау, сақтау, тасымалдау, қайта өңдеу және өткізумен айналысатын адамдар арасында санитариялық-ағарту жұмысын жүргізу;

3) эпидемиялық ошақтарда профилактикалық, ағымдағы және қорытынды дезинфекция жұмыстарын жүргізу.

6. СҚП-да және қауіп төндіретін аумақтарда:

1) тиісті аумақтағы ветеринариялық-санитариялық инспектордың рұқсатынсыз еріксіз түрде мал союға;

2) санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз және ветеринария саласындағы аумақтық органның келісімінсіз топырақ алуға және ауыстыруға байланысты агромелиоративтік, құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді.

7. Қазақстан Республикасының аумағында ветеринариялық-санитариялық сараптамасыз ет және ет өнімін өткізуге тыйым салынады.

8. Топырақты ошақтардың санитариялық-қорғаныш аймақтарының көлемін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы және ветеринария саласындағы уәкілетті органдар бірлесіп белгілейді.

9. Санитариялық-қорғаныш аймағында топырақты қазуға және ауыстыруға, оның су басуына байланысты қазу, гидромелиоративтік, құрылыс және басқа да жұмыстар үшін, сондай-ақ жалға беруге, жеке меншікке сатуға, бау-бақша немесе өзге де мақсатта пайдалану үшін жер учаскелерін бөлуге жол берілмейді.

10. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің мемлекеттік ветеринариялық қызмет органдары Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша күйдіргіге қарсы вакцинаны қолдану жөніндегі нұсқаулықта көзделген тәртіппен және мерзімдерде ауыл шаруашылығы малдарына профилактикалық вакцинациялау жүргізеді. Вакцинация өткеннен кейін 14 күн бойы вакцинацияланған барлық малдарға бақылау жүргізіледі.

11. Күйдіргіге қарсы вакцинациялау жүргізу вакцинацияланған малдың (түрлері бойынша) санын, вакцинаның, дайындаушы кәсіпорынның толық атауын, сериясы мен бақылау нөмірлерін, дайындау күні мен қолданылған вакцина санын көрсете отырып, актімен ресімделеді. Актіге мал иелерінің қолы қойылған вакцинацияланған малдың тізімі қоса беріледі.

12. Вакцинациядан кейін 14 тәулік ішінде күйдіргіге қарсы вакцинацияланған малды етке союға және вакцинациядан кейін 14 тәулік өткенше өлген малдың терісін алуға жол берілмейді.

13. Мал өнімдерін және шикізатын дайындау, қайта өңдеу, өткізу ұйымдарында меншік түріне қарамастан, мынадай талаптарды сақтауы қажет:

1) тұтас еттерге және малдың ішкі ағзаларына ветеринариялық тексеру және ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу, зертханалық зерттеулерді жүзеге асыру;

2) ет пен басқа да өнімді зарасыздандыру, пайдалануға жарамсыз болған жағдайда оны кәдеге жарату;

3) ет өнімін арнайы оқшауланған және сүргі салынған камераларда, тоңазытқыштарда сақтауды және ветеринариялық зертханалық зерттеулер жүргізу кезеңінде күйдіргі қоздырғыштарын жұқтыруға күдікті еттің сақталуын қамтамасыз ету.

14. Мал өнімі мен шикізатын дайындау, қайта өңдеу және өткізу ұйымдарында жыл сайын және жұмысқа қабылдау кезінде өндірістік қызметі малды күтуге, ұстауға және бағуға, мал өнімі мен шикізатын сақтауға, тасымалдауға, қайта өңдеуге және сатуға байланысты жұмыскерлерді күйдіргінің алдын алу қағидаларына оқытуды жүргізеді.

15. Адамдарды күйдіргіге қарсы профилактикалық вакцинациялауды (ерекше профилактика) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысымен бекітілген Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарына сәйкес аумақтық денсаулық сақтау органы жүргізеді.

 

16. Күйдіргіге қарсы жоспарлы вакцинацияны мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары халықтың мынадай контингентіне жүргізіледі:

1) күйдіргі қоздырғышының болуына зерттеу жүргізетін зертханалардың қызметкерлері;

2) ет комбинаттарының, мал сою пункттерінің және мал шаруашылығының ішкі сауда өнімі объектілерінің жұмыскерлері;

3) малдан алынатын шикізатты жинау, сақтау, тасымалдау және бастапқы өңдеумен айналысатын адамдар.

17. Өлген малдың тұтас етін ашу және бөлшектеу барысында күйдіргіге күдіктенген жағдайда жұмыс тоқтатылады.

18. Малдардың күйдіргімен сырқаттану және күйдіргіге күдікті малдардың өлу жағдайлары тіркелгені туралы ақпаратты алған кезде тиісті аумақтың Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы ауру және өлген малдарға тексеру жүргізеді.

19. Күйдіргіге күдік туындаған кезде малдың өлексесінен патологиялық материалдың мынадай үлгілері алынады және ветеринариялық зертханаға жіберіледі:

1) құлақ тілігінің, перифериялық тамырлардың қаны немесе құлақ жарғағы кесіп алынады және жіберіледі (алдын ала өлексе жатқан жақтан екі лигатура қояды, тіліктің шеттерін күйдіреді);

2) қан аралас сұйықтықтар болған жағдайда ауыз және мұрын қуыстарынан алынған шайындылар.

20. Жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық қызметі сараптама нәтижелерін алғанға дейін күйдіргінің болуына күдікті малдың өлекселерін осы Санитариялық қағидалар талаптарына сәйкес қажетті биологиялық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жояды.

21. Патологиялық материал биологиялық қауіпсіздік шаралары сақтала отырып, ветеринариялық зертханаға қолма-қол жіберіледі. Ветеринариялық зертханада материал микроскопиялық (материал түскен күні), бактериологиялық (үш тәулік ішінде), биологиялық (10 тәулік ішінде) әдістермен зерттелуі тиіс.

22. Микроскопиялық зерттеулердің алдын ала оң қорытындысын алған кезде ветеринариялық қызмет тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторын хабардар етеді.

23. Тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органына шұғыл хабарлама жібереді және санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің өкілімен бірлесе отырып, эпизоотиялық-эпидемиологиялық тексеру жүргізеді, күйдіргі қоздырғышын жұқтырды деп күдік тудырған өнімді (сүт, ет, тері) өткізуге және әкетуге жол бермейді.

24. Ветеринариялық зертхана түпкілікті оң нәтижені растаған кезде жергілікті атқарушы орган тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынымы бойынша карантин енгізеді, бұл кезде:

1) малдың барлық түрлерін кіргізуге және әкелуге, шығаруға және әкетуге;

2) малдан алынатын шикізат пен өнімді дайындауға және әкетуге, шаруашылық ішінде малды айдауға;

3) ауру малдың сүтін пайдалануға;

4) малдарды етке союға;

5) өлген малдарды ашуға және олардың терісін алуға;

6) кезек күттірмейтіннен басқа ветеринариялық хирургиялық операцияларды жүргізуге;

7) СҚП аумағына бөгде адамдардың кіруіне, оның аумағына объектіге қызмет көрсетуге байланысты емес көліктің кіруіне;

8) табиғи су қоймаларынан малдарды суаруға;

9) малдарды және малдан алынған өнімдерді сатуға, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін, көрмелерін (аукциондар) және адамдар мен малдар жиналатын басқа да қоғамдық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

25. Карантин өлім-жітім болған соңғы жағдай тіркелген күнінен бастап 15 күн өткеннен соң алынады.

26. Тиісті аумақтағы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, сондай-ақ аумақтық ветеринариялық-санитариялық бақылау органдары санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен бірлесіп, эпизоотиялық ошақты жою бойынша іс-шаралар жоспарын құрады.

27. Күйдіргінің эпизоотиялық ошағында ветеринариялық қызмет мамандары күйдіргі аллергені бар тері-аллергиялық сынамамен зерттелетін шошқалардан басқа, барлық мал басына клиникалық тексеру жүргізеді.

28. Жергілікті атқарушы органдар ветеринария саласындағы уәкілетті органның ұйымымен бірлесіп күйдіргі ауруымен ауырған және одан өлген малдар болған аумақтар мен үй-жайларды тазалауды және дезинфекциялауды ұйымдастырады, малдарды өңдеуді Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген инсектицидтермен және дезинфекциялаушы құралдармен жүргізеді.

29. Күйдіргі ауруымен ауырған немесе одан өлген малдар болған учаскелерден дақылдар, қатты және жұмсақ жемдер шығарылмайды, олар сол жерде жойылады немесе оларды күйдіргіге қарсы вакцинациялау жүргізілген малға береді.

30. Күйдіргі бойынша қолайсыз малдан алынған шикізат және өнім анықталған кезде оны дайындау, сақтау және өңдеу жөніндегі ұйымдарда Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» № 339-ІІ Заңына (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңы) сәйкес карантин енгізіледі. Малдан алынған өнімдер және шикізат жойылады.

31. Күйдіргі бациллаларымен контаминацияланған малдан алынған шикізат және өнімдерді дайындау, сақтау және өңдеуді жүзеге асыратын үй-жайларда Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген құралдармен дезинфекциялық іс-шаралар жүргізіледі.

32. Күйдіргі ауруымен ауыратын немесе оған күдікті науқасты немесе пациентті анықтаған денсаулық сақтаудың мемлекеттік және мемлекеттік емес секторындағы медициналық ұйымдар оны инфекциялық стационарға, ол болмаған жағдайда оқшауланған жеке терапевтік палатаға (боксқа) жатқызады, ол жерде оған биологиялық қауіпсіздік қағидалары сақтала отырып, білікті терапевтік көмек көрсетіледі.

33. Күйдіргі ауруымен ауыратын науқас немесе оған күдікті анықталған жағдайда оларды ведомстволық тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан, медициналық ұйымдар 3 сағат ішінде аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органына шұғыл хабарлама жібереді.

34. Диагнозды анықтаған немесе өзгерткен медициналық ұйым 12 сағат ішінде ауру анықталған жердегі аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органына өзгертілген диагнозды, оны белгілеу күні мен бастапқы диагнозды көрсете отырып, жаңа шұғыл хабарлама жібереді.

35. Күйдіргімен ауыратын науқас немесе оған күдікті анықталған кезде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органы ветеринария саласындағы аумақтық уәкілетті органға хабарлайды.

36. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органының мамандары ветеринария саласындағы аумақтық органның өкілімен бірлесіп, эпизоотологиялық-эпидемиологиялық тексеру жүргізеді.

37. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары күйдіргінің эпидемиялық ошағында мыналарды қамтамасыз етеді:

1) науқас адамдарды анықтау және ауруханаға жатқызу;

2) қорытынды дезинфекция жүргізу;

3) ошақты оқшаулау және жою бойынша іс-шаралар жоспарын құру.

38. Медициналық ұйымдар эпидемиялық ошақта үй-үйді аралауды, инфекция көзімен байланыста болған адамдарды бақылауды, шұғыл профилактиканы және санитариялық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

39. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары мен науқас емге жатқызылған инфекциялық стационарлар және обаға қарсы станциялардың зертханалары науқастардан немесе күйдіргіге күдікті адамдардан материал алуды және оны зерттеуді жүргізеді.

40. Аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар күйдіргімен ауыратын науқас немесе оған күдікті анықталған жағдайда ет және ет өнімінен, сыртқы орта объектілерінен (топырақ, заттардан алынған шайындылар) сынама алады және оларға зерттеу жүргізеді.

 

3. Туляремияның алдын алу бойынша санитариялық-

эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды


Просмотров 1252

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!