Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Бап. Өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелердің функциялары



1. Республикалық, аймақтық карантиндік зертханалар және фитосанитариялық бақылау бекеттерінің жанындағы зертханалар зертханалық сараптамаға келіп түсетін үлгілердегі карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің түрлік құрамын айқындайды.
2. Жерсіндіру-карантиндік көшеттіктер тексеруге келіп түсетін импорттық, себу материалдары мен отырғызылатын материалдардағы жасырын залалдануды анықтайды.
3. Республикалыќ фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы карантинді объектілердің таралу ошақтарын анықтайды және олардың таралу шекараларын айқындайды. Бұл ретте осы қызмет түрі мемлекеттік монополияның аясына жатады.
Ескерту. 7-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17. N 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

7-2-бап. Өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі
республикалық мемлекеттік кәсіпорынның
функциялары

Өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорын:
1) карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жоюды жүргізеді. Бұл ретте осы қызмет түрлері мемлекеттік монополияның аясына жатады;
2) карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыруды, оның ішінде фумигациялауды жүргізеді.
Ескерту. 7-2-баппен толықтырылды - ҚР 2009.07.17. N 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Бап. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың құқықтары

Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың:



1) карантинге жатқызылєан өнім мен өсімдіктер карантині жөніндегі бақылау объектілерін тексеріп қарау, фитосанитариялық сараптама және қажет болған кезде залалсыздандыру кезеңінде, сондай-ақ оларды фитосанитариялық не карантиндік сертификатсыз тасымалдау кезінде немесе басқа мемлекеттерден импорттық карантиндік рұқсатсыз әкелген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кідіртуге;

1-1) басқа мемлекеттерден әкелінетін, өзінің фитосанитариялық жай-күйі туралы мәліметтер зерттелмеген карантинге жатқызылған, сондай-ақ, тиiстi халықаралық ұйымдардан алынған ақпаратты және басқа мемлекеттер қабылдап жатқан фитосанитарлық шаралар туралы ақпаратты қоса алғанда, қолда бар ақпарат негiзiнде ғылыми негiздеме жеткiлiксiз болған жағдайда өнімге қатысты уақытша карантиндік шаралар қолдануға (енгізуге);

2) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының сақталуын тексеру мақсатында ұйымдарға кедергісіз баруға және оларда зерттеп-қарау жүргізуге, белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат алуға;



3) зертханалық сараптама жүргізу үшін карантинге жатқызылған өнім үлгілерін іріктеп алуға;

4) жеке және заңды тұлғаларға карантинді объектілердің таралу ошақтарында және көлікте өсімдіктер карантині жөніндегі қажетті іс-шаралар жүргізу туралы нұсқамалар шығаруға;

5) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының бұзылуына жол берген лауазымды адамдарды, жеке және заңды тұлғаларды әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға;

6) карантинді объектілер анықталєан ерекше жағдайларда дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметін сот шешімінсіз үш күннен аспайтын мерзімге, көрсетілген мерзімде сотқа қызметті тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы талап арызды міндетті түрде ұсына отырып, тоқтата тұруға құқығы бар. Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешімі шығарылғанға дейін қолданыста болады.

Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.11.29. N 488, 2002.02.18. N 293, 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17. N 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

Бап. Карантиндік объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жоюға арналған пестицидтер (улы химикаттар) қоры

1. Карантиндік объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жоюға арналған пестицидтер (улы химикаттар) қоры дегеніміз пестицидтердің (улы химикаттардың) ұдайы жаңартылып отыратын белгілі бір көлемі және ол уәкілетті органның қарауындағы (билігіндегі) мемлекеттік меншік болып табылады.

2. Пестицидтер (улы химикаттар) қоры карантиндік объектілердің анықталған таралу ошақтарын оқшаулауға және жоюға арналады және бюджет қаражаты есебiнен сатып алынатын пестицидтер (улы химикаттар) көлемiнен қалыптастырылады.
3. (алып тасталды)
Ескерту. 8-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының
2003.07.03. N 463, өзгеріс енгізілді - 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Просмотров 405

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!