Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Бап. Арнаулы атақтарда немесе сыныптық шендерде еңбек сіңіру мерзімдері



1. Қатардағы және кіші басшы құрамның арнаулы атақтарда еңбек сіңіру мерзімдері:
қатардағы қызметкер атағында – үш ай;
кіші сержант атағында – бір жыл;
сержант атағында – екі жыл;
аға сержант атағында – үш жыл.
Cтаршина атағында еңбек сіңіру мерзімі белгіленбейді.
2. Орта және аға басшы құрамның арнаулы атақтарда және сыныптық шендерде еңбек сіңіру мерзімдері:
кіші лейтенант атағында – бір жыл;
лейтенант, 3-сыныпты заңгер атағында – бір жыл;
аға лейтенант, 2-сыныпты заңгер атағында – үш жыл;
капитан, 1-сыныпты заңгер атағында – төрт жыл;
майор, кіші кеңесші атағында – бес жыл;
подполковник, кеңесші атағында – жеті жыл.
3. Полковник арнаулы атағында, аға кеңесші сыныптық шенінде, сондай-ақ жоғары басшы құрамның атақтарында және сыныптық шендерінде еңбек сіңіру мерзімі белгіленбейді.
4. Арнаулы атақта немесе сыныптық шенде еңбек сіңіру мерзімі қызметкерге тиісті арнаулы немесе әскери атақ, сыныптық шен берілген күннен бастап есептеледі, бұл ретте еңбек сіңіру мерзіміне лауазымдардағы қызметтің нақты уақыты, сондай-ақ осы Заңның 44-бабында көзделген жағдайларда қызмет өткеруі және қызметкердің бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыста болу кезеңі кіреді.
Қызметкерді кезекті арнаулы атақ немесе сыныптық шен беруге ұсыну негізсіз кешіктірілген жағдайда, тиісті арнаулы атақ немесе сыныптық шен оның алдындағы арнаулы атақта немесе сыныптық шенде болу мерзімі өткеннен кейінгі келесі күннен бастап беріледі.
5. Қатардағы және кіші басшы құрамдағы атағы бар, орта басшы құрам лауазымына тағайындалған қызметкерлер, осы атақта еңбек сіңірген мерзіміне қарамастан, орта басшы құрамның арнаулы атағын беруге ұсынылады.
6. Кезекті арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер берудің осы Заңда көзделмеген қосымша шарттарын енгізуге тыйым салынады.
Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 374-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).



Бап. Арнаулы атақтарда, сыныптық шендерде немесе біліктілік сыныптарында еңбек сiңiрген жылдары мерзiмiн тоқтата тұру

1. Қызметкерлерге кезектi арнаулы атақтар, сыныптық шендер немесе біліктілік сыныптары тиiсiнше құқық қорғау органының қарамағында болған кезде лауазымға тағайындалғанға дейiн, алынбаған тәртiптiк жазасы болғанда, қайта аттестаттау кезiнде атқаратын лауазымына сәйкес келетiнi туралы мәселе шешiлгенге дейiн, тергеуге дейiнгi тексерулер, қылмыстық iс ақтайтын негiздер бойынша тоқтатылғанға дейiн, ақтау үкiмi заңды күшiне енгенге, қызметтiк тергеп-тексеру аяқталғанға дейiн берiлмейдi (белгіленбейді).
2. Тәртiптiк жаза қолданудың заңсыздығы туралы шешiм шығарылған немесе қайта аттестаттау кезiнде атқаратын лауазымына сәйкес келетiнi туралы мәселе шешiлген, қылмыстық iс ақтайтын негiздер бойынша тоқтатылған, ақтау үкiмi заңды күшiне енген кезде қызметкерлерге кезектi арнаулы атақ, сыныптық шен немесе біліктілік сыныбы атқаратын штаттық лауазымы бойынша атаққа, сыныптық шенге немесе біліктілік сыныбына кезектi арнаулы атақ, сыныптық шен немесе біліктілік сыныбы сәйкес болған кезде, оларды беру (белгілеу) мерзiмi басталған сәттен бастап берiледi (белгіленеді).
Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).



Бап. Арнаулы атақтарды, сыныптық шендердi немесе біліктілік сыныптарын мерзiмiнен бұрын немесе атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан, сыныптық шеннен немесе біліктілік сыныбынан бiр саты жоғарылатып беру (белгілеу) тәртiбi

1. Полковникке дейiн қоса алғанда, басшы құрамның кезектi арнаулы атағы, сыныптық шенi немесе біліктілік сыныбы қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткiзгенi және қызметтiк мiндеттерiн үлгiлi орындағаны үшiн көтермелеу тәртiбiмен, алдыңғы арнаулы атақта, сыныптық шенде немесе біліктілік сыныбында еңбек сiңiрудiң белгiленген мерзiмi өткенге дейiн атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан, сыныптық шеннен немесе біліктілік сыныбынан бiр саты жоғарылатып берiлуi (белгіленуі) мүмкiн.
2. Арнаулы атақтар, сыныптық шендер немесе біліктілік сыныптары мерзiмiнен бұрын арнаулы атақта, сыныптық шенде немесе біліктілік сыныбында еңбек сiңiрудiң белгiленген мерзiмдерiнiң кемiнде жартысы өткенде берiледi (белгіленеді).
3. Ғылыми немесе академиялық дәрежесi не ғылыми немесе академиялық атағы бар, бұл ретте құқық қорғау органының бiлiм беру ұйымында штаттық лауазымда қызмет атқаратын басшы құрам адамдарына кезектi арнаулы атақ, сыныптық шен немесе біліктілік сыныбы арнаулы атақта, сыныптық шенде немесе біліктілік сыныбында еңбек сiңiрудiң белгiленген мерзiмi өткенде атқаратын лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан, сыныптық шеннен немесе біліктілік сыныбынан бiр саты жоғарылатып берiлуi (белгіленуі) мүмкiн.
4. Атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан, сыныптық шеннен немесе біліктілік сыныбынан бiр саты жоғары кезектi арнаулы атақ, сыныптық шен немесе біліктілік сыныбы алдыңғы арнаулы атақта, сыныптық шенде немесе біліктілік сыныбында еңбек сiңiрген жылдарының кемiнде бiр жарым мерзiмi өткен соң берiледi (белгіленеді).
Бұл ретте атқаратын лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан, сыныптық шеннен немесе біліктілік сыныбынан мерзiмiнен бұрын немесе бiр саты жоғары арнаулы атақтар, сыныптық шендер немесе біліктілік сыныптарын беру (белгілеу) құқық қорғау органындағы қызметiнiң бүкіл кезеңi iшiнде әрбiр негiз бойынша екi реттен артық жүргiзiлмейдi.
Кезектен тыс арнаулы атақтарды, сыныптық шендердi немесе біліктілік сыныптарын беру (белгілеу) құқық қорғау органының басшысы айқындайтын тәртiппен қызметтiң бүкіл кезеңi iшiнде екi реттен артық жүргiзiлмейдi.
5. Кiшi басшы құрамдағы арнаулы атақтарды – уәкiлеттi басшы, ал орта және аға басшы құрамдағы арнаулы атақтарды, сыныптық шендердi немесе біліктілік сыныптарын мерзiмiнен бұрын немесе бiр саты жоғары құқық қорғау органының басшысы бередi (белгілейді).
Ескерту. 26-бап жаңа редакцияда - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 374-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Бап. Арнаулы атақтарды, сыныптық шендердi немесе біліктілік сыныптарын төмендету, арнаулы атақтардан, сыныптық шендерден немесе біліктілік сыныптарынан айыру

1. Арнаулы атақты, сыныптық шендi немесе біліктілік сыныбын бiр сатыға төмендетудi тәртiптiк жаза шарасы ретiнде:
1) кiшi және орта басшы құрам атағындағы қызметкерлерге – уәкiлеттi басшы;
2) аға басшы құрам атағындағы қызметкерлерге – құқық қорғау органының басшысы қолданады.
2. Арнаулы атақтардан, сыныптық шендерден немесе біліктілік сыныптарынан айыру мына қызметкерлерге қатысты тәртiптiк жаза қолдану шарасы ретiнде қолданылады:
1) полковниктi, аға кеңесшiнi қоса алғанға дейiнгiлердi – құқық қорғау органының басшысы;
2) жоғары басшы құрамды Қазақстан Республикасының Президентi белгiлеген тәртiппен – Қазақстан Республикасының Президентi жүзеге асырады.
3. Арнаулы атақтағы, сыныптық шендегi немесе біліктілік сыныбындағы еңбек сiңiру мерзiмi арнаулы атақты, сыныптық шендi немесе біліктілік сыныбын төмендету түрiнде тәртiптiк жауаптылыққа тарту туралы бұйрық шығарылған күннен бастап үзiледi және арнаулы атақты, сыныптық шендi немесе біліктілік сыныбын қалпына келтiру туралы бұйрық шығарылған күннен бастап қалпына келтiрiледi.
Атқаратын штаттық лауазымына қарамастан арнаулы атақтары, сыныптық шендерi немесе біліктілік сыныптары төмендетiлген қызметкерлер атқаратын лауазымына қарамастан бұрынғы арнаулы атағына, сыныптық шенiне немесе біліктілік сыныбына құқық қорғау органы басшысының немесе уәкiлеттi басшының бұйрықтарымен, бiрақ арнаулы атағы, сыныптық шенi немесе біліктілік сыныбы төмендетiлген күннен бастап кемiнде алты ай өткеннен кейiн ғана қалпына келтiрiледi.
4. Қызметкерге бұрынғы арнаулы атағы, сыныптық шенi немесе біліктілік сыныбы қайта қалпына келтiрiлгенге және оған кезектi арнаулы атақ, сыныптық шен немесе біліктілік сыныбы берiлгенге (белгіленгенге) дейiн арнаулы атақтан, сыныптық шеннен немесе біліктілік сыныбынан қайта төмендетiлмейдi.
Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).


Просмотров 619

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!