Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Здік жұмысқа арналған тапсырмалар. 1. «Сыйлық беру әдебі» туралы фотоальбом дайындаңыз



1. «Сыйлық беру әдебі» туралы фотоальбом дайындаңыз.

2. Сыйлық бере аламыз ба? тақырыбына пікірталас жүргізіңіздер.

Студент әдебі

Жоспар:

1. Студенттік ортадағы қарым-қатынас мәдениеті.

2. Оқу мекемелеріндегі және қоғамдық орындарда қолданылатын мінез-құлық әдебінің ережелері.

3. Студенттің сыртқы келбеті.

4. Студенттік жатақханадағы мінез-құлық әдебінің ережелері.

5. Оқытушы мен студент қарым-қатынасының нормалары.

Студент (лат.studens – бір нәрсеге ұмтылушы, бір нәрсеге қызығушы) –жоғары оқу орнында білім алушы адам. Студенттік жас (18-25) адам өмірінің ерекше бір кезеңі. Оның ерекшелігінің өзі тұлға дамуының жалпы мәніне және негізгі заңдылықтарына сай он сегізден жиырма беске дейінгі жас аралығы адамның кемелдену, толысу кезеңінің бастапқы жылдары деп саналады.Студенттер қатарына тынымсыз оқу харекеті арқылы, білімді жүйелі түрде меңгеруге ұмтылған жастар қосылады.

Әлеуметтік психологиялық тұрғыдан студенттер халықтың өзге топтарымен салыстырғанда білім және танымдық деңгейінің жоғарылығымен, мәдениет мұраларын пайдаланудағы белсенділігімен ерекшеленеді.

Жеке жұмыс барысында студент белсенді, өздігінен өз ісін ұйымдастыра алатын, педагогикалық қарым-қатынас субьектісі ретінде қарастырылады. Оған танымдық және белгілі бір кәсіби бағытталған міндеттерді шешуі, қарым-қатынастың белсенділік ерекшеліктері тән.Студенттік кезең адамның жан-жақты жетіліп тұлға ретінде қалыптасуының негізгі кезеңі. Бұл спорттық рекордтар, мәдени техникалық және ғылыми жетістіктерге қол жеткізетін айтулы шақ, адамның болашақ маман ретінде әлеуметтік белсенділігі артатын, яғни жоғарғы мектеп педагогтарының студенттермен қарым-қатынасы ерекшеленетін кезең.



Оқу орны қабырғасындағы мінез-құлық ережесі қазіргі қоғамда қабылданған әдеп нормаларына негізделген және жалпыадамзаттық әдептің бөлігі болып табылады. Олардың негізгілеріне төмендегілерді жатқызуға болады:

1. Әдепқазақ халқының көркем, әдемілік көрінісі.

2. Ұлттық әдеп - сөз мәдениетін сақтай білуден басталады. Әдепті кісі сөйлескенде дауыс көтермей, айқын, байсалды және ұстамды сөйлеседі. Әдепті кісі телефонмен сөйлескенде де өзінің байсалдылығын танытады.

3. Сәлемдесу –әдептіліктің, адамгершіліктің баспалдағы. Сәлем – сөз анасы, сөздің қасиеті. Адамшылық – амандасудан басталады. Ашық қабақпен, күлімсіреп берген сәлем адамның жан дүниесін жадыратады.



3.Өзара сыйластық. Студент профессорлық-оқытушылық құрамға, қызметкерлерге, басқа студенттерге деген өзара әдептілікті, өнегелікті, сыпайылықты және сыйластықты сақтауы тиіс.

4.Адалдық. Студент оқу үрдісінің тәртібін бұлжытпай сақтауға, оқу сабақтарына қатысып, белгіленген мерзімде оқу жоспары мен білім беру бағдарламасында қарастырылған тапсырмалардың барлық түрлерін орындауға міндетті. Студент оқуда жоғары деңгейге жету үшін өз тарапынан барлық жағдайды жасауы тиіс.

5.Тәртіптілік. Студент таза киініп, тәртіпті болуға тиіс. Оқу корпустарына сыртқы киіммен кіруге болмайды. Университет студенттеріне басқаның мүлкін ұрлауға, университетте мас күйінде жүруге, спирттік ішімдіктерді қолдануға, ғимаратта шылым шегуге тиым салынады. Оқу сабақтары арасындағы үзілісте студенттер арнайы бөлінген орындарда ғана (скверлерде, холдарда және т.б.) дем алуы тиіс. Сабақ үстінде, кітапханада ұялы телефонмен сөйлесу, сағыз шайнау, сырлас, қалау сезімдерін көрсету, оқу үрдісіне кеселдік келтіретін қатты әңгімелесу, шу, университетке шорты немесе спорт киімімен келу этикалық нормаға сай келмейді.

6.Ұқыптылық. Студенттерге сабақ басталғаннан кейін үзіліс болмай, дәрісханаға кіруге, сабақ уақыты кезінде дәрісханадан кіріп-шығып жүруге жол берілмейді. Егер сабаққа кешігіп келсе, онда есікті қағып, оқытушыдан рұқсат сұрауы қажет. Әдепті студент әр істі дер кезінде ұқыпты әрі нәтижелі орындауы тиіс.

7.Белсенділік. Студент университеттің оқу, қоғамдық, спорттық іс-шараларына белсенді араласуы тиіс.Студентке өзінің интеллектуалдық ғана емес, физикалық дамуында да белсенділік танытуы қажет. Студенттердің жұмысқа қабілеттілігі оның физикалық жағдайына тікелей байланысты, денешынықтыру мен спортпен үнемі айналысуы, дұрыс демалуы тиіс.

8.Құнттылық. Материалдық мүлікке құнттап және тиянақты қарау: ғимараттағы жиһаздар мен оқу корпусының, зертханалардың, жатақханалардың басқа да құралдарын бүлдірмеу, столдарға және басқа орындарға жазбау. Студент университет қорына ұқыпты қарауы тиіс.

9.Жауапкершілік. Университет жарғысына сәйкес студенттердің белгілі бір құқықтары мен міндеттері бар, белгіленген Кодекстің тәртіп ережесін сақтау үшін жеке жауапкершілік артады.

10. Қанағатшылдық.Қанағат – әдептіліктің басты белгісі және негізі. Ол – адамның сана-сезімі мен іс-қимылындағы жақсы әдет. Қанағатты әдетке айналдырған жан өмір бақи игілігін көреді. Өйткені ол адамшылық жолдан тайдырмайды, аздың өзіне қанағат қылдырады.

11. Көрегендік. Студент белгіленген тәртіппен оқу және қоғамдық қызмет мәселесі бойынша басшылыққа кіре алады. Әдеп ережесін сақтау шынайылығымен студент сенімділікке жетеді.

12. Жасампаздық. Студент университеттің дәстүрін құрметтеуі және көбейтуі, жаңа студенттерге бейімделуге көмектесуі, өзінің әрекеті мен қылықтары арқылы университеттің мәртебесін және абыройын көтеруі тиіс. Әдепті студент әр уақытта қамқорлық жасауға дайын болу керек.

Қарым-қатынас – білім мен мәдениеттің бір бөлігі, оның бөлінбейтін бөлшегі іспетті адамзаттың дүниетанымы мен сана-сезімін жетілдірудің ерекше жолы. Қарым-қатынасты білім мен біліктілік, дағды және адамның ішкі құндылықтарына негізделген мәдени сауаттылығы ретінде қарастыруға болады. Ұлттық құндылықтарға негізделген қарым-қатынас мәдениеті студенттердің саналы көзқарасын, ізгілікті қарым-қатынас орнатуына, рухани-адамгершілік құндылықтарының қалыптасуына, жүйелі іс-әрекет жасауына мүмкіндік береді.

Университет студенттерінің ара-қатынасы сенім, өзара қатынас, ынтымақтастық, өзара түсінушілік және өзара көмек негізінде құрылады, олардың ішіндегі маңыздылары:

- Жоғары оқу орны мен студенттер арасындағы өзара қарым-қатынастың негізгі жақтарын реттейтін университет ережелерін басшылыққа алуы керек;

- студент университет қызметкерлерімен субординациялық қарым-қатынасты ұстануы қажет;

- студент басқа студенттермен, оқытушылармен және қызметкерлермен қарым-қатынас жасауда әдепті, биязы, сыпайы болуы, іскерлік қатынаста негізгі ережелерді сақтауы, жауапты, шыншыл, тәртіпті болуы керек;

- студент басқа адамның ар-намысына тиетін іс-қимыл жасамауы тиіс, қайырымдылығымен және жоғары мәдениеттілігімен ерекшеленіп, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынаста позитивті бағытты ұстануы керек;

- студент оқу-тәрбие үдерісіне байланысты өзінен көмек сұраған курстастарына белсенді түрде жәрдем беруі тиіс;

- студент тұлғааралық қарым-қатынас этикасын саутауы керек және ұлтына, дініне, наным- сеніміне қарамастан оқытушылары мен өз курстастарын сыйлап, кемсітушілікке жол бермеуі тиіс;

- Әрбір студент мүмкіндігінше, топтың сабақтан тыс өміріне белсенді белсенді түрде қатысып, бос уақытты қызықты әрі пайдалы өткізудің ұйымдастырушысы болуы керек және т.б.

Студенттердің құқықтары:

· Оқудың тиісті нысаны бойынша факультеттер мен кафедраларға ұсынылған тиісті факультативтік (дайындау бағытына міндетті емес мамандықтар) және элективтік (тәртіппен міндетті таңдалған) курстарды таңдауға;

· Мемлекеттік жоғарғы кәсіби білім стандарттарының талаптарына сәйкес өз білімдерін қалыптастыруға қатысуға (Білім алу және ары қарай жұмысқа орналасуына қолдау жасауда көрсетілген құқықтар Университет пен студент немесе жеке және заңды тұлға арасында жасалған шарт талаптарында шектелуі мүмкін);

· Университетте белгіленген тәртіппен берілетін оқу пәндерін даярлаудың таңдалған бағытына сәйкес (мамандықпен) үйренуге;

· Маңызды сұрақтарды шешу мен талқылауға, соның ішінде Университет қоғамдық ұйымдары арқылы шешуге қатысуға;

· Тиісті қабылданған ережеге сәйкес Университет кітапханасын, ақпараттық қорды, оқу, ғылым, емдеу бөлімшелерін тегін пайдалануға;

· Ғылыми-зерттеу, конференция, симпозиум т.б. жұмыстарына қатысуға;

· Университет баспасына өз жұмыстарын жариялауға;

· ҚР заңнамасына сәйкес қабылданған Университет әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағымдануға;

· ҚР заңнамасына сәйкес әскери мамандық бойынша білім алуға;

· Әскери даярлықтан басқа ғылыми кеңестің шешіміне сәйкес барлық пәндер бойынша сынақтар мен экстерндік емтихандар тапсыруға;

· Оқудан бос уақытта мекеме мен ұйымдарда және басқа да ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы мекемелерде жұмыс істеуге;

· Күндізгі оқу нысанындағы студенттер (бұдан әрі – күндізгі оқу нысанындағы студенттер) заңнамаға сәйкес шәкіртақымен қамтамасыз етіледі. Шәкіртақы белгілеу мен беру тәртібі құқықтық актілерге сәйкес анықталады. Жеке және заңды тұлғалардан бекітілген шәкіртақыны студенттер алуға құқылы;

· Университет қоғамдық жұмысында белсенді және оқудағы жетістіктері үшін ережеге сәйкес атаулы және ҚР Президенті атындағы шәкіртақы белгіленеді.

Сонымен бірге күндізгі оқу нысанындағы студенттерінің құқықтарын төмендегідей сипаттауға болады:

· Орталық білім беру басқармасымен белгіленген тәртіпте медициналық көрсеткіштер мен басқа да жағдайларға байланысты академиялық демалыс алуға;

· ҚР «Білім туралы» заңына сәйкес оқуға байланысты уақытша әскери қызметке шақырылуға байланысты сабағының тоқтатылуы;

· Тұрғын үй қажет студенттерге белгіленген тәртіппен Студенттік үйден орын беріледі;

· Орталық білім беру басқармасы органымен қабылданған тәртіпке сәйкес бір оқу орнынан басқа екінші жоғарғы оқу орнына ауысуға;

· Екінші жоғарғы оқу орнынан ауысқан жағдайда студенттердің барлық құқықтары сақталады;

· Ақылы нысанда оқитын студент мына талаптар арқылы келесі оқу жылы оқу ақысын төлеуден босатылуы мүмкін: алдыңғы оқу жылындағы барлық емтихандар мен сынақтарды «үздік» бағаға тапсырған және мемлекеттік бюджеттік немесе несиелік нысанда бос орын болса ауысқан жағдайда және т.б.

Студенттердің міндеттері:

· Оқу жоспарында белгіленген оқу іс-әрекеттінің барлық түрін дер кезінде және сапалы түрде жүзеге асыру;

· Оқуға жауапкершілікпен қарау;

· Таңдалған мамандық бойынша теориялық және тәжірибелік білімді терең меңгеру;

· Оқу бағдарламасында белгіленген барлық оқу пәндерін уақытында тапсыру;

· Белсенді, мақсатты, жүйелі түрде кәсіби білім мен дағдылардың негізін меңгеру;

· Әрдайым жалпы мәдениет пен физикалық, рухани деңгейді көтеру;

· Жалпы моральдық нормаларды сақтау; Өзінің құрбыларына, университет оқытушылары мен қызметкерлеріне қатысты тәрбиелік қатынаста дөрекілікке жол бермеу;

· Студенттер үйінде тұратын студенттер мен қызметкерлер студенттер үйінің тәртібіне бағынуға тиісті: Университет ғимараты мен студенттер үйінің ішкі тәртіптерін сақтау; Жалпы университетке, жеке қызметкерлерге, студенттерге, оқитындардың басқа да санаттарына моральдық және материалдық зиян келетіндей әрекеттерге жол бермеу;

· Студенттер университеттің қоғамдық және ғылыми өміріне (ғылыми үйірмелер мен студенттік конференциялардың, спорттық секциялардың, көркем-шығармашылық бірлестіктердің жұмысына, сонымен қатар Университетте өткілетін мерекелер мен басқа да шараларға) белсенді түрде араласуға міндетті.

Оқудағы жетістіктері және ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысқан студенттерге мынадай моральдық және материалдық мадақтаулар қарастырылады:

· Алғыс жариялау;

· Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтармен марапаттау;

· Студенттердің ата-аналары немесе алдында оқыған мекемелеріне алғыс хаттар жолдау;

· Университет ғылыми кеңесімен атаулы шәкіртақылар белгіленеді. Материалдық мадақтауды Университет ректоры студенттік қоғамдық ұйымдармен бірлесіп ережеге сәйкес белгілейді;

· Ішкі тәртіптік ережені сақтамауы және студент атауына сай бола алмағаны үшін белгіленген тәртіппен тәртіптік жауапкершілік шаралары қолданылады және университеттен шығаруға дейін барады;

· Осы Конституцияның ережелерін бұзғаны үшін студенттер студенттік үйде тұру құқығынан айырылады;

· Тәртіптік жаза, соның ішінде оқудан шығарылу, студенттен жазбаша нысанда түсініктеме алғаннан кейін қолданылуы мүмкін;

· Тәртіпсіздік бір айдан кешіктірілмей анықталуы және жасалған уақыттан бастап алты ай мерзім ішінде тәртіптік жаза қолданылады, студенттің демалыс уақыты мен ауырған мерзімі саналмайды.

 

Зін-өзі бақылау сұрақтары

1. Студент әдебі дегенді қалай түсінесіздер?

2. Студенттердің міндеттері мен құқығы қандай?

3. Студенттік ортадағы қарым-қатынас мәдениеті қандай болуы керек?

4. Оқу мекемелеріндегі және қоғамдық орындарда қолданылатын мінез-құлық әдебінің ережелерінің ерекшілігі неде?


Просмотров 933

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!