Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Галстукты байлаудың түрлері



 

Галстук мұқият байланып, оның түйіні жейде жағасының ортасында тұруы керек. Бір жағына қисайып кеткен немесе түйіні босап кеткен галстук өз иесінің ұқыпсыздығын көрсетіп тұрады. Галстукты оның жиегін реттеп тұратын арнайы қыстырғыш-түйреуішпен таққан дұрыс.

Әр адамның өз талғамына, қажетіне сай сәнді киіну мүмкіндігі бүгінде бар құбылыс. Сән дегеніміз не? Киімнің адам денесіне, сымбатына қонымды, жүріп-тұруына ыңғайлы болуы. Сән деген осы ғана. Неғұрлым бағасы қымбат киім киінсем, сәнді адам болғаным деу де қате ұғым. Арзанға ұрынып, олпы-солпы болудың да қажеті жоқ. «Сән» киімнің жаңа пішін үлгісін қалыптастырудың себепшісі. Киімнің әлеуметтік жүйесі мен пішін үлгісінің өзгеруіне байланысты сән талғамы да өзгеріп отырған. Сондықтан, киімді қолөнер саласының бірі ретінде қарастыруда ұлттық мәдени болмысымызды айқындайтын киімінің қалыпты сипатын болашақ ұрпаққа болжам боларлықтай даму өзегiнің келбетін ашу, негіздеме жасау, қазіргі кезеңдегі киім үлгілерінің және киінудегі ұлттық көрінісін айқындау басты мақсат болып табылады.

Сән кез келген халықтық өнердің бастауы, ол ұлттық сана-сезімнің, халық түсінігіндегі әсемдіктің белгісі болып табылады. Бұл ұғымдардың өмір-мәнділігі жағынан мodus vivendi, «өмір сүру тәсілі» француз тіліне «Le mode de vie» ретінде аударылса, «сән» сөзі осы мәннен келіп туындаған.



Сән- қоғамдық өмірдің бір бөлшегі, әлеуметтік құбылыс. Сән (мода) латын сөзі - өлшем, әдіс, іс-әрекет түрі, мағынасы ол уақытша келісімді-сәнді киіне білу деген ұғым береді. Сән – киімге, үй жасауына, қатысты белгілі бір ортада, белгілі бір уақыт кезеңінде қайсібір талғамның үстем болуы. Алайда сән киім кию, шаш қою, үй жасауы стилімен шектелмейді, ол өмірдің көптеген салаларын (өнер әдебиет, техникалық өндіріс) қамтып, ауқымды кеңейтіп отырады. Сән әлемі мамандарының мәлімдеуінше, киім үлгілері іскер мырзалар мен ханымдардың іскерлік қабілетін айқындап көрсетеді, сонымен бірге өткен ғасырдың немесе жылдарындағы сән үлгілері қайта оралатын көрінеді.

Есіңізде болсын, бірақ сән ағымына ілесу мүмкін емес. Сәннен қалмаймын деудің өзі көп жағдайда адамды шаршатады. Себебі, модельер мамандар ұсынған үлгілерді Сіз киемін дегенше екіншісі пайда болады. Иә, жаһанға жария болған сән үлгісі тұтынушыға араға бір жыл салып жететіні жасырын емес.



 

 

Сән үлгілері.

 

«Сәнге айналған стиль» деген терминнің өзі қазіргі қоғамның бір нышаны. Сән тұлғаның белгілі бір топқа ену әдісі. Ол арқылы әсіресе, жастар топтың әрекетіне жедел ортақтасады.

Әлемдегі әр түрлі елдердің дәстүрлі халықтық костюм үлгілері қазірде сән жасаушылар үшін шығармашылық жаңалықтардың негізгі бастауы болып отыр және қандай жағдайда болмасын арналып тігілген киімдердің бәрінен де өзінің нақты көрінісін табуда. Іс тіге білетін, бұл кәсіпті сүйетін адам өзіне жарасымды да сәнді киімді қашан да тігіп ала алады.

Сәнді арнайы көркемдеуші сәнгер жасайды. Ол сәнқой адамның талғамын ескере отырып, тұтынушы халықтың талабына сай келетіндей етіп орындайды. Олар стилистер деп аталады.

Киім оны киетін адам денесінің ерекшеліктеріне сай келуге, оның тұлғасының сұлулығын ашып, кемшіліктерін жасырып тұруға, адамның қызмет түрлеріне және өмір стилімізге үйлесуі тиіс. Алайда, қазір кейбір адамдар әртүрлі стилдерді араластыра киюді ұнатып жүр.

Сән мен стиль бір-біріне жақын ұғымдар. Сәнді дизайнерлер фантазиясына қарай жасаса, ал стиль адамның жеке даралығын көрсететін нақты адамға тән тиістілік.

Стиль (stuis латын сөзі) - мәнер, сипат ерекшелік, сол дәуірдің мәдениетін, сұлулық туралы түсінігін, қоршаған ортаға қарым-қатынасын көрсететін тұрақты, анық ерекшелеген дәуір тілі. Сонымен бірге стиль (грек тіліне аударғанда балауызға өрнек түсіретін үшкір таяқша) сөзі әдебиет пен өнерде автордың, туындының мәнерін, мазмұнын, идеялық көркемдік ерекшеліктерін білдіреді.

Киімде бірнеше стильдер болады: классикалық, спорттық, романтикалық, фольклорлық және т.б.

Стиль

классикалық фольклорлық романтикалық спорттық

 

Сурет-1. Киім стильдері

Классикалық стиль: байсалды, іскер, сәнді әсем киіну, ол ғасырлар сүзгісінен өткен, мүлдем өзгермейтін салыстырмалы түрде тұрақты. Сән әлеміндегі өзгерістерге онша беріле бермейтін барлық киім түрлері кіреді. Атап айтқанда, ерлердің жұпты, үштік костюмі, «ағылшын» пальтосы, плащтары, «шинель» костюмдері; ал әйелдердің ұзын жеңді көйлектері, тік немесе бүрмелі белдемшелер және т.б.

 

 

 


Просмотров 1438

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!