Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Здік жұмысқа арналған тапсырмалар. 1. Тілдің анықтылығын тексеруге арналған бір-екі жаңылтпаштарды жазып оны тез және анық айтып көріңіз



 

1. Тілдің анықтылығын тексеруге арналған бір-екі жаңылтпаштарды жазып оны тез және анық айтып көріңіз.

2. Халық даналығында сақталған мынандай мақалдарға өз түсініктемелеріңізді беріңіз: «Өнер алды қызыл тіл»,

«Жақсы сөз –жан азығы»,

«Жақсы сөз – жарым ырыс»,

«Жанды жаралайтын да сөз, емдейтін де сөз»,

«Айтылған сөз, атылған оқ»,

«Білетініңді айта берме, бірақ не айтатыныңды біл» т.б.

3. Өз орталарыңызда қандай жаргондар көп естисіздер, олардың қалыптасуына әсер еткен факторларды атап көрсетіңіздер.

 

Тест «Сіздің адамдармен қарым-қатынас жасауға бейімділігіңіз»

Берілген 16 сұрактың әркайсысына «иә», «кейде», «жоқ» деп шынайы жауап беріңіз.

1. Сізді ерекше ресми кездесу күтіп тұр. Ол сізді қобалжытып, көңіл-күйіңізге әсер ете ме ?

2. Сіз дәрігерге баруды ауыру жаныңызға батқанға дейін кейінге қалдыра бересіз бе?

3. Әр түрлі жиналыстар мен кеңестерге сізге баяндама, хабарлама жасау керек болса сіз ыңғайсызданасыз ба?

4. Сізді бұрын өзіңіз көрмеген қалаға жұмыс бабымен іс сапарға жіберетін болды делік. Сол сапарға бармаудың турлі амалдарын іздестіресіз бе?

5. Ішкі толғаныстарыңызды кез келген адамға жайып сала бересіз бе?

6. Көшеде танымайтын адамның жол көрсету, уақытты айту, немесе басқа бір өтініштері сізді ашуландыра ма?

7. «Бала мен әке» арасында кикілжің - екі ұрпақ өкілінің бірі-бірін түсінуге қиын болады дегенге сенесіз бе?



8. Танысыңыздың бұдан біраз уақыт бұрын өзіңізден азын-аулық ақша алғанын есіне түсіруге ұяласыз ба?

9. Коғамдык тамақтандыру орындарында сізге дәмсіз ас берсе сіз үндемей тамақты бір шетке ысырып қоя саласыз ба?

10. Таныс емес адаммен жеке қалғанда онымен өзіңіз әңгімелеспейсіз, дегенмен ол алдымен сөз бастаса сіз оны қаламай қаласыз. Шындығында солай ма?

11. Қандай да болмасын ұзаққа созылған кезекке тұру (дукенде, кітапханада, кинотеатр кассасында) сіз үшін үлкен қиындық. Ұзақ кезектің соңында тұрғанша сіз атқаруға келген ісіңізді тындырып кетуден бас тартасыз ба?

12. Жаңжалды жағдайды шешетін сарапшылар құрамына кіруге жүрексінесіз бе?

13. Әдебиет, өнер, мәдениет туындыларына баға беруде өзгенің пікіріне қосылмай, өзіңіздің жеке пікіріңізді білдіре аласыз ба?

14. Сіз өзіңізге белгілі нәрсе туралы қате пікір естісеңіз үндемей қоя саласыз ба? Дауласпайсыз ба?

15. Қызмет бабымен немесе оқу барысында біреу көмек сұраса, бұл өкініш тудыра ма?



16. Сізге өз ойыңызды (пікіріңізді, бағаңызды) ауызшаға қарағанда жазбаша білдіру оңай ма?

 

Енді қорытындыны шығарып көріңіз:

«Иә» - 2 ұпай.

«Кейде» - 1 ұпай.

«Жоқ» - 0 ұпай.

Жинақталған ұпай санын қосып, өзіңіздің қай топқа жататынынызды анықтаңыз.

30-32 ұпай: Сіз ортаға мүлде бейімделгіш емессіз. Мінезіңіздегі олқылық та осы. Осыдан зардап шегетін де өзіңіз. Айналадағыларға киықиындық тудырасыз. Сізге ұжымдық жұмыстарға арқа сүйеуге, сеніп тапсыруға болмайды. Өзіңізді-өзіңіз көпшіл болуға тәрбиелеңіз, өзіңізге-өзіңіз бақылау жасаңыз.

25-29 ұпай: Сіз тұйықсыз, көп сейлемейсіз, жалғыздықты жақсы кересіз, сондықтан достарыңыз да аз. Жаңа жұмыс орны, осыған байланысты орныққан байланыстар сізді калыпты жағдайдан ауытқытып жібереді. Өз мінез ерекшеліктеріңізді білесіз де, өзіңіз өзіңізге риза болмайсыз. Риза болмаушылықты ғана басшылыққа алмаңыз. Оны жеңу колыңыздан келеді. Бар ынтаңызбен жұмыс істесеңіз, мүмкін жылдам «беймделгіш» болып кетерсіз. Тек өзіңізді-өзіңіз қолға алғаныңыз жөн.

19-24 ұпай: Белгілі бір шекте ақжарқынсыз, таныс емес ортада өзіңізді өте сенімді ұстайсыз. Туындап жатқан жана мәселелер сізді алаңдатпайды. Таныс емес адамдармен абайлап араласасыз. Дау мен пікірталасқа көп кірісе қоймайсыз. Негізсіз айтылатын сарказмге (мысқылдауға) бейімсіз. Бірақ оны жөндеуге болады.

14-18 ұпай: Ортаға тез бейімделесіз. Сіз сыпайысыз, пікірлесіңіздің әңгімесін қызыға тыңдайсыз, карым-катынаста салмақтысыз, өз көзкарасыңызды эмоцияға берілмей-ақ дәлелдей аласыз. Таныс емес адамдармен еш қиыншылықсыз сөйлесіп кетесіз, бірак шулы ортаны жақтырмайсыз. Көпсөзділік пен кеудемсоқтық жүйкеңізге тиеді.

9-13 ұпай: Тым ашықсыз (шектен шығьп кетуіңіз де мүмкін). Өзгенің құпиясын білуге құмарсыз.

Әрине, бұндай зерттеулер жүргізуде бір ғана тест немесе сауалнамамен шектелу дұрыс емес. Адам өзі туралы рефлексиялық талдау жасауы үшін бір неше диагностикалық әдістемелерді қолданып, олардың нәтижелерін өзара салыстырып, өзін-өзі түзету бойынша арнайы жүйелі жұмыс істеуі керек. Болашақ мұғалімнің сөйлеу шеберлігі біртіндеп қалыптасады, оны жетілдіру үшін тынбай үздіксіз еңбектеніп, өзінің барлық мүмкіндіктерін дамытып іске асыру қажет. Адамзат тарихында осындай өзін-өзі жаттықтыру, өзін-өзі тәрбиелеу арқылы жоғары жетістіктерге жеткен тұлғалартуралы мысалдар жеткілікті.

Дебиеттер

1.Станкин М.И. Психология общения. Курс лекции, М., 2000 г.

2.Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы., Алматы, 1995 ж.

3. Қазақстан Совет энциклопедиясы.- Алматы: ҚазССР Ғылым
Академиясы,1977.-631 б. Т.11.

4.Кунапьянова А. Д., Аубакирова Л. Р. Тіл мәдениетінің өлшемдері
және оған қойылатын талаптар / А. Д. Кунапьянова, Л. Р. Аубакирова // «С. Аманжолов оқулары – 2004»: Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары.- Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2004.-464б.


Просмотров 1239

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!