Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Кімге қандай сыйлық ұсынады? Әйелге



Олар сыйлыққа гүл алғанды жақсы көреді.

Алайда Сіздің сыйлаған гүліңіз тез солып қалып, сыйлық бергеніңіз ұмытылып кетуі мүмкін. Сол себепті құмырадағы өсіп тұрған гүлді сыйлағаныңыз жөн. Ол гүлге көзі түсіп, оған су құйған сайын Сіз есіне түсесіз. Үйдегі шаруасын жеңілдететін электро-техникалық құрал-жабдықтарды да сыйлауға болады. Әйелдің өміріне романтикалық өзгерістер енгізгің келсе, әдемі иіс су, қас, қабақ, көз, бетті әрлейтін парфюмерия сыйлағаныңыз жақсы. Кез-келген әйел, күміс, алтын бұйымдарға әуес. Қаржылай мүмкіндігіңіз келсе, мұндай заттарды сыйлaсаңыз үлкен қуанышқа бөлейсіз. Зергерлік заттарды әйелдің жасына сәйкес сыйлайды. Әдемі, қымбат мата сыйлау да, әйелді қатты қуантады. Әдемі әмиянға ақша салып берсеңіз тіпті жақсы. Үй шаруасына қажетті заттарды сыйларда оның әйелге кір, ыдыс-аяқты жууға, үй ішін сыпырып жинауға тиісті екенін есіне түсіріп, өкпелетпеуіне көңіл бөліңіз.

Ерлерге

Жазу үстеліне қажетті керек-жарақты сыйлауға болады. Олар: күнделік, мұқабасы әдемі қойын кітапша, арнайы тапсырыспен жасалған визиткалар, қаламсап және т.б. заттар. Күйеуінің талғамын жақсы білетін әйелдер сыйлық таңдауға қиналмайды. Балық, аң аулауды жақсы көрсе – қолшам, қармақ, шатыр, авто-әуесқой болса – машинасына қажетті керек-жарақ, су- венир, спортшы болса – жаттығу құралдарын сыйлайды. Ән тыңдауды ұнататын ерлерге сүйікті әншілерінің үнтаспасын, компакт дискілерін сыйлай береді. Ер адамның талғамын, дүниетанымын, әдет-ғұрпын жақсы білмесеңіз, оған шытыр- ман оқиғалы, мұқабасы әсем кітап, энциклопедия сыйлаңыз. Ерлерге көзілдірік салатын әсем қапты да сыйлайды. Тек көзілдірік кимейтін ерлерге оны сыйлап қажеті жоқ. Ерлер сыйлыққа портфель алғанды да ұнатады, көбісі жақсы көйлек, галстукке құмар.



Балаларға

Олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес сыйлық берген жөн. Ойыншықтар баланың рухани азығы болғандықтан, оны дұрыс таңдай білудің маңызы зор. Бөбектерге сыйлайтын ойыншықтар кірлесе оңай жуып алынатын, түрі мен түсі көз қызықтыратындай болсын. Балаға сәби кезінен суретті кітапшаларды сыйға тартсаң, олардың дүниетанымы кеңейіп, кітапты ұқыпты ұстауға, сурет салуға үйренеді. Ал оған түрлі-түсті қарындаштарды қоса берген абзал. Оларға тәттілерді, жеміс-жидектерді де сыйға береді.



Үйлену тойындағы сыйлықтар

Үйлену тойында сыйлық беру – қай халықта да қалыптасқан дәстүр. Алайда ол әр елде әрқилы.

Кения, Танзания елдерінде. Осы елдердегі масай деген халықта үйленетін жігіт болашақ жарының аяғының астына өзі аулап өлтірген арыстанның терісін тастайды және де олар алғашқы неке түнін соның үстінде жатып өткізеді. Бұл болашақ балаларының арыстандай өжет, батыл, қайратты болып туып, өсуі үшін.

Жапонияда Атастырылмас бұрын күйеу жігіт пен қалыңдық бір-біріне ақшалай сыйлық береді. Қонақтар құнды сыйлықтар әкеледі, оның сыртында конвертке ақша салып, оны жас жұбайларға тарту етеді. Жас жұбайлар Жаңа жыл мейрамы кезінде, жаздың ортасында құдаға сыйлықтар жібереді.

Кипр аралдарында Жас жұбайларға сыйлық әкелгендердің бәрі тойға шақырылған болып есептеледі. Олар да конвертке салып ақша сыйлайды.

Польшада Мұнда да сыйлық орнына ақша беріледі, күйеу жігіт қалыңдығының басындағы ақ желегін өз қолымен шешкен кезде тойға жиналғандар оларға ақша лақтырады.

Венгрияда Күйеу жігіт қалыңдығына ақша салынға кішкентай сөмке сыйласа, қалыңдығы жауап ретінде оған үш немесе жеті беторамал ұсынады.

Малайзия халықтарында Той қарапайым өтіп, күйеу жігіт қалыңдығына сыйлық ретінде тамақ салынған поднос береді, жан-жануардың мүсінін немесе гүл мен ақша тарту етеді. Қонақтар байлықтың нышаны ретінде сыйлықтарымен бірге піскен жұмыртқаны қоса тапсырады.

Еврейлерде Үйлену тойында екі жақтың ата-анасы жас жұбайларға міндетті түрде қасиетті кітап – Тауратты сыйлайды. Күйеу жігіттің сыйлайтыны - әр түрлі сәндік заттар. Сыйлықты қалыңдыққа беріп жіберерде күйеу жігіттің қасында ешкім де болмауға тиісті. Қалыңдық болашақ күйеуіне «үлкен талит» (құлшылыққа қажет төсеніш) жібереді.

Германияда Қонақтар жас жұбайлардың жүретін жолына шырша бұтақтарын төсеп тастап, сыйлыққа қол орамал алады. Дәстүр бойынша қонақтар тойдан қалған дәмді осы орамалға орап алып кетеді.

Қытайда Тойға дайындықтың алғашқы сатысы – юэдин кезінде күйеу жігіт қалындықтың ата-анасына қымбат сыйлықтар жібереді. Құда болуға уағадаласқаннан кейін қалыңдыққа шай, сырға, білезік, алтын тиындар тарту етеді. Арнайы қызыл қорапшаға салынған күріш, тұз, шарап жіберіледі де оның жартысы қайтадан күйеу жігітке жөнелтіледі. Той болатын кү-ні күйеу жігітке бұршақтың екі дәні сыйға беріліп, ол оны суға салып, артынан жеп қояды. Күйеу жігіттің отбасы той алдында қалыңдыққа той көйлегін, қосымша керек-жарақтарды, күріштен, бидайдан жасалған тандыр нан жібереді. Той үстінде көп сыйлық беріледі.

Сыйлықты қалай ұсынған жөн?

Сыйлықты қалай ұсынасың, ол сондай әсер қалдырады. Сыйлық қаншалықты қымбат болса да оны қалай болса солай, немқұрайлы ұсына салса, ол ешкімді де қуантпайды. Ал көтеріңкі көңіл күймен, ізгі тілектермен, ыңғайын келтіре, орынды жерінде берілген сыйлық иесін ерекше шаттандырады. Алыстағы адамға сыйлықты сәлемдеме ретінде басқа бір қатынаған кісіден де беріп жіберуге болады. Мұндай жағдайда сыйлықпен бірге хат жолдап, құттықтау айтқан жөн. Тек жақын жерде тұратындардың сыйлықты біреуден беріп жіберуінің реніш туғызуы мүмкін. Сыйлықты кешіктірмей жеткізеді. Мерейтой иесі бір күн бұрын немесе той күні таңертең сыйлыққа ие болғаны дұрыс. Сыйлықты біреуден беріп жібергенде осы есте болсын. Сыйлықты ұсынғанда оның құндылығын айтудың қажеті жоқ. Оған гүл шоқтарын қосып ұсынса, тіпті жақсы.

Сыйлықты қалай қабылдаған жөн?

Кейбір кісілер берілген сыйлықты басқа жаққа алып қояды да, қонақтар кеткен соң ашып көреді. Өзгелер сыйлықты алысымен ашып көріп, оны берген адамға өз ілтипатын айтып жатады. Қонақ қуаныш иесінің көңілінен шығу үшін уақы-тын бөліп сыйлық іздеп, таң-дап, әуреленгендіктен өзіне жылы лебіздерді білдіргенін, сыйлығын құрметпен қабыл-дағанын қалайды. Сол себепті, сыйлықты ашып көрудің айыбы жоқ.
Сыйлық талғамыңнан шықпаса да оған ренжімеуге, күлімсіреп қабылдауға, рах- мет айтуға тиістісің. Сыйлықты немқұрайлы қабыл-дауға, бағасын сұрап, басқа сыйлықтармен жұрт көзінше салыстыруға, пайдалы, пайдасыз екенін айтуға болмайды. Сыйлықты қайтып беру де - әдепсіздік, оны ұсыну-шыны сыйламаушылық. Сыйлық әкелмеген қонақтарды сөкпейді, оларға да басқалар-мен бірдей құрмет көрсетеді. Үлкен тойларда тілек айтқаннан кейін сыйлықты арнайы мүйістегі стол үстіне қойып, оған аты-жөні, тілегі жазылған құттықтау открыткасын қыстырады.

 

Зiн өзi бақылау сұрақтары

1.«Сыйлық беру әдебі» ұғымын қалай түсінесіздер?

2. Сыйлықты кімге және қалай берген орынды? Талдау жасаңыз?

3. Әр елдің сыйлық беру әдебінің ерекшелігі неде?

 


Просмотров 1408

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!