Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Шет мемлекеттерде сот билігін ұйымдастырудың жалпы сипаттамасы



Сот билігі барлық өркениетті мемлекеттерде тұтас сот органдарына жүктелген белгілі, олардың әрқайсысы жүйедегі орнына қарамастан нақты істерді дербес шешеді.

Демократиялық қоғамда сот билігінің әлеуметтік ролі түрлі заң тартыстарда құқық үстемдігін қамтамасыз етуде көрінеді. АҚШ-тың француз зерттеушісі Алексиса де Токвила “Демократия в Америке” кітабында әлеуметтік ролін өте дәл келтірген: “Сот төрелігінің ұлы мақсаты зорлық мұратын құқық мұратына өзгертуден, үкімет пен олар пайдаланатын күш арасында құқықтық бөгет орнатудан тұрады”.[26] Сот төрелігі мемлекеттік зорлықты өркениет шеңберіне шығарып қана қоймай, құқық негізінде жеке субьектілер арасындағы тартыстарды да шешеді. Осылайша, сот билігі қоғамдық қарым-қатынасқа әсер ететін пәрменді құрал болып табылады. Қоғамның құқық танымы деңгейі жоғары батыс мемлекеттер үшін сот шешімінің орындалмауына жол беру мүмкін емес әрі кешірілмейді.

Шет мемлекеттердің басым көпшілігінің сот жүйесі неғұрлым кең тараған екі модельдің біреуіне жатады: англосаксондық( англо-американ) немесе роман-германдық( еуропа континенті). Соңғы кездері екі модельдің жақындасу үрдісі байқалғанын атап өткен жөн. Англосаксондық елдерінде құқық барған сайын сот құрылысы мен сот ісін жүргізуді заңнамалық реттеуге айналуда, ал континентальды жүйедегі елдерде судьяларға қоғамдық қатынастарды заңнамалық реттеудегі проблемаларды өз шешімдерімен толықтыру құқығы беріледі, яғни соттарға кейбір шамада құқық шығару функциясы берілгенін білдіреді.



Әлемдегі барлық елдердің дерлік Конституциясы сот жүйесінің немесе соттардың түрлерін белгілейді, қандай арнайы соттар жалпы заң құзырындағы соттармен қатар құрыла алатыны көрсетеді.

Сот билігі басшылыққа алатын басты ұйымдастыру қағидаты барлық жерде бірдей тек заңға бағынатын судьялардың тәуелсіздігі, оның кепілдіктерінен ажырамас тұтастығында; қызмет атқарған уақытында ауыстырылмайтындығы, иммунитеті, көтермелеудің азаймайтындығы болып табылады.

Бірқатар елдердің Конституциясы халықтың ең алдымен, алқа биі ретінде сот төрелігін атқаруға қатысуын көздейді.

Сот төрелігін атқаруды сапалы ұйымдастыру үшін сот шешімдеріне шағым беру құқығы түрінде көрінетін сатылық қағидатының маңызы зор.

Төтенше соттарға тыйым сала отырып, заңды түрде белгіленген соттардың ғана сот төрелігін атқаруының конституциялық қағидаты кең таралған.



Сот процесінің негізгі қағидаты ретінде сот жүйесі қызметі қағидатын бөліп көрсеткен жөн. Сот процесінің кең таралған конституциялық қағидатын жариялылық болып табылады. Бұл қағидат АҚШ, Жапония, Италия, Испания сияқты көптеген демократиялық мемлекеттердің констиуцияларында бекітілген. Судьялардың тек заңмен байланыстылық қағидаты өте кең таралған. Осы қағида судьяның істі шешу кезінде кімнен болсын ешқандай нұсқау алуға тиіс еместігін білдіреді, заңға қатысы бойынша төменгі тұрған нормативтік актілердің қаншалықты заңға сәйкес келгенінше маңызы бар.

Сот билігінің континентальды үлгісінің негізгі белгілері: соттарды ұйымдастыру мен оның қызметін айқындайтын күшті дамыған заңнамалық база; құқық көзі ретінде сот прецендентін шартты түрде мойындамау. Сот шешімдеріне шағым берудің аппеляциялық нысанымен қатар кассациялық және телидарлық нысандарын пайдалану; процесте судьяның белсенді ролі; алқа билері мен әлемдік судьялар институттарының аз таралуы; төмен деңгейдегі кәсіпқой судьяларды ерекше тағайындау; кадрлық функциялар мен өкілеттіктермен бірге толық немесе ішінара судьялық өзін-өзі басқару органдарын құру болып табылады.

Белгілі Ресей ғалымы В.Е.Чиркин шет елдердегі сот органдарының мынадай түрлерін бөліп көрсетеді.

1) Сотқа дейін іс қарау органы, мысалы Франциядағы, Италиядағы медиаторлар, консилиаторлар( делдалдар,бітімшілер). Оларды әдетте муниципалитет-жергілікті өзін-өзі басқару органдары отставкадағы мемлекеттік қызметшілердің ішінен құқық негіздерін білетін және көршілер арасындағы ұсақ дауларды, құқық бұзушылықтарды қарайтын жолдастық соттар қолданылған. Тараптар келіспеген кезде осы соттардың шешімдері бірінші сатыдағы сот бекіткеннен кейін ғана күшіне ие болады. Жолдастық соттардың шешімдеріне сотқа шағым беруге болады.

Мәнісі бойынша, әсіресе беделді әрі өкілеттіктері жоғары қоғамдық соттардың ролін АҚШ-та мекемелердегі әкімшілік соттар, ал Ұлыбританияда - әкімшілік трибуналдар орындайды. Екеуі де әдетте әкімшілік әділетке жатады, бірақ, мысалы Францияда немесе Италияда әкімшілік әділеттің біріңғай жүйесін құрамайды. Сонымен қатар, олар тек таза әкімшілік істерді ғана емес, басқа да мәселелерді қарайды (Ұлыбританияда – еңбек, салық даулары, пәтерақы туралы даулар, денсаулық сақтауға байланысты мәселелер және т.б.). Қоғам қайраткерлері, заңгерлер трибунал мүшелері болып табылады, ал мемлекеттік қызметшілер бола алмайды. Осы санаттағылардан АҚШ-та көбінесе әкімшілік судьялар іріктеледі, бірақ соңғылары әдетте осы мекеменің қызметшілері болып табылады. Әкімшілік судьялар мен трибуналдардың шешімдеріне сотқа шағым берілуі, ал АҚШ-та мекеме бастығымен күші жойылуы мүмкін.

2) Қылмыстық істерді, азаматтық және еңбек дауларын және т.б. қарайтын жалпы құзырлы соттар. Әкімшілік соттар жоқ кейбір постсоциалистік елдерде олар әкімшілік әділеттің кейбір функцияларын орындайды. Жалпы соттар жүйесі жоғарыды төменгі дейінгі соттардың түрлі буындарын қамтиды, бірақ оларды құру тәсілдері әртүрлі. Жалпы соттар төрт үлгі бойынша топтастырылуы мүмкін: англо-американдық, романо-германдық, әлеуметтік және мұсылмандық.

Англосаксондық үлгіде әдетте жоғары соттардың басқаруымен біріңғай сот жүйесі қолданылады. Бұл үлгіде сот преценденті кеңінен пайдаланылады, осыдан заң шығару ролі едәуір төмендейді. Судья сот процесінде бәсең, ол тек отырысты жүргізеді және қылмыстық істерде судья мен алқа заседательдерінің өкілеттігі бөлінгендіктен, кінәлілігі туралы мәселені шешеді.

Романо-германдық үлгіде әдетте сотта бір жүйе жоқ, ол – жартылай жүйе. Мамандырылған әртүрлі сот жүйесінде өздерінің жоғары органдары болады. Сондықтан олар толығымен алғанда ғана “жалпы соттарды” білдіреді. Мысалы, Германияда – бес жоғары федерация соты, Бразилияда да жоғары федералды соттар бірнеше. Бұл орайда сот қызметінің жүйесі кең дамыған заңнамамен айқындалады, сот преценденті жиі қолданылады; аппеляциямен қатар кассациялық және ревизиялық шағым беру тәртібі қолданылады, англосаксондық үлгіде ол жоқ; процесте судья белсенді, ол баға беріп қоймай, дәлелдемелерді өзі де жинайды; “халықтан шыққан судьялар”, “кәсіпқой емес судьялар” судьямен бірге жазаны белгілеуге қатысады.

Әлеуметтік үлгіде: барлық судьялар мен халық заседательдерін таңдау; судьялар мен халық заседательдері құқықтарының теңдігі; әкімшілік-аумақтық бөліністер мен сот округтері шекараларының сәйкес келуі тән. Жергілікті кеңес сайлаған сот оның аумағында әреке етеді, осы аумақтық шекараларында тиісті коммунистік партия органы да әрекет етеді.

Мұсылмандық үлгі дербес сипатқа ие: мұсылмандық сотқа тек діндес немесе осындай сотқа келіскен адамдар жатады; халық заседательдері, ассистер, алқа билері болмайды; азаматтық, қылмыстық құқықта да процесс жауапкершіліктің өзгеше нысандарымен шариғат ережелері бойынша жүзеге асырылады. Кейбір мұсылман елдерінде сот шешімдеріне шағым беру рәсімі болмайды, тек имамға – қосымша монарх болып табылатын жоғары дін иесіне жүгінеді, мысалы Нигерияда жоғары тұрған мұсылман соттары болады.

3) Арнайы соттар: әскери (әскери қызметшілер үшін), жасөспірімдер, еңбек, жер және су даулары, наразылық, коммерциялық және т.б. істері жөніндегі соттар. Осы соттардағы судьялардың кейде заңгерлікпен қатар, басқа да білімдері болады (мысалы, жасөспірімдер істер жөніндегі соттарда педагогикалық), еңбек даулары бойынша соттарда судьялар көбінесе кәсіподақ қайраткерлері болып табылады. Осындай соттарда істер кәсіпқой судьялардың алқасында заседательдерсіз қаралады, процесс жеделдетілген, оларда әдетте жоғарыда тұрған ұқсас соттар жүйесі жоқ, кейде жалпы соттар жанындағы бөлімшілер болып табылады. Алайда кейбір елдерде арнайы соттар жүйесі сатылық құрылымда болып келеді(мысалы Германияда).

4) Азаматтардың құқықтары бұзылуына байланысты басқару мәселелері бойынша азаматтың мемлекет шенеуніктері мен органдарымен дауларын қарайтын өкімшілік соттар (ерекше арнайы соттар). Бұл соттар кейде министрліктердің, басқару органдары жанынан құрылады, бірақ олар әдетте тұтас жүйені құрайды: Францияда, Швецияда, басқа елдерде жоғарғы әкімшілік соттар (Францияда – Мемлекеттік кеңес), ірі аумақтық округтердің әкімшілік соттары, төменгі әкімшілік соттар. Әкімшілік соттарға, егер шенеунік заңды бұзбаса, шағым беруге болмайды, өйткені нақты істерді шешу кезінде шенеунік өз қарауынша қарайды және заң шегінде дербес әрекет етуге құқығы бар(дискрециялық өкілеттіктер).

5) Кәдімгі құқық соттары – көсемдер, ақсақалдар қатысатын тайпа соттары. Олар көршілер арасындағы дауларды, жерді орманды, жайылымдарды пайдалану туралы дауларды, тайпа дәстүрінің негізінде кейбір отбасылық құқық мәселелерін қарайды. Қылмыстық істерді мұндай соттар қарай алмайды. Егер олар заңға қайшы келсе, олардың шешімдері танылмайды. Тайпа соттарының шешімдеріне жалпы құзырлы соттарға шағым беруге болады.

6) Конституциялық соттар, сондай-ақ жоғары лауазымды адамдардың конституциялық жауапкершілігі мәселелерін қарайтын соттар ерекше орын алады( мысалы, Франциядағы Жоғары сот төрелігі соты, Польшада Мемлекеттік трибунал).

7) Кебір елдерде шіркеу қызметкерлерінің ісін қарайтын шіркеу соттары әрекет етеді, бірақ келушілерді жазалай алады.

8)Конституцияда төтенше соттарды, яғни конституцияда және заңдарда белгіленгеннен өзгеше тәртіппен құрылатын, сот рәсімдері ережелерінен тыс әрекет ететін, кейде қылмыстық кодексте көзделмеген жаза қолданатындарды құруға тыйым салынады. Алайда әскери режим жағдайында мұндай соттар әдетте құрылады.[27]


Просмотров 1737

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!