Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






азақстан Республикасындағы судьяның құқықтық мәртебесі



Сот құрылысында барлық деңгейдегі судьялар айрықша орын алады, өйткені судья – бұл Қазақстан Республикасындағы сот билігінің өкілі. Ол конституциялық тәртіппен сот төрелігін жүзеге асыру және өзінің міндеттерін кәсіби негізде орындау өкілеттіктеріне ие. Обьективті және байыпты сот ісін жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында судьяларға белгілі бір талаптар қойылады:

Ол талаптар төмендегідей:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарын бұлжытпай сақтау;

2) Сот төрелігін іске асыру жөніндегі өзінің Конституциялық міндетін орындаған кезде, сондай-ақ қызметтен тыс қарым-қатынаста судья әдебі талаптарын сақтауға және судьяның беделі мен қадір-қасиетін түсіретін немесе оның әділдігі мен алаламаушылығына күмән туғызатын барлық нәрседен аулақ болу;

3) Сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметке заңсыз араласудың кез келген әрекеттеріне қарсы тұру;

4) Судьялар кеңесінің құпиясын сақтау;

Судьяның лауазымы депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқарумен, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кірумен сайыспайды.

Судьялар партияларға, кәсіптік одақтарға кіре алмайды, қандай да бір саяси партияны қолдап немесе оған қарсы сөз сөйлеуіне болмайды.



Осы көрсетілген аса жоғары талаптарға байланысты, Алматы облыстық және аудандық соттар тәжірибесінен төмендегі мысалды келтіруге болады.

1999 жылы Алматы облысының аудандық( қалалық) соттарында шешім шығару жолымен барлығы 10804 азаматтық іс қаралған.

Ал облыстық сотқа кассациялық сатыда қарау үшін 536 іс келіп түсіп, істерді қараудың нәтижесінде 152 сот шешімдері бұзылып, 44 сот шешімі өзгерген( тиісінше 28,35 және 8,2).

Азаматтық істерді бақылау тәртібімен қараған кезде 236 сот шешімі бұзылып, 119 сот шешімі өзгерген.

Сот шешімдерінің бұзылуы мен өзгеруіне судьялардың теориялық дайындықтарының төмен болғандығы, тәжірибелерінің аздығы, материалды және ісжүргізу заңдырының талаптарын сақтамау сияқты жағдайлар себеп болды.

Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес судьялар Сот төрелігін жүргізген кезде ешкімнің де алдында есеп бермейді. Олар қаралған немесе өндірісте жатқан істер жөнінде қандай да түсініктер беруге, заңда көзделген жағдайлар мен тәртіп ретінде болмаса, ол істерді танысу үшін әлдекімдерге беруге міндетті емес. Егер судья сауатты және аса тәжірибелі болса, онда Конституцияның бұл ережесінің іске пайдасы тиеді, яғни сот қызметіне араласуға болмайды. Егер судьяның білімі жеткіліксіз болса, онда сот процесінің нәтижесі күткендегідей болмайды.



Орыстың осы заманғы көрнекті ойшылдарының бірі судьяның қызметін тарихшының қызметімен салыстарған болатын. Тарихшыға да ірі қорытындылар мен тұжырымдар жасау үшін салмақты да сындарлы фактілер қажет, судьяға да шешім шығару үшін айғақты, күмәнсіз фактілер керек. Судья мен тарихшы арасындағы айырмашылық мақсаттарында (ақиқаиқа көз жеткізуде), құралдарында да (фактілер мен логикалық ойлауларында) емес – айырмашылық сендіру нәтижелерінде ғана. Тарихшы қателесті делік, ол өзінің, негізсіз айыптауларымен немесе масқара жаласымен ұлы адамның атына кір келтіреді, мұның зардабы сонша ауыр болмаса керек-ті. Мұндай үкімнің дұрыс еместігі туралы барлық кезде келешек ұрпаққа шағымдануға жол беріледі: сөйтіп, екінші бір тарихшы деректерден ғасыр шаңын қайта қағып, қателікті түзетіп, шындықты қалпына келтіреді. Ал сот үкіміне сотталушының ар-ожданы, бостандығы мен өмірі тікелей байланысты. Судьяның қателігін асығыс ойламай жасаған шешімінің зардабын күнәсіз жан көз жасымен, қайғы-қасіретімен, төгілген қанымен өтейтін болады.[28]

Нәтижесінде кінәсіз адамдар зардап шегуі немесе керісінше, қылмыскер ақталып кетуі мүмкін, сот қателіктеріне жол бермеу мақсатында кезінде сот қызметкерлеріне аттестация да жүргізілген болатын, бұл судьялардың заңдарды білуін қаматамасыз етуге және олардың сапалық жағынан жаңа сот құрылысын қалыптастыру ісіне қолдануына, соның негізінде сот төрелігінің шынайы құндылығын жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Судьялар, олардың отбасы мүшелері мен мүлкі мемлекеттің қорғауында болады, тиісті органдар судьялар мен отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оларға тиесілі мүлікті сақтауға, судьядан немесе оның отбасы мүшелерінен тиісті өтініш түскен жағдайда, дер кезінде және барлық шараларды қолдануға міндетті. Судьяға және оның мүлкіне, кәсіптік қызметіне байланысты келтірілген зиян республикалық бюджеттің қаражаты есебінен өтеледі.

Судьяны, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған жағдайларды қоспағанда, тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, Жоғарғы Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген Қазақстан Республикасының Президентінің келісіміесіз, ал Конституцияның 55-бабыныңт 3) тармақшасында белгіленген жағдайда, Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Судьяларға қатысты қылмыстық істі Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры ғана қозғай алады.

Судьяға Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген тәртіппен куәлік береді.

Заң адал, өз ісіне қалтықсыз берілген, заңдылықты сақтаудың озық үлгісін көрсеткен судьяларды қорғау жағдайларын, ал өз қызмет бабына салақ, немқұрайлы қарайтын, судьялар әдебі кодексін, заң талаптарын бұзуға жол берген судьяларды қызметтен босатудың себептерін қарастырған.

Судьяны қызметтен босату және оның өкілеттігін тоқтатудың негіздері мына жағдайларда орын алады:

1) орнына түскенде немесе өз тілегі бойынша судья қызметінен босағанда;

2) медициналық қорытындыға сәйкес кәсіптік міндеттерін одан әрі атқаруға кедергі болатын денсаулық жағдайы бойынша;

3) судьяны іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетте қабілеті шектеулі деп тану не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенде;

4) судьяға қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енгенде;

5) Қазақстан Республикасының азаматтағынан айырылғанда;

6) Судья қайтыс болған немесе соттың оны қайтыс болды деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген жағдайда;

7) Судья басқа лауазымға тағайындалған, сайланған және басқа жұмысқа ауысқан жағдайда;

8) Егер судья басқа соттағы бос қызмет орнына орналасуға келісімін бермесе, сот таратылған немесе оның өкілеттік мерзімі өткен жағдайда.

Судьяны қызметтен босату туралы шешім:

1) Жоғары Соттың Төрағасы, алқа төрағалары мен судьяларына қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша - Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының қаулысымен;

2) Облыстық соттың төрағасы, алқа төрағалары мен судьялары, аудандық соттың төрағасы мен судьясына қатысты - Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен қабылданады.

Республиканың сот құрылысы ұдайы жетілу үстінде. 1994 жылы-ақ елде құқықтық реформа басталды. 1999 жылғы тамызда реформаның екінші кезеңін жүзеге асыруға байланысты бағдарламалар талқыланды. Оның мақсаты – қол жеткенді баянды етіп, Қазақстан Республикасында сот құрылысын одан әрі жетілдірі. Бұл, сөзсіз, демократиялық мемлекеттегі басты Конституциялық кепілдік – сот немесе нақты сот төрелігі деп тұжырым жасайтын жалпы жұрт таныған ережелерден туындайды. Сот мемлекеттік орган ретінде әрекет ете отырып, жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының сақталуына әлеуметтік бақылау жасау, өмірдің кез келген саласында қоғам мүшелері мен мемлекет арасындағы дауларды шешу сияқты өзіндік ерекшілігі бар функцияларды жүзеге асырады.

 

Орытынды

Қазақстан Республикасындағы “сот билігі” институты туралы ғылыми зерттеулерді, тәжірибелік тоқтамдар мен ұсыныстарды аяқталды деп есептеуге әлі тым ерте.

Қоғамда болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтардың мазмұнына жүгінсек, аталған тақырыптың кең ауқымын, өміршеңдігін байқауға болады.

Сот жүйесін дамытуда жасалған маңызды жетістіктер: алқа заседательдері институтын енгізу мәселесінің нақты түрде қаралуы, экономикалық және әкімшілік соттардың құрылуы. Сот реформасы жақсы дамығанымен, судьялар өздеріне берілген құзырет шегінде үлкен мөлшердегі жұмысты атқаруға мүмкіндіктері жоқ. Сонымен бірге заңдар мен Конституция арасында сәйкессіздік болатын жағдайлар, судьяларды негізгі қызметінен оқшауландырады.

Соттарды реформалау жүргізілген жылдарда құқықтық база кеңейіп, сот төрелігіне қол жетімділік артты. Бүгін сотта өз құқықтарын талап ету мүмкіндігі ешқандай шектелмейді. Азаматтардың сот төрелігіне қол жетімділігінің нанымды шындығы – соттардың орындайтын жұмыс көлемінің өсуі. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі 10 жыл ішінде соттарға келіп түскен азаматтық істер 97710-нан 188860-қа дейін, яғни есеге өсті. Соттар азаматтардың шағымдары мен арыздарының 90% астамын қанағаттандырады, бұзылған құқықтарды қалпына келтіру кепілдігінің жоғары дәрежесі туралы куәландырады.

Сонымен қатар қазақстандық заңгерлер басқа мемлекеттердің заңгерлерімен халықаралық қатынастары жақсы дамып келеді. Мысалы ретінде Жоғарғы Соттың төрағасы Кайрат Мамидің АҚШ-тың Жоғарғы Сотының судьясымен Сандрой О’Коннормен, Түрік Республикасының әділет министрі Джемиля Чичекамен және т.б. кездесулерді айтуға болады. Бұл кездесулер нәтижесінде екіжақты ынтымақтастық мәселелері жақсартылады.

Қазақстан дүниежүзілік қоғамдыстықта жақсы беделге ие. “Халықаралық соттық реформа” ұйымының төрағасы баронесса Вивьен Стерн Қазақстанның соттық-атқарушылық жүйесі жақын уақытта Орталық Азия елдеріне үлгі бола алады деп пікір білдірген болатын. Көптеген шетелдің жоғары лауазымға ие тұлғалар Қазақстанды Орталық Азиядағы саяси және экономикалық, құқықтық реформаларды жүзеге асыруда лидер ретінде таниды.

Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі, соның ішінде сот жүйесі халықаралық талаптарға сай дамымай, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және басқа да салаларында жетістікке жетуге қиынға соғады.

Қазақстанда демократиялық бағыттағы дамыған сот жүйесін құруда айтылып кеткен жұмыстар жүзеге асырылуда. Осындай қызметтерді жүзеге асыру арқылы осы жылы Президенттің халыққа жолдауында көзделгендей Қазақстан 50 дамыған мемлекеттердің құрамына кіретініне сенемін.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Нормативтік актілер:

 

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы – Конституция Республики Казахстан. Алматы: “Қазақстан”, 1998, 96-б.

2. “Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы” 2000 жылғы 25 желтоқсандағы №132-II Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы // Құқық қорғау органдары. Заң актілерінің жиынтығы. – Алматы: ЮРИСТ, 2002. – 154б.

3. “Жоғарғы Сот Кеңесі туралы” 2001 жылғы 28 мамырдағы № 203-II ҚР Заңы.

4. «Әділет біліктілік алқасы туралы» 2001 жылғы 11 шілдедегі № 234 ҚР Заңы.

 

2. Арнайы әдебиет:

1. Халиков К.Х. Некоторые вопросы борьбы с преступностью в Казахской ССР. Развитие демократических начал в организации и деятельности суда. Алма-Ата. 1987.

2. Алиев Мирбашир Мирахмед Оғлы. «Қазақстан Республикасының Сот жүйесі мен құқық қорғау органдары». Астана, 2004

3. Мақұлбеков Б.Д. Қазақстан Республикасының сот билігі: оқу құралы – Алматы: Айдана, 2003. – 146 бет.

4. Нарикбаев. М.С. Казахстан: Судебно-правовая реформа и дальнейшие пути ее совершенствования // Жинақта: Проблемы реализации судебно-правовой реформы в постсоветских государствах: опыт и суждения. Астана, 1998, 7-бет

5 5. Нәрікбаев М. Ұлы билерден Жоғарғы Сотқа дейін. Алматы, 1999 ж.

6. Сапаргалиев М. Организация Советского суда в Казахстане, Алма-Ата, 1954 г.

7. Тимофеев В. Судебная система суда РФ. 1994 г.

8. Шаламов М. Судебное устройство Казахстана. Москва, 1941 г.

9. Халиков К.Х. Проблемы судебной власти в РК. Алматы, 1998 г. С. 3-4.

10. Сулейменова Г.Ж. Суд и судебная власть в РК. – Алматы, 1994. – 236 бет.

11. Комментарий к Федеральному конституционному закону « О судебной системе РФ»/ В.И. Радченконың редакциялығымен,-М., 1998. 6-бет.

12. Баглай М.В. Конституционное право Российской федерации. – М., 1998.-612-613 бет.

13. Козлов Е.И., Кутафин О.Е. Конституционное право Росии. М. 1995. С.33

14. Мами К.А. Становление и развитие судебной власти в РК. – Астана: Елорда,2001

15. Савицкий В.М. Организация судебной власти в РФ. – М., 1997. – 20-бет

 


[1] Қазақстан Республикасының Конституциясы-Конституция Республики Казахстан. Алматы: «Қазақстан», 1998, 96-б.

[2] Нарикбаев. М.С. Казахстан: Судебно-правовая реформа и дальнейшие пути ее совершенствования // Жинақта: Проблемы реализации судебно-правовой реформы в постсоветских государствах: опыт и суждения. Астана, 1998, 7-бет

[3] Сапаргалиев М. Организация Советского суда в Казахстане, Алма-Ата, 1954 г.

[4] Тимофеев В. Судебная система суда РФ. 1994 г.

[5] Нәрікбаев М. Ұлы билерден Жоғарғы Сотқа дейін. Алматы, 1999 ж.

[6] Шаламов М. Судебное устройство Казахстана. Москва, 1941 г.

[7] Халиков К.Х. Проблемы судебной власти в РК. Алматы, 1998 г. С. 3-4.

[8] Сулейменова Г.Ж. Суд и судеьная власт в РК. – Алматы, 1994. – 236 бет.

[9] Комментарий к Федеральному конституционному закону « О судебной системе РФ»/ В.И. Радченконың редакциялығымен,-М., 1998.-6-бет.

[10] Баглай М.В. Конституционное право Российской федерации. – М., 1998.-612-613 бет.

[11] Козлов Е.И., Кутафин О.Е. Конституционное право Росии. М. 1995. С.33

[12] Мами К.А. Становление и развитие судебной власти в РК. – Астана: Елорда,2001

[13] Савицкий В.М. Организация судебной власти в РФ. – М., 1997. – 20-бет

[14] Мами К.А. Становление и развитие судебной власти в РК. – Астана: Елорда, 2001.

[15] Судоустройство и правоохранительные органы в РФ/ В.И.Швецовтың жалпы редакциялығымен, - М., 1997.- 27-33беттер.

[16] Кальсин И. Свобода слова и правосудие. Жинақта: Журналист у судебного барьера. – Алматы, 2001. – 28-бет.

[17] Гуценко К.Ф., Ковалев М.А. Правоохранительные органы.-М., 1996-55 бет.

[18] Сулейменова Г.Ж. Суд и судебная власть В РК. - Алматы, 1994. – 17-18 беттер.

[19] Ибрагимов Х.Ю. Правоохранительные органы РК. – Алматы:Дәнекер,2000. – 11-бет.

[20] Халиков К.Х. Некоторые вопросы борьбы с преступностью в Казахской ССР. Развитие демократических начал в организации и деятельности суда. Алма-Ата. 1987.

[21] Кудряцев В.Н. Право и поведение. М. 1988. С.118.

[22] Международно-правовая защита прав и свобод человека. Сборник документов. М.1990. С.324-329

[23] Международный пакт о гражданских и политических правах от 16 декабря 1966. С.14

[24] Обязанности суда, обвинения и защиты. «Юридическая газета». 1999.10 ноября.

[25] Стецовский Ю.И. Судебная власть. М. 1999. С.157-158.

[26] Токвил А. Де. Демократия в Америке. – М.Прогресс, 1992. – С.120.

[27] Чиркин В.Е. Конституционное право зарубежных стран. – М.: Юристь,1997. 301-304 беттер.

[28] Судебные речи известных русских юристов. Сборник. Дело Максименко. Госюриздат. М. 1958. С. 865.


Просмотров 1030

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!