Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Зіндік жұмысқа арналған тапсырмалар



1. Тақырыптың негізгі ұғымдары дамуының мазмұндық хронологиялық кестесін жасаңыз.

2. Кикілжің тудыратын жағдаяттарға мысал келтіре отырып, талдау жасаңыз.

3. Кикілжің жағдаятында қандай стилді таңдайсыз? Кесте түрінде көрсетіңіз.

4. Нақтылы жағдаяттар негізінде кикілжіңді шешудің жолын көрсетіңіз.

5.«Отбасылық кикілжің», оны дұрыс шешудің жолын көрсетіңіз.

6.Қазіргі заманғы би өнері.

Дебиеттер

1.Азбука поведения. Алма-Ата, 1990.

2. Андреев В.И. Конфликтология. –М., 1995.

3. Скотт Д.Г. Конфликты и пути их преодоления. – Киев, 1991.

4. Самоукина Н.В. Психология и педагогика профессиональной деятельности. – М., 2000.

5. Ж.Ж.Молдабекова, А.Ә.Маханбетова, А.Ш.Оралбаева. Кәсіби этика. Астана, «Фолиант», 2008. 160 б.

 

Тест «Кикілжіңді ұнататын тұлғасыз ба?»

Төмендегі тестті пайдалана отырып, бір жауапты таңдау арқылы кикілжіңге қалай қарайтыныңызды анықтауға болады.

1. Қоғамдық көлікте жоғары екпінмен талас (дау, егес, ұрыс-керіс) басталды. Сіздің әрекетіңіз (жауабыңыз)?

а) қатыспаймын;

б) дұрыс жақты қолдаймын;

в) белсенді түрде араласамын.

2. Жиналыстарда басшылыққа сын айтып сөйлейсіз бе?

а) жоқ;

б) егер оған дәлелім болса;

в) кез келген нәрсеге, басшылыққа ғана емес, оны қорғаушыларға да.

3. Достарыңызбен жиі ерегісесіз бе?

а) егер ол адамдар өкпелегіш болмаса;

б) тек кейбір сұрақтар бойынша;

в) ерегесу – мен үшін стихия.

4. Түскі асқа тұзы кем ас берді. Сіздің пікіріңіз?

а) түкке тұрмайтын нәрсеге ұрыс шығармаймын;



б) үндемей барып тұз сауытты аламын;

в) ескерту жасаймын.

5. Егер далада, көлікте аяғыңызды басып кетті:

а) ол адамға жақтырмай қараймын;

б) жай ғана ескерту жасаймын;

в) ұялмай өзімнің пікірімді айтамын.

6. Егер жақындарыңыз зат сатып алды, сізге ұнаған жоқ:

а) үндемеймін;

б) қысқаша әдепті түрде айтумен шектелемін;

в) ұрыс шығарамын.

7. Лотереяда жолыңыз болмады. Оған қалай қарайсыз?

а) немқұрайлы қарауға тырысамын, бірақ өзіме ешқашан оған қатыспауға уәде беремін;

б) оны жасырмаймын, әзілдеп болашақта ұтуға уәде беремін (реванш);

в) ұтылып қалу біраз уақыт көңіл-күйімді бұзады.

Нәтижелердің бағасы:

Әрбір жауап: а — 4 балл; б — 2 балл; в — 0 балл.

20-28 балл. Сіз әдептісіз және бейбітшілікті жақсы көресіз, жұмыста және үйде кикілжің мен ерегістен сақтанасыз. Сондықтан сізді қабілетті деп атайды.

10-18 балл. Сіз кикілжіңді ұнататын адаммен бірігіп кетесіз, бірақ басқа жолы қалмаған жағдайда ғана ұрсасыз. Сондықтан шектен шықпай, өз пікіріңізді дәлелдеуіңіз керек. Мұның барлығы сізді сыйлауға көмектеседі.



8 балл. Кикілжің мен ерегісу — сіздің стихияңыз. Басқаны сынауды ұнатасыз, бірақ өзіңізге шаң жуытпайсыз. Сіздің дөрекілігіңіз мен өзіңізді ұстай алмауыңыз адамдарды өзіңізден алшақтатады. Сіз үшін жұмыста да және үйде де қиын. Өзіңіздің мінезіңізді өзгертуге тура келеді.

Ш бөлім бойынша студенттердің өзін-өзі тексеруіне арналған тесттер

«Мен қарым-қатынаста қандаймын»

Берілген сұрақтарға зейін қойып оқып және оған шын пейілмен жауап қайтарыңыз. Сауалдарға «иә» және «жоқ», «иә немесе жоқ» деп жауап беруіңіз керек.

1. Сіздің достарыңыз көп пе?

2. Әрқашан да достарыңның арасында әңгімені қолдайсың ба?

3. Адамдармен қарым-қатынаста тұйықтығынызды, ұялшақтығыңызды жеңе аласың ба?

4. Басқалармен қарым-қатынастан жалқпайсыз ба?

5. Таныстарыңызбен кездескенде әрқашанда әңгімеңізді өзіңіз бастайсыз ба?

6. Ұнатпайтын адамдармен кездескенде жақтырмай тұрғаныңызды жасырасыз ба?

7. Жақындарыңызға ашуыңызды, жайсыз көңіл күйіңізді білдірмейсіз бе?

8. Досыңызбен ренжісіп қалсаңыз, достасуға бірінші қадам жасайсыз ба?

9. Жақын адамдарыңызға қатты сөз айтпайтын ұстамдысыз ба?

10. Қарым-қатынаста келісімге келе аласыз ба?

11. Пікірлескенде өз қарасыңызда тұра аласыз ба?

12. Өздері жоқ кезде таныстарыныз туралы жаман пікір айта аласыз ба?

13. Қызықты нәрсе естісеңіз достарыныңға айтып бергіңіз келе ме?

Нәтижесін бағалау:

«иә» деген жауапқа – 3 ұпай,

«иә» немесе «жоқ» деген жауапқа – 2 ұпай,

«жоқ» деген жауапқа – 1 ұпай.

 

Сіз қалай сөйлейсіз?

1. Сіз маңызды бір шараға қатысқалы тұрсыз. Ол басталғанша қобалжисыз ба?

2. Сізге жиналыста хабарлама немесе баяндама жасауды тапсырса, қанағатанбау немесе ұялу сезімі бола ма?

3. Дәрігерге көрінуді ұзаққа созбайсыз ба?

4. Сізге бұрын болмаған қалаға баруды ұсынды. Ісспараға барудан бас тартасыз ба?

5. Кез келген адаммен уайымыңызды бөлісе аласыз ба?

6. Көшеде танымайтын адам сізден сұраққа ауап беруді, уақытты айтуды немесе жол көрсетуді сұраса, ашуланасыз ба?

7. Әке мен бала мәселесі туралы адамдар арасында түрлі түсініспеушіліктер болады дегенге сенесіз бе?

8. Бірнеше ай бұрын танысыңызға берген қарыңызды қайтарып алуға ұяласыз ба?

9. Кафеде немесе асханада мерзімі өткен асты ұсынса, сіз үнсіз итеріп тастап отыра бересіз бе?

10. Таныс емес адаммен жалғыз өзіңіз бетпебет отырып әңгімесестіңіз. Оның бірінші болып әңгіме бастағанын жақтырасыз ба?

11. Сіз қайда болса да кезекке тұруды ұната қоймады делік. Сонда кезекке тұрудан бас тартасыз ба, әлде кезектің соңына дейін тұрып ұзақ күтесіз бе?

12. Жанжалды жағдайды қарайтын комиссияның құрамына кіруге қорқасыз ба?

13. Сурет, мәдени және әдеби шығармаларды бағалауды жеке пікіріңіз бар. Басқалардың пікірімен санасыз ба?

14. Өзіңіздің жүрегіңізге жақын сұрақ бойынша қате пікір естісеңіз, үндемей қаласыз ба, болмаса, қарсы пікір айтасыз ба?

15. Кейбір адамдардың қызметке байланысты немесе оқу тақырыбын түсінгісі келіп көмек сұрауы сіздің ашу-ызаңызды келтіре ме?

16. Өз көзқарасыңызды (пікіріңізді, бағаңызды) ауызша айтқаннан гөрі жазбаша түрде айтқанды ұнатасыз ба?

Жауаптың бағалануы:

Иә - 2 ұпай, кейде – 1 ұпай, жоқ – 2 ұпай.

30-32 ұпай. Сіз сөйлесуге шорқақсыз, бұдан сіз ғана емес, жақындарыңыз да қиналады. Басқалармен тіл табысуға тырысыңыз. өзіңізді бақылауға алыңыз.

25-29 ұпай. Тұйықсыз, көп сөйлемейсіз, жалғыздықты қалайсыз, жаңа тұрмыс, жаңа байланыстардың қажеттілігі сізге ұнамайды. Мінезіңіздің осы ерекшеліктерін білгесін, өзіңізге көңіліңіз толмайды. Сондықтан осыны жою өз қолыңызда екенін айтамыз.

19-24 ұпай. Сіз адамдармен қарым-қтынасқа белсендіңіз. Бөтен ортада өзіңізді еркін ұстайсыз. Сіздің айтқан сөздеріңізде мысқыл басым келеді. Бірақ бұл кемшілігіңізді түзетуге болады.

14-18 ұпай. Сіз жақсы сөйлесе аласыз, көп нәрсені білгіңіз келіп те тұрады. әңгімелесушіні ықыласпен тыңдайсыз, басқалармен сөйлескенде өз көзқарасыңызда тұрасыз. Шулы басқосуларды ұнатпайсыз, көп сөйлегендер ашуыңызды туғызады.

9-13 ұпай. Сіз сөйлесе аласыз, көп нәрсені білгіңіз келіп тұрады, әңгімені жақсы айтасыз, әр түрлі сауалдарға пікір білдіргенді ұнатасыз. Жаңа адамдармен ықыласпен таныссасыз, көзге түскенді қалайсыз. Кейде орындай алмайтыныңзға қарамастан бақалардың өтінішін жерге қалдымайсыз. Қиын жағдайларға тап келгенде, сізге жетіспей жататыны – ерлік, тұрақтылық, шыдамдылық. Шын ниеттенсеңіз, алынбайтын қамал жоқ.

4-8 ұпай. Сіз үнемі барлық істің ортасында жүресіз, пікірталасқа белсене араласасыз, кейде табыспен аяқтай алмасаңыз да, барлық істен бас тартпайсыз. Сондықтан әріптестеріңіз бен басшыларыңызды сізге қауіппен, күдікпен қарайды.

3 ұпайдан төмен. Сіздің сөйлесуіңіз шектен тыс. Көп сөйлеп, өзіңізге қатысы жоқ істерге араласасыз. Қаласаңыз да, қаламасаңызда пайда болған жайттар сізге қатысты өрбіп жатады. Қызбасыз, тез ашуланасыз. Оқу кезінде де, жатақханада да адамдардың сізбен сөйлесуі қиын. Осыны ойла.


Просмотров 1615

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!