Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






МАТРИЦАЛАРДЫҢ АНЫҚТАУЫШТАРЫН ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕРІН ПРОГРАММАЛАУ



МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

1 МАТРИЦАЛАРДЫҢ АНЫҚТАУЫШТАРЫН ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕРІН ПРОГРАММАЛАУ...................................................................................................6

1.1 Матрицалар алгебрасында қолданылатын амалдар.........................................6

1.2 Матрицаның меншікті мәнін және векторын табу әдістері............................24

1.3 Кері матрица көмегінде сызықты теңдеулер жүйесін шешу...........................41

2 МАТИРИЦАНЫҢ АНЫҚТАУЫШЫН ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНБАЛЫ ЕСЕПТЕР ШЕШУДЕ ПАЙДАЛАНУ..................................46

2.1 Паскаль тілінде матрицалар көмегінде теңдеулер жүйесін шешудің Крамер ережесін программалау.............................................................................................46

2.2 Паскаль тілінде кері матрица көмегінде теңдеулер жүйесін шешу әдісін программалау.............................................................................................................50

2.3 Паскаль тілінде матрицаның анықтауышын есептеуді қолданбалы есептерді шешуде қолдану.........................................................................................................55

 

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................59

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................61

 

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Паскаль тілінде матрицалармен анықтауыштарды есептеу әдістерін программалау есебі, жиі кездесуі оны үйренуді, қолданбалы мәселелерді шешуде өзекті етеді.

Паскаль тілінде матрицалармен анықтауыштарды есептеу әдістерін программалау қолданбалы мәселелер шешуде жиі кездесетін есптер қатарына жатады. Диплом жұмыста бұл әдістердің мүмкіншіліктерін талдау және оны есептер шешуде қолдану үшін программаларын түзу қарастырылған. Түзілген порграммалар көмегінде есептер шешілген және алынған нәтижелер талданған.



Тақырыптың зерттелу деңгейі.Гаусс, Н.С.Бахвалов, Н.П.Жидков, В.И.Ракитин, В.Е.Первушин, С.Атанбаев, М.А.Сұлтанов және басқалар сандық дифференциалдау әдістерін қолдануға өздерінің үлкен үлестерін қосқан.

Диплом жұмыстың мақсаты: Паскаль тілінде матрицалармен анықтауыштарды есептеу әдістерін программалау, алынған нәтижелердің дұрыстығына көз жеткізу. Бұл әдісті қолдану нәтижесінде есептерді шешу тиімділігін бағалау.

Диплом жұмыстың міндеті:матрицалармен анықтауыштарды есептеу әдістерін үйрену және программалау.

Ғылыми жаңалығы. Алгоритмдеу және қолданушыға қолайлы интерфейстер құру.

Диплом жұмыста матрицалар анықтауышын есептеу және анықтауыш көмеігінде сызықты теңдеулер жүйесін шешу әдістері қарастырылды. Крамер әдісі және кері матрицаларды қолдануды алгоритмдеу, программалау есептер шешу кезеңдері анықталды. Программалар көмегінде алынған нәтижелер әдебиеттердегі нәтижелермен салыстырылып талданады.



Паскаль тілінде матрицалармен анықтауыштар үстінде есептеу әдістерін программалау көрнекілігін асыру, пайдаланушыға шешілген мәселелерінің нәтижелердің әрбір кезеңін терең талдау мүмкіншілігін береді. Сол үшін бұл жұмыста әдістің нәтижелерінің көрнекті бейнелеуге барынша көп көңіл бөлінеген. Программалау барысында қолданылатын идентификаторлар теориялық бөлімде қолданылған Паскальмволдармен сәйкестендірілген. Қайталанатын есептеу амалдарына процедуралар қолданылған, бұл пррограмманы пайдаланушыға түсіну мүмкіншілігін жеңілдетеді. Құрылған программалар модульдік құрылымға барынша жақындастырылған. Бұл программалар келешекте кафедраның программалық библиотека қорына жинақтауға қолайлы болады. Паскаль тілінде матрицаның анықтауышын есептеу әдістерін программалау тестілеуден өткізу үшін, осы әдістерге берілген әдебиеттердегі мысалдар алынып, программа нәтижесі және кітаптағы нәтижелермен салыстырып талданды. Жаңа мысалдар қарастырғанда программалық жолмен қандай шешу көрнекілігін және оларға берілгендерді қалай дайындау керектігі жайлы әрбір әдіс үшін жеке ескертулер айтылып өтілген. Берілгендерді оңай ендіру үшін интерактив сұрақ – көрсету әдісін пайдаланылады. Паскаль тілінде матрицаның анықтауышын есептеу әдістерін программалау пайдаланушылардың мәселе шешу кезінде қолдануы олардың ғылыми көзқарас деңгейінің өсуіне өз ықпалын тигізеді. Мұнда көп мысалдар шешіледі, олардың нәтижелерін талдауға көп уақыт болады. Бұл программаны пайдалану барысы мысалдар шешкенде орындайтын қалыпты амалдарды компьютерді көріп орындап қайталағандай әсер алады.

Паскаль тілінде матрицаның анықтауышын есептеу әдістерін алгоритмдеу және программалау көмегінде есептер шешу программалар көмегінде әдістерді терең түсіну мүмкіншілігін береді. Диплом жұмыста матрицаның анықтауышын есептеуді Гаусс әдісімен шешу есептері қолданбалы есептер шешуде жиі кездеседі, сол себепті матрицаның анықтауышын есептеуді Гаусс әдісімен шешуді алгоритмдеу және программалауды үйрену қажет. Алгоритмдеу жұмысын орындау үшін әдебиеттерде жаттығу үшін берілген есептерді шешіп үйретілді. Есептер шешу кезінде есептерді шешу кезеңдері анықталды. Әрбір кезеңде орындалатын амалдар өз ретімен орындалатын Паскальпаттамалары жазылады. Бұл Паскальпаттамалар толық болғанда осы кезең үшін есептеу алгоритмі құрылды. Әрбір аралық кезеңде алынатын нәтижелер алдынан анықталып программаның нәтижесімен салыстырылып туралығы тексеріліп тұрды. Барлық кезеңдер ретімен біріктіріліп соңғы нәтижелер әдебиеттерде берілген есептердің нәтижелерімен салыстырылып дұрыс немесе бұрыс екендігі анықталады.

Диплом жұмысының құрылымы.Диплом жұмысы кіріспе, екі тарау, қортынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші негізгі бөлімінде. Паскаль тілінде матрицаның анықтауышын есептеу әдістерінешолу, әдебиеттерден материалдар жинақталып оларға талдау жасалған. Осы әдістерге тиісті ұтымды деген мысалдар жинақталып әрбір тақырыпта керекті жерде пайдаланылған. Бұл жұмыстың екінші тарауында процедуралар және функциялар көмегінде сызықты теңдеулер жүйесін шешуді қолданушы есептерді шешуге тиісті программалық тілдердің әдебиеттері жинақталған және осы әдістерге көрнекілік программалар құрып нәтижелер алынған, т.с.с. есептеу мүмкіншіліктері қарастырылған.

Орындалған жұмыстың екінші бөлімінде Паскаль тілінде матрицалармен анықтауыштар үстінде есептеу әдістерін программалау. Құрылған программада

әрбір әдістің шешілу кезеңдерінде алынатын нәтижелер экранда бейнелеу тәсілі қолданылған. Бұл тәсіл әрбір әдісті пайдаланушы мысалдар шешкенде терең түсіну мүмкіншілігін береді. Әрбір кезең нәтижесі экранда Enter клавишасын басқанға дейін көрініп тұрады. Бұл уақытта әрбір пайдаланушының әдістен осы кезеңдегі алынған нәтижесінің қандай кемшілідктері бар, жоқтығын тексеру мүмкіншілігі болады.

Матрицалардың анықтауышын және кері матрицасын есептеу әдістеріне алгоритм және программа құруда әдебиеттерде қолданылған айнымалыларды алгоритм мен программаларда қолдану берілген есептің әрбір кезеңінде орындалатын есептеу жұмыстарын қадам сайын тексеріп көру мүмкіншілігін береді. Жұмысты алгоритмдеу барысында есептеу жұмыстарында кездесетін нольге бөлу жағдайларын болдырмау тәсілдерін қолдану немесе алдын-ала нольге бөлу жағдайы пайда болғандығы жайлы мәлімет беру тәсілдері қарастырылды.

Берілген есептің нәтижелері табылғаннан кейін оны берілген жүйеге қойып оның нәтиженің дұрыс немесе дұрыс емес екендігіне көз жеткізуді оңайлату үшін табылған нәтижелерді берілген теңдеулердің әрбіріне қалған көріністі экранда бейнелеу әдісі қолданылған. Осы нәтиже көмегінде теңдіктің оң жағындағы шамалардың сол жағындағы шамалармен салыстырылады. Егер барлық теңдіктер орынды болса онда нәтиже дұрыс болады.

МАТРИЦАЛАРДЫҢ АНЫҚТАУЫШТАРЫН ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕРІН ПРОГРАММАЛАУ


Просмотров 1513

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!