Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Кикілжің және оны конструктивті жеңу



Жоспар:

1.Кикілжің ұғымы және оның элементтері. Кикілжің түрлері.

2.Кикілжің жағдаятына көңіл бөлу стилі.

3.Кикілжің жағдаяттарын болдырмау жолдары. Кикілжіңдік жағдаяттарды шешу әдістері.

4.Әдеп – кикілжіңді жеңудің бір тәсілі.

 

«Конфликт» сөзі «conflictus» латын тілінен енген, тікелей мағынасы қарама-қарсы бағытталған мақсаттардың, қызығушылықтардың, ұстанымдардың, ой-пікірлердің қақтығысы. Екі не одан да көп индивидтің немесе топтың, қарама-қарсы жақтың белгілі бір мақсатқа жетуіне, қызығушылығының қанағаттандырылуына әдейі бөгет жасауы немесе оның көзқарасын, әлеуметтік ұстанымын өзгерту үдерісі.

Кикілжіңнің негізгі құрылымдық элементтері мыналар:

- кикілжің жақтары – кикілжің жағдайында болатын әлеуметтік өзара әрекеттесетін субьектілер (қатысушылар);

- кикілжің заты – бұл кикілжің тудыратын нәрселер, атап айтқанда, нақты материалдық және рухани қорлар, қанағаттандырылмаған қажеттіліктер, тілектер, қызығушылықтар, яғни оның не үшін пайда болғанын көрсетеді;

- кикілжіңнің мотиві – қатысушыны кикілжіңге итермелейтін ішкі қоздырғыш күш;

- кикілжіңге түсушілердің ұстанымы – кикілжің барысында бір-біріне айтылатын жағдай.

Кикілжіңнің пайда болуына септігін тигізетін конфликтоген деп аталатын - сөз, әрекет (шарасыздық) негізгі рөл атқарады.

Өмірде көбінесе әлеуметтік-тұрмыстық және отбасылық-тұрмыстық кикілжің жиі болады, тұлғаралық қатынас реалистік не реалистік емес және конструктивті және деструктивті болуы мүмкін.



Реалистік кикілжіңнің мақсаты – материалды және материалды емес, нақты нәтижеге жету. Мұндай конфликт конструктивті және деструктивті бағытта дамиды. Затсыз конфликттің мақсаты – шиеленісті жою, өзіндік бәсеңдету.

Егер конфликт өзара қарым-қатынасты дамытуда дәлелденген шешімді қабылдауға мүмкіндік туғызса, оны конструктивті кикілжің деп атаймыз. Конструктивті кикілжіңнің ерекшелігі ол әңгімелесушілерде ұрыс-керістің затына бағытты сақтайды, және олар бірлескен іс-әрекеттің мақсаты мен құралын саналы түсінеді. Өзінің және серіктесінің жағдайын, өзара мүмкіндігін бағалайды. Олардың әртүрлі пікірде болуы бір-бірімен қатынаста өзара қанағаттанбаушылықты көрсетеді.

Тиімді өзара әрекеттестік пен шешімді қабылдауға кедергі келтіретін дау-дамай деструктивті кикілжің деп аталады. Олар серіктестердің бір-бірімен өзара әрекеттестігіне қанағаттанбаған жағдайда туындайды. Онда нәтижесі белгілі бір «сын тұрғысынан» және бағынбаушылықтан көрінеді. Ол серіктестің өзінің мүмкіндігін көрсетуге талпынуда оппоненттердің біреуінің екіншісін психологиялық жағынан басып тастауға, оны басқа адамдардың көзінше кемсітуге дискредитация жасағанда көрінеді. Әдетте екінші жақ оған қаһарлы түрде қарсылығын білдіріп, бұл екі жақтың арасындағы диалог жан-жалға айналып, оны шешу мүмкін емес болады. Бұл түрі денсаулыққа зиянын тигізеді. Кикілжіңді деструктивті шешудің негативті салдары: біріншіден, адам «дауды мен жеңдім, ал анау жеңілді» деп ойласа да, екі жақ бірдей жапа шегеді. Екіншіден, екі жақтың біреуінде болсын өкпе қалады, соның ішінде жеңіліп қалған адам өзін-өзі іштей кінәлайды, өзін төмен бағалап, сыйламайды.



Кикілжіңнің 80 пайызы оған қатысушылардың тілектеріне қарай туындайды. Ол біздің психикамыздың ерекшелігіне қарай өтеді, көпшілік адам оны білмейді немесе оған мән бермейді.

Кикілжіңнің негізгі бес түрі кездеседі: ішкі тұлғалық, тұлғааралық, тұлға мен топаралық, топаралық, әлеуметтік.

Ішкі тұлғалық кикілжің. Кикілжіңге қатысушыларға адамдар ғана емес, тұлғаның ішкі дүниесінің әр түрлі психологиялық факторлары: қажеттіліктер, құндылықтар, сезім және т.б. жатады. Жұмыспен байланысты ішкі тұлғалық кикілжіңнің бірнеше тұрлері болады. Ең көп тараған түрлерінің бірі – рөлдік кикілжің. Адамның әр түрлі рөлдері оған қарама-қайшы талап қояды. Мысалы, жақсы отағасы бола отырып, адам кештерін үйінде отбасы қасында өткізуі керек. Ал басшылық қызметі оны жұмыстан кешігуге міндеттейді. Бұл кикілжіңнің себебі – жеке қажеттілік пен өндіріс талабының келіспеушілігі болып отыр.

Тұлғааралық кикілжің. Бұл кикілжіңнің ең көп тараған түрі. Мекемелерде ол әр түрлі көрініс береді. Көптеген басшылардың ойынша, кикілжіңнің себебі мінездердің келіспеуінен. Шынымен де әр түрлі мінез, көзқарастағы адамдардың бір-бірімен тіл табысуы қиын. Бірақ жүргізілген сараптамалардың көрсетуінше, бұндай кикілжіңдердің негізінде обьективті себептер жатыр. Көп жағдайда бұл шектелген ресурстар үшін күрес: материалдық жағдай, өндірістік аумақ, жұмыс күші және т.б. Әр адамның ойынша тек қана өзі ресурстарға мұқтаж.

Тұлға мен топаралық кикілжің. Топтардың тілдесу, тәртіп ережелері қалыптасады. Топтың әр мүшесі оны сақтауы керек. Қалыптасқан нормадан бас тартуды топ теріс қабылдап, тұлға мен топ арасында кикілжің туындайды. Осы түрге жататын кикілжіңнің кең тараған түрі – басшы мен топ арасындағы кикілжің.

Топаралық кикілжің. Ұйым көптеген топтардан тұрады. Олардың арасында кикілжің туындауы мүмкін. Топаралық кикілжің кезінде топтың мүшелері басқа адамдарды жеке тұлға ретінде қабылдамай, жағымсыз тәртіп пен басқа топтың мүшесі ретінде ғана қабылдайды. Өз топтарын асыра бағалап, басқа топты кішірейтіп, төмендетіп, теріс баға береді. Өз топтарының теріс қылықтарының себебін сыртқы фактордан көреді, ал қарсыластарының сүрінуін ішкі себептерден іздейді.

Әлеуметтік кикілжің – жағдайда қарым-қатынас жасаушы жақтар, субьектілер, бір-біріне қарсы немесе өзара бірін-бірі жоққа шағаратын мақсаттарын көздейді. Әлеуметтік кикілжің түрлі әлеуметтік қауымдардың соқтығысуынан көрінеді – таптар, ұлттар, мемлекет, әлеуметтік институттар, әлеуметтік субьектілер. Қарам-қарсы күресуші жақтар өздерінің түрлі қарама-қайшы мақсаттары мен көзқарастарын, даму жолдарын қорғап, көздейді.

Кикілжіңді тудыратын немесе өз еркінсіз осындай жағдайға тап болатын адамдар мәселені тез арада өзіне тиімді етіп шешкісі келеді. Осы жерде «кикілжіңді шешудің жолдары қандай?» деген сауал пайда болады.

Әр адам өзінің өмірлік жинаған машығына байланысты, өз пайымдауына байланысты кездесіп жатқан конфликтіні өз көзқарасы тұрғысынан шешеді. Адамзат өз тарихында конфликті тудырып, сосын оны шешуден бірталай машық жинаған. Аталған мәселені зерттеп, оны жинақтау ХХ ғасырдың соңына қарай жаңа бір білімнің саласы – конфликтологияның пайда болуына ықпалын тигізеді.

Конфликтологияның басты міндеті – тек танымдық теориялық деңгейде ғана емес, тәжірибеде адамдарға конфликтілі жағдайлармен не істеу керектігін түсіндіріп беру.

Адам кикілжіңдік жағдаятқа түскенде белгілі бір стратегияны және мінез-құлық стилін таңдауы қажет. Кикілжіңдік жағдаяттарды екі тұрғыдан алып қарастыруға болады. Біріншіден, оның пайда болып, өрши түсу заңдылықтарын біліп жүрген адам дау-дамай басталмай тұрып алдын алады. Екіншіден, ол кикілжіңнің неден пайда болғанын анықтайтын жағдаятты талдау техникасын меңгеруі тиіс. Кикілжіңдік жағдаятта адамдар саналы түрде белгілі бір стилді таңдайды. Нақты жағдайда мінез-құлық стилі өзіндік қызығушылықты қанағаттандырумен, пассивті және активті әрекетпен, басқа жақтың қызығушылығымен, бірлесе отырып не жеке әрекет етумен анықталады. Психологтар мінез-құлық стилінің бес типін ұсынады:

- бәсекелестік;

- ауытқу, жалтару, қашып кету;

- бейімделу;

- ынтымақтастық;

- келісім, ымыраға келу.

Бұл стилдерді жеке қарастырамыз.

Стиль: бәсекелестік – «акула» (күшті стратегия: еріксіз көндіру, мәжбүр ету, зорлық көрсету; күрес; бақталастық, күндестік).

Бұл типтегі адама өзінің қызығушылығына бағдарлану және өзінің серіктесін елемеу, ескермеу, яғни басқаның есебінен өзінің қызығушылығына жетуге талпыну тән. Ол басқа адаммен ынтымақтастықта болуға қызықпайды, бірақ ерікті шешім қабылдауға бейім. «Бәсекелестік» стратегиясын таңдау күреске қызығушылықты, не өзара әрекеттестікті көрсетеді. Бұл стилдің мәні адамда жағымсыз эмоциялар жинақталмайды, ол өзіне жауапкершілікті алып, тәуекелге бел буады.

Стиль: ауытқу, «тасбақа»( жалтару, қашып кету)

Бұл стиль адам өзінің құқығын талап етпеген, мәселені шешу үшін ынтымақтастыққа түспеген, бас тартқан жағдайда жүзеге асырылады. Бұл стилді қолданатын адамның міндеті мәселені шешу емес, тек өзара қарым-қатынасты сақтап қалу. Бұл стилдің мәні адамның өзі кикілжіңді тудырмауға әрекет жасауымен сипатталады. Кемшілігі – кикілжің шешілмейді, сондықтан белгілі бір уақыт өткен соң қайта туындауы мүмкін.


Просмотров 3389

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!