Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Адамның қимыл-қозғалыс мәдениеті



Жоспары:

1. Болашақ маманның сымбатты дене бітімі, жүріс-тұрысы және қимыл-қозғалыс әдебі жайлы түсінік.

2. Қазіргі заманғы би әдебі.

 

Болашақ маманның тұлғалық дамуы және болашақ кәсіби іс-әрекетке дайындығын қалыптастыру мәселелері қазіргі жоғары оқу орны жұмыстарын жетілдірудің териясы мен тәжірибесінде өте маңызды болып табылады. Мұның себебі, жоғары оқу орнында болашақ маманның өмірде өзін-өзі анықтау үдерісі жүзеге асады, оның өмірге деген көзқарастары қалыптасады, іс- әрекет, мінез-құлық пен қимыл-қозғалыстың, қарым-қатынастың дараланған әдістері мен тәсілдері меңгеріледі.

Біз адамның өзін ортада қалай ұстайтынын, айналадағыларды құрметтейтінін немесе менсінбейтінін жүріс-тұрысына, отырысына, қимыл-қозғалысына қарап байқаймыз. Адамның әрбір қимылы әдепті, табиғи жағдайға сай болуы қажет.

«Киіміңе қарап қарсы аламын, мінез-құлық, іс-әрекетіңе қарап шығарып саламын» - деген даналық сөз бар. Демек, қимыл-әрекет мәнері айналасындағыларға, адамның қалай киінгенінде емес, оның қимыл-қозғалыс әдебіне байланысты қабылданады.

Ал болашақ маманның қимыл-қозғалыс әдебі әдептіліктің қарапайым талаптарын сақтауды қажет етеді. Қимыл-әрекеттің ішкі тәртібі аңғарылып тұратын мәнері ғана әдемі болмақ. Болашақ маманның жүріс-тұрысы, сымбаты әрі қимылы байсалды және мінез-құлқына тән ерекше ұстамдылық болуы қажет.



Силуэт -(siluett) француз сөзі – ұзындығы мен ені бойынша адам мүсінің пропорциясына жақындау келетін геометриялық фигуралардың (тік төртбұрыш, трапеция, үшбұрыш сопақ, карандаш т.б.) бірін беретін киімнің кез-келген бөлігінің сыртқы кескені.

Адам тұлғасының пропорциялық қатынасы дене құрылысына байланысты. Дене құрлысының түрлері: долихоморфты - бас-кіші, кеуде-қысқа, қол – ұзын; мезоморфты - бас-орта, кеуде-орта, қол-орта, аяқ-орта; брахиморфты - бас-үлкен, кеуде-ұзын, қол-қысқа, аяқ-қысқа болып келеді. Әрине киім таңдауда осыған да мән берілгені жөн.

Жақсы ой адамды саналылыққа, білімділікке, мейірімділікке, яғни барлық ізгі тілектерге жетелейді. Сол сияқты жақсы ой жақсы жарасымды киінуге де себеп болды.

Адамның имиджінің негізгі бөлігі - қимыл-қозғалыс, ол адамның көңіл күйін білдіреді. Қозғалыс тез әрі жылдам болмауы керек. Жүріс-тұрыс сылбыр болмауы керек, денені тік ұстау қажет. Сымбатты дене бітімі кез келген адамға жарасымды, ол табиғаттың сыйы, кейде оған спортпен, бимен шұғылдану арқылы қол жеткізуге болады. Дұрыс отыра білу, баспалдақтан дұрыс түсу және көтеріле білу.



Жалпы, адам баласының дене қозғалысының сымбатының түзу болуы оның денсаулығын білдіреді. Өз денесін емін-еркін ұстап жүретін адам қашан да көз тартарлық көрікті болып жүреді. Негізінде адам баласы іштен сымбатты болып тумайды. Адам өсіп-жетілу, еңбек ету процестерінде, сондай-ақ, дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдану барысында қалыптасады.

Адам денесінің сымбаты жас кезден бастап қалыптаса бастайды. Бұл тек сұлулық жағынан ғана емес, анатомия және физиологиялық тұрғыдан қаралады. Демек, дене құрылысы сұлу да сымбатты келген адамдардың ішкі мүшелері дұрыс жұмыс істейді деген сөз. Әсіресе, жүрек, өкпе, бауыр мүшелері дұрыс, қалыпты жағдайда жұмыс істегенде адамның жүріс-тұрысы, әрбір қозғалыстар артық жүктеме түсірмей еркін орындалады. Ал мүсін келбеті бұзылған кезде, басын салбыратып еңкейіп жүруі, жүріс-тұрысы епсіз, қозғалысы сылбыр болады. Себебі, ішкі органдардың функционалдық қызметінің бұзылуынан адам өзінің қозғалысын және аяқ-қолдарының қимылын үйлестіре алмайды.

Адамның сымбаттылығы негізінен алғанда омыртқаға байланысты, өйткені ол бүкіл қаңқа сүйектерін біріктіріп тұрған негізгі буын.

Сымбаттың бұзылуы - омыртқаның бүгіліп-жазылып тұратын бұлшық еттерінің дұрыс жетілмеуі, біріншіден, мешел ауруына, екіншіден, адамның омыртқа жотасы қисайып сколиоз ауруына әкеп соғады.

 

 

Денің сау әрі сымбатты бол!

 

Сонымен қатар болашақ маман өзінің жүріс-тұрысына да ерекше назар аударуы қажет. Жақсы жүру мен денені ұстау адамның сырт келбеті үшін маңызды болып табылады. Айналаңа зер салып қарасаң көшеде адамдардың қалай жүретінін байқайсың: біреу иығын салбыратып, енді біреуінің қолы жан-жаққа сермеліп, ана біреуі аяғын сүйретіп, ал бір қыздар сәнбикелер сияқты бөксесін бұғаңдатып дегендей және т.б. Әсіресе, аяқты олпы-солпы басып, қисаңдап және теңселе ырғалаңдай жүруден аулақ болуы қажет.

Әрине, жүріп-тұрудың стандарт ретінде қолданатын қатаң үлгісі жоқ. Әркім өзінің ерекшелігін көрсететін жүріске ие, кейде ол сіздің киген киіміңізге де байланысты. Биік өкшелі туфли мен қысқа тар белдемше киген қыз бен аяғына кета киген қыздың жүрісі мүлде бөлек.

Адамның жүрісі мүмкіндігінше табиғи болғаны жөн. Көшеде басыңызды жоғары ұстау керек, әрі қолдарыңыздың сермелуі қадамыңыздың ырғағымен үйлесуі керек. Қолыңыз бүкіл денеңіздің бойымен қамшы сияқты салбырап немесе парадтағы марштай белбеуіңіздің тоғасына дейін көтерілмеуі керек. Қолын шамадан тыс сермеп, иығын теңселту де болашақ маманға жат қылық.

Денені ұстай білу де дұрыс жүру сияқты маңызды. Бүкірейіп, иығы түсіп, басы салбыраған адам қандай қымбат киім киіп алса да мүсәпір адамды елестетеді. Ал арқасы түзу, иығы тік, басын жоғары ұстаған адам әрдайым өзіне сенімді көрінері сөзсіз.

Денені дұрыс ұстауға үйрену керек. Ал егер, ол бұзылса арнайы жаттығулар жасаған дұрыс. Мысалы, ертеден келе жатқан басыңа кітапты қойып, оны түсіріп алмай жүру - тиімді жаттығулардың бірі. Сонымен қатар денені дұрыс ұстауға үйрету үшін шынтағынан бүгілген қолға арқадан өткен таяқты іліп жүргізген.

Отыра білу де өнер. Оған да ертеден үлкен мән берілген. Алдымен басыңды қақайтып немесе оңды-солды бұрғылай берме. Әрі қарай қолыңды айқастырма, бүйіріңе қыспа, саусағыңмен ойнама, кесені қолыңда бұлғақтатпа, киіміңді немесе шашыңды түзетпе.

Бұдан соң диванға не креслоға отырғанда денеңді тік ұстап, онымен бірігіп кеткендей отыр, шетіне жылжып сырғыма немесе инеде отырғандай безектеме, аяғыңды созып немесе бір-біріне айқастырып отырма.

Қоғамдық ортада аяқ-қолыңды созып отыруға болмайды. Аяғыңды тік қойып немесе сәл ғана қиғаштай ұстасаң жеткілікті.

Үйде өз туыстарыңның ортасында отырудың өзіңе ыңғайлы жағын таңдауыңа болады, бірақ мұнда да әдепті естен шығармау керек. Қазақ қызы аяғын созып, бір-біріне айқастырып немесе ер адамның алдында аяғын көтеріп отырмайды, бұл әдепсіздік болып саналады.

Сымбатты дене бітімі, мүсіні де, қозғалысы да икемді және бірқалыпты адамның жүрісі әдемі де салауатты болады. Қол адамның ырғағына сай қозғалуы керек. Қолды салбыратып немесе құлаштап жүруге, бірдеңені түртпектеу, саусағымен столды немесе орындықты тырсылдату, саусақтарын сыртылдату, желкесін немесе құлағының сыртын қасу, қолымен бетін немесе саусағымен кеңсірігін уқалау, өз тырнақтарына мұқият қарау, әңгімелесіп тұрып аузын қолымен көлегейлеу, сұқбаттасып иығынан қағу, оның бешпетінің түймесін шүршкілеу, жеңінен ұстау, шынтағымен шұқу сияқты әдеттерден арылған жөн. Таныс адамның киімін жөндеу, жабысқан жіп пен шашты алып тастау үшін де одан рұқсат сұрау әдептіліктің белгісі.

Адамның айнасы – көз демекші, біреумен сөйлескенде, сұқбаттасушының көзіне қарап тұру абзал. Көңіл күйі жақсы болғанда қуаныш, шаттық көзден көрінеді. Бет-әлпетке табиғи көріністен басқа ештеңе де жақсы әр бере алмайтынын есте ұстаған жөн.

Иіліп сәлемдескенде дене тік қалпында қалып, қол екі жаққа түсіріліп, өкшелер бір-біріне тиіп тұруға тиіс. Сәл иілу дегеніміз басты аздап еңкейтіп тағзым ету. Қатты иілу де басты еңкейтуден басталады да, сонан соң кеудені июге көшеді. Әдетте баяу байсалды және сабырлы иілу керек.

Қалай отыру керек: орындыққа еңкеймей және шынтақты тіремей, тік және емін-еркін отыру ұсынылады. Орындыққа отырып теңселмеу, шетіне немесе атша мініп отырмау керек. Жайлап отырып, жайлап тұру қажет. Орындықты ысырып қозғамайды, арқалығынан ұстап, көтеріп тырсылдату жүйкеге тиеді. Отырғанда аяқты шайқалтпайды және қыбыжықтамайды. Тізені қосып ұстап, өкшелерді мүмкіндігінше бір-біріне жақын қойып отыру қажет, бір аяқты сәл ілгерірек қойып немесе аяқтарды жіліншіктен айқастырып та отыруға болады.

Жөтелгенде, түшкіргенде, сіңбіргенде шама келгенше дыбыс шығармай, жұртқа байқатпай істеп, міндетті түрде қол орамалын пайдаланған жөн. Қазіргі кезде түшкіргенде басқа адамға: «Сау болыңыз!» - деу жарамайды. Түшкірікті тыйып қалу қиын емес. Бұл үшін екі саусақпен екі көздің арасынан мұрынын қысу немесе кеңсірігі мен танауларын бір-екі рет ұқалап жіберу қажет. Сондай ақ түшкірікті ауызды қатты жауып дем алмай да тыйып тастауға болады. Жалыққанды білдіретін күрсіну мен есінеуден сақ болыңыз. Егер ауызыңды жауып, мұрныңнан дем алсаң, есінемеуге болады.

Міне, осылардың барлығы яғни, болашақ маманның жүріс-тұрысы, амандасуы, ізгі ниет білдіруі мінез-құлықтың бір саласы деуге болады.

Сымбат – жеке тұлғаның дене бітімінің әсемдігі, сұлулығы, мүсінділігі, адамның сымбатты болуы, өзін-өзі күтуі мен денесін шынықтыра білуіне байланысты.

Адамның қылығы, мінез-құлқы мен іс-қимылы, жүріс-тұрысы әрі этикалық, әрі эстетикалық мәнге ие. Сондықтан олар, бір жағынан, әсемдік не сұрықсыздық ретінде, екінші жағынан, жақсы не жаман деп бағалануы мүмкін. Қалай болғанда да, адам айналадағы дүниені сұлу деп сүйініп, сұрықсыз деп тіксініп қабылдайды.

Адам анадан сырт бейнесі, пішіні сұлу болып тууылуы мүмкін, ал ішкі жан сұлулығы, өзінің мінез-құлқы, қылығы, ісі, басқа адамдарға қарым-қатынасының жиынтығы ретінде қоғамда қалыптасады.

Әдетте, біз қыздың немесе жігіттің сұлулығы, көркемдігі жайында айтқанда, оның дене мүшелерінің жұрт мойындаған әдемілігі мен олардың жарасымды үйлесіміне, реңділігіне, бойының сымбаттылығына, үнінің назды әуезділігіне, шырайының таза, балғындығына, көзінің нұрлылығына, шашының қалың, толқынды не жібектей төгілгендігіне және т.б. сипаттама береміз. Бұлар - адамның көңілі мен жүрегін баурап алып, тәнті ететін сыртқы сұлулық белгілері.

Адам қоғамдық тіршілік иесі ретінде сыртқы сұлулыққа тәнті болып қана қоймай, оның ішкі мазмұнына ерекше мән береді. Адамның әсемдігін салыстырмалы түрде оның табиғатқа және басқа адамдардың қарым-қатынасы, мінез-құлқы, іс-әрекеті, бойындағы қалыптасқан әдептілік құрайды. Сөйтіп, адам сыртқы-көрнекі сұлулық пен ішкі-рухани сұлулықты мойындай отырып, олардың орнын анықтауға келгенде, ішкі-рухани сұлулыққа ерекше мән беріп, мазмұн сұлулығына көбірек жан тартады.

Маманның кәсіби біліктілігі мәселесі күрделі де көпқырлы. Солардың бірі – болашақ маман өз ісінің әрбір қыр-сырын жетік меңгерген, ізгілікті қалыптастыруда өнерді де терең меңгеруі керек. Өйткені, қоғам тарихының қай кезеңінде болмасын өнердің атқаратын қызметінің мол болғаны белгілі. Оның танымдық мұрат-мақсатымен бірге, тірлігіндегі рухани қоғам мәні де жоғары болды. Олай болса, басқа да өнер түрлерімен қатар би өнерінің де қазақ халқының ғасырдан-ғасырға ұласып, атадан-балаға мұра болып келе жатқан рухани байлығы. Би билей білу іскерлігі тұлға мәдениеті элементтерінің бірі болып саналады. Соның бірі көп салалы өнеріміздің ішінде халқымыздың рухани тарихымен бірге жасасып, біте қайнасып, даму мен қалыптасудың сан-қилы өткелдерінен өткен би өнерінің жастар үшін алатын орны ерекше екені сөзсіз.

Қазіргі кезде қоғамдық орындарда жастардың би билеуі кең таралуда.

Би - адамның ішкі жан дүниесін байытып, жанын тазартатын құдіретті өнер. Қай кезде де әсем саздың ырғағымен дөңгелене билегенге, қимыл-қозғалыстың сәт сайын көз сүріндірер ғажап құбылыстарына қызыға қарамау мүмкін емес. Бұл қиын да күрделі саланың ерекшелігі – аса нәзіктікті талап ететіндігінде. Бишінің әсем қимылы, сәнді ырғағы жарасымдылықпен жарқырап көрінетін билеу тұстары жастардың жүрегіне әсер етпей қоймаса керек. Жастарды ғаламат сұлулыққа жетелеу, музыка сазымен көңіл-күйдің барлық сәттерін би компоненттеріне сыйғыза білуі шынайы, талантты ұстаздың ғана қолынан келмек.

Би кешіндегі мінез-құлық ережелері: әдемі билеу үшін барлық сәнді билерді бүге-шігесіне дейін білу міндет емес. Тек негізгі қимылдарды ғана біліп алу жеткілікті. Биде өзін-өзі ұстай білу әлдеқайда маңызды. Емін-еркін биде қарапайым қимылдың өзі күрделі көріністерден әлдеқайда әсем көрінеді. Би кезінде танысыңызды көрсеңіз, жаймен ғана бас изеп амандасыңыз. Әңгімелесе бастау әдепсіздік болады. Аз уақыт үзіліс кезінде әңгімелесуге болады. Би кезінде билеуге жігіт басшылық етеді. Егер көйлектің арқасы ашық болса ол қолымен өз бикешінің бүйірінен ұстауы тиіс. Қолды ашық арқаға салуға, өз серігінің көйлегін көтеріп, қисайтып жібермеуін және мыжғыламауын үнемі қадағалап жүруі тиіс. Әркім өзінің мінезі мен әдептілік сезіміне сай іс істеуі абзал. Би әуеніне қосылмау немесе ысқырмау керек. Өзге жұппен соқтығысып қалғанда бұған ер азаматтың кешірім сұрауы әдептілік. Би біткеннен кейін жігіт өз бикешін орнына апарып салады. Егер мүмкіндік болса, ол оған қолын ұсынады немесе шынтағын сүйемелдеп жүреді.

Кіммен билеген жөн? Егер стол басында отырған болса, ер азамат өзімен бірге отырған әйелдердің бәрімен билегені жөн. Кейде кештерде бикештер биі жарияланып, онда биге бикештер шақырады. Ер азамат шақыруды қабыл алуы тиіс. Ер азамат билеуден ешқашан бас тартпауы керек.

Ұйым, кәсіпорын, клуб және т.т. ұйымдастырған, тек шақыру билеті бойынша кіруге болатын мерекелер, сондай ақ семьялық мейрамдар жабық кеш деп аталады. Жабық кеште оны ұйымдастырушылар мейрамдарды семьялық мерекелердегі қожайындарша қабылдайды. Мұндай кеште жігіт өзі танымайтын қыздарды биге шақырмайды. Егер әлдекім шақыра қалса, қыздың билеуден бас тартқанынан ренжімеуге тиіс. Егер жігіт бейтаныс бикешпен билегісі келсе, ол ортақ таныстарынан алдын ала таныстыруды өтінуге тиіс. Егер жігіт бүкіл кеш бойы бір бикешпен билесе, бұл сыпайылық болмайды. Сыпайылық ережелеріне сәйкес, ол әуелі столды екі жағында отырған көршілерімен, ал сонан соң басқа да таныс бикештермен билеуге тиіс. Егер жігіт бір бикешпен бірнеше рет билесе, оның өзге құрбыларымен таныстыруды өтінуіне болады.

Би – эстетикалық құрал, ол сөзсіз дене сұлулығын тәрбиелейді. Би өнері қазақ халқы үшін тәрбие құралы, мәдениет жаршысы, тіптен қазақ тарихы десек те болады. Би де үнемі өзгеріске ұшырып, дамып отырған. Оны күнделікті тұрмыс тіршіліктен байқауға болады. Би – халық тұрмысының көрінісі. Қай биге қарамаңыз өз халқының тұрмыс-тіршілігін бейнелейді. Мысалы, қазіргі кезде жастардың отырысында «Қара жорға» биін билеу кең етек алуда. Өйткені, шалт қимылмен қоса білек, саусақтар, мойын, тағы басқа да дене мүшелері қозғалады. Бұл бидің тағы бір ерекшелігі қимыл-қозғалыс арқылы табиғатты, тұрмысты, қазақ халқының әдет-ғұрпын, тіршілік көрінісін бейнелейді.

Демек, ұлттық би өнері – ұлт мәдениеті. Ұлт мәдениетін әлемге таныстыратын біздің болашақ мамандарымыз. Ендеше сол болашақ мамандарымыздың бойында ұлттық би өнері арқылы ұлттық құндылықтармен, ұлттық ерекшеліктерді, ұлттық мінез-құлықты қалыптастыруымыз керек.

 

 

Зiн өзi бақылау сұрақтары

1.«Болашақ маманның сымбатты дене бітімі мен қимыл қозғалыс әдебі»

ұғымын қалай түсінесіздер? Оған мысал келтіріңіздер?

2. Неліктен «әдепті» адамның қарым-қатынасын реттейтін мінез-құлық

нормасының жиынтығы деп атайды? Талдау жасаңыз?

3. Қазақ билерін зерттеп жүрген қандай ғалымдарды білесіздер?

4.Болашақ маман имиджі қандай болуы керек деп ойлайсыз? Талдау жасаңыз?

 


Просмотров 3085

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!