Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Сот төрелігі ұғымы және оның құқықтық мемлекеттің талаптарына сәйкес принциптері



Конституция мен соттар туралы Конституциялық Заңда сот билігін іске асырудың негізгі және маңызды нысаны сот төрелігін жүзеге асыру болып табылатыны айқындалған. Ғылыми әдебиетте сот төрелігі ұғымы оның түрлі қырларында ашылады. Авторлардың көпшілігі сот төрелігінсот отырыстарында іс жүргізу тәртібімен жасалатын арнайы мемлекеттік органдардың материалдық нормаларын қолдана отырып, азаматтық, қылмыстық және өзге істерді қарау және шешу жөніндегі қызметі ретінде айқындайды.[17] Осы анықтама, сондай-ақ ҚР Конституциясының 75 және 78-баптары мен соттар туралы Конституциялық Заңның нормаларын талдау сот төрелігінің мәнін, мазмүнын және мағынасын ашатын негізгі спецификалық белгілерін бөлуге мүмкіндік береді. Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады.

1. Сот төрелігін мемлекеттің атынан арнайы мемлекеттік орган – сот жүзеге асырады. Соттардың толық тізбесі ҚР Конституциясында және сот жүйесі туралы Конституциялық заңда айқындалған. Соттардың мәртебесінің өзгешелігі олардың ұйымдастырылуының ерекшелігіне байланысты;

2. Сот төрелігі іс жүргізу заңнамасында(ҚІЖК, АІЖК) белгіленген тәртіппен қылмыстық, азаматтық және өзге істерді қарау (істің нақты мән-жайларын анықтау мақсатында дәлелдемелерді зерттеу арқылы) және шешу (қаулыларды, үкімдерді және басқа да сот актілерін шығару арқылы) арқылы жүзеге асырылады;

3. Істер және қорғау тараптарының, сондай-ақ дәлелдемелерді зерттеуге белсенді қатысу құқығы берілген процестің басқа да қатысушыларының міндетті қатысуымен сот отырыстары нысаныда қаралады. Бұл ретте сот қорғау немесе айыптау жағына шықпайды. Ол сот отырысында қаралған дәлелдемелерді зерттеуге және бағалауға әрі заңның талаптарына сай келетін шешім шығыруға тиіс;



4. Соттың үкімдері, қаулылары, ұйғарымдары және шешімдері олар заңды күшіне енген сәттен бастап заң күшіне ие болады, сондықтан да республиканың барлық аумағындағыбарлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың және азаматтардың орындауы үшін міндетті болып табылады. Заңды күшіне енген сот актісін орындаудан жалтару заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады. Сот актілерін тек жоғары тұрған соттар және тек іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен өзгертуі немесе күшін жоюы мүмкін.

5. Сот төрелігі Конституцияда, сот жүйесі туралы Конституциялық заңда және басқа да нормативтік құқықтық актілерде бекітілген идеяларды басшылыққа алатын, сот төрелігін және өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде сот қызметін ұйымдастыру мен тәртібінің мәнін және мазмұнын айқындайтын негізгі ережелерден тұрады.[18]



ҚР Конституциясының 75-бабында және “ҚР сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы” 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық Заңның 1-бабында аталғандай, “Қазақстан Респбликасында сот төрелігін тек сот жүзеге асырады. Сот төрелігіне нақты адамды қылмыс жасауға кінәлі деп тану және оған жазалау, не заңда белгіленген әсер ету шарасын тағайындауда, сондай-ақ заңсыз және негізсіз жауапкершілікке тартылғандарды ақтау кезінде шешуші сөз оған тиесілі.

Сот төрелігі –адам мен азаматтың, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, лауазымды адамдардың аса маңызды құқықтары мен заңды жүзеге асыруға тікелей қатысы бар құқық қорғау қызметінің функциясы.

Оның міндеттеріне басқа да құқық қорғау функцияларын да орындау бағындырылған. Мысалы, қылмыстық іс бойынша сот төрелігі, егер осы іс алдын ала құзыретті органдар жан-жақты және толық тергемесе, егер олар барлық қажетті дәлелдемелерді анықтамасы және т.б. заңды, негізді және әділ жүзеге асырылмаған болар еді. Сондықтан, сот төрелігі – құқық қорғау қызметінің тұтастай алғанда жүрегі.[19]

Процесте немесе сот төрелігін атқару қорытындысы бойынша қабылданатын, заң әдебиеттерінде сот төрелігі актілері деп аталатын сот шешімдері(қылмыстық істер бойынша үкімдер, азаматтық істер бойынша шешімдер) заңнамаға сәйкес ерекше сипаттар беріледі. Олардың бірі – жалпыға міндеттілік. Ол, атап айтқанда, заңды күшіне енген үкім, ұйғарым немесе істі қараған кезде сот шығарған қаулының барлық мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар, лауазымды адамдар мен азаматар үшін міндетті және Қазақстан Республикасының барлық аумағында орындауға жататындығын білдіреді. Сот шешімін орындамау немесе орындауға кедергі келтіру осыған кінәлі адамдарға қатысты түрлі тектегі санкцияларды қолдануға әкеледі. Мысалы, ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабына сәйкес сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісіно рындамау айыппұл салуға не қоғамдық жұмыстарға тартуға, не қамауға алуға әкеп соқтырды.

Сот төрелігінің басқа да айырмашылық белгісі, мемлекеттік қызметтің осы түрі заңда егжей-тегжейлі регламенттелетін қатаң тәртіпті мақтау арқылы жүзеге асырылады. Айырмашылық белгілерге, ең соңында, тек ерекше орган – сот(судья) жүзеге асыратын жатады. “Соттың ерекше өкілеттігін басқа органдарға беруді көздейтін заң актілерін шығаруға тыйым салынады. Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкілеттігін немесе сот билігі функцияларын иеленуге құқығы”,- деп “Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы” ҚР Конституциялық заңында белгіленген.

Аталған айырмашылық белгілерді ескере отырып, сот төрелігінсоттың сот шешімдерінің заңдылығын, негізділігін, әділдігін және жалпыға міндеттілігін қамтамасыз ететін заңның талаптары мен онымен белгіленген тәртібін бұлжытпай сақтау кезінде азаматтық, қылмыстық және өзге де заңмен белгіленген сот ісін жүргізу нысандарын қарау бойынша құқық қорғау қызметін жүзеге асыру ретінде айқындауға болады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 3-тармағына сәйкес судья сот төрелігін жүзеге асырукезінде төмендегі негізгі принциптердібасшылыққа алуы тиіс:

1. кінәсіз деп жорамалдау;

2. бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық жауапқа тартуға болмайтындығы;

3. заңда көзделген соттылықты өзгертуге жол бермеу;

4. әркімнің өз сөзін тыңдатуға құқылығы;

5. жауапкершілікті күшейтуге және жауапкершілікті жеңілдетуге жол берілмейтіндігі;

6. айыпталушының өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;

7. ешкім өзіне-өзі, туыстары мен жақын адамдарына қарсы айғақ беруге міндетті еместігі. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес.

8. адамның кінәлі екендігі жөнінде кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылатындағы;

9. заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайтындығы. Ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде сотталуға тиіс емес;

10. қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.

Қазақстан Республикасында сот билігін тікелей жүзеге асыру төменде қаралатын басты принциптерге негізделеді.(1-сызба нұсқа)

Заңдылықтың сақталуы.Заңдылық мемлекет пен құқықтың жалпыға бірдей принцип болып табылады, ол жас, егемен Қазақстан үшін толық дәрежеде сотты ұйымдастыру мен оның қызметіне де қолданылады.Заңдылық принципі демократияның аса маңызды элементі болып табылады. Бұл екі ұғым бір-бірімен мейлінше өзара байланысты, өзара тәуелді: елде демократиясыз заңдылықтың болуы мүмкін емес, керісінше, мемлекетте заңдылық сақталмай демократияның болуы да мүмкін емес.[20] Құқықтық мемлекеттің сот төрелігінде заңдылықтың сақталуы принципі заңдылықтың аса маңызды талаптарының сот қызметіне қолданылуын көздейді. Заңдылықтың демократиялық саяси биліктер және басқа жағдайларда көрінетін негізгі қысқаша нақтыланған түрі В.Н. Кудряцевтің пікірі бойынша төмендегідей:

- құқықтың жалпыға ортақтығы, яғни заңның араласу қажетін барлық қоғамдық қатынастар билеп-төстеу жолымен емес, заңмен реттелетіндей заңдылық қажет;

- Конституция мен заңның басымдығы;

- барлық адамдардың заң алдындағы теңдігі;

- құқықтарды жүзеге асыратын арнаулы және заңдық механизмдердің болуы( міндеттерді қатаң сақтау мен орындау; субьективтік құқықтарды пайдалану үшін кедергісіз мүмкіндіктердің болуы);

- құқықты кепілді, сапалы қолдану,құқық бұзушылыққа қарсы белсенді және батыл күрес жүргізу, заңды бұзғандардың бәрінің заң алдындағы сөзсіз жауаптылығы;

- құқықтық тәртіптің тұрақтылығы, баяндылығы, құқықтық реттеудің барлық тетіктерінің тиімді жұмыс істеуі.

Осы талаптар заңдылықты қалыптастырады; бұл талаптардың жиынтық сипаттама болуы қоғам өмірінен билеп төсеудің, жеке өктемдіктің, бақылаусыздықтың жойылуына жағдай жасайды және түпкі нәтижесінде заң нормаларында көзделгеннің бәрі нақты іске асады, адамдардың – қоғамдық қатынас қатысушыларының іс жүзіндегі мінез-құлқынан көрініс тауып, бұл қатынастардың шын мәніндегі заңдылығы қатаң құқық тәртібіне айналу үшін оларды заңдылық мұраттарына сәйкес келтіруді көздейді.[21]

Біздігі соттардың, шын мәнінде құқықтын туындайтын өзіне тән, қалыптасқан міндеті бар, яғни заңдылықтың бұзылғаны анықталған жағдайда жеке қаулы шығарады. Статистика көрсетіп отырғанындай, 1998 жылы республиканың сот органдарына түскен қылмыстық істердің жалпы саны азайып, тиісінше осы істерге қатысты сот төрелігі шығапған шешімдердің қатесі едәуір көбейген.

Мына бір мысалға назар аударайық: 199 жылы Алматы облыстық сотының тәртіптік алқасына 34 судья жөнінде 30 іс келіп түскен.

Аталған істердің 16-сын Әділет басқармасының бастығы, 18-ін облыстық соттың төрағасы қозғаған, оның ішінде 4 судья жөніндегі іс бірігіп қозғалған.

Атап айтқанда:

- материалдық және процессуалдық заңнаманы өрескел бұзғаны үшін –19 іс;

- жаман әрекеттер жасағаны үшін –3 іс;

- істерді қарау мерзімін бұзғаны үшін – 10 іс;

- еңбек тәртібін бұзғаны үшін – 1 іс;

- сот жұмысын ұйымдастыруда жіберген кемшіліктері үшін – 11 іс қозғалған.

Істерді қарау барысында: 5 судьяға қатаң сөгіс; 8 судьяға – сөгіс; 8 судьға ескерту жарияланып, 13 судья жөнінде талқылаумен шектелген.

Жалпы өкілетті соттардың қарауына жататын қылмыстық істер бойынша заң бұзушылықтардың аса көптігі Қазақстан Республикасында сот төрелігін жүзеге асыруға қиындық келтіріп отыр. Мұндай заң бұзушылықтар алдын-ала тергеу органдарында да және алдын ала анықтаудың әртүрлі сатысындағы прокурорлардың арасында да орын алуда. Іс жұргізуде заңдылықтың бұзылуы мынадай жағдайларға: қылмыстық іс жүргізу мерзіміне, қорғалу құқығын қамтамасыз етуге, дәлелдемелердә бағалауға, сараптама тағайындауға, танушыларды тартуға, куәлердің іспен танысуына, алдын ала тергеу мен анықтаудың толықтығына, прокурор енгізетін іс жүргізу құжаттарының сапасына және іс бойынша қорытындысына, істің нәтижесіне мүдделік танытуға, алдын ала анықтау сатысында істің тоқталуының заңдылығына қатысты адамдарды(күділіктерді, куәларды) қабылдау-тарату орындарында ұстауға және т.б. байланысты орын алады. Осы айтылған заңдылықты бұзу деректері бойынша судьялар жеке ұйғарулар(қаулылар) шығарады. Заңдылық сақшыларының өздерінің қызмет бабына деген жауапкершілігі әзірге жоғары деңгейде емес. Аудандық(қалалық) соттар сан жағынан ең көп қаулыны (2398) Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігі қызметкерлері атына, тиісінше, прокарктура органдарына – 948, Ұлттық қауіпсіздік комитеті(ҰҚК) департаменттеріне – 62 жеке қаулы шығарған.( 2-сурет)

Жеке қаулыларды шығаруға себепші болған заңдылықтың бұзылу көріністері егемен Қазақстанның құқық қорғау жүйесінде заңдылықтың сақталуына тиісті ықпал етпей отыр.

Ал мамандар мойындап отырғандай, жеке қаулыларды тиісінше орындау туралы мәселе әлі де болсын сот төрелігін жүзеге асыру кезіндегі ең осал буындарының бірі ретінде қалып отыр.

Судьялардың тәуелсіздігіжәне олардың тек Конституция мен заңға бағынуы сот төрелігін жүзеге асырудың қажетті шарттары, іс бойынша шындыққа қол жеткізудің аса маңызды кепілдіктері болып табылады.

Қазақстан Республикасында сот төрелігі судьялар сот процесінің барлық сатысында бүкіл іс жүргізу жұмысын орындау кезінде тәуелсіз болатындай етіп құрылады. Сатыларға бөлінетін сот процесіне:

- сот шешімі, үкімі, ұйғаруы,қаулысы;

- апелляциялық іс жүргізу;

- қадағалау ісі жатады.

Судьялар іс бойынша іс жүргізудің бүкіл процесі барысында сыртқы ықпал етулерде тәуелсіз, дәлелдермен және істің бүкіл материалдарымен мұқият танысып, зерттейді, сонан соң өзінің іштей берік сенім негізінде конституция мен заңды басшылыққа ала отырып, шешім қабылдайды. Бірде-бір істі қалай шешу туралы нұсқау беруге хақысы жоқ.

Сот төрелігін жүзеге асыру кезінде сот органдарының ешқандай иерархиялығына жол берілмейтінін атап көрсеткен жөн: бірінші сатыдағы сот тек қана заңға бағына отырып, нақты іс бойынша үкім шығару жөнінде жоғары тұрған сотқа тәуелсіз.

Апелляциялық немесе қадағалау сот сатысының да өздерінің қаулыларында бірінші сатыдағы сотқа айыптаудың дәлелдігі немесе дәлелсіздігі, нендей бір дәлелдеменің айғақтылығы мен айғақсыздығы туралы, бір дәлелдеменің басқа дәлелмдемеден басымдығы туралы мәселені күні бойы шешетіндей нұсқаулар беруге, жаза шараларын ұсынуға хақысы жоқ.

Осы көзқарас тұрғысынан сот төрелігін жүзеге асырудың аса маңызды принциптерін зерттей отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1995 жылғы 29 қарашадағы және 13 желтоқсандағы қарарларымен мақұлданған “ Сот органдарының тәуелсіздігіне қатысты негізгі принциптердің” мазмұнын өте маңызды. Бұл принциптер сот органдары қызметінің негізгі бағыттарын айқындай отырып, былай деп белгіледі:

- сот органдарының тәуелсіздігіне мемлекет кепілдік береді және ол конституциясымен немесе заңмен баянды етіледі. Барлық мемлекеттік және басқа мекемелер сот органдарының тәуелсіздігін құрметтеуге және сақтауға міндетті;

- сот органдары өзіне берілген істердің кімнің тарапынан болса да заңсыз ықпал етудің, теріс ниеттің, қысым көрсетудің, күш көрсетудің немесе тікелей не жанама араласудың салдарынан туатын қандай да бір кедергілерге және қандай да бір себептерге қарамастан деректердің негізінде және заңға сәйкес байыппен шешеді.

- сот төрелігі процесіне заңсыз немесе рұқсатсыз араласуға жол берілмеуге тиіс және сот шығарған сот шешімдері қайта қарауға жатпайды. Бұл принцип заңға сәйкес сот жолымен қайта қарауға немесе сот ұйымдары шығарған үкімді жеңілдетуге кедергі жасамайды;

- сот органдарының тәуелсіздік принципі сот органдарына олардан сотта істі әділетті жүргізуді және тараптардың құқықтарын сақтауды қамтамасыз етуді талап ету құқын береді;

- судьялар өздерінің қауымдастықтарын және басқа да ұйымдарын ұйымдастыру және оларға өздерінің мүдделерін қорғау, кәсіби даярлығын жетілдіру және тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін кіру еркіндігіне ие;

- сот лауазымына таңдап алынған адамдардың адами қасиеті мен қабілеті, сондай-ақ құқық саласындағы даярлығы мен біліктілігі міндетті түрде жоғары болуға тиіс. Судьяларды іріктеудің кез келген әдісі судьялардың жалған уәждермен тағайындалуын болдырмауға кепілдік беруге тиіс. Судья қызметіне іріктеу кезінде ол адамға қатысты кемсітушілік болмауға тиіс; алайда заң қызметіне кандидат тиісті елдің азаматы болуға тиіс дейтін талап ешқандай да кемсітушілік ретінде қаралмауға тиіс;

- судьялардың өкілеттілік мерзіміне, олардың тәуелсіздігіне, қауіпсіздігіне тиісті сыйақысына, қызмет жағдайына, зейнетақысына, зейнетке шығу жасына лайықты түрде заңмен кепілдік берілуге тиіс;

- қандай да бір тәртіптік іске немесе әлде бір адамның шағымдану құқына не құзырына нұқсан келтірмей, судьялар өздерінің соттық қызметін жүзеге асыруы кезінде орын алуы мүмкін қате әрекеттердің салдарынан келетін қаржы шығыны үшін сотпен қудалаудан өзін қорғауды пайдалануы керек;

- судьялардың өздерінің соттық және кәсіби міндеттерін орындауы кезінде олардың үстінен түскен айыптаулар мен шағымдар тиісті тәртіп бойынша жедел және әділетті қаралуға тиіс. Судья сотта дұрыс жауап беруді және істің әділетті қаралуын талап етуге құқылы. Шағымды алғашқы кезеңде қарау, егер басқаша жағдай жөнінде өтінішболмаса, құпия жүргізілуге тиіс;

- судьялар өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға қабілетсіздігіне немесе оларды атқаратын лауазымына лайықсыз ететін теріс мінез-құлықтарына байланысты қызметінен уақытша босатылуы немесе шығарылуы мүмкін;

- тәртіптік жаза, қызметтен аластау немесе шығару туралы шешім қисынды түрде дәлелденуге, сондай-ақ тәуелсіз тексеруден өтуге тиіс.[22]

Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген соттың тәуелсіздігі принципі халықаралық қағидаға толықтай сай келеді, яғни: “Әр адамның өзіне тағылған қылмыстық айыптауды қараған кезде немесе оның құқығы мен міндеттері қандай бір азаматтық процессте анықталған жағдайда істі заң негізінде құрылған білікті, тәуелсіз және байыпты сот әділетті және ашық қаратуға құқығв бар”.[23]

Қазақстан Республикасында соттардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету жағдайықандай жолдармен жасалады?

Тәуелсіздік мынындай жолмен:

- заңда көзделген сот төрелігін жүзеге асыру рәсімімен;

- сотта құрметтемегені үшін жауапкершілікпен;

- судьялардың сайлаудың, тағайындаудың, өкілеттіктерін тоқтату мен кідіртілуінің белгіленген тәртібі тәртібімен, судьялардың орнынан түсу құқығымен;

- судьялардың, олардың мәртебесіне сәйкес, мемлекет есебенін материалдық және әлеуметтік қамсыздандырылуымен қамтамасыз етіледі.

Бұл айтылғандарға істі жан-жақты, толық және обьективті қарауға кедергі жасау немесе заңсыз шешім шығарылуына қол жеткізу мақсатында қандай да бір нысанда судьяға ықпал ету қылмыстық жауапқа тартуға әкеп соқтыратынын қосу керек.

Судьялар өндірісте жатқан іс жөнінде ешкімнің де алдында есеп беруге міндетті емес. Соттың үкімі заңды күшіне енгенге дейін ешкім де соттан істі талап ете алмайды. Үкім заңды күшіне енгеннен кейін ғана қадағалау тәртібімен наразылық білдіруге заңмен өкілеттілік берілген адамдардың істі талап етуіне хақысы бар.

Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.Әрбір азаматқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың лауазым иелерінің және басқа да адамдардың, оның республика конституциясы мен заңдарында көзделген құқықтарына, бостандықтарына және заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін кез келген жөнсіз шешімдері мен іс-әрекеттерінен сот арқылы қорғалуына кепілдік беріледі. Ешкімді заң мен әділеттіктің барлық талаптарына сәйкес білікті, тәуелсіз және байыпты сотта ісінің қаралуы құқынан айыруға болмайды. Барлық соттарда және сотта іс-жүргізудің кез келген деңгейінде азаматқа білікті заң көмегімен алу және қорғалу құқығына кепілдік беріледі.

Азаматық қоғам қалыптастыру жағдайындағы адам құқықтарына байланысты мәселелерді қараған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда аса маңызды тұжырымдар жасалады. “Сотқылмысқа қарсы күресетін орган болмауға тиіс, оладамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуді, сотта заңдылық тәртібін орнықтыруды мақсат етуі керек” деп көрсетіледі.

Қазақстан Республикасында белгілі бір ұлтқа жататындағына, діни ұйымға мүшелегіне немесе мүліктік жағдайына байланысты ешкімге сот төрелігін жүзеге асырудан бас тартылмайды.

Тараптардың жарыспалығы мен тең құқылығы.Жарыспалық принципі сот процесінің мазмұнына айтарлықтай ықпал етеді. Бұл тұжырымдамадағы мыны мәселені бірінші кезекте, ата көрсетуі қажет: Яғни прокурорлар мен адвокаттар соттардың іс қарауына тараптардың теңдігі мен прцестің жарыспалылығы принциптері негізінде қатысады, кез келген тараптың өз пікірін айтуға және өзінің көзқарасын қорғауға құқығы бар.

Сотта іс қарау барысындаістің жағдайларын зерттеуде толықтық, жан-жақтылық және обьективтілік, әділеттілікпен көз жеткізу, сот процесінің үздіксіздігі, сотта іс қарау кезінде тараптардың іс жүргізуге қатысты тең құқықтығы жөнінде талаптар орындалуы үшін жарыспалылық процесін жүзеге асыру қажет. Атап айтқанда, бұл орайда профессор Б.Н.Безлепкин былай ой түйеді: “Соттың қылмыстық істегі алдын-ала тергеудегі кемшіліктер орнын қылмыстың істі қайтармай-ақ сот тергеуі институтын жетілдіру, оны айыптаушы және қорғаушы тараптардың шын мәніндегі жарыспалылығы негізінде құру, оларға жаңа дәлелдер ұсыну жөнінде кең өкілеттіктер беру, сотта іс жүргізудің алдын ал тергеу әдістерінен сот қызметі дейтін ақиқаттан аулақ жатқан, жабайы, күні өткен әдістерден бас тарту есебінен толтыруға болады және солай болуға тиіс”.[24] Осылайша, жарыспалылық процесі қылмыстық істі қосымша тергеуге жіберу сияқты зиянды тәжірибеден арылуға мүмкіндік береді.

Істі қараудағы және сотта іс жүргізудегі жариялылықҚазақстанның демократиялық жолмен дамуында маңызды орын алады. Бұл орайда Ресей Федерациясының еңбегі сіңген заңгері, профессор Ю.И.Стецовскийдің жалпы жұрт таныған, зейін қойып, зерделеугелайық ұстанымын келтіре кеткен жөн. Ол, атап айтқанда, басқа да демократиялық принциптер сияқты жариялылыққа аса қиындықпен қол жетті деп санайды. Бұл жөнінде сот төрелігінің қажетті шарты ретінде Пушкин де, декабристер де армандаған еді. Герцен сот ісінде және қоғамдық өмірдің барлық салаларында кең жариялылықтың болуы сот өктемдігі мен шенеуніктер жүгенсіздігін жоюдың аса маңызды құралы деп санады.

Жариялылық принципі сот істерін азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сот отырысы залына қатысуға, онда болған жағдайлардың бәрін көзбен көріп, процестің барысы мен нәтижесі туралы жалпы жұртшылыққа хабарлауға мүмкіндік бере отырып, ашық қараумен түсіндіріледі.

Жариялылық принципінен бас тарту жеке адам құқықтарының бұзылуына қолайлы негіз жасайды. Жария сот құқығы адамның өзінің құқықтары мен бостандығын заңмен тыйым салынбаған барлық жолдармен қорғауына мүмкіндік жасайды. Демократиялық қоғамда іс адамның, қоғамның және мемлекеттің мүддесі тұрғысынан жүргізіледі. Сот ашық жүргізілген жағдайда ғана ол сенім мен беделге ие бола алады. Оның шешімі халықты қанағаттандыруға тиіс. Адамдарға сотта іс қараудың нәтижелерін ғана емес,соттың үкімге және басқадай шешімге барар жолда қалай әрекет еткенін білу де маңызды. Құпия жүргізілген сот ісі сот шешімдерінің дұрыстығына күмән туғызады. Сондықтан сот төрелігін ашық жүргізілуге тиіс. Сотта істі ашық қарау - процестің көзбен көріп, құлақпен естуге мүмкіндік туатын айғақты сәті, заңға, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына деген көзқарастың аса әсерлі, жарқын көрінісі.[25]

Тәрбиелік маңызын арттыру, сондай-ақ жариялылыққа кең өріс ашу мақсатында соттарға іс бойынша шығарылған жеке қаулыларды, үкімді(қаулы) жарияланғаннан кейін жария ету, бұл жерде оларды бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, жұртшылыққа хабарлау ұсынылады. Мұны осылай істеу қажет, себебі жtке қаулылыардың негізінде істі қазіргі талаптарға сәйкес қараған кезде толық және обьективтік зерттелген фактілер ғана алынады.

Әр түрлі сот шешімдерін жұртшылыққа жеткізу ісінде жариялылықтың қолданылып жүргеніне қарамастан, заң бұқаралық ақпарат құралдарына өздерінің хабарларында сотта істі қарау нәтижелерін күні бұрын шешіп қоюына немесе шешім не үкім заңды күшіне енгенге дейін басқа жолдармен сотқа ықпал етуіне жол берілмейді.

“Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы” ҚР Заңының 32-бабына сәйкес судья қызметіне бірінші рет сайланған немесе тағайындалған адам өзінің міндеттерін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына бағына отырып, адал әрі әділетті атқаруға ант беруге тиісті.

Еңбекте келтірілген жекелеген судьялардың сот әділдігін жүргізу кезінде жіберген заң бұзушылық деректері олардың жоғарада көрсетілген антқа адалдықпен қарамағандығын, әділетсіздік жолына түскендігін көрсетеді.

Сондықтан әрбір судьяның адалдығы мен әділеттілігісот төрелігін жүзеге асырудың жеке принципі ретінде танылғандығы дұрыс.

Себебі, мемлекеттің биліктің жеке тармағы – сот билігінің тұтқасында тұрған әрбір судьяның адалдығы мен әділеттігі жалпы демократиялық қоғамның дамуына тікелей әсерін тигізетін, қоғамдық қатынастарды реттеуде ең ықпал жасайтын субьективтік факторлар екені дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат сияқты. Сондықтан әділеттілік пен адалдық принципін басшылыққа алған әрбір судьяның әрекетінен тек заңды шешімдер туындауы қажет.

Сот төрелігінің принциптерісот және сот құрылысы туралы заңнаманың дамуында Қазақстан Республикасында заңдылықты және адам мен азаматтың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сот төрелігінің принциптері Қазақстандағы біріңғай сот жүйесін ұйымдастырды және оның қызметін тікелей реттейтін ортақ қағидалар болып табылады. Сот төрелігін жүзеге асыру кезінде конституциялық принциптерді бұзу әділетсіз сот қаулыларының шығуына әкеп соқтырды және сот төрелігінің мақсаттары мен міндеттеріне қайшы келеді.

 


Просмотров 2920

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!