Главная Обратная связь Поможем написать вашу работу!

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Фольклорлық (этникалық) стилдегі киім үлгілері



 

Формалық стиль: қызмет түріне қарай киетін киім. Мысалы, дәрігерлер үшін көздің жауын алатын алқа, сырға тағынып, биік өкшелі аяқ киім киюге, шашын жайып алуға болмайды. Ол науқастың көңіл күйіне теріс әсерін тигізуі мүмкін. Әйел мұғалімдерге сабаққа шалбар кию қызметтік этикаға жатпайды. Сондай-ақ алтын алқа, жарқ-жұрқ еткен әшекей бұйымдар тағыну мұғалімдер үшін рұқсат етілмеген. Алайда, бұл талапты орындап жүргендер көп емес. Әйел азаматтар үшін аса биік емес, ыңғайлы дәрежелі өкшелі аяқ киім киген жарасымды. Ол әйелдің сымбатын айқындап, еңсесін көтеруге септігін тигізеді. Қалың матадан тігілген пальтолар мен плащтар, баллонды күртелер мен аң терісінен тігілген тондар қыстың басты киімдері болып саналады. Олар негізінен қоңыр және классикалық қара және күлгін түсті болғаны жөн.

Киім кию, киіну мәселесіне келсек, егер біз өзімізге қандай киімнің жарасатынына бір киіміміз бен екіншісінің қалай үйлесетініне, өзімізге қандай фасон мен түстің қонымдылығына, ол киімді жылдың қай маусымында және қайда (той-мерекеге, театр мен салтанатты жиындарға, жұмысқа, көшеде, ауыл арасында) киетінімізге мән бермей, әйтеуір, кең-тарлығын байқап қана сатып алып, кие берсек, онда сөз жоқ, біз жақсы әрі әдемі киіне алмаған болар едік.

Сонан соң киімнің өзі түр-түрге: сырт киім, іш киім, бас киім, маусымдық киімдер, жұмыс киімі (қызмет түріне байланысты), спорт және жол киімдері (көшеге, музейге, көрмеге, саяхатқа), сәнді киім (бір киер киім - мерекеге, тойға, салтанатқа, мейрамханаға және қонаққа), үй кіиімі және т.б. болып бөлінеді. Мысалы, түнгі киім – пижама, т.б.; таңертеңгі киім – халат, т.б.; үйде киетін киім – халат, шалбар, алжапқыш, т.б.; күндізгі киім: джинсы шалбар мен жейде, т.б.; би кешіне киетін киім; үйлену тойында киетін киім және т.б.



Сондықтан қонаққа спорт киімімен немесе керісінше киініп баруға болмайды. Түсі де әлем-жәлем және үлгі-пішімі де ала бөтен киімдер оны киген адамның өз ортасымен жұғысымы жоқтығын аңғартады. Қыздар адамдар үшін айналасындағыларға жағымды әсер қалдыруға көмектесетін негізгі нәрселер: әдемі киім; көз тартарлық шаш үлгісі; жұқалтаң бояу (макияж); аксессуарлар мен әшекейлер. Біздің заманымызда көріктеу-ажарлау, әшекейлеу, безендіру, негізінен, басқаша сипатқа ие. Әсіресе, ол адамның дене, сырт пішін сұлулығына, сәніне талпынуына қызмет етеді. Адамның өзін-өзі әлпештеп, өз дене сұлулығына сүйінуі - табиғи нәрсе. Ең дұрысы классикалық үлгідегі костюм, ол сіздің бітіміңізге қонымды болып, сәл кеңдеу болғаны жөн, ал аксессуарлардың әр түрлі болуы мүмкін. Костюм барлық жағдайға бірдей қажет те бола бермес, кейде классикалық үлгідегі көйлекті үйлесімді бешпентпен кисеңіз ресми болып көрінері сөзсіз. Олардың түсі, стилі мен матасы үйлесім табуы керек. Көйлектің түсі бешпенттен ашық болуы да мүмкін. Осыдан барып өзін сұлу, мұнтаздай етіп көрсеті үшін, мәселен, әйелдер жағы сырға, білезік, алқа, жүзік, тағады, шаштарын неше түрлі түсті жібек таспа түйреуіштер мен ұстатады, қасын, кірпігін, ернін бояп, бетіне опа-далап жағады және т.б.



Адамның киім киюі, шаш, мұрт, сақал қою сияқты сырт сымбатының айғақтары заман өзгерген сайын, жобасы өзгеріп тұрар, бірақ бұл өзгерістердің өзінің табиғи заңдылығы да бар шығар - ол заңдылық адамның тұрмысы мен ісіне байланысты, негізінен ішкі рухани сипатына, кішіпейілділік, сыпайлылық, қарапайымдылығына байланысты. Өзгеден бұрын сырт сымбатымен көзге түсу мақсатынан аулақ болу қажет.

Психолог мамандар көңіл-күйі болмаған қыз-келіншектердің басым бөлігінде шаштаразға барса, көңілі көтерілетіні анықтаған. Әсемдік салонында, жарты, бір сағат уақытын жоғалтқанымен көңілі орныққаны пайдалы емес пе?



Ер азаматтар шашын ұдайы бақылауда ұстағаны абзал. Өз имиджіне мән беретін ер азаматтың шашы тым өсіп кетпеуі керек. Ұдайы шаштаразға барып, сәл өсе бастағаннан қысқартып отырыңыз. «Сақал - ердің көркі» - деп, сақал қойысы, мұрт бастыруына қарап-ақ, ер адамдардың қадір-қасиетін, кісілігін жазбай танып, бағалап отырған. Әйел азаматтар жасына қарай шаш қою үлгісін таңдағаны абзал. Неғұрлым қысқа шаша қойсам, соғұрлым жасырақ көрінемін деу қате түсінік. Дәл осындай оймен талай қыз-келіншек желкесінің шашын тым қысқа етіп, тіпті ұстарамен қырғызып тастайтын шаш үлгісін таңдағаны қынжылдатады. Әйелдің көркі – шашы, оны нәзік те, сұлу етіп көрсететін тым болмағанда желкеден түсіп тұратын шаш. Шаш- әйелдің, сақал - еркектің көркі есептеледі.

«Қолаң қара шашы бар жібек талды, Торғындай толқындырып көз таңдайды»,-деп Абай айтқандай, жақсы күтіліп, таза ұсталып, ұқыпты таралып, әдемі өрілген шаш тән арулығы мен жан сұлулығының, сезімтал, сергектіктің белгісі болып табылады.

Қазақ қыздарының шаштары бір, екі бұрымнан қырық бұрымға дейін өрілетін. Шашқа шашбау байлап, ұшына шолпы, шеке тұсына шекелік тағып, желке тұсына тарақ қойған. Шаштарын иіс маймен сылап, иіс суларын бүркіп, жұпар шашқан.

 

 

Шаштың табиғи түсінен артық сәнді түс жоқ. Тек оны аракідік пайдалы кремдермен, гел жағу арқылы нәрлендіріп, жылтыратып тұру қажет. Соңғы кездері қыз-келіншектер арасында шаштарын жаппай сары түске бояу үрдіс алды. Бұл біреуге жарасады, біреуге жараспайды. Ал шашыңызға ақ түссе амал жоқ, ақ шашты білдірмес үшін бояуға тура келеді. Онда да шашыңыздың табиғи түсіне жақын бояу түсін таңдаған абзал. Әйел азаматтар бір жарым айда бір рет шаштаразға барып тұруы керек. Мерекелік іс-шараларда, тойға барарда міндетті түрде шашыңызды ретке келтіріп, сәнді үлгіде жасату артық болмайды. Оның өзінде шашты қатыратын лактарды тым көп пайдаланып, басыңыздың көлемінен асыра шаш үлгісін жасату жараспауы мүмкін. Қай заманда да шаш күту әсемдікке талпыныс ретінде тәрбиелік, әдептілік белгісі болып қала беретіні даусыз.

 


Просмотров 1920

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.ru - 2021 год. Все права принадлежат их авторам!