Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Стел басындағы әдептілік



Жоспары:

1. Үстел басындағы мінез-құлық әдебі (үстел басында қалай отыру; тамақтану уақытындағы құралдар мен әртүрлі тағамдарды қолдану және т.б.).

2. Тамақты шақтап, әдебін сақтап іш.

3. Сусындарды қолдану мәдениеттілігі.

 

Үстел басындағы мінез-құлық әдебі (үстел басында қалай отыру; тамақтану уақытындағы құралдар мен әртүрлі тағамдарды қолдану және т.б.). Үстел басындағы әдептілік – бұл өмірдің әр түрлі жағдайларында қолданылатын қағидалар жинағы. Жақсы әдеттер, тәрбие және мәдениет – бұл уақыт өткен соң өзінің мағынасын жоғалтпаған, барлығына жақсы белгілі терминдер. Сондай-ақ іскерлік кездесу немесе таныстармен бірге кешкі ас ішу болсын, этикет ережелерін білу маңызды болып табылады.

Жақсы әдеттер – бұл бізге ақсүйектер дәуірінен мұраға қалған, жасанды салт жорасы емес. Бұл қазіргі әлемде өмірдің кез келген жағдайында өзін өте пайдалы ұстай білу. Бұл «savoir vivre» (өмір сүре білу) принциптерін білу ғана емес, сонымен бірге оларды икемді қолдану өнері.

Бұрынғы уақытта үстел басында отырғанда сақтайтын ережелер қатаң болған, бірақ уақыт өзгереді, ал онымен бірге жақсы әдет-ғұрыптар кодексі де өзгереді. Кейбір ережелер сондай-ақ бүгінгі күні де міндетті болып табылады, сондықтан олармен танысып, оларды есте сақтау керек.

Үстелдіасқа керекті ыдыспен жабдықтау тамақтану үшін дайындық ғана емес, өз алдына бір өнер, ол адамның талғамына байланысты болады. Үстелдің әсемділік тұрғысынан жабдықталуы дастархан, салфетка, асханалық құрал-саймандар, ыдыс-аяқтар және олардың түстеріне, сонымен бірге бөлменің (кафе, мейрамхана, т.б. мекеменің) ішкі көрінісіне (интерьерімен) үйлесімділігіне, стиліне байланысты.



Сондай-ақ үстелді асқа керекті ыдыспен жабдықтау отырыстың (күнделікті тамақтануға, қонақ күтуге және т.б.) түріне, қойылатын ас мәзіріне, құралдарды орналастыру талаптарына сай болуы және белгілі бір реттілікпен қойылуы қажет.

Дастарқан жасаудың белгілі бір ережелері бар. Ең алдымен, стол үстіндегі ыдыс-аяқтың бәрі түзу сызықтың бойына орналасуға тиіс.Негізгі тарелкалардың шеті, сондай-ақ пышақтар мен шанышқылардың ұшы столдың шетіне жетіп тұрады немесе 1-2 см жеткізілмей қойылады. Барлық құралдар оңай алынатындай етіп орналастырылады; бұрынырақ қажет болатын заттар тарелкадан қашығырақ қойылады, сонда олар алуға ыңғайлы болады. Пышақты негізгі тарелканың оң жағына жүзін соған қаратып, шанышқыны оның сол жағына, дастарқанды бүлдірмеу үшін ұшын жоғары қаратып қояды. Балық кесетін пышақты ыстық тағамға арналған пышақтың оң жағына қою керек. Қасықтарды столға шалқайтып қояды.



Сурет -1. Үстелді асқа керекті ыдыспен жабдықтау.

1- тәрелке, 2- үш тісті шаңышқы, 3 – шаңышқы, 4- үлкен тәрелке, 5- орташа тәрелке, 6- ыстық тамаққа арналған тәрелке, 7- пышақ, 8- үлкен қасық, 9- 10-13 сусынға арналған әр түрлі бокалдар.

 

Дастархан құралдарын орналастыру тәсіліде сан алуан.Құралдарды тәрелкенің бағыты бойынша сыртқы жағынан бастап, пайдалану кезектілігіне сәйкес, негізгі тәрелкенің айналасында орналастыру керек. Оң жағындағы орын қасық пен пышаққа арналған. Сонымен бірге қасықтың сабы төмен қаратылып, ал пышақтың өткір жағы тәрелкеге қарай бағытталуы тиіс. Сол жағына сабы төмен қаратылған шанышқы қойылады. Десертке арналған құралдар – кішкене қасық және кішкене шанышқы тәрелкенің үстіне қойылады. Осы ережелер туралы ұмытпасаңыз, Сіз үстел басында өзіңізді еркін сезінесіз, ал оған құралдардың көп санын қойып үстелді жасау Сізге қорқыныш тудырмайды. Сорпа ішетін қасықты тарелканың оң жағына, пышақтың қасына қоюға болады. Әркімге жекелеп берілмейтін тағамдардың бәріне қасық, шанышқы қалақша, қысқаш және т.б. беріледі.

Стақанның орны оң жақта, ол аспаптардың артында тұрады. Морс, шырын немесе лимонад ішуге арнаулы, жіңішке стақандар немесе жауқазын сияқты бокалдар беріледі. Бокалдарды қойғанда олардың қасық алуға кедергі жасамауын қадағалаңыз. Ең биік бокал шампанға арнап беріледі.

 


Просмотров 1893

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!